Ақмола облысы Зеренді ауданы «Куропаткино орта мектебі» кмм биология пәні мұғалімі Сарин Жарас Темиртасулының портфолиосы резюме



бет1/9
Дата25.08.2017
өлшемі4,25 Mb.
#26367
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

«Куропаткино орта мектебі» КММ



Биология пәні мұғалімі

Сарин Жарас Темиртасулының

ПОРТФОЛИОСЫ

Резюме: Сарин Жарас Темиртасулы

Туған жылы: 10.02.1978 жыл

Білімі: жоғары, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау

мемлекеттік университеті 2001 жыл



Мамандығы: Биология пәні мұғалімі

Квалификациялық санаты: І

Педагогикалық өтілі осы ұйымда: 4 жыл

Осы мамандық бойынша жалпы өтілі: 14 жыл

Біліктілігін арттыру:

  • Сертификат №00294. 10.09.2012-25.11.2012 жыл. «Өрлеу» ҰБАО АҚ қоғамының филиалы Ақмола облысы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтті»

  • Сертификат ІІІ №0006225 04.01.2013 жыл. «Өрлеу» ҰБАО АҚ қоғамының филиалы Ақмола облысы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері мұғалімдерінің үшінші (негізгі) деңгей бағдарламасы бойынша біліктілігін арттыру курсын аяқтады»

  • Сертификат №0028. 22.02.2013 жыл. «Өрлеу» ҰБАО АҚ қоғамының филиалы Ақмола облысы бойынша қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Заманауи мектеп жағдайында оқытудың жалпы дидактикалық негіздері»


Әдістемелік тақырыбы: «Дәстүрлі емес сабақтарды биология

сабақтарында қолдану»



Өзін-өзі жетілдіру тақырыбы: Биология сабақтарына

7 модульді еңгізу



Семинарларға қатысқаны:

12.03.2013 жылы Зеренді ауданының биология, химия және география мұғалімдерінің Абай мектебінде өткен семинарында

7-сыныпта «Ұлулар типі» тақырыбы бойынша мастер-класс өткіздім.

29-30.03.2013 жылы РОСО Балдауренде өткен Ақмола облысы бойынша 3-айлық курсты өткен мұғалімдер семинарында «Витаминдер және олардың маңызы» бойынша 8-сыныпқа ашық сабақ өткіздім.



Дәстүрлі емес сабақтарды биология сабақтарында қолдану: таңдау себебім, түсініктеме беру, еңгізу
БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ

Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибелерін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады. Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады. Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген оқыту мен оқудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.

Оқуға арналған негізгі материалдар «Курсалды тапсырмаларды орындауға арналған нұсқаулық», «Мұғалімге арналған нұсқаулық» және «Мектептегі тәжірибе кезінде орындауға арналған тапсырмалар» болып табылады. Құрылымдалған үлестірме материалдар мен қосымша онлайн-материалдар тиісті сабақтар барысында беріліп отырады. Бағдарлама мен жоғарыда аталған материалдар Бағдарламаның біртұтас оқу-әдістемелік кешенін (бұдан әрі – Бағдарламаның ОӘК) құрайды. Мұғалімдер, сондай-ақ, қажет болған жағдайда және кәсіби қажеттіліктеріне қарай Бағдарламада пайдаланылған және ұсынылатын әдебиеттерді өз беттерінше оқи алады.

«Мұғалімге арналған нұсқаулықта» негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Бағдарламаның модульдері:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7. Оқытуды басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.



Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

Әлеуметтік-сындарлылық тұрғыдан оқытуды түсіну (Vygotsky, 1978; Wood, 1998) осы Бағдарламада айтылған «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» негізінде жатыр. Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» (Mercer, 1995; Alexander, 2008), метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» (Flavell, 1976; Vygotsky, 1978) деген атаулармен танымал педагогикалық тәсілдер әлеуметтік-сындарлылық идеяларының қазіргі заманғы маңызды түсіндірмелері ретінде қолданылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік-сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы диалогтің шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана оқушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.





Каталог: modules
modules -> Ф. 4-72 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Мұражайтану және діни өнер»
modules -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ежелгі Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
modules -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шет елдер тарихы кафедрасы «Ортағасыр Қазақстан тарихы» пәні бойынша 5В011400
modules -> Ф. 4-63 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы «Түркі халықтарының тарихы» пәні бойынша 5В011400
modules -> Пәннің/мамандықтың оқу-әдістемелік кешені барлық мамандықтар үшін «Қазақстан тарихы»
modules -> Ф. 4-71 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты Қазақстан және шетелдер тарихы кафедрасы 5В011400 – «Тарих» мамандығы студенттеріне арналған «Қазіргі дәстүрлі емес діни ағымдар»
modules -> Музыка мәдениеті мен өнер терминдерінің Қазақша-орысша-ағылшынша сөздігі
modules -> Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет