Анатомия лидері Сыныптан тыс іс- шара (8 сынып) Мақсаты



Дата11.02.2018
өлшемі40,7 Kb.
#37473
Анатомия лидері
Сыныптан тыс іс- шара (8 сынып)
Мақсаты: Оқушылардың білім өрісін (ой-өрісін) кеңейту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, алғашқы жәрдем көрсету дағдыларын дамыту;

пәнге деген қызығушылықтарын ояту;

шығармашылықпен, өзіндік жұмыстануға тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, слайдтар,т.б.
Барысы: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Анатомия лидері» атты 8 - сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
Ақыл – тон, аңдығанға тозбайтұғын,
Білім – кен, қанша болса азбайтұғын.

Қатарың оза шауып бара жатса,


Арқаңның ауруы не қозбайтұғын,-
деп Тұрмағамбет Ізтілеуов айтқандай, білімдік сайысқа белсене, құлшына араласатын сайыскерлерімізді таныстырып өтейін: ……
Сайыскерлеріміздің біліміне, шеберлігіне әділ бағасын беретін әділ - қазылар алқасымен таныстырып өтетін болсам:
1.Оқу ісінің меңгерушісі : Бирмаканов К.С
2.Биология пәнінің мұғалімі: Мухамбетжанова Р.К
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады:

1. Бәйге – кім жылдам

2. Полиглот-тіл өнері

3. Ғажайып биология

4. Тапқырлық
Іс-шарамыздың девизі: « Білегі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады».

Iтур «Бәйге»


  1. Адам ағзасының мүшелері мен мүшелер жүйесін зерттейтін ғылым

2. Нейронның ұзын өсіндісі

3. Адамның хромосомасының саны

4. Жүректің сыртқы қабаты ...

5. Денедегі ең ірі без, салмағы 1,5 кг

6. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құралмен анықтайды.

7. Жүйке жасушасы қалай аталады.

8. Адамда неше омыртқа иіні бар.

9. Сүт тістер саны

10. Сілекей безін зерттеу үшін итке тәжірибе жүргізген ғалым.

11.Бір күнде ішетін тамақтың неше пайызы түскі асқа бөлінеді?.

12. Адамның суға деген тәуліктік қажеттілігі.

13. Қан кетудің неше түрі бар .

14. 1 гр. май ыдырағанда қанша энергия бөлінеді.



II тур. «Ғажайып бестік»

  1. Орталық жүйке жүйесі

  1. Мидың орташа салмағы 1300-1500г.10

  2. Мидың бөлімдерін атап бер (сопақшами, артқы ми, алдыңғы ми сыңарлары, ортаңғы ми, аралық ми)20

  3. Вегетативті (автономдық) жүйке жүйесі реттейді (ішкі мүшелердің жүйесі)30

  4. Алдыңғы ми сыңарларының бөліктері (маңдай, төбе, самай, шүйде)40




  1. Сезім мүшелері

  1. Үш қабаттан тұратын шар тәрізді мүше ( көз алмасы)10

  2. Құлақ неше және қай бөліктерден тұрады (3-сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақ)20

  3. Адам терісінде заттың пішінін, тегістігіе, ауырсынуды, температурасын анықтайтын сезім рецепторлары қандай жатады (сипап сезу)30

  4. Ортаңғы құлақтың дыбыс сүйектерін ата (үзеңгі, төсше, балғашық)40

  1. Тірек –қимыл жүйесі

  1. Ұзын сүйектерді атап бер (тоқпан жілік, уәрі жілік, ортан жілік, асықты жілік10

  2. Жалпақ сүйектерді атаңдар ( бас сүйек, жамбас, қабырға. Жауырын, самай, бет және жақ сүйектері)20

  3. Қысқа сүйектерге жатады (омыртқа, табан мен қол сүйектері)30

  4. Омыртқа жотасын құстың омыртқалар саны және бөлімдері (33-34 омыртқа , мойын, артқа, белү сегізкөз, құйымшақ)40

  1. Ағзаның ішкі ортасы

  1. Қанның қызметтері (қорғаныш, тасымалдау, гуморальды)10

  2. Қан жасушалары (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер)20

  3. Қанның қызыл пигменті ( гемоглобин)30

  4. Қанның ұйымауы, тұқым қуалайтын ауру (гемофилия)40

  1. Қанайналым жүйесі

  1. Қанның ағзада қантамырлар арқылы ұдайы қозғалысы (қанайналым)10

  2. Ең ірі артерия (қолқа)20

  3. Адамның жүрегі неше бөліктен тұрады? (4,2 қарынша, 2 түрекше)30

  4. Қанды жүрегінен дене мүшелеріне жеткізетін қан тамырлары (артериялар)40


ІII тур. Полиглот

Қазақша-орысша-ағылшын тілінде



  1. Жасуша-клетка-cell

  2. Жүрек-сердце-heart

  3. Көз-глаза-eyes

  4. Қол –рука-hand

  5. Бас-голова-head

  6. Шаш-волосы-hair

IV тур.Тапқырлық
Вена

Даун.

Альвеолалар

Эпикард.

Дерма.

Лейкоцит.

Сөздің кезегін әділ - қазыларға береміз.


Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Қызықты биология әлеміне саяхат» сайысы өз мәресіне жетті. Енді кезек марапаттау кезеңіне өтеді.
Алда әлі де биік – биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз.
Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет