Ақмола облысы Егіндікөл ауданы



бет1/8
Дата18.02.2018
өлшемі1,46 Mb.
#37965
  1   2   3   4   5   6   7   8
Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

Егіндікөл аудандық әкімдігінің

« №1 Егіндікөл орта мектебі» КММ

Ариф Аяулы

7 сынып


Жоба «Бақбақ гүлінен бал жасау әдісі»

Бағыты: Дені сау табиғи орта- «Қазақстан-2030» бағдарламасының негізгі стратегиясы

Секция: биология, химия және экология

Жетекшісі: Балтабаева Динара Куттыбаевна бастауыш сынып мұғалімі

Көкшетау 2014

МАЗМҰНЫ


АБСТРАКТ ------------------------------------------------------------------------ 3

КІРІСПЕ ---------------------------------------------------------------------------- 4 – 5

I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ------------------------------------------------------ 6

1.1 Зерттеу жұмысы жүргізілген жердің физикалық – географиялық


жағдайы ----------------------------------------------------------------------------- 6

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ---------------------------------------------------------------- 7- 17

1.Күрделігүлділер тұқымдастары-------------------------------------------- 7

1.1 Күрделігүлділер, (Asteraceae, Compositae ) -------------------------- 7


1.2 Туыс Бақбақ (Taraxacum)-------------------------------------------------8 -9


1.3 Бақбақ гүлінің тарихы------------------------------------------------------- 10-11

1.4 Бақбақ туралы қызықты деректер---------------------------------------- 12

1.5 Өлкеміздің шипалы өсімдігі----------------------------------------------- 13-14

1.6 Химиялық құрамы----------------------------------------------------------- 15

1.7 Бақбақтың халық шаруашылығындағы маңызы----------------------- 16-17

II ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ БӨЛІМ-------------------------------------------- 18

ҚОРЫТЫНДЫ-------------------------------------------------------------------- 19

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ---------------------------------------- 20

СЫН- ПІКІР------------------------------------------------------------------------ 21

ҚОСЫМША------------------------------------------------------------------------ 22-25



Абстракт

Зерттеу мақсаты: бақбақ гүлінен бал алу әдісін үйрену .

Зерттеу міндеттері:

  • ғылыми әдебиеттерді негізге ала отырып, бақбақты жан – жақты зерттеу,

  • тағамдық қасиетінің құпиясын анықтау,

  • тұрмыста тағам ретінде пайдалана білу,

  • табиғаттағы өсімдіктердің көптүрлілігін сақтай білу.

Зерттеу обьектісі: Егіндікөл аумағындағы кәдімгі бақбақ түрін қарастыру.

Зерттеу заты: «бал» жасау әдісі.

Гипотеза – менің ойымша, Егіндікөл аумағында кең таралған өсімдіктердін пайдалы қасиеттерін зерттеп, оларды өз өмірімізде қолдану арқылы әр адамзатқа өзі өмір сүріп отырған ортасын, флорасы мен фаунасын таныту, жас кезінен оны зерттеуге баулу арқылы әр қазақстандықта экологиялық білім, этика, мәдениет, сонымен бірге қаржыны үнемдеу арқылы тағам мәселесінің шешу жолы табылады.

Зерттеу әдістері: әңгімелесу, пікір алысу, зерттеу жұмыстары, ақпарат жинақтау, ғылыми әдебиеттерді оқып, алған білімді қолдану, теориялық деректерге сүйену, жүйелеу, қорытындылау, бақбақтан «бал» алу.

Зерттеу жаңашылдығы : бақбақ «балын» ұзақ сақтау әдісі.

Практикалық маңыздылығы: әдіс өте тиімді, көп уақыт кетпейді, арзан, табиғатқа деген сүйіспеншілік артылады, практикалық түсінік алынады.

КІРІСПЕ

Тақырып өзектілігі: Жер бетінде әр түрлі қасиетке ие алуан түрлі өсімдіктер өседі. Осынау әрқилы географикалық аймақта қоныс тепкен емдік, шипалық тағамдық қасиеттері алуан түрлі өсімдіктерді адам баласы ерте кезден-ақ өз қажетіне жаратып келеді. Мен тұратын өлкем де осындай өсімдіктерге бай. Әр өсімдіктің өз қыры мен сыры, ешкімге мәлім емес құпиясы да бар. Осындай өсімдіктердің бірі – бақбақ гүлі. Бізге кішкентай кезімізден таныс, күнде көз алдымызда өсіп тұратын осы гүлді өз жұмысымның арқауы еттім.

Алынған тақырыптың өзекті мәселесінің бірі - адамның жан-жағын қоршаған өсімдіктерді пайдалана білу, оның аса маңызды қасиеттерін тауып өз өмірінде қолдану, табиғаттағы өсіп жатқан өсімдіктерді тұрмыста қолданып табиғи өнімнің пайдасын іске асыра білу болып табылады.

Тақырыпты жүзеге асыру барысында түрлі әдебиеттермен жұмыс жүргізілді. Ол әдебиеттерде бақбақтың морфологиясы мен тарихы жазылған, бірақ бақбақтың маңызды қасиетінің бірі – «бал» алу туралы әдебиет қолыма түспеді. Ғаламтор көзінен тапқан деректер бойынша бақбақтан «бал» алу біздің әдіске қарағанда басқаша екен. Сондықтан назар аудардық. Әдісімізді көрсетіп жазамыз. Бұл жұмыстың мақсаты ел ішіндегі табиғатқа деген көзқарасты көрсету, ел ішінің табиғатқа жақындығын айқындау, өзіне өсімдіктердің пайдасын асыра білуі. Сондықтан, біріншіден, бақбақтың өсімдіктер бөлімінде жүйелеуіне нақты тоқтап құрылыс ерекшеліктерін, тіршілік жағдайын, тарихын, шаруашылықта маңызын ашуды міндет көрдік. Сонымен қатар, бақбақтың емдік қасиеті де мол екенін анықтадық. Бауыр ауруларына, көз, өкпе ауруларына қарсы қолдануға бірнеше рецепт зерттеу жұмысында көрсетілген. Тағы бір айтып кететін мәселенің бірі, бақбақтың химиялық құрамы, ол «балласты заттарға», яғни клетчатка мен пептиндерге бай екен, ал ол заттар адам ағзасына тигізер пайдасы орасан зор, яғни ағзада жиналатын улы заттар мен газдарды өздеріне сіңіріп алатын қасиеттері де бар. Миға күш түскен жағдайда адам ағзасы, әсіресе В тобы дәрумендері мен С дәрумендеріне зәру болады екен. Ал, бақбақ осы дәрумендерге бай. Осының бәрін ескере отырып, оның адам өміріне қажеттілігі де көп, маңызы да ерекше екендігіне көзіміз жетті. Сондықтан, осы мақсатқа жету барысында әдебиеттерді зерделеп, ғаламтор көзінен деректер жинап, ауыл ішінде бақбақ өсетін жерлерді анықтап, өсу жағдайына назар аудардық. Сонымен қатар, қазіргі кезде Жер бетіндегі сан алуан өсімдіктердің түрлерін сақтап қалу әдісін көздедік, ол зерттеу жұмысы барысында анық айтылады, яғни үйде, табиғатта адамның өзін – өзі ұстай білуін, мінез – құлық дағдыларын қалыптастырады. Зерттеу жұмысы белгілі бір бағытта жоспар арқылы іске асты. Бұл жұмыстың практикалық мәні орасан зор. Себебі, ара асырап одан бал алу біздің аймақта қалыптаспаған, ал біздің жан-жағымызда, аяқ астында, тіптен әрбір қадамда табиғаттың сыйы ретінде беріліп, жайқалып өсіп жатқан бақбақты дұрыс қолдана біліп, содан бал алып күнделікті күйбең тіршілікте өз дастарханымызда көрген оңайырақ болады.

Туған жерім – тал бесігім

Егіндікөл – Егіндікөл ауданындағы ауыл, аудан орталығы. Облыс орталығы – Көкшетау қаласынан оңтүстікке қарай 325 км жерде, Теңіз көлінің солтүстігінде бүта аралас бетеге, боз өскен сортандау қызыл қоңыр топырақты далалық белдемде орналасқан. Кен байлықтарынан гипс, құм, гипсті саз кездеседі. Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ. Жауын – шашынның жылдық орташа мөлшері 250- 300 мм. Тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде аудан жерінің басым бөлігі жыртылған. Өсімдіктерден сұлыбас, селеу, бетеге, жусан, көл жағаларында түрлі шөпті шалғын, бидайық, өлең, қамыс, т. б. кездеседі және ауыл арасында көптеген бақбақтың өсіп жатқанын көреміз. Қасқыр, түлкі, қарсақ, борсық, қоян, суыр, ондатр, күзен, сарышұнақ, аламан, қосаяқ, құстардан – кезқұйрық, күйкентай, бозторғай, көлдерде – қаз, үйрек, аққу, қасқалдақ, қызғыш, тауқұдірет, жылқышы, шіл, тырна, бөдене мекендейді. [5,253 бет]





1.Күрделігүлділер тұқымдастары.

1.1 Күрделігүлділер, (Asteraceae, Compositae ) тұқымдасына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері бар. Бұл тұқымдастыққа  жататын көп жылдық, кейде бір не екі жылдық шөптесін өсімдіктер. Бұлардың гүлдерінде тостағанша болмайды. Тостағаншасы кейде үлпекті айдарша тәрізді өзгеріп кетеді. Нағыз күрделігүлді өсімдіктердің себетгүлі – гүлшоғыры болады. Күлтесі 5 күлте жапырақшалардан құралады. Олардың төменгі бөлігі түтікше тәрізденіп бірігіп кеткен, жоғары бөлігінен бес тісше көрініп тұрады. Себетгүлдегі тілше гүлдерден 5 ұсақ тісшелері бар тақташалардың жазылып тұрғанын көреміз. Ал жалған тілшелігүлде 3 тісшелі жазылған тақташа болады. Күлтенің түтікшесіне бітісіп өскен 5 аталығы бар. Тозаңдығы да түтікшеге қосылады. Жатыны төмен орналасады. Аталық түтік арқылы аналық аузы қостелімді аналық мойны өтеді. Демек, күрделігүлділерде бір ғана аналық болады. Жемісі – айдарлы немесе айдарсыз тұқымшалар. Ал бақбақта майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанады.


Каталог: uploads -> doc -> 12b5
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12b5 -> Сабақ №13 Күні: 12. 15 12. 15 Бекітемін: Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет