АҚпараттық хат әуезов оқулары – 11: Қазақстан білім қоғамы жолында



Дата28.01.2018
өлшемі64,71 Kb.
#35188
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

«ӘУЕЗОВ ОҚУЛАРЫ – 11: «Қазақстан білім қоғамы жолында:

ғылым, білім және мәдениет дамуындағы инновациялық бағыты»

атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция»
Ел: Қазақстан Республикасы

Қала: Шымкент

Өткізу уақыты: 6-7 желтоқсан 2012ж.

Ұйымдастырушы: М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

Конференцияның мақсаты: Техникалық және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдары салаларындағы ғылыми жетістіктерді дәріптеу

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

  1. «Қазіргі таңдағы тіл білімі мен әдебиеттанудың өзекті мәселелері»

    1. «М.О.Әуезовтың туылғанына 115-жыл. Жазушының шығармашылық мұралары»

    2. «Түркітану мәселелеріндегі Немат Келімбетов»

    3. «Шетел әдебиеттануы мен тіл білімі»

  2. «Бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеу мен дамытудың педагогикалық, спорттық-сауықтыру аспектілері»

  3. «Қазіргі әлеуметтік даму кезеңіндегі мәдениет және өнер саласындағы зерттеулер»

  4. «Саясаттану, философия және әлеуметтік – құқықтық ғылымдар саласындағы өзекті зерттеулер»

  5. «Жоғары білімді интернациоландыру және ЖОО халықаралық рейтингтегі орнын

жақсарту: тенденциялары және перспективалары»

  1. «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму жағдайында аймақтардың әлеуметтік-

экономикалық дамуы»

  1. «Қалпына келтірілетін энергетика және энергия үнемдеу технологияларын дамыту»

  2. « Металлургия, химиялық технология саласындағы ғылым мен инновация»

  3. «Органикалық заттардың химиялық технологиясы, мұнай-химиясы. Биотехнология

мәселелері»

  1. «Ауыл шаруашылығын инновациялық дамыту. Тамақ және жеңіл өнеркәсіпті дамытудың

заманауи мәселелері»

  1. «Құрылысты, машина жасауды және көлікті дамытудың қазіргі мәселелері»

  2. «Ақпараттық технологиялар және басқару»

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми зерттеу нәтижелері бар Қазақстан, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының және алыс шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ-тарының оқытушы-профессорлар құрамы, ғалымдар шақырылады.

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс және ағылшын тілдері

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (2 данадан) және ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2012 жылдың 1 желтоқсанға дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Тәуке хан даңғылы, 5, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті №3 «В» ғимараты, 2 қабат, 203 каб. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің жауапты хатшысы: т.ғ.к. Бескенов Нұрлан Бескенұлы - М. Әуезов атындағы ОҚМУ Ғылыми-зерттеу басқармасы техникалық ғылымдар бөлімінің бастығы.


Баяндаманы дайындауға қойылатын талаптар:


Баяндама мәтіні (суреттер мен сызбаларды қоса А4 форматында 5 беттен аспайтын) Microsoft Word редакторының мәтінінде терілуі қажет. Қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі баяндамалар үшін Times New Roman қарпі (қаріп өлшемі – 11, жоларалық қашықтық – 1, сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм, жаңа жол бойынша шегініс – 1 см) қолданылады. Материал төмендегідей тәртіппен орналасады: бірінші жолда ӘОЖ көрсетіледі, бір жол төмен – бас әріптермен баяндама тақырыбы (қою қаріппен), бір жол төмен – автордың аты-жөні және тегі, бір жол төмен – мекеме, қала және ел атауы беріледі. Келесі жолда курсивпен – орыс тіліндегі баяндамалар үшін түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі. Жаңа жолдан баяндаманың негізгі мәтіні басылады. Әдебиеттер тізімі негізгі мәтіннің соңында бір шегіністен кейін беріледі. Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған екі дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискте немесе мына электрондық поштамен srd-sksu@yandex.kzұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды, қаралмайды және қайтарылмайды.

Қонақүйді брондау 2012 жылдың 1 желтоқсанына дейін



Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)
М. ӘУЕЗОВТІҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ДАМЫТУҒА ҚОСҚАН ҮЛЕСІ (11 пт.)
АсқароваГ. (11 пт.)

М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)


Резюме (10 пт.)
Summary (10 пт.)
Баяндаманың негізгі мәтіні (11 пт.)

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Әдебиеттер (11 пт.)
1

2


Өтініш үлгісі:

Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)




2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы




3

Мекемесі, лауазымы




4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)




5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)




6

Баяндаманың тақырыбы




7

Секцияның атауы




8.

Керекті техникалық құралдар




9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі

(иә, жоқ)







Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252) 21-06-48, 21-19-82 Факс: +7 (7252) 21-19-89 E-mail: srd-sksu@yandex.kz

М. Әуезов атындағы ОҚМУ-нің банк деректемелері:

РНН: 582100003432

ИИК: KZ456010291000026967

«Қазақстан халық банкі» АҚ

БИК: HSBKKZKX

БИН: 990240005557



Кбе 16


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет