Алтын Орда хандары



бет1/14
Дата24.08.2020
өлшемі52,21 Kb.
#76698
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
Алтын Орда

Алтын Орда хандары



ХIII ғасырдың алғашқы жартысында оңтүстiгiнде Солтүстiк Иран, терiстiгiнде Оңтүстiк Орыс жерiн, батысында Кавказ, шығысында Қытайды жаулап алып, үлкен империя құрған Шыңғыс хан осы ұланғайыр байтақ өлкенi иелiгiнде тұрақты ұстап тұру үшiн оны өзiнiң төрт ұлына бөлiп, еншiлеп бередi. Сонда Ертiстен батысқа қарай Жетiсудың терiскей бөлiгiн қамти отырып, төменгi Едiл бойына дейiнгi жердi қоса бүкiл Қыпшақ даласы үлкен ұлы Жошының үлесiне тиген болатын.

Сөйтiп, ХIII ғасырдың екiншi жартысынан бастап Шыңғыс хан ұрпақтарының мемлекеттерi пайда болды. Олар – Қытайдағы Хұбылай әулетiнiң, Ирандағы Хұлағу әулетiнiң, Батыс дештi Қыпшақтағы Бату әулетiнiң, Жетiсу мен Шығыс Түркiстандағы, Орта Азиядағы Шағатай әулетiнiң мемлекеттерi.

Шыңғыс ханның низамдары (заңы) бойынша ұлдары басқаратын төрт хандық бәрi бiр қағанға – моңғолдың Ұлы хағанына бағынатын болған.


Бату хан

(1227-1255)


Бату – Жошының Орда-Еженнен кейiнгi екiншi ұлы.

Шыңғыс сарбаздары әйелдi өздерi жеңген елден алатын. Бату қазақ жерiнде ер жеттi. Оның ана тiлi қыпшақ (қазақ)тiлi едi. Түрлi айғақтарға қарағанда, Бату хан шетелдiк елшiлермен коман (қыпшақ) тiлiнде сөйлескен. Бату құрған Алтын Орда мемлекетi – қыпшақ мемлекетi едi. Өйткенi Алтын Орданың халқы түркi тiлдес елдер, басым көпшiлiгi қыпшақтар. Мемлекеттiң тiлi қыпшақ, дiнi ислам болды. 1*

1227 жылы Жошы қайтыс болды да, оның орнын баласы Бату басты. Ол таққа отырысымен Қарақорымда өткен моңғол ақсүйектерiнiң бас қосқан құрылтайының шешiмiмен Шығыс Европаны жаулауға аттанды. Содан Едiл болгарларын, орыс княздерiн талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, Валахияны ойрандап, Адриат теңiзiнiң жағасына ат басын тiреген Бату хан 1242 жылы өзiнiң ордасы орнаған Едiлдiң сағасына қайтып оралды. Мұнда ол тарихқа «Алтын Орда» деген атпен танылған жаңа моңғол мемлекетiн құрды. Алтын Орда хандары кестесiнiң Бату ханнан басталу себебi де осыдан. 2*

1236-42 жылдары Батудың батысқа жасаған жетi жылдық жорығы нәтижесiнде Жошы ұрпақтары Ұлысының территориясы батыста Дунайға дейiн кеңейедi. Өз кезегiнде Бату хан ағасы Орда-Ежен мен iнiсi Шайбанға сiңiрген еңбектерi үшiн бұрынғы ұлыстарына тағы жаңа жерлер үлестiредi. Тарихшы Әбiлғазының дерегiнде Бату Шайбанға 15 мың үйлiк, Орда-Еженге 10 мың үйлiк ел берген. 3*

Алтын Орда 250 жылдай орыс княздерiн өзiне бағындырып, олардан салық алып отырды. Бiрақ Алтын Орда Ресей жерiне қыспақ жасаған жоқ.

Бату хан моңғолдар орталығы – Қарақорымға бағынышсыз, тәуелсiз саясат жүргiздi, Шыңғыс хан саясатын қолдамады. Қарақорымға шақырса да бармады, оған сезiкпен қарады. Бiрақ моңғолдың орталық қағандығының iшкi саясатын алыстан байқап, оған ықпал жасап отырған. Бату хан 47 жасында қайтыс болды. Ол мемлекет тұрғысынан ойлайтын, әдiл, дене құрылысы мығым, дана адам болған. Халықтың оған «Сайын» деп ат қоюы да тегiн емес. Арабшадан аударғанда ол дана, әдiл деген сөз екен. Қазақта «Ер Сайын» деген дастан да болған.

Бату орыс княздерiмен дұрыс қарым-қатынас ұстады. Батудың өзi құрған мемлекеттiң атын Алтын Орда атауы да оның қыпшақ тiлдi екендiгiн дәлелдейдi. 4*

Бату Ордасы 1240-1250 жылдары Едiл бойында болғандығы туралы шетел саяхатшылары жазбаларында деректер бар. 1245 жылы көктемде Карпини Бату Ордасын

Едiлдiң төменгi сағасынан кездестiргенiн жазады. Ал Рубрук Бату Ордасын 1253 жылдың күзiнде Едiл Бұлғарлары ауданында, ал сол жылдың қысында Едiл бойындағы Сарай маңында кездестiргенiн жазыпты. Бату хан (Сайын хан) ержүрек батыр, алғыр болған. Оған атасы Шыңғыс алтын үздiктi ақ киiзүй сыйлаған.

Батудың бұйрығымен Алтын Орда астанасы Бату Сарайы қақпасының алдына тiрiдей толық өлшемiнде қос арғымақтың мүсiндерiн таза алтыннан құйдырып орнаттырған. Бату сарайында кезiнде 100 мыңдай халық тұрған. Ол кезде Европаның iрi қалаларында сонша көп халық болмаған.

Бату батысқа жорығы кезеңдерiнде орыстың православие шiркеуiне арқа сүйеген, сөйтiп славян халқының көңiлiнен шыққан. 5*

1229 жылы бүкiлмоңғолдық құрылтайда Шыңғыстың орнына оның өсиетiмен Үгедей Ұлы хағандыққа сайланды.

Осы құрылтайда батыста қыпшақ түрiктерiн түгелдей бағындырып, бұлғарларды, орыстарды да бас игiзу үшiн iске кiрiсуге қарар қабылданды.

Сол 1229 жылдың өзiнде Бату әскерi Дештi-Қыпшақ жерiнiң батысына сұғына кiрдi. Жайықтан өтiп, үш жүз мыңдық әскерiмен Бату Нарын құмын, ондағы тұрғындарды ат тұяғымен таптап өтедi де, Едiл бойына жетедi.

Шыңғыс кезiндегi «Яса» бойынша әрбiр әскер онбасылардың, онбасылар жүзбасылардың, жүзбасылар мыңбасылардың, мыңбасылар түмен басының (түмен – он мыңдық әскер) қоластына қарайтын.

1236 жылдан бастап Бату Едiл бойы, Бұлғар мемлекетiне, Орыс елiне шабуылын бастады.

Шашыраңқы, өзара басы бiрiкпеген орыс княздiктерi жұмырықтай жұмылған, әскери қатаң тәртiпке бағынған Бату әскерiне айтарлықтай қарсылық көрсете алмай, бiрiнен соң бiрi тiзе бүктi. 1237 ж. Рязань, Москва княздiктерi, 1238ж. Владимир, Суздаль, Кострома, 1239 жылы Бату бүкiл қыпшақ даласын бағындырды. Осы жылы Муром, Переяславль, Чернигов қалаларын алды. 1240 жылы Киев қаласы үлкен қарсылықпен тiзе бүктi. Қиратылған Киев қаласы ХУ ғасырға дейiн қаңыраған күйiнде жатты.

Батудың түмендерi жаппай шабуылдап бүкiл Европаны жаулап алуға таяу қалғанда, МоңғолдыңҰлы хағаны Үгедейдiң кенеттен қайтыс болғандығы туралы хабар жетiп,жеңiмпаз хан шабуылды кейiнге қалдырып, Едiл бойына қайтады.

Бату осы кезде Едiлдiң төменгi сағасында Сарай қаласын салуға жарлық бередi. Бату өзi түгелге дерлiк бағындырылған Европа елдерiнiң iшкi iстерiне араласпай, дiнiне, мемлекеттiк басқару iстерiне еркiндiк бердi, тек салық төлеп отыру мiндеттi болды.

Княздiк лауазымдарын бекiттiрiп, жарлық алуға орыс княздерi Сарай қаласына келе бастайды. 1246 жылы моңғолдың Ұлы хағаны Күйiкке арнап Рим Папасынан жiберiлген елшiлер арасында болатын Плано Карпини өзiнiң саяхатнамасында (Карамзин жазбалары бойынша) төменгi деректердi келтiредi:

«… Қыпшақ жерлерi арқылы жүрiп, Днепр, Дон, Едiл өзендерiмен жүзiп, Жайыққа бардық. Бату хан Едiл бойына әсем сарайлар салдырыпты. Бiздi Бату хан шатырына алып барды. Ол салтанатпен тақта отыр екен. Ханның үй iшi, жоғары мәртебелi шаһзадалар, төрелер, төменiректе сұлу әйелдер орындықта отырды. Папаның хатын хан мұқият оқыды. Музыка ойнап тұрды. Хан алтын, күмiс тостақтармен қымыз iшедi екен.

Бату хан зор денелi, қызыл шырайлы, ашық жүздi, бiлiмдi, қайратты, тәжiрибелi, соғыс кезiнде айлакер, тапқыр, қарауындағыларға әайырымды, жомарт едi.Шеттен келген сыйлықтардан ештеңе де алып қалмай, басқаларға бөлiп беретiн.»

Орыстың бытыраңқы княздерi Батудан тағлым алды. Өз iштерiндегi алауыз дұшпандықтарын бiртiндеп жоюға

Ростов княздiктерi бағындырылды. кiрiстi. Княздiктердiң iрiсiн де, ұсағын да бiр орталыққа бағындырудың қажеттiгiн түсiндi. Моңғолдардан әскери заңды, соғыс ғылымын, шеруге шығу тәртiптерiн үйрендi.

Бату хан, аяғының ауруы асқынған, өмiрiнiң соңғы кезеңiнде мемлекет басқару iсiн өз ұлы Сартаққа тапсырған.

Өз кезеңiнде дүниежүзi таныған, байтақ иелiктi алып жатқан Алтын Орда мемлекетiн маңдай терi, бiлек күшiмен құрған Бату хан (саяхатшы Рубруктың көзбен көрген деректерiне сүйенген Карамзиннiң анықтауынша) 1255 жылы Сарай қаласында қайтыс болады. 6*

Қ.Салғараұлы да өзiнiң «Хандар кестесiнде» Карамзиннiң осы дерегiне сүйенген сияқты.

Г.А.Феодоров – Давыдовтың жазуында Бату ханның қайтыс болуы 1256 жыл делiнген. 7*

Ибн Халдунның жазбаларында Бату хан 1252 жылы қайтыс болған делiнедi. Бұл Рубрук естелiгiне қайшы.

Д.Кiшiбековтың «Бату 47 жасында қайтыс болды» деген мәлiметiне сүйенсек, Бату ХIII ғасырдың басында, 1208-1209 жылдары туған болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет