апта Өзіндік жұмыстарды қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру



бет1/6
Дата07.02.2022
өлшемі27,25 Kb.
#91975
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
оож8апта-1
оож8апта-1

8-апта


1 Өзіндік жұмыстарды қашықтан оқыту технологиясын қолдану арқылы ұйымдастыру;
1. Білім алушыларды қашықтықтықтан оқытуға арналған оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету үшін қашықтықтық технологияларын қолданумен іске асырылатын білім беру бағдарламаларының пәндері бойынша әлектрондық оқу-әдістемелік кешен болуы керек.
2. Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін дайындауды үлгілік оқу бағдарламаларына қатаң сәйкестендіріліп әзірленген, бекітілген оқу жұмыс бағдарламасы бойынша курсты әзірлеуші жүзеге асырады.
3. Әрбір пәннің әлектрондық оқу-әдістемелік кешені міндетті және қосымша комплектілерден тұруы керек.
Міндетті комплект мыналардан:
a) үлгілік оқу бағдарламасынан;
· оқу жұмыс бағдарламасынан (пәннің мазмұны, күнтізбелік- тақырыптық жоспар, ұсынылатын әдебиеттердің тізімі (негізгі және қосымша), курстың модулдық бөлінуі, қашықтықтық кеңестерін өткізу кестесі);
b) лекциялардың әлектрондық курсынан;
c) практикалық және семинарлық сабақтардың материалдарынан;
· зертханалық практикумнан (тапсырмалар, мысалдар, әдістемелік нұсқаулар);
d) студенттің өзіндік жұмысына және оқытушы–тьютордың жетекшілігімен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысына арналған тапсырмалардан;
· рубеждік бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары, жеке тапсырмалар және тағы басқа);
· қорытынды бақылауды ұйымдастыру жөніндегі материалдардан (емтихандық тестілеу тапсырмалары, емтиханға арналған сұрақтар, билеттер, емтихандық бақылау жұмыстары) тұрады.
Әлектрондық оқу-әдістемелік кешенін бағдарламалық қамтамасыз етілу функционалдылығы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы керек.
Қосымша комплект курстық жұмыстарды орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаулардан тұруы мүмкін; оқыту сипатындағы компьютерлік бағдарламалар, тренажерлар, репетиторлар, анықтамалық-әдістемелік материалдар, пәннің оқу материалдарын игеруге көмектесетін оқу және оқу-әдістемелік құралдарды және өзге де материалдарды орындаудың мультимедиалық нұсқалары.
Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету автономды және желілік өзіндік жұмыстар мен білім алушыларды аттестаттауға дайындау үшін жеткілікті болуы керек.
4. Қашықтықтықтан оқыту жүйесімен оқыту білім алушылардың оқу курстарын оқытушы-консультанттың (тьютордың) басшылығымен қашықтықтықтан оқыту жүйесіне арналған оқу-практикалық құралдарды, сондай-ақ оқытудың қазіргі құралдарын (компьютерлік, телекоммуникациялықағы пайдалана отырып, өзіндік зерделеуді ұсынады.
· Оқытудың теледидарлық құралдарына кабельдік немесе спутниктік теледидардың көмегімен ұжыммен немесе жеке қолданатын бейне лекциялар, сондай-ақ интерактивтік режимдегі теледидар сабақтары жатады.
· Оқытудың компьютерлік құралдарына әлектрондық оқулықтар, мультимедиалық курстар, кері байланысы бар тренингтік бағдарламалар (супертьюторлар), кәсіби бағдарламалардағы оқыту тапсырмалары (профтьюторлар), желілік іскер ойындар жатады.
· Оқытудың ойындық құралдарына іскер және операциялық ойындар түріндегі ұжымдық сабақтардың белсенді әдістері, дискуссиялар, коммуникативтік сабақтар, сондай-ақ виртуалды білім беру ортада оқылатын проблемалық және пәнаралық лекциялар жатады.
5. Қашықтықтықтан оқытуда консультациялар телефон, әлектрондық пошта, чат, сондай-ақ телеконференцияны пайдалану түрінде өткізілуі мүмкін.
6. Қашықтықтықтан оқытуда зертханалық практикум мультимедиа-технологияларды, гипер ақпараттық жүйе (ГАЖ)-технологияларды, еліктеуді модельдеу қолданумен өткізіледі.
7. Барлық оқыту қызметінің түрлері:
· әлектрондық байланыс тәсілдерін қолдана отырып оқытушының (тьютордың) студентпен (тыңдаушымен) педагогикалық қарым-қатынасы;
· студенттің оқыту құралдарымен өзіндік жұмысы арқылы жүзеге асырылады.
Байланыс уақытына кеңестермен қатар барлық бақылау іс-шаралары кіреді: емтихан, зертханалық жұмыстарды, рефераттарды, әсселерді, курстық, есептеу-кестелік жұмыстарды, жобаларды қорғау, қорытынды мемлекеттік атестаттау.
8. Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастырудағы маңызды кезең виртуальдық (синхрондық немесе асинхрондық) өзара іс-қимыл. Синхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушының нақты уақыт режиміндегі қатынасты қарастырады. Бұл үшін қашықтықтықтан оқыту жүйесінің чаттары немесе бейне конференциялар қолданылуы мүмкін. Асинхрондық өзара іс-қимыл студент пен оқытушы нақты уақытта қарым-қатынаста болмаған жағдайда жүзеге асырылады, бұл жағдайда қашықтықтықтан оқытудағы байланыстар жіберу тізімдерінің немесе телеконференциялардың көмегімен әлектрондық пошта бойынша хат алмасу арқылы ұйымдастырылады.
Оқытушының кеңесі (синхрондық немесе асинхрондық) – қашықтықтықтан оқытуды орындаудың міндетті шарттары.
9. Оқу процесін басқару және білім алушыларға дидактикалық материалдарды жеткізіп беру үшін көліктік және ақпараттық коммуникациялар, сондай-ақ автоматтандырылған құжат айналымы жүйесі кіретін мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету, білімнің әлектрондық банкілері және оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдары қолданылады.
10. Курстарды әзірлеушілер мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттардың пәндері үшін оқу жұмыс бағдарламаларына сәйкес пәннің мазмұнын өз бетінше анықтауы мүмкін.
11. Білім беру ұйымы, телекоммуникациялық және спутниктік байланыс арналары бойынша жіберуге арналған оқу материалдарын, басқа да материалдарды, ағымдық, аралық және қорытынды аттестаттаудың материалдарын дайындау мен көбейтуді жүзеге асырады және олармен әрбір оқушыны қамтамасыз етеді.
12. Қашықтықтықтан оқыту нысанын іске асыратын білім беру ұйымдарында әлектронды ақпараттық-білім беру ресурстары болуы керек.
Қорытынды, қашықтықтан оқыту бізге көптеген мүмкіндіктерге есік ашады. Ол қазіргі заман талабы. Болашағымыз өз қолымызда



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет