«Ана тілім – алтын діңгегім»



Дата15.09.2017
өлшемі104,85 Kb.
#33132
«Ана тілім – алтын діңгегім»

атты тәрбиешілер арасында ұйымдастырылған сөз сайысы.


«Ана тілі бәрінен де биік

ханнан да, қарадан да.

Саясатшылар келеді, кетеді,

ал, ана тілі – мәңгілік.

Осыны есте ұстайық.»

Марат Қабанбай.

Сахнаға екі бала шығып, М.Қанафияұлының "Жасай бер, ана тілім!” өлеңін оқиды.

 Аружан:        Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,

                            Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.

                            Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,

                            Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

 Бекжан:        Жанымды жадыратқан бала тілім,

                            Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,

                            Жаралып жермен бірге, күн көзімен,

                            Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

 Аружан:     Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,

                            Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.

                            Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,

                            Жер-жерге баға берген сынды тілім.

 Бекжан:       Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,

                            Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.

                            Жұлдызды құдіреттің туы болған,

                            Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.



Жүргізуші: Қайырлы күн, құрметті қонақтар және ойынға қатысушылар! Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан. 22 қыркүйек - Қазақстан  Республикасы  халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу - ізгілік пен мәдениеттілік белгісі. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Жеке  бір адам ұлт тілін жасай алмайды. Тіл бүкіл халықтың игілігі, халықпен  бірге жасап, бірге дамиды. Ол әр халықтың жазуы жоқта кітабы, мектебі жоқта ұстазы болған. Әр азамат өз ойын ана тілінде білдіріп, білімінің жемісін сол тілде таратады, шығармасын ана тілінде жазып қалдырады. Халықтың тарихта қалуы тіліне байланысты. Тіл – халықтың жаны, сәні, дәлірек айтқанда, тұтастай кескін-келбеті. Адамды мұратқа жеткізетін тіл мен ата-дәстүрі. Ана тіліміз туралы М.Мақатаев, Ә.Тәжібаев, Д.Әбілев, М.Шаханов, Ж.Аймауытов сияқты көптеген  ақиық ақындарымыз жырлар жазды.

Ән: "Ананың тілі – аяулы үні”

Бүгінгі мерекелік құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Байділда Қарлығаш Қаржаубайқызына беріледі.

Жүргізуші:        Қазақ тілі – туын биік ұстаған,

                            Қазақ тілі – кең далама ұқсаған.

                            Қазақ тілі – мәртебелі, еңселі,

                            Құрметтеп отыр бүгін ел сені!

Ортаға бүгінгі сөз додасына қатысушыларымызды шақырайық.

Құлшығаева Гүлмира

Ермашева Алтынай

Ідірісова Гүлсім

Серікова Анар

Дегенбаева Бибігүл

Өмірбекова Анар

Қазылар алқасымен таныс болыңыздар:

_______________________________________

_______________________________________

_______________________________________

Қазылар алқасы төрелігін сайыс соңында сараптап көрсететін болады.

Ойыншыларымызға сөз додасының шарттарын таныстырып өтейін:

І кезең «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...» Сұрақ – жауап.


ІІ кезең «Сиқырлы фонетика» Фонетикалық талдау жасау
ІІІ кезең «Үздік жарнама» Қазақ тілінде жарнамалар көрсетеді.
ІҮ кезең «Жүйрік ой» шағын екі бөлімнен тұрады.

1- мақалды жалғастыру. 2-Сөз тіркесін құру

Міне, құрметті ойынға қатысушылар, қонақтар ойынның барлық ережелерімен таныстық, іске сәт.
Атыңнан айналайын, егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік!
Ғасырдың тойы болшы келе берер! – дей отырып, ойынымыздың
алғашқы кезеңін бастайық.
І кезең: «Түрлі-түрлі сұрақтар ой түртеді...». Құрметті ойыншылар, бұл кезеңде сіздерге бірнеше сұрақтар қойылады, ал сіздер, сол сұраққа 20 секунд ішінде жауап берулеріңіз қажет. Ойлануға уақыт берілмейді.

1. Ең ащы көл (Қарасор)


2. Көлікті күтетін жер (Аялдама)
3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі)
4. Бөле деген кім? (1 үйдің қыздарының балалары)
5. Құлагер кімнің аты?(Ақан сері)
7. Күрішті аймақ?(Қызылорда)
8. Алтын адам табылған жер? /Есік қорғаны/
9. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
10. Сөздің ең түпкі мағына беретін бөлшегі? (Түбір)
11. Жартылай тұщы, тұйық көл ( Балқаш)
12. Нағашы кімнің туысы? (Ананың ағасы)
13. Көмірлі аймақты астана? (Қарағанды)
14. Ең үлкен жануар? (кит)
15. Аспанда қанша жұлдыз бар? (саналмайды)
16. Ненің кілті аспанда? (ғылымның)

17. Карта жинағы? ( Атлас)


18. Құстың негізгі мекені? (Ұя)
19. Зат есімнің сұрақтары? (Кім? Не? Кімдер? Нелер?)
20. Жер шарының моделі?( Глобус)
21. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (Түркі)

22. «паспорт» сөзінің қазақша атауы? (Куәлік)

23. Қарғыстың ең жаманы? (өзің білме)

24. Қазақ алфабитінде неше әріп? (42)

25. Тіл нені жарады? (бас)

26. Ұрысу сөзінің синонимі? (зекіру)

27. «Ана тілің арың бұл ...» кімнің өлеңі? (Қ.Мырза Али)

28. Нені қызған кезде соғады? (темір)

29. Басқа бәле неден? (тілден)

30. Айнаға қай кезде өкпелеуге болмайды? (бетің қисық болса)

31. Қызылорда қаласының ескі атауы? (Ақмешіт)

32. Астана қаласы қай өзеннің жағасында? (Есіл)

34. Тәуке ханның тұсындағы заң қалай аталады? (жеті жарғы)

35. Сиыр малының пірі? (Зеңгі баба)

36. Сөйлем неден құралады? (Сөз)

37. «Қазақстан» сөзінде неше дауысты дыбыс бар? (3)

38. Қазақ алфабитінде неше дауыссыз дыбыс? (25)

Сайыскерлердің жауабы анықталып, талданады.


Жүргізуші: Ана тілі бәрінен де биік- ханнан да,

қарадан да. Саясатшылар келеді,

кетеді, ал ана тілі – мәңгілік.  

Осыны есте ұстайық.                             

Марат Қабанбай. 

Ойынымыздың келесі ІІ кезеңі «Сиқырлы фонетика»

Әр ойыншы конверт таңдап алады. Конверттен шыққан сөзге фонетикалық талдау жасайды.

Қ – Дауыссыз, қатаң.

А – Дауысты, ашық, еріндік.

З – Дауыссыз, үнді.

А– Дауысты, ашық, еріндік.

Қ – Дауыссыз, қатаң.

С – Дауыссыз, қатаң.

Т – Дауыссыз, қатаң

А– Дауысты, ашық, еріндік.

Н – Дауыссыз, ұяң.


Жүргізуші:         Ана тілім – бала шағым өркенім,

                            Ана тілім – болашағым, ертеңім,

                            Ана тілім – сайын далам, жер, көгім,

                            Ана тілім – арман, ойым, өрнегім.

                            Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем,

                            Тілсіз нені білдіре алам, не білем?!

                            Тілім барда ғана мынау ғаламның

                            Кілтін табар саналысы сезінем.

                            О, адамдар, қадіріне жетіңдер,

                            Ана тілің – анаң, сыйлап өтіңдер!

ІІІ кезең: «Үздік жарнама»

Әр ойыншы қазақ тілінде үздік жарнама жасап, таныстырады.

Сіздерге 10 минут уақыт беріледі. Алғашқы болған ойыншы жарнамасымен таныстыра береді.
Жүргізуші: Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі.

Қазақ тілі – қазақ халқының тілі. Оның негізгі мекені – Қазақстан.

22 қыркүйек - Қазақстан  Республикасы  халықтарының тілдері күні, халықтық мереке. Тілді қастерлеу - ізгілік пен мәдениеттілік белгісі.

1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасында «Тіл туралы» жаңа Заң дүниеге келді. Қазақ тілі ұрпақтан-ұрпаққа, атадан-балаға жеткен ұлы мәдени  мұра. Сондықтан да ана тіліміз талай жырға арқау болған.

Жүргізуші: Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

         Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

         Ел бетіне қалай түзу қараймын,

         Ана тілім, егер сені білмесем.

Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек. Әр ойыншымызға екі-екіден тапсырма беріледі.

1.      Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, ... (тіл ашады).

2.      Адам көңілінен азады, ...(тілінен жазады).
3.      Ауызда жиек жоқ, ...(тілде тиек жоқ).

4.      Мал басынан байланады, ...( адам тілінен байланады).


5.      Жаман көлдің суы ащы, ... (жаман қатынның тілі ащы).

6.      Бал тамған тілден ... (у тамар)


7.      Малға кедей – жарлы, ... (тілге кедей – сорлы).

8.      Өз тілің – бірлік үшін, ...(Өзге тіл – тірлік үшін).


9.      Жасыңда қылжаң болсаң, (өскенде мылжың боласың).

10.    Қылыш жарасы бітер, ... (Тіл жарасы бітпес).


11. Бас кеспек бар да, ... ( тіл кеспек жоқ).

12. Жақсы тауып айтар, ... (жаман қауып айтар).


Тұрақты сөз тіркестерінің мәнін аш:
Мына суреттерге қарап тұрақты сөз тіркесін жазыңыздар. 10 сурет беріледі

Ит өлген жер (алыс)

Көзге түртсе көргісіз (қараңғы)

Тонның ішкі бауындай (тату)

Бет моншағы үзілу (ұялу)

Жарғақ құлағы жастыққа тимей (мазасыздану)

Сайыскерлердің ұпай сандары анықталғанша, әсем әнді ұсынамыз.

Әділова Динара, Бекайдаров Әділет, Қуанышбайқызы Кәусар, Жұмабек Дастанның орындауында «Жас дәуірдің түлегіміз» әні


Жүргізуші:         Ұйықтасам, ана тілде күбірледім,

                            Оянсам, сөйлеп кеттім, кідірмедім.

                            Анамның ақ сүтімен сіңген тілім,

                            Бітпейді менің одан бұрын демім.

 

                            Сырласпай адамдармен тұра алмаған, 



                            Бұл тілге – жарық күнге жыр арнағам.

                            Жоңғармен шайқасқанда осы тілде.

Сарапшыларға сөз беріледі. Жеңімпаздарды марапаттау, Құттықтау.


№2 “Жұлдыз” балабақшасы

«Ана тілім – алтын діңгегім»


Сарсенбаева Жаухар

2013 – 2014 оқу жылы






Каталог: uploads -> doc -> 12e6
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12e6 -> Сыныбы: 6 Пәні: қазақ тілі ІІ модуль
12e6 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Функцияның графигін қарапайым түрлендіру» 0111000 «Негізгі орта білім (информатика)»
12e6 -> Мақсаттары: Оқушылардың дене бітімін шынықтырып, күшейту. Музыканы есту және баулу қабілетін теория және практика жүзінде іске асыру. Биді түсіну және билеу қабілетін қалыптастыру. Өзін өзі ұстай білуге тәрбиелеу. Міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет