Қарағанды облысы Білім басқармасы І облыстық «Шабыт әлемі» 2012 байқауы «Қуыршақ жасау әдісі»



бет1/15
Дата15.09.2017
өлшемі2,61 Mb.
#32843
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Қарағанды облысы Білім басқармасы

І Облыстық «Шабыт әлемі» - 2012 байқауы

«Қуыршақ жасау әдісі»

Жұмыс түрі: Зерттеу әлементтері бар технологиялық жоба

Орындаушы автор: Сабитова Ақтолқын Абдуахасқызы. 14 жас

Жетекші: Сейтенова Анаргул Базарбайқызы

Мекен-жайы: Приозерск қ. «Өнер және спорт мектебі», «Сувенир» үйірмесі

Қарағанды 2012 ж.



Аңдатпа

Ұсынылып отырған жұмыс негізінен-зерттеу жұмысына, материалдарды зерттеу нәтижесінде алған технологиялық процессі бақылау нәтижелерінде анықталған қазақ ұлттық костюмі, қуыршақтың пайда болуы негіздерінде жасалған. Бұйымды жасауға іс-жұзінде қолданылған технология: пішу, тігістер, кестелеу, манекенді қағаздан жасау конструкциясы.



Аннотация

В основу данной учебно-исследовательской работе положен материал6 полученный в результате изучения и исследование материалов описанных в специальной литературе, а также технически процесс. В работе дается историческое описание, появления казахского национального костюма, куклы сувенира, а также технологическое описание их изготовления. Во время исследования были практически применены технологии: конструкции манекена (сувенира), кройки, шитья, вышивки в национальном стиле.



Жоспар

1.Кіріспе

2. Зерттеу- өзектілігі, проблематикасы, құрылысы, нысанды зерттеу- жорамалы

3. Мақсат және зерттеудің - негізгі мақсаттары

4. Техникалық бөлім.

5. Кезеңдер, алынған эксперименттік деректер. Техникалық, эскиздік бөлім

6. Зерттеу - нәтижелері және оның анализі.

7. Қорытынды

8. Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе

Мақсаты мен міндеті:

Сувенирлік қуыршақтың және ұлттық киімдердің шығу тарихы.

Қуыршақтың негізін және киім үлгісінің дайындалу әдістерін қарастыру. Қуыршақ түрлері, тәрбиелік мақсатта ұлттық қуыршақтың атқаратын қызметі.

Сувенирлік ұлттық қуыршақтарды өз бетінше дайындауды үйрену.

Практикалық жұмыс. Қуыршақ жасау.

Тақырыптың өзектілігі:

Қыз балалар ойнайтын ұлттық киімдегі ойыншық қуыршақтар жоқтың қасы, ал сувенирлік қуыршақтар бағасы қымбат, сондықтан ұлттық қолөнерлерімізбен жақын танысып, қуыршақты құрастыру, дайындалу әдістерін қарастыру барысында бұйымды жасап үйренуге болады.



Күтілетін нәтиже: Қуыршақты зерттеу нәтижесінде, қуыршақты құрастыру, тігу, кестелеу және әшекейлеу әдістері анықталады.

2.Зерттеу- өзектілігі, проблематикасы, құрылысы, нысанды зерттеу- жорамалы: Қыз балалар ойнайтын ұлттық киімдегі ойыншық қуыршақтар қазіргі уақытта жоқтың қасы, ал сувенирлік қуыршақтардың бағасы қымбат. Сондықтан мен қолжетімді материалдардан өз қуыршағымды жасағым келді және оны бірнеше мақсатта пайдалануға болады. Мысалы: ойыншық ретінде, манекен және сувенирлік сыйлық ретінде. Қуыршақ тек қана әдемі ойыншық емес, сонымен бірге, онымен ойнауғада, әр-түрлі киім үлгілерін шақтап көругеде, ұстауғада ыңғайлы болуы керек. Ол ушін әр-түрлі модельдерге талдау жасауым қажет. Қатты қағаз, мықты және қолжетімді материал. Сондықтан мен қуыршақтың негізін, қағазды әр түрлі жағдайда бүктеп, сызып, қиып формалар жасап көрдім. Мен конус пішімінде тоқтадым, себебі конус адам денесі сияқты тік тұрады. Мен тұратын қалада, көптеген ұлт өкілдері тұрады. Солардың ішінде орыс, түрік, өзбек ұлтты достарым көпшілік. Оларда қазақ ұлтының сәндік қолөнер бұйымдарына аса құрмет және қызығушылықпен қарайды. Сондықтан мен дайындайтын қуыршағымда өз ұлтымнымның сәндік қолданбалы өнер түрлерін пайдаланамын. Сувенир – көп нәрсе жайлы сыр шерте алады. Ол өз Отанының өнер дәстүрлері, қазіргі кездегі олардың іске асуы, суретшілердің шеберліктері туралы айтып береді және оны сатып алған күндер мен жағдайларды еске салады. Оны өз өлкесінің «шақыру карточкасы» деп атауға болады. Сувенир шағын, әрі көрнекті, мазмұны қызық, әсем болуы және айқын идеяны бейнелеуі тиіс. Сувенирдің мұндай түріне әсем қымыз ыдыстары, зергерлік бұйымдар, қазақ халқының тұрмыста жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту арқылы дайындалған үй жихаздары, құрал – саймандар, сувенирлік киіз үйлер, кілем, алаша, сырмақ, қоржын, ыдыс –аяқтарды, киім –кешектерді, сувенирлік ұлттық қуыршақтарды т.б. көптеген бұйымдарды айтуға болады.

3. Мақсат және зерттеудің - негізгі мақсаттары:

Қуыршақтар. Халық даналығындағы – ойнай білмеген, ойлай білмейді, ойын да озған өмірде озады-деген аталы сөздің сырына жүгінсек, баланың ойынға құлқы, қарым-қатынасы,мінез құлық көріністері өсіп есейгенде де өмірінде жалғаса береді. «Қыз өссе, елдің көркі» дейтін халқымыз қыз бала тәрбиесіне ерекше  мән берген. Өмірдің гүлі, ел анасы деп қараған. Қуыршақ ойыншықтың ең көп тараған түрі, 1-2 жасар қыз бала, әдетте, көзін ашып-жұматын, «сөйлейтін» қуыршаққа қызығады. Онымен бірге қуыршақ баланың өзіне шақ болғаны абзал. Мұндай қуыршақтардың киімі шешілмейтін болуы да мүмкін. 1-4 жастағы сәбилерге шомылдыруға, құндақтауға, көрпемен орауға болатын «жалаңаш бөпені» (киімі жоқ қуыршақ) әперген жақсы. 3-5 жастағы балалар үшін киімі шешілетін үлкен қуыршақ (35-50 см.) шығарылады.Мұндай қуыршақтардың арнаулы жиһазы, ыдыстары, арбасы болады. Қуыршақтар әр түрлі болуы тиіс, өйткені балалар олардың «мінез-құлқын», «көңілді көңілсіздігін» айырып, ойынның барысында әрқайсысына өзінше міндеттер жүктейді. 5-7 жастағы балаларға қуыршақтың көлемі үлкені әрі кішісі (6-7 см.)де керек. Мектеп жасына дейінгі ересек балаларға тұрқы 20-35 см. Қуыршақтар ыңғайлы. Бұл қуыршақтардың «сөйлей білуі» міндетті емес, өйткені олар үшін балалардың өздері сөйлейді. Мектеп жасындағы кішкене қыз балалар бұдан да гөрі ірірек «шын тәрбиелеуге келетін» үлкен қуыршақтарға (45-65 см.) қызығады. Қуыршақ – қыз баланың негізгі ойыншығы. Қуыршақпен ойнау баланың ой-санасын өсіріп, ұқыптылыққа, мейрімділікке тәрбиелейді. Қазіргі уақытта дукен сөрелерінде шет ел қуыршақтары қаптап тұр. Соның бірі «Барби» қуыршағы ал әлем психологтары баланың барбимен ойнауына мүлдем қарсы. Өйткені, аршын төс, қыпша бел,ұзын сирақты Барби қыз бала санасын тез есейтіп, «қашан Барби секілді әдемі боламыз» деген ойға жетелейді екен. Тарихына аздап шолу жасасақ, қуыршақ Барбиді шығарушы «Маттел» компаниясының қожайындары Хендлерлердің қызы Барбараның құрметіне орай қойылған. Сатылымға алғаш 1959 жылы шыққан «сары шашты қыздың» құны 3 доллар болса, 45 жыл өткен соң (2004 жылы), яғни ең алғашқы барби Лондонда өткен аукционда 17 мың АҚШ долларына сатылған. Ең қуантарлық жағдай; Ұлт үшін аянбай қызмет ететін ағаларымыз, бүгінгі қазақ өнеріне, ұлт мәдениетіне әлемдік деңгейдегі «Ұлытау» сынды жобасымен өз үлесін, продюссер Қыдырәлі Болманның бастамасымен қазақша сөйлейтін, қазақша тақпақ айтатын, күй тартатын тұңғыш қазақы тұрпаттағы қуыршақтар жасала бастады. Тіпті оның жасаған қуыршақ үлгілерін көргенде қайтадан бала болып ойнағымыз келіп кетеді. Қыдырәлі мырзаның айтуы бойынша: қазіргі уақытта, ұлттық қуыршақтарды Гонгонгта еуропалық сапамен шығарғалы отыр екен және алдағы уақытта «Қарақат», «Тазша бала», «Ер төстік», «Алдар көсе» т.б. балалар ойыншығын жасайтын зауытты елімізде салу жоспарланып отыр. Бұл әлбетте жақсы, бірақ қуыршақтың нарықтағы бағасы 8-9 мың болады делінген. Жасыратыны жоқ, меніңше бұл өте қымбат, әсіресе, көп балалы және әл ауқаты төмен отбасылар бұл сомаға ойыншықты сатып алуы шамалы.



Қазақтың ұлттық киімдері.

Қазақы киім-өзіне тән ерекшеліктерін сақтап бізге жеткен заттық-тұрмыстық мәдениеттің бірден-бір көрінісі. Қазақтың ұлттық киімдері, өзінің қарапайымдылығымен, үйлесімділігімен, жүріп - тұруға ыңғайлылығымен ерекше. Ал оның кешегінде халқымыздың сезімталдығын, аса зор эстетикалық талғамын аңғартатын қарқара, мұрақ,айырқалпақ,қасаба сияқты зерлі-кестелі бас киімдердің, бұрын бір ата елдің, кіші-гірім бір рудың ортақ мұрасы ретінде,қыз ұзатып, келін түсіргенде ғана басына кигізетін, кәдесіне лағыл, жақұт, інжу, маржан, перуза, ақық секілді бағалы тастар,алтын күміс шытырлар жаратылған сәкәгүлді, құйма төбелі сәукеле, тіптен кемер белбеу,кісе белдік,қыздар буынатын ширатпалы нәзік белдік, күмістеген таптаурын кебіс, көксауыр етік секілді, қол өнеріндегі мүлтіксіздіктің шегінен көрінетін заттардың, алтынмен аптап, күміспен күптеген алқа, тамақша, шолпы, бойтұмар, сырға, білезік, сақина жұзіктердің болғаны әсемдікке құштарлықты көрсетеді. Мұның өзі қазақы киімнің табиғатындағы екі жақтылықты – тұрмыс қажеті мен сымбатты болу қамын аңғартатын жәйт. Өйткені заттық өндірістің өзі, сайып келгенде, халықтың сезімталдық талғамымен біте қайнасып жататын құбылыс. Қазақтағы киімді солға қаусырынатын, шалғайына, етек-жеңіне оқа тігетін, кимешектің өңіріне, жақтауына, жақтауына кесте жүргізетін, сәбидің, қыз баланың, сал-серілердің бас киіміне үкі қадайтын дәстүр о баста табиғаттан тысқары, пайымдауға сыя бермейтін сиқырлы – сүғанақ күштердің, дәлірек айтқанда, жын, перілердің «салқынын» бойына тартып, пәле жаладан, сұқық көзден, ауру-сырқаудан сақтайды мыс деген көне түркі-қыпшақ заманынан қалған ескі ұғымнан туған. Бірақ кейіннен бірте-бірте қазақша киінудің жөн-жобасына, киім-кешекті сәндендіру жүйесіне енген. Мұны біз қазақы шапанның, сеңсең тонның шектен тыс айқара қаусырылатынан, өңіржиексіз кимешектің – келіншекті, ал үкісіз тақияның – қыз баланы, әсіресе оның бұрымы жоғын ұсқынсыз етіп көрсететінен де аңғарамыз.



Қазақта салтанаттық киім мен күнделікті киім-кешектің пішімінде айырмашылық бола бермейді. Салтанаттық киімнің бітімі сыпайылау, тігісі жатық, зерлі оқалы, кестелі, басына киетіндері көтеріңкі, аяқ киімдері шоңқима, биік өкшелі, қайқы тұмсықты, таптаурынданған, түрлі түсті қайыспен, таспамен өрнектелген, зерлі жіптермен кестеленген болып келеді. Оның үстіне салтанаттық киім-кешекте алтын, күміс жалатқан, жалған қаралы, қиыршықты, ширатпалы қапсырма, белдік, алқа, шолпы, сақина білезік болған.

Күнделікті киімге шекпен тоқымасы, қолда бар мата, бөз, кенеп, шыт, сәтін, сеңсең терісі, қолдан ұқсатылған тері-терсек, көн секілді қарапайым материалдар жаратылса, салтанаттық киім-кешекте барқыт, масаты, мәуіті, шұға, жібек, қырмызы, бәтес, мақпал кездемелері, кәмшат, сусар, бұлғын, құндыз терілері, бұлан немесе бұғы күдерісі, жылқы шегірені пайдаланылған.

Халық шеберлері киім тіккенде іс тапсырушының талғамын, жас ерекшелігін, дене бітімін, бет әлпетін мұқият ескерген. Киім-кешекті әр жерде мүмкіншілігіне қарай өзінше тіккенімен, бүкіл қазаққа тән түр ұқсастығын, пішімін, бояу-нақышын сақтап, әсіресе оның қыздар, әйелдер, кейуаналар киетіндерін ажырата білген. Мысалға алсақ, қыздар белі қымтылған, етек-жеңіне желбезек салған қос етекті көйлек, оқалы қамзол киіп, беліне металл шытырлармен безендірілген немесе ширатпалы күміс белдік (оны нәзік белдік деп те атайды) буынады екен. Ал қайсыбір жерлерде етек-жеңіне екі-үш қатар бүктесін (оны қосетек деп те атайды) берген, арқасы немесе белі бүрілген көйлек сыртына қамзол киетін болған. Қалыптасқан дәстүр бойынша үкілі тақия, әсіресе қыздық дәуреннің белгісі іспетті белдік асқан ұқыптылықпен безендірілген. Қыз бала үшін белдігін жоғалту арынан айрылғанымен бірдей болған. Егер қыз балаға өз қалауымен кестелі немесе қос етекті көйлек киюдің ешқандай сөлекеттігі болмаса, екі-үш бала тауып, егде тарта бастаған әйелге шымқай түсті матадан тігілген, кестеленген немесе қос етек салынған көйлек кию ерсі көрінетін. Қыздар шашын көбіне қос бұрым етіп өріп, бас киімсіз-ақ жүре беретін болса, әйел күйеуге шыққан соң, самай шашын басқаға, әсіресе еркектерге көрсеті күнә дейтін ескі дәстүрге сай ақ-саңнан (сұрыптан) тігілетін, кеудесін, иығын, жон арқасын жауып тұратын, жақтауы, өңірі, тамақ жағы кестеленген кимешек киетін. Әйелдің бұл бас киімі ел арасында шаршысының, пішімінің үлгісіне қарай шылауым, сұлама, күндік, орама деген аттармен де белгілі. Балалы әйелдер мен кейуаналар астарланған, тік жағалы жөн көйлектің үстіне қамзол, басына жаулық ораған кимешек, аяғына етік немесе кебіс-мәсі киіп, сырт киімінің қаусырмасын айқара, белбеумен буынатын болған.



Әйелдер киімі

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін аса қымбат бағалы, кәделі әрі әсем бас киім. Сәукеле 2-3 қарыстай биік, ол дөңгелек төбе жағына қарай жіңішкере береді. Жоғарғы жағына үкі тағады. Сәукеленің өн бойы қымбат матамен қапталып, оның сыртына алтын, күміс, інжу-маржан, меруерт сияқты асыл тастардан жасалған моншақтар тағылады. Түрлі түсті қымбат жіптермен тігіледі, безендіріледі. Сәукелені өте шебер әйелдер ғана тігеді. Ұзатылған қыздың дәрежесі осы сәукелесіне қарап бағаланады. Әрине, мұндай бағалы бас киімді байлар мен өте ауқатты адамдардың қыздары ғана киген. Сәукеле – тек бас киім емес, ол – қазақ халқының байлығы мен сән-салтанатының мәдениеті мен өнерінің озық үлгісі, өнер туындысы ретінде бағаланатын өте қымбат этнографиялық мүлік. Сонымен бірге ол - қазақтың қыздарына деген көзқарасының да бір белгісі. Дәстүр бойынша сәукеле тек ұзатылатын қыздарға ғана кигізіледі, оны айырбастамайды, басқаға киюге беруге болмайды.

Ішік – сәнді әрі жылы киім. Мұның сыртын берік матадан, ішін аң, мал терісінен тігеді. Сәндік үшін жағасынан бастап өңірі, етегіне дейін теріден жұрындайды. Ішік ұзын әрі мол пішіліп тігіледі. Жағасы тік болады. Ішіне салынған терісіне қарай ол күзен ішік, қасқыр ішік, бұлғын ішік, түлкі ішік, суыр ішік, сеңсең ішік, жанат ішік деп аталады. Бота терісінен жүні ішіне қаратылып тігілген ішік сирек кездеседі. Ішікті еркектер де, әйелдер де киген. Әйелдерге, жастарға арналған ішіктер әшекейленіп, түрлі ою, кестелер салынып тігіледі.

Камзол - әйелдің жасына қарай қызыл, көк, жасыл, қара түсті барқыт, шұға т.б. матадан әсем безендіріліп тігілетін киім. Жағалы, жиекті, жеңді немесе жеңсіз тігіледі. Өңір жиек, алқа, тұмарша, үкіаяқ т.б. алтын, күміс зергерлік бұйымдары тағылады, қатырмалы түймелі болады. Жағасына, етегіне зерлі оқалар, өрнектер жүргізіледі.

Жаулық – ақ матадан жасалатын әйелдің ең негізгі бас киімі. Әз әжелер, асыл аналарды ардақтап, ақ жаулықты деп атайды. Жаулық – қазақ әйелдерінің ары, ажары, беделі мен көркі. Арқа жерінде ардақты әжелерге жоғары және төмен деп аталатын жаулық тартқан. Мұндай жаулықтар биік әрі көрнекті болған, әжелер мәртебесі мен ажарын көтере түседі. Ертеде мұндай жаулықтарды көбінесе бәйбішелер киген. Әжелер иығынан асып тұратын кимешекте киеді. Оның алдыңғы жағы түрлі түсті ою-өрнекті болады.

Бөкебайды әйелдер өздеріне шаршылап, кейде үшбұрыштап, әр түрлі үлгіде із салып, ақ немесе күлгін түсті түбіттен тоқиды. Тоқудың да қарға тұяқ, ирек, айшық, құстаңдай, бұрама деген көптеген түрлері мен үлгілері болады. Жиегіне тоқу арқылы шашақ салып, селдіретіп те тығыздап та білтелеп тоқиды. Жаңа тоқыған бөкебайды жуып, керіп кептіріп, үлпілдетіп түбітін шығарады әрі жылы, әрі сәнді бағалы киім болып шығады.

Қазақша көйлек - әйелдер киімі. Түсі ашық, жақсы маталардан тігіледі. Ертедегі көйлектер тік жағалы, жеңді әрі ұзын болған. Етегінен жоғары бір неше екі қатар бүрмелеп, қосымша маталар тігіледі. Мұндай көйлекті желбіршек көйлек немесе қос етек көйлек дейді. Көйлек әйел қауымының «бұйрықты» киімі.

Кимешек – қазақ әйелдерінің бас киімі. Кимешекті жас келіншектерден бастап, егде жастағы әйелдерге дейін киген. Ол көбінесе ақ матадан тігілген, ал жастау келіншектерге үлбіреген ақ жібектен жасаған. Кимешек басты, мойынды, кеудені, иық пен жауырынды жауып тұрады. Оның өңірге, жауырынға түсіп тұратын бөлігін күйдік деп атайды. Көбінесе келіншектерге арналған кимешектердің бет жақтаулары алуан түрлі ою-өрнектермен кестеленіп, оқаланып, кей жағдайда алтын, күміс, асыл тастармен, түрлі шытыралармен, тана моншақтармен әшекейленеді. Қазақстанның әр өлкесінде сол өңірді мекендейтін рулардың киімдерінде орын алатын ерекшеліктер сияқты кимешектердің де пішімінде, түрінде, кестеленуінде, оқалануы мен әсемдеу тәсілдерінде өзіндік өзгешеліктері бар. Қазіргі кезде кимешек элементтері пайдаланылмаған әйелдердің бас киімін шығару өндірістік жолға қойыла бастады.

Мәсі – аяқ киімнің бір түрі, оны былғарыдан, шегіреннен, құрамнан тігеді. Мәсінің сыртынан кебіс не ластық (галош) киеді. Көбінесе мәсінің қонышы астарланып, көмкеріледі. Ал ұлтаны жалаң қабат болады. Ол тарамыспен, ішкі жағынан жөрмеп немесе жара шаншып өбістіре тігу арқылы ұлтарылады. Етікші мәсі тіккенде ең алдымен мәсінің басын, қонышын жұқа былғарыдан, ұлтанын қалың былғарыдан тігіп қондырады. Осыдан кейін мәсінің қонышын тігеді. Мәсінің қонышын қусырғанда тігістің арасына жіңішке сыздық салады. Мәсі - әрі жеңіл, әрі жұмсақ аяқ киім. Ол әсіресе тазалық үшін аса қолайлы. Соңғы жылдары жергілікті кәсіпорындар мәсіні көптеп шығаратын болды. Аяқ киімнің бұл түріне деген сұраныс жылдан жылға көбейе түсуде.


Оө-өрнек

Жас ұрпақтың әдебиеттен, математикадан, архитектурадан, театрдан, музыкадан, бейнелеу, мүсіндеу, кесте тігу, матадан пішіп тігу, қағаздан ою – өрнек қиып үйрену өнерінен едәуір хабардар болуы, келешекте қандай мамандықта жұмыс істесе де, рухани өрісі жоғары, кемел азамат болып шығуына жол ашады деп ойлаймын. Өнердің басқа да түрлері секілді, ою – өрнектің де баланың ой өрісі мен білімдерін жан –жақты дамытуға әсері мол. Ою –өрнек қазақ даласында әр түрлі үлгіде дамыған. Оның негізгі элементі мүйіз тектес болып, қазақ халқының тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, құрау, еріту, балқыту, қию арқылы үй жиъаздарын, құрал – саймандарды, киіз үйлерді, құрылыстарды, зергерлік бұйымдарды, кілем, алаша, сырмақ, терме алаша, қоржын, ыдыс – аяқтарды, киім – кешектерді ою – өрнектермен әшекейлеп, безендіріп отырған. Қазақтың ұлттық ою-өрнектері мен оның атаулары өте көп. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес «Қошқар мүйіз» ою-өрнегін жақсы білеміз. «Қошқар мүйізді», қазақ халқының ою-өрнектерінің төркіні деуге болады. Өйткені барлық жаңа буындар осының негізінде жасалып, тек атаулары өзгеріп отырған. Мысалы, қошқар мүйіз, арқар мүйіз, бұғы мұйіз, қырық мүйіз, қос мүйіз, сыңар мүйіз, сынық мүйіз, өркеш мүйіз, төртқұлақ, түйе табан, сыңар өкше, қос алқа, құс қанаты, қаз табан т.б. ою-өрнектердің негізгі арқауы. Осы элементтерден ою-өрнек композициясы жасалады. Қазақ оюларының мазмұны мал өсіру мен аңшылықты, жер-су, көшіп-қону көріністерін, күнделікті өмірде кездесетін әр түрлі заттардың сыртқы бейнесін аңғартады және бәрінде де мүйіз оюы үнемі араласып отырады. Әрбір оюшы ою-өрнек жасап, оған ат беріп, оны тұрмыста қолданған. Сондықтан қазақтың ұлттық ою-өрнектерінің ең басты мәнері, ең көп түрі және әр түрлі мәнер жасауда жиі қолданылатыны «мүйіз» тектес ою-өрнектер. Ғалымдардың анықтауынша, ол ежелгі өрнек, сондықтан онда көбінесе мал шаруашылығы мен көшпенді өмір салты бейнеленген. Мүйіз тектес ою-өрнектер кейде өте ұсақ, кейде өте ірі болып келеді. Ұсағы зергерлік, кесте тігу,ағаш, сүйек, мүйіз ұқсату сияқты нәзік істерге қолданылса, ірісі кілем, алаша, терме алаша, текемет, сырмақ, ши орау, қоржын, киім-кешек, құрылысқа қолданылады. Халық шеберлері мүйіз өрнегінен сан қилы мәнерлермен құбылта, бір элементке екінші, үшінші элементтерді қосып, молықтырады да, құлпырған әдемі де мазмұнды композиция жасайды



4.Техникалық бөлім

Моделін, құрал – саймандарды, айлабұйымдарды таңдау.

Ұлттық қуыршақ – тек қана сыйға тартатын бұйым ғана емес, сонымен бірге оны кішкентай жастағы қыз балалар ойыншық ретінде көйлектерін ауыстырып ойнаса болады. Қуыршақтың пішіндері әр түрлі болуы мүмкін, ал көйлек үлгісі ашық түсті болса нәзік,көрікті көрінеді. Қуыршақты ою, моншақ, үкімен безендіремін.

3. Материал таңдау.

Конус – қуыршақтың негізі, ол мүмкіндігінше қатты қағаздан болуы керек.

Көйлектің жеңі, желбірі және етек желбірі дайындалатын мата ашық түсті, жұқа болуы керек, ал камзолға мүмкіндігінше берік, жиырылмайтын, тігіс жақсы түсетін болуы керек. Мен екі нұсқасын қарастырдым.

Атлас – бұл матадан дайындалған желбір өте ажарсыз көрінеді, шифон – менің бұйымыма лайық мата, себебі шифоннан тігілген желбір нәзік, сәнді болып көрінеді. Камзолды дайындауға әртүрлі түстегі вильюр маталарды қолдануға болады.

Жобаны дайындауға арналған құрал – саймандар мен айлабұйымдар: тігін машинасы, қол жұмысына және тігін машинасына арналған инелер, қайшы, қалам, оймақ, үтік, мата, тоқыма жіптері, сантиметр, моншақ, желім, жіп, үкі, синтефон, қатты қағаз, таспа, сызғыш, проволока, бор.

5. Кезеңдер, алынған эксперименттік деректер:

Техникалық, эскиздік бөлім.

1-ші тәжірибелік жұмыс:

1.Ойымды жүзеге асыру үшін мен сызбада көрсетілген нұсқаны жасадым. Конус ұзындығы 45 см. ұзындықта қатты қағаздан дайындап, қуыршақтың бетін, қолын, камзолын және желбірлерді желімдеп шықтым.



4см

2см

14см

45см

25см

Дм14см

  1. Бірінші тәжірибелік жұмыста мен, схемада көрсетілген көлемде конусты дайындап оны 4 бөлшекке бөліп, «бет көрінісі», «қолы», «дене бөлшегі» және «етек бөлшегі» жұмыс жасадым. Бет көрінісінде, қатты қағазға сызып қуыршақтың көзі, қасы, мұрны және ауызы бейнеледім және оны конусқа желімдедім.

  2. Қуыршақтың қолын атлас матадан тігіп, қол ішін синтефонмен толтырып оны да конусқа желімдедім.

  3. Қуыршақтың дене бөлшегіне, вильюр матадан камзолды қидым. Камзолды конусқа желімдемей тұрып, алдымен оның екі иығын тігін машинасында тігіп алдым және жылтыр қағаздан ою дайындап, желімдедім. Дайын камзол үлгісін конусқа желімжедім.

  4. Конустың етек бөлшегіне шифон матаны үтіктеп, қиясына кесіп етек желбірлерін пішіп алдым. Пішілген желбірлерді тігін машинасында зиг-заг тігісімен тігіп, жиырып шықтым. Етекке 7 дана желбір дайындадым;

1 ші желбір ұзындығы 50см.

2-3 ші желбірлер ұзындықтары 60см.

4-5 ші желбірлер ұзындықтары 70см.

6-7 ші желбірлер ұзындықтары 90см.

Конусқа әрбір желбір ара қашықтығын 3,5 және 4 см.дей етіп желімдедім.

Бұл жұмыс маған ұнамады, себебі бет көрінісі қағаздан әдемі көрінбейді жәнеде бұл киім үлгісіне басқа көйлек үлгілерін шақтап көруге жарамайды және де оның қолыда қозғалмайды. Қосымша № 1

Сондықтан мен одан да жақсы нәтиже алу үшін 2-ші тәжірибелік жұмысымды бастадым. Бұл жұмысымда мен қуыршақтың бет көрінісін көркем, қолы қозғалатын ал киімдерін киіп-шешуге ыңғайлы болатындай жолдарын қарастырдым.

2-ші тәжірибелік жұмыс:



Каталог: uploads -> doc -> 033f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
033f -> Қазіргі заман мұғалімі
033f -> Сабақ тақырыбы : Саяхат дене тәрбиесі системасында. Сабақ мақсаттары: • білімдік: қауіпсіздік ережесін алдына алу
033f -> Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу «Бастауыш сынып оқушыларын ана тілі сабағы арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет