Ана және мен сайысы. Қымбатты қонақтар, балалар!



Дата20.06.2018
өлшемі21,92 Kb.
#44061
Ана және мен сайысы.

Қымбатты қонақтар, балалар!


Бүгін біз жыл мезгіліндегі ең тамаша мереке 22-ші наурыз мұсылмандар жаңа-жылын тойлап, атап өтуге жиналып отырмыз.

Тап осы күн-ошақта қазан көтерілетін, бар үйдің іші-тысы тазарып, бар көңілдің кірі кететін, бар жүректе игі тілек туындайтын, бар ниетке ізгілік өріс тебетін күн.



  1. Сұлтанбек. («Наурыз – жыл басы» өлеңін оқу.)

Тойға пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық

Тойға шашуға тойыңдар

Бұдан кейін ойын бар.

  1. Шашу шашу. (Фарида)

Қасиетті ұлт аспабы халқымның

Домбыраны қастерлеген салтын бұл

Ән шырқалып, күмбірлеп күй тартылсын

Домбырамен салтанатым ашылсын.

  1. а) Оркестрдің орындауында Күмісбековтың шығармасы “Өмір жолы”.

ә) Оркестірдің орындағаны Қазанғаптың күйі «Шынаяқ».

Ата салтын қастерлеп,

Өнер сүйген халықпыз

Мың бұрала би билеп

Өнерлерін танытсын.

  1. Би 3 сынып “Қазақ биі”.

Бүгінгі мерекеге орай біздің ордамызда Ана және мен сайысы өткелі отыр. Сахнаға бүгінгі сайыскерлеріміз келсін. Ортаға 1-ші сайыскеріміз 2-сынып оқушысы Өтебаева Малика мен анасы Өтебаева Сараны шақырамыз, 2 нөмерлі сайыскеріміз 3 сынып оқушысы Қабдолғалиева Мадина мен анасы Қабдолғалиева Гүлсімді, 3- ші сайыскеріміз 3 сынып оқушысы Калимова Айткүл мен анасы Калимова Сәулені, 4-ші сайыскеріріміз 2 сынып оқушысы Өтениязова Ақбөпе мен анасы Өтениязова Алмагүлді ортаға шақырамыз.

Қазылар орнықтырар әділдікті,



Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

дей келе топтардың жауаптарын бағалау үшін әділ қазыларды сайлаймыз.



  1. Таныстыру.

Осымен мереке басталып кетсін,

Ән шашу баршамызға жетсін.

Осылайша бүгінгі сайыскерлер

Өздерін таныстырып өтсін.

  1. Шаш үлгісі.

Қыздары мектепке барар алдында аналары олардың шашын сәндейді. Сол шашу үлгісін біз қазір тамашалаймыз.

Сайыскерлер өнерін,

Тағы да бір көрейік.

Тамашалап шаш сәнін,

Тәнті болып көрейік.

Екі ішектің бірін қатты,

Бірін жай-жай кем бұра.

Нағыз қазақ қазақ емес,

Нағыз қазақ домбыра.

  1. 2 сынып оқушыларының ансамблінің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің шығармасы “Ата толғауы”.

Күмбірлетіп күй тартып,

Мың бұрала биледік,

Аталардың аманатын ардақтап,

Мақал-мәтел сайысына түселік.

  1. Мақал мәтел сайысы. “ Қайымдасу”.

Бұл сайыс қыздарымызға арналады. Мен мақалдың басын айтамын, ал сендер жалғастырасыңдар. Қыздарымыздың сабақтағы білімін бағалау, бақылау. Мақалдар.

  1. Ананың көңілі балада 8. Ананың сүтін ақтамағанды

Баланың көңілі далада. Ешкім мақтамайды.

2. Балам балым, 9. Ананың сүті- бал,

Баламның баласы жаным. Баланың тілі – бал.

3. Асығу баланың ісі, 10. Күннің шуағы жылы,

Аттандыру ананың ісі. Ананың құшағы жылы.

4 . Балалы үй – базар, 11. Бала көңілдің гүлі

  1. Ағайынның алтын сарайынан

Ананың жыртық лашығы артық.

  1. Ағайын алтау 12. Ананың жақсылығын Ана біреу ауырғанда білерсің.

  2. Атасыз үй – батасыз,

Анасыз үй – панасыз.


  1. Өнер сайысы.

Өнер-білім жанып тұрған шағында

Достық туы әрқашанда халықта.

Өнеріңді жұрт алдында көрсетші

Бір көтеріліп қалсын мына халықта.

Келесі кезекте аналарымызға арналған өнер сайысы. Аналар халық дәстүрінен өз өнерін көрсетеді. Ертегі, бесік жыры.

1 “а” сыныбының мерекелік шашуын қабыл алыңыздар.

6. Би 1 “а” сынып.



Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басынан.

Барлық ғылым саған үйір болады,

Досың солар табылатын қасыңнан.

Келесі сайысқа көшеміз. Біздің оқушылардың мектепке дайындаған, сабақ үстіндегі білімін көрдік. Енді анасымен бірге үй тапсырмасына қалай дайындалады екен, соны бақылайық. Мен сіздерге математикалық тапсырмалар беремін. Сендер сұрақ қойған бойда, тез жауабын беруге тиіссіздер. (Әрбіреуіне 2-ден).



  1. Екі жарым кг ет екі сағатта піседі, ал жарты киллограмм ет неше сағатта піседі? (2 сағатта).

  2. Дүкеннен кеп сабын алдым

Оның және қабын алдым

Екі дәптер, бір қарындаш,

Тіс ысқышты тағы да алдым.

Есептеші сонда бәрі,

Қанша болды қолда бары. (6).

2-ші сайыскер.

1) Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?

(Бір оқушы қоянды тоормен бірге алған).



  1. Кеше бізде той өтті,

Қонақтар да көп кепті.

Атам, әжем, апайым,

Нағашы, бөле, ағайын.

Қарындас, жеңге, жиенім

жиналып топ ағайын

Қонақтарды санайық

Санын тез-тез табайық. (9 қонақ).

3-ші сайыскерге.



1) Үш пар ат 30 км шапса, әр ат неше км шабады? (30 км)

2) Түйе, бота маң басқан

Төрт аяғын тең басқан

Шұнақ құлақ бес ешкі

Қос лақты, қос ешкі

Төрт қозылы, екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой (17).

4-ші сайыскерге.



1) Үш май шам жанып тұр. Екеуін сөндірсе нешеуі қалады? (2-еуі) (1 жанып кетеді).

2) Салтанат екіде,

Бақытжан жетіде

Екеуін қосып шыққаның,

Сәулеттің жасын ұққаның

Білгің келсе егер сен,

Сәулеттен үш жас шегерсең

Қиын емес оншада

Сағаттың жасы соншада.

Сәулет нешеде, Сағат нешеде?

(9-да, 6-да).

7. Бүгінгі мерекемен құттықтау үшін би шашуын ала келген V сынып оқушыларының өнерін тамашалаңыздар.

Би V сынып.

Ойын ойнап қсылайық бәріміз,

Отырмайық үлкен-кіші, кәріміз.

Балалармен бірге біздер ойнасақ

Жайланады-ау жадырап бір жанымыз.


  1. Ойын.

Нан дегенің атасы бүкіл астың,

Қадір тұтып, қастерлеп кіші-жасың.

Алып келген әдейі осы кешке

Дәмін татың тәп-тәтті шелпек нанның.

Ойын шарты: Қазақтың ұлттық тағамы шелпек нанын анасы мен баласы біріге отырып сүйсіне жеп, тауысу.



Әлемге тыныштық тілеген,

Жан ана жаныңа гүл егем

Балалық жүректен айтылған,

Махаббат белгісі бұл өлең.

8. Гүлнұрдың орындауында “Бала тілегі”.



Ардақты да, қымбатты көрермендер,

Өнерімен сіздерді тәнті етті сайыскерлер.

Шын көңілмен, ақ ниетпен жасалар,

Салаттан тағы бір татыңдар.

VI . Салат жасау. Кешкі ас.

9. Сайыскерлер салаттарын жасағанша 1”а” сынып.

оқушысы Мақсаттың орындауында “Бипыл” әні, Бала тілі әні.

Салаттарды әкелу, түсінік беру.

Өзіңсің өмірдегі бар ардағым,

Күй тартып, тұңғыш саған жыр арнадым.

Анашым айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

10. 2 сынып оқушысы Қазизовтың орындауында “Анашым” әні



Әсемдікті сүйеді дана халық.

Сән үлгісін тағы бір саралалық.

Адам көркі шүберек дейді қазақ

Әрқашан көріктіні бағалық.

  1. Сән үлгісі.

Қазақ атам ұстаған ғой домбыра.

Қазақ сырын шертеді ғой домбыра

Ата-баба мұнын бізге жеткізген

Тағы да бір шырқашы сен, домбыра.

11. Сұлтанбектің орындауында Жұбановтың шығармасы “Қарлығаш”

Әділ қазылар сайыс қорытындысын шығарғанша ортаға Түрік елінен келген « Бишілер » тобын шақырамыз.


  1. 2 сынып оқушылары “Түрік биі” .

Әділ қазыларға сөз беру.

№13 орта мектеп гимназиясы



Ана және мен сайысы.
Сармурзина Г.О.


Ақтау қаласы.
Каталог: uploads -> 2018 -> post06
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы
post06 -> Сабақ Cабақтың тақырыбы: Жоғары жылдамдықпен 30 метрге, 60 метрге жүгіру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет