Аналитикалық химия



бет1/4
Дата04.10.2022
өлшемі103,5 Kb.
#151537
түріҚұрамы
  1   2   3   4
Байланысты:
Аналитикалы химия
level one wbr-6006, 14.Лабка.Касымжанов Илияс Тмо 18.11 (1), 2 5409045820756462519, Кн. Абсаттаров Саясаттану 1 том

Жоспары
Кіріспе



  • Аналитикалық химияға түсінік

Негізгі бөлім

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер


Аналитикалық химияаналитика (грек. аnalysіs – талдау, жіктеу) – заттардың химиялық құрамын анықтау әдістері туралы ғылым.
Ең алғаш «химиялық анализ» ұғымын 1654 ж. ағылшын химигі Роберт Бойль, ал «аналитикалық химия» ұғымын 1801 ж. В.А.Лампадиус енгізген. Аналитикалық химияның даму кезеңдері: алхимия(4–16 ғ-лар), 'иатрохимия (16–17 ғ-лар), флогистондық (17–18 ғ-лар) және ғылыми (19–20 ғ-лар) болып бөлінеді. Бұл ғылымның негізгі міндеттері – талдау әдістерінің қолдану шегін анықтау, түрлі заттардың құрамын анықтау әдістемелерін жетілдіру, жаңа әдістемелер ұсыну. Осыған байланысты аналитикалық химия іргелі қолданбалы ғылым болып табылады. Онда сапалық және сандық талдау жүзеге асырылады.
Сапалық талдау зерттелетін заттың құрамын, ал сандық талдау сол құраушы заттардың массасын не массалық үлесін анықтайды. Зерттелетін бөлшектердің табиғатына байланысты элементтік (атом-ионды), заттық, молекулалық, фазалық және функционалдық талдау болып жіктеледі. Аналитикалық белгінің табиғатына және оны өлшеу тәсіліне байланысты талдаудың химиялық (классик.), аспаптық, биология әдістері бар. Химиялық әдістер (гравиметрлік,титриметрлік) химиялық реакциялар арқылы жүргізіледі. Аспаптық әдістер физикалық құбылыстар мен процестердегі және хим. реакциялардағы құбылыстарды физика әдістермен өлшеуге сүйенеді. Биологиялық әдістер тіршілік құбылыстарын саралауға негізделген.
Қазақстанда Аналитикалық химияның дамуы М.Т.Козловскийдің есімімен байланысты. Оның басқаруымен жүргізілген ғылым жұмыстардың нәтижесінде Қазақ мемлекеттік университетінің Аналитикалық химия кафедрасы ірі ғылым орталыққа айналды. Аналитикалық химия салаларының ішінен Қазақстанда, әсіресе, электраналитикалық химия мен фазалық талдау жақсы дамыды.
Амперметрияинверсиялық вольтамперметрия, т.б. әдістердің көмегімен түрлі құймалардың, өндірісте пайдаланатын судың құрамын (А.И.Зебрева), кентастардағы ренийдің (Е.Ф.Сперанская), т.б. металдардың (О.А.СонгинаВ.А.ЗахаровЗ.Б.Рождественская) мөлшерін, құймалардан алынатын катализаторлардың фазалық құрамын (Р.Н.Матакова) анықтаудың әдістері жасалды.
Көптеген беттік активтігі жоғары заттардың электрхим. процестерге әсері (мыс., кадмиймысталлиймырыш сияқты металдардың электродтардағы бөліну процесі) зерттелді (М.К.НаурызбаевД.К.Меңдәлиева). Болаттың түрлі маркаларының қышқыл және сілтілі орталардағы коррозияға төзімділігі зерттеліп, олармен күресудің тиімді жолдары ұсынылды (Т.З.Ахметов). Термодинамик. зерттеулерге сүйене отырып, минералдардың селективті еруінің теория негіздері жасалды (Х.Қ.Оспанов). Комплексті қосылыстарды аналитикалық мақсаттарға пайдалану бағытындағы ғылым жұмыстар жүргізілді (Е.А.Мәмбетқазиев,А.М.Шалдыбаева).
Аналитикалық химия саласындағы мамандар Қазақ ұлттық және Қарағанды мемлекеттік университеттерінде даярланады, ал аналитикалық химия зерттеулерін Қазақстан ҒМ–ҒА-ның арнаулы ғылым кеңесі үйлестіріп отырады. Қазіргі кездегі аналитикалық химияның негізгі мәселелері: аспаптық және биол. әдістерді жетілдіру, автоматтандыру және математикаландыру, аралық химия әдістерді дамыту, әдістердің сезгіштігі мен дәлдігін жоғарылату, тест-әдістерді дамыту..
Аналитикалық химия әдістері

  • Дәстүрлі

  • Инструментальды

Мақсаты - әр түрлі химиялық әдістердің (анализдердің) теориялық негіздерімен таныстыру және оларды әрі қарай дамыту.
Міндеті - заттардың химиялық құрамын анықтау. (химиялық анализ жүргізу деп атайды).
Химиялық анализ орындау арқылы зерттелетін заттың құрамында қандай элементтер, қандай бөлшектер (иондар) қандай мөлшерде бар екенін білу.
Маңызы:
- Химиялық анализ жасау арқылы, атомдық масса, молекулалық масса, химиялық қосылыстардың формуласы белгіленеді.
- Химиялық анализ ғылыми зерттеу жұмыстарында
- Химиялық анализ өндірісте кең қолданылады
- Химиялық анализ шикізаттың құрамын анықтау үшін
- анализге сүйеніп технологиялық режим тағайындау үшін
- дайын өнімнің сапасын анықтау үшін
Аналитикалық химия физикамен, геологиямен, экологиямен, металлургиямен, медицинамен, ауыл шаруашылығы ғылымдарымен тығыз байланысты.
Мысалы: ауыл шаруашылығы саласында – топырақтың, тыңайтқыштың, мал азығының құрамын білу үшін.
Қазіргі кезде аналитикалық химия жетістіктері тамақ өнеркәсібінде, дәрі-дәрмекті дайындауда, жасыл өсімдіктердің химиясын зерттеуде, қоршаған ортаны сақтау жұмыстарында көптеген мәселелерді шешуге қолданылады. Химия пәнінің мұғалімі және маманы үшін аналитикалық химияның негіздерін білу өте маңызды. Өйткені оны:
- Өздігінен зертханалық тәжірибелерді жасауға, жүргізуге үйретеді;
- Керек реактивті дұрыс таңдап алуына үйретеді;
- Химиялық реакцияларды жүргізу үшін жағдайлардың маңыздылығын ұмытпауды үйретеді;
- Реакция нәтижесі негізінде логикалық дұрыс қорытынды жасауға дағдыландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет