Анықтамалық мамандарды дұрыс іріктеуді, орналастыруды және пайдалануды, олардың біліктілігін жоғарылатуды, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер арасында еңбекті ұтымды бөлуді қамтамасыз етуге арналған



бет72/126
Дата28.01.2018
өлшемі7,88 Mb.
#34321
түріАнықтамалық
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126

Аудармашы

Лауазымдық міндеттері. Ғылыми, техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және басқа арнайы әдебиетті, патенттік сипаттамаларды, нормативтік-техникалық және тауар алып жүру құжаттамаларын, шетелдік ұйымдармен хат алмасу материалдарын, сондай-ақ конференциялардың, мәжілістердің, семинарлардың материалдарын аударады. Аудармалардың түпнұсқасының лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына дәл сәйкес келуін, пайдаланылған ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отырып, ауызша және жазбаша, толық және қысқартылған аудармаларды белгіленген мерзімдерде орындайды. Аудармаларды редакциялауды жүзеге асырады.Шетел әдебиетінің және ғылыми-техникалық құжаттаманың аннотацияларын және рефераттарын дайындайды. Шетел материалдары бойынша тақырыптық шолулар жасауға қатысады. Терминдерді бірегейлендіру, экономиканың, ғылым мен техниканың тиісті салалары бойынша аудармалардың тақырыптары бойынша ұғымдар мен анықтамаларды жетілдіру, орындалған аудармаларды, аннотацияларды, рефераттарды есепке алу және жүйелеу бойынша жұмысты жүргізеді.

Білуге тиіс: шет тілі; ғылыми-техникалық аударма әдістемесі; аудармаларды үйлестірудің қолданылып жүрген жүйесі; кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның қызметінің мамандануы; қазақ (орыс) және шет тілдеріндегі аудармалардың тақырыбы бойынша терминология; сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар және анықтамалықтар; ғылыми және әдеби редакциялау негіздері; қазақ (орыс) және шет тілдерінің грамматикасы және стилистикасы; экономика, өндірісті, еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздері; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; ішкі еңбек тәртібінің ережелері; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

І санатты аудармашы: тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және ІІ санаттағы аудармашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы бар;

ІІ санатты аудармашы: тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және санатсыз аудармашы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы бар;

Аудармашы: тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі, жұмыс стажына талап қойылмайды.


Аудармашы-дактилолог

Лауазымдық міндеттері. Ауызша сөйлеудің тура аудармасын жүзеге асырады (телефондық келіссөздерді, радиотелевизиялық хабарларды береді, өндірістік кеңестерді, жиналыстарды, әңгімелерді, сабақ оқу және т.б) дене қимылы арқылы (дактилогиялар) саңырау ұйым қызметкерлері үшін. Саңырау қызметкерлердің дене қимылы арқылы сөйлеуінің (дактилогиялар) кері аударылуын біледі. Ұйымда саңырау қызметкерлердің, естімейтін топтары болғанда бір-бірін түсінуді жақсартуға қол жеткізу үшін дене қимылы арқылы үндестіру бойынша тұрақты жұмыс атқарады. Сөйлесу кабинеттеріндегі жұмыстарға қатысады және ерін қимылы арқылы оқуды, қалған есту қабілетін жақсартуға және естуі жеткіліксіз ұйым қызметкерлерінің сөйлесуін, соңымен қатар қызметкерлер топтарында ерекше зерттеу жүргізуге, естімейтін адамдардың өндірістік немесе оқу қызметтеріндегі сұрақтар бойынша ақпараттарды білу деңгейін анықтау мақсатында. Саңырау қызметкерлердің мүдделерін олар ұжымдарға барғанда ұсынады, ұжымдағы басқа да қызметкерлермен өзара түсіністіктерін қамтамасыз етеді. Есту қабілеті төмен адамдар арасында қол бос уақытта мәдени және әлеуметтік-оңалту жұмыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады. Кадр бөлімімен бірге еңбекті ұйымдастыруға қатысады және өндіріс учаскелерінде саңыраулармен нашар еститін қызметкерлердің тиімді орналасуын, соңымен қатар саңырау және нашар еститін оқушылардың қатысуына және үлгеріміне бақылау жасайды, олардың өндірістік іс-тәжірибесінің орындауларына, белгіленген құжаттарды жүргізеді. Өндірістік құрылым басшыларымен жұмыс жүргізеді,оқу кезінде нұсқауларды аударуды жүзеге асыруда, саңыраулармен нашар еститін қызметкерлерді қауіпсіз еңбек тәсіліне оқытуға, оларға өндірістік тапсырманы түсіндіреді. Өндірістік құрылымдардың басшыларымен бірлесе отырып саңырау қызметкерлердің біліктілігін артыру бойынша жұмысты ұйымдастырады. Өзінің дене қимылы арқылы сөйлесу білімін тұрақты толықтырады, саңыраулармен қатынаста болу ерекше құрал техникасын жетілдіреді.


Білуге тиіс: жұмысқа орналасу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасының заңдары және нормативтік құқықтық актілері, білім алу және есту қабілеті нашарлаған қызметкерлерге қызмет көрсету; дактильді-дене қимылдары әлеуметтік психологиясы; есту қабілеті бұзылған қызметкерлерді оңалтудың медициналық және техникалық аспекттері; жабдықтардың технологиялық негізі және олардың жұмыс істеу принциптері, цех, учаске ерекшеліктері, олардың арасындағы өндірістік байланыстар; есту қабілеті бұзылған адамдар жұмыс істейтін ұйымдардың құрылымдық ерекшеліктері және профилі; экономика негізі; еңбекті ұйымдастыру және басқару; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасының негізі; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы аудармашы-дактилолог: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санаттағы аудармашы-дактилолог лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы аудармашы–дактилолог: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және аудармашы–дактилолог лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Аудармашы–дактилолог: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талаптар қойылмайды немесе тиісті мамандық (біліктілік) бойынша орта техникалық және кәсіптік (орта арнайы, орта кәсіптік) білімі және мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.


Ілеспе аудармашы

Лауазымдық міндеттері. Ғылыми-техникалық, қоғамдық-саяси, экономикалық және шетел фирмаларымен ынтымақтастықты, шетел фирмалары өкілдері мен ұйым мамандарының тікелей байланыстарын, сондай-ақ конференция, симпозиум, конгресс және басқа халықаралық кездесулерді жүзеге асыру үдерісі барысында басқа да мәтіндерді аударады. Аударылатын мәтіннің лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнының, белгіленген ғылыми, техникалық және басқа терминдер мен анықтамалардың дәл сәйкестігін сақтай отырып, ауызша және жазбаша, толық және қысқаша аударымдарды орындайды. Жазбаша аударуды қажет ететін техникалық құжаттамаларды аударады. Аударылған мәтінді қажетті редакциялауды жүзеге асырады. Экономикалық қызметтер, білім, ғылым және техника саласының мәтіндерінде кездесетін терминдер, ұғымдар мен анықтамаларды нақтылау мен сәйкестендіру бойынша жұмыстар жүргізеді. Шетелдік ғылыми-техникалық ақпарат көздері бойынша мәтіндік шолу, аңдатпа және рефераттар дайындайды. Өткізілген кездесулер мен келіссөздер туралы есеп беруді жасауға, сондай-ақ техникалық құжаттамаларды есепке алу және ресімдеуге қатысады. Іске қосу-реттеу жұмыстарына, шетелдік фирмаларымен жасалған келісім-шарт талаптарын орындауды қамтамасыз ету, аталған фирмалар өкілдеріне қызмет көрсетуді ұйымдастыру (бос уақыт, медициналық қызмет көрсету, баспасөз өкілдері, қоғаммен кездесулер және т.б.) жұмыстарына қатысады. Әртүрлі байланыс арналары бойынша ақпарат беруге байланысты және орындалған аудармалар мен жасалған жұмыстар туралы ақпараттық материалдарды жүйелеу жұмыстарын жүргізеді.

Білуге тиіс: қазақша (орысша) және шетел тілдері; мәтіндерді, ғылыми-техникалық және басқа арнайы құжатталған ақпараттарды ауызша және жазбаша аудару әдістері; келіссөздер және ілеспе аударма жүргізуді ұйымдастыру; қазақша (орысша) және шетел тілдеріне аударылған мәтіндерді тақырыбы бойынша терминдеу; сөздіктер, терминологиялық стандарттар, жинақтар, экономикалық қызметтер, білім, ғылым және техника саласы бойынша анықтамалықтар; ғылыми және әдеби редакциялаудың негіздері; қазақша (орысша) және шетел тілдерінің лексика, грамматика және стилистикасы; аударманың ағымдағы үйлестіру жүйесі; синхронды аударма тәжірибесінде қолданылатын техникалық құралдар; ғылыми-техникалық және басқа да аударма саласындағы отандық және шетелдік озық тәжірибе; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасы; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелері.

Біліктілікке қойылатын талаптар.

I санаттағы синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және II санаттағы синхронды аудармашы лауазымында кемінде 2 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

II санаттағы синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және санатсыз синхронды аудармашы лауазымында кемінде 3 жыл жұмыс стажы болуы тиіс.

Синхронды аудармашы: тиісті мамандық бойынша жоғарғы (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және жұмыс стажына талап қойылмайды.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет