Қаражорғаға билейді. Қыздар биін аяқтап, шығып кетеді. Сол кезде хан



Дата31.01.2018
өлшемі49,88 Kb.
#36547
Ортада хан, уәзірлері артта отырады. Алдында қыздар қазақша киініп қатып тұрады. Сол кезде бір жұлдызшы шығып, қыздарды таяғымен түртеді. Қаражорға қосылып, қыздар Қаражорғаға билейді. Қыздар биін аяқтап, шығып кетеді. Сол кезде хан:

-Бүгін Ұлыстың ұлы күні. Ақ түйенің қарны жарылған күн, тіршіліктің бастамасы. Сондықтан бүгін күнді ерекше өткізуіміз керек. Дайындық қалай өзі?


1-інші уәзір: - Бәрі де дайын, алдияр! Тек сіздің әміріңізді күтіп отыр.
2-інші уәзір: - Көже де пісіп, бауырсақ та даяр, хан ием!
Хан: - Ендеше не істеп отырмыз? Бастаңдар мерекені!!!
1-жүргізуші: О жараңдар, жараңдар!

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз тойы басталды,

Текке қарап тұрмаңдар!


2-жүргізуші: Әуелесін армандар,

Үміт от боп жанғандар.

Бақ дарып, Қызыр қарап,

Мерекеден қалмаңдар!



1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, барша халық.
2-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!
1-жүргізуші: Айтулы күнге арналған «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер. Алғашқы құттықтау сөзі сынып жетекшіміз Айнұр Мұхаммедқызына беріледі.
Жарапазан айтылады. Арман мен Арсен
Ортаға Алдар Көсе шығып, «Мен Алдармын» әнін айтады.

-Халқым, бүгінгі күнді күн мен түн теңеледі дейді ғой. Менің соны түсінбей тұрғаным. Маған осыны түсіндірер жан бар ма өзі?


Ортаға «Күн мен «Түн» шығады.

Күн: Сәулесі мол күнмін,

Түн: Жұлдызы мол түнмін.

Бірге: Бірдей болып біздер

Теңелеміз бүгін.



Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Бірге: Ұйқы қанбай қалып

Жүрмеңдер тек жылап.


1-жүргізуші: Қазақ халқы керемт қой, ия Арайлым! Сан алуан салт-дәстүрі бар, меймандығы өз алдында.
2-жүргізуші: Батыр, сен білесің бе осы күні «Селт еткізер» және «Ұйқыашар» деген керемеет салттың орындалатынын.
1-жүргізуші: Әрине, Арайлым. Дәл осы күні жас қыздар ер жігіттер ұйықтап қалмау үшін «ұйқыашар» деп атлатын дәм дайындайтын болған.
2-жүргізуші: Ал жігіттер ұйқыашардың қарымтасына «селт еткізер» рәсімін жасайды. Яғни жігіттер қыздарға айна, тарақ сияқты бұйымдарды сыйға тартады.

Әлішер мен Арайлым. «Әзіл ән»
1-жүргізуші: Қазақтың ұлттық ойындарының терең тәрбиелік, салт-дәстүрлік көркем эстетикалық сипаты бар.
2-жүргізуші: Әз Наурызда ойналатын ойындарды қазақ халқында «Наурызнама» деп атаған. Қырық күн тойланатын мерекеде «Көкпар», «Арқан тартыс», «Жамбы ату», «Теңге ілу», «Ұшты, ұшты» ойындарын ойнаған. Батыр, бүгін қонақтарымызға асықты қалай ату керек екендігін көрсетсек қалай болады?

Асық ату.
1-жүргізуші:

Ел ішінде ардақ тұтар еңселі,

Ортаға шық, Жұлдызшылар кел бері,

Баршамызды қызықтырған биылғы,

Сіздерге мәлім қандай жылдың келгені.
2-жүргізуші:

Он екі жыл бір мүшелді құраған,

Бұрынғылар «жылың не» деп сұраған.

Әрбір жылдың өзіне тән сыйы бар

Ниет қойып білу керек мұны адам.

(Жұлдызшылар аспанға дүрбімен былай да былай да қарайды)


1-жұлдызшы:

Ә-ә... көрдім, көрдім. Биылғы жыл иесі Тауық екен. Жерге қонуына аз-ақ қалыпты.


1-жүргізуші:

Әрбір жаңа жылдың адамзатқа әкелер өзіндік жаңалығы, сый-сияпаты болады емес пе? Тауық жылының қадір-қасиеті жайында мына жиналған барша қауымға көрген білгендеріңізді айтып берсеңіздер



2-жұлдызшы:

Әлбетте мына кітабымда сонау 1969 жылы қалың қар жауып, үскірік боран бірнеше апталап соққан екен. Содан бұл жыл жұт жылы болып елдің есінде қалған. Алайда, биылғы жылдың жазы – ыстық, қысы – суық болмақ.


2-жүргізуші:

Жұлдызшы, тауық жылындағы адамдар бойындағы мінез-құлықтардың қандай болатынын айтыңызшы.


3-жұлдызшы:

Ұлыс күні не сұрасаң да жарасады. Қораз жарқырап топтың алдында жүргенді ұнататындықтан адамдардан да сондай мінез күтеді. Сондықтан, бәріңе айтарым, үнемі ізденісте, білімдеріңді толықтырып, жан-жақты болып жүріңдер.


1-жұлдызшы:

Сонымен қатар, биылғы жыл қаржылық тұрақтылығымен де қуантады. Себебі, қораз шоқып жейтін дәнді іздеп жүріп табады. Ол бұнымен шектелмей, баршаға тиімді табыс көзін табуға көмектеседі. Жалқаулықты ұмытқан адамдар үшін биылғы жыл берекелі болмақ.


2-жұлдызшы:

Жыл иесі Тауық төбемізге ұшып келіп қалды. Бәріміз бірге қошеметтеп қарсы алайық.


Бәрі бірге:

Жыл иесі – Тауық жылы,

Құт иесі – Тауық жылы

Береке бақыт боп

Жерге қон, жерге қон.

Музыка ойнап бишілер тауықты алып шығады.
Тауық:

Мен тауықпын, тауықпын

Жаны жайсаң нәзікпін

Биылғы жыл бұйырса

Өтеді әлі ғажап күн.
1-жұлдызшы:

Бүгін жер бетіне жақсылық ұялаған күн.


2-жұлдызшы: Бүгін құт-береке дарыған күн.
3-жұлдызшы: Бүгін Самарқанның көк тасы еріген күн.
Алдар Көсе: Бүгін береке мен бірліктің, игілік пен теңдіктің туын көтерген наурыздың күні.
1-жүргізуші:

Жыл иесі Тауығым бақыт әкел еліме,

Құт, береке, молшылық дари берсін жеріме

Тарылмасын табиғаттың тынысы



Тазалықты тарту ет, өзендер мен көліме.
Алдар Көсе: Қадамыңа құт орнасын!
1-жұлдызшы: Көсегесі көгеріп, көрпесі ұлғайсын.
2-жұлдызшы: Аттаған адымы сәтті болсын.
3-жұлдызшы: Бейбітшілік жыл болсын!
Бәрі бірге: Келген жыл құтты болсын!
Ақсая ән шырқайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет