«Алуан-алуан кәсіп бар, соның бірін таңдап ал»



Дата04.12.2019
өлшемі17,37 Kb.
#53021
Байланысты:
сабақ жоспары

Ересек тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в старшей группе

Өткізу күні/Дата проведения:

Тәрбиеші/Воспитатель: Молдагулова Ш.И.

Білім беру саласы/Образовательная область: қатынас

Өтпелі тақырып/Сквозная тема: «Алуан-алуан кәсіп бар, соның бірін таңдап ал»

Тақырыбы/Тема: Мамандықтың бәрі жақсы



Мақсаттары/Цели: 1.Тәрбиелік- воспитательная: Балалардың қызығушылықтарын арттыру, үлкендердің еңбегін бағалап, құрметтеуге тәрбиелеу

2.Дамытушылық развивающая: Сурет бойынша әңгіме құрастыруға, жұмбақ шешуге, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту

3.Оқыту- обучающая: балаларға күнделікті кезігетін мамандық иелері туралы мағлұмат беру, мамандықтарға деген қызығушылықтарын арттыру. Сюжетті - рөлді ойындарды пайдалану арқылы әр мамандықтың қыр - сырын ашу.«Мен өскенде кім боламын?» деген сұраққа жауап алу арқылы балалардың ой - қиялдарын дамыту. Журналист мамандығымен таныстыру

Педагогикалық технологиялар /пед.технологии: әңгімелеу, түсіндіру, жұмбақ жасыру, сергіту сәті, дидактикалық ойын, ғажайып сәт, сиқырлы дорба, рөлдік ойын.

Ресурстармен қамтамасыз ету/Ресурсное обеспечение: мұғалім, дәрігер, ұшқыш, суретші, аспазшы туралы сюжетті суреттер, видеоролик

Көптілділік (ересектер тобына)билингвалдық компонент (ортаңғы, екінші кіші тобы): мұғалім-учитель, дәрігер-врач, ұшқыш-летчик, суретші-художник т.б.

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі/организационный момент

Балалар бүгінгі көңіл күйлерін қандай? Кәне бәріміз шеңберге жиналып тұрайық. Бір бірімізге күлімдеп жақсы көңіл күй сыйлайық.



Шаттық шеңбер:

Қол ұстасып кәне біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Кел тұрындар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір болу.

Қандай жақсы дос болу.


2. Негізі бөлімі/основная часть

А) Суретпен жұмыс:
Бүгінгі оқу іс - әрекетінде «Мен өскенде кім болам?» Мамандық түрлерімен танысамыз.
Мамандықтарға дәрігер, мұғалім, шаштараз, аспазшы, тігінші жатады.
- Дәрігер не істейді?
- Дәрігер адамдарды емдейді.
- Аспазшы не істейді?
- Тамақ пісіреді
- Тігінші не істейді?
- Киім тігеді
- Шаштараз не істейді?
- Шаш қияды
Б) (Балаларға сұрақтар қойылып, жауаптары толықтырылады). Сондықтан бізге барлық мамандықтар қажет. Міне, біз қанша мамандық түрлерімен таныстық.Біздің бүгінгі өтетін оқу іс әрекетіміздің не екенін мен жұмбақтап айтқым кеп отыр мен қазір өлең жолдарын оқимын, ал сендер сол жолдарға қарап қандай сабақ екенін табасыңдар.
Аяқ киімді... жөндейді. (етікші)
Ұшақты... жүргізеді. (ұшқыш)
Өлеңді... жазады. (ақын)
Тамақты... дайындалады. (аспазшы)
Ауруды... емдейді.(Дәрігер)
Өртті... сөндіреді.( өрт сөндіргіш)
Балаларды... оқытады.( Мұғалім)

Ал осының бәрін бір сөзбен қалай айтамыз? (мамандықтар)

Иә балалар сендер дұрыс айтасыңдар біз бүгін мамандықтар жайында оқу іс әрекетін өтетін боламыз.
- Қалай ойлайсыңдар осылардың барлығы біздің өмірімізге қажет пе?

В) «Сиқырлы дорба» ойыны. Дорбаның ішінде әртүрлі құралдар жатыр, сендер сол құралдар қай мамандыққа қатысты екенін атап берулерін керек. (бір баладан шығып, дорбадан құрал алып атау керек қай мамандыққа қажет екенін). Тамаша барін тауып бердіңдер, недеген ақылдысыңдар.

Г) Дидактикалық ойын: «Кімге не керек ?»

Балалар мұғалім, дәрігер, құрылысшы, спортшыға қажет құралдарды тауып қоюы керек.

Балаларды тапқырлыққа үйрету.

– Тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.

– Өте жақсы. Енді сендер өскенде кім болғыларың келеді? Қандай мамандық иелері болғыларың келеді? Сол туралы айтасыңдар.  

Д) «Кім жоқ?» ойыны. Балаларға мамандықтар суреті көрсетіледі. Көздерін жұмуды ұсынып, бір суретті жасырады. Қандай мамандық жоқ екенін табады. (Балалардың ойыны)

3. Қорытынды/итоговая часть

-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Қандай мамандықтарды білесіңдер?

-Қандай ойындар ойнадық?


Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Балалар мамандық түрлерін білуі, қажетті құралдарын атай білуі керек
Нені игереді: Суретке қарап әңгіме құрауды игерді
Нені біледі: Үлкендердің, мамандық иелерінің еңбегін бағалай біледі

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет