Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда электронды оқулықтың алатын орны



Дата08.09.2017
өлшемі55,3 Kb.
#31337
Ф.А.Қозыбақова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Қазақстан тарихы кафедрасының профессоры
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдануда электронды оқулықтың алатын орны
Елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, оның мазмұнының түбегейлі өзгеруі, дүниежүзілік білім кеңістігіне енуі, бүкіл оқу әдістемелік жүйеге, оқытушылардың алдына жаңа талаптар мен міндеттер қойып отыр. Білім беру жүйесін ақпараттандыруда электрондық оқулықтардың алар орны ерекше. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп жазылған. Сондықтан білімнің ақпараттық – әдістемелік қамтамасыздандырылуы нәтижесінде басқарудың тиімді жолдарын қарастыруымыз керек.

Қай елде болмасын қазіргі ақпараттық технологиялар қолдану мен дамыту деңгейі өсіп, материалдық базасының дамуымен қатар, ең алдымен, қоғамның интеллектуалдық деңгейімен, жаңа білімді жинақтау, меңгеру және қолдана білу қабілетімен анықталады. Барлығы, сайып келгенде, елдің білім жүйесінің даму деңгейімен және білімді ақпараттандыру проблемасымен байланысты. Осыған орай, білім беруді ақпараттандыру – экономиканың, ғылымның және мәдениеттің жедел дамуын анықтайтын түйінді шарты болып табылады.

Қазіргі кезде Қазақ Ұлттық Университетінің білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік орталығы, білім жүйесінің барлық сатылары үшін электронды оқулықтар жасаумен шұғылданып келеді.

Электронды оқулық – дисплей экранында көрінетін жай ғана мәтін емес, ол – студентке өз бетімен көрнекті материалды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп сатылы жүйе. Оқулықтың қажетті бөлімдерін қайталап игеру мен логикасын да өзіне тән етіп таңдап алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндік береді. Электронды оқулықтың тиімді жақтары:



  • жедел кері байланыс;

  • анықтамалық ақпаратты тез іздеу мүмкіндігі;

  • демонстрациялық мысалдар мен модульдер;

  • бақылау (тренажер, тестілеу, өз білімін бақылау).

Электронды оқулықты құрудың негізгі шарттары:

  • оқу ақпаратын сызықты емес, көп деңгейлі көрсету;

  • өз бетінше орындауға және жеке жұмыстарға бағыттау.

Электронды оқулықтың екі түрі бар: жабық электронды оқулық және интернет оқулық. Біріншісі, тәуелсіз және тұрақты болып табылатын пәндік дәстүрлі оқулыққа арналған. Ол дербес компьютерде немесе локалді желіде қолданылады. Интернет оқулық – ашық оқулық. Ол сыртқы ақпарат көздеріне сілтейді және глобалды желінің серверлерінің біріндеэлектронды оқулықты құрайтын ең қажетті бөліктердің бірі – курстың барлық тақырыптарын қамтитын гипермәтіндік оқулық. Оқулықты оқу құралы ретінде немесе конспект – анықтама ретінде қолдануға болады. Оқулық төмендегі жағдайларды қамтамасыз етуі керек:

  • курс бойынша түсінікті навигация

  • бұрын ашылған тақырыпқа қайта оралу мүмкіндігі

  • курстың іздеу кешеніне көшпей-ақ берілген тақырып бойынша іздеу. орындалады.

Электронды оқулықта иллюстрация болу керек. Мультипликациялау және видеоиллюстрациялар (анимациялар) – электронды оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі. Ал тестілеу кешені – бақылау жұмыстарын өткізуге арналған электронды оқулықтың қажетті бөліктерінің бірі:

  • Қиындық деңгейлерін басқару жүйесінен;

  • Тестілеу блогынан;

  • Бақылау жүйесін басқару жүйесінен;

  • Курс бойынша өзін-өзі бақылау сұрақтарынан тұрады.

Сұрақтар суреттерден, графиктерден, оқулықтың сәйкес бөлігіне сілтемелерден тұруы қажет. Нақты сұрақтарға жауап беру кезінде келетін мүмкіндіктер қарастырылуы керек:

Электронды оқулық негізгі дидактикалық шарттары:

  • белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электронды оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуы;

  • электронды оқулықтар курста оқылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және тәжірибиелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан тұратын көмекші; аралық қорытыңды бақылау сұрақтарынан тұратын тест; материалды дайындауға пайдаланылған әдебиеттер бөлімдері қамтылады;

  • электронды оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмұнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпқа қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;

  • белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс.

Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса, онда экранда пайда болатын оң жақ – тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электронды оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі студенттің материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру студенттің шыдамдылығына да кері әсер етеді.

Яғни электронды оқулықтардағы суреттерді, негізгі ұғымдарды т.б. интерактивті тақтадан көрнекілік ретінде пайдаланып, сабақ өтуге әбден болады. Қорыта айтқанда, электронды оқулықтар барлық оқулықтардың материалдарын модульдік түрде құрастырып, оның мазмұнын бірыңғай тұрғыдан құрастыруға негізделген. Студенттердің танымдық негіздері мен ерекшеліктері, жас ерекшеліктер өзгешеліктеріне байланысты ғылыми теориялық ұғымдар жүйесі арқылы жалпыдан-жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерілу электронды оқулықтарынан басты айырмашылығы екніне күмән жоқ. Электронды оқулықтар – ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім. Мұны дайындаудың концептуалды негізгі модульдік оқытудың педагогикалық теориясы болып табылады. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды сабақта пайдалану кезінде студенттер бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындап, тестілер шешіп, карта және сызбалар арқылы жұмыс жасауға мүмкіндік алады.

Электронды оқулық – оқытушы және студент үшін күнбе-күн дамытылып отырған ашық түрдегі әдістемелік жүйе. Оны пайдалану оқытушының ғылыми-әдістемелік әлеуетін дамытып, лекция немесе семинар ішіндегі еңбегін жеңілдетеді. Қазіргі қоғамның даму үдерісінде күнде әр түрлі жаңалық, оқиғалар болуда, уақыт көшіне ілесіп, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу ісінде электронды оқулықтардың маңызы ерекше. Бүгінгі күнде шығып жатқан электронды оқулық оқытушы және студент еңбегін жеңілдетіп қана қоймай, білім беруді ақпараттандырудың негізгі басты құралдарының бірі.

Электронды оқулықтар модульдік оқыту технологиясы бойынша сабақ беру барысында өте қолайлы, себебі модульдің барлық бөлімдеріне де қолдануға болады. Сонымен қатар, қашықтықтан оқытуда да қолдануға болады. Электронды оқулық студенттің Қазақстан тарихы курсын қайталау үшін өзін-өзі дайындауға мүмкіндік береді және электронды оқулық бойынша дайындалса уақытын да үнемдейді, соңында сол тақырыпты қалай меңгергенін біле алады.

Электронды оқулықтың ерекшелігі - өзара ұқсас тақырыптар біріктіріліп, модуль бойынша құралғандығында. Мысалы, студент Қазақ хандығы туралы аз білетін болса, электронды оқулықтан сол туралы мәтінді, бейнекөріністі суретті немесе картаны пайдаланып тақырыпты есіне түсіреді және тест сұрақтарына жауап кезінде, қаншалықты білімді меңгергенін анықтай алады.

Электронды оқулық – тек Қазақстан тарихын үйренушілерге ғана емес, қазақ тілін үйретушілерге, ағылшын және орыс тілдерін үйрену үшін таптырмас құрал.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасы. 2004.

  2. Сәбденалиева, С. Ф. Қабжанова, т.б. Инновациялық технология – оқу үрдісінде. №7. 2009. Қазақстан мектебі.

  3. Куденова Ж.М. Қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаыны дамытудың білім сапасын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану жолдары. (интернеттен)

Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет