Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (2014 жыл, 3 ай) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет



Дата14.04.2017
өлшемі356,83 Kb.
#13756
Арал ауданындағы білім саласы бойынша

атқарылған жұмыстар туралы

анықтама (2014 жыл, 3 ай)
Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет: Бүгінгі таңда ауданда 38 орта, 6 негізгі, 8 бастауыш, 23 балабақша, 17 шағын орталық, 38 жарты күндік шағын орталықтар, 3 мектептен тыс мекеме және 1 кешкі мектеп бар. Мектептерде 14580 оқушы, шағын орталықтар мен балабақшаларда 4097 бала, мектептен тыс мекемелерге 1272, кешкі мектепке 74 оқушы қамтылған. Оларға биылғы оқу жылында 1957 мұғалім (1736 – жоғары, 221 – арнаулы орта білімді), ал балабақшаларда 461 (223 – жоғары, 238 – арнаулы орта білімді) педагогикалық мамандар дәріс береді. Мектептердегі мұғалімдердің 20 – жоғары, 569 – бірінші, 784 – екінші, ал балабақшалардағы 21 – бірінші, 164 – екінші санаттағы мамандар болып табылады.

Кадр туралы: 2014 жылдың 1 тоқсанында Аралқұм елді мекеніндегі №61 орта мектеп директоры болып конкурс негізінде Тілепов Кенжебек Шарапатұлы, Арал қаласындағы №14 Н.К. Крупская атындағы мектеп-лецейдің директоры болып Бекеева Шара Алмашовна тағайындалды.

Райым елді мекеніндегі №72 орта мектебі директорының бос лауазымына 20 наурызда конкурс жарияланды



Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары туралы мәлімет:

2012-2015 жылдар аралығында мектеп дейінгі жастағы балалардың қамтылуы:

2012ж-мектепке дейінгі мекеме саны-77, қамтылған бала-3612, пайызы-72,4.

2013ж-мектепке дейінгі мекеме саны-79, қамтылған бала-4097, пайызы-83,7.

2014ж-мектепке дейінгі мекеме саны-82, қамтылған бала-4202, пайызы-85,8.

2015ж-мектепке дейінгі мекеме саны-93, қамтылатын бала-5581, пайызы-100.

Үстіміздегі жылы №22 орта мектеп жанынан 25 орын 1 топтық толық шағын орталық, Арал қаласынан 40 орындық 2 топтық «Еркемай» жеке балабақшасы, Сексеуіл 40 орындық 2 топтық «Ернұр» жеке балабақшасы ашылды.Сонымен аудан бойынша балабақшаларға және мектептің шағын орталықтарына 82 мектепке дейінгі мекемеге 4202 бала қамтылды. 85,8 пайызды құрайды.2015 жылы 100 пайыз қамту жоспарланып отыр.

2014 жылы қаңтар айында Арал қаласынан республикалық бюджеттен 12 топтық 280 орындық балабақша, Сексеуіл кентінен демеушілік есебінен 12 топтық 280 орындық балабақша (демеуші мекеменің («Базис») атқарушы директоры М. Көпесов), Аманөткел елді мекенінен 1 топтық 25 орындық шағын орталық ашу жоспарлануда.

2015 жылы Қамыстыбас елді мекенінен 140 орындық, Аққұлақ елді мекеніндегі №76 негізгі мектебінің жанынан 20 орындық, Көктем елді мекеніндегі №227 негізгі мектебінің жанынан 20 орындық, Үкілісай елді мекеніндегі №265 негізгі мектеп жанынан 20 орындық, Ерімбетжаға елді мекеніндегі №18 негізгі мектеп жанынан 20 орындық, Құланды елді мекеніндегі №77 орта мектеп жанынан 20 орындық, Аманөткел елді мекенінен 90 орындық, Қарашалаң елді мекенінен 50 орындық, Арал қаласынан 140 орындық, Арал қаласынан 90 орындық балабақша ашу жоспарланып, қадамдық жоспарға енгізілді.

Қаңтар айының бірінші аптасында жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін облыстық Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы комитеті мен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен өткізілген шығармашыл мұғалімдердің біліктілігін арттыру бағытындағы «Тәжірибе алаңы-кәсіби өсу кепілі» атты облыстық тәжірибе алаңы жиынына бастауыш сынып мұғалімдері №62 орта мектептен Айнұр Аймырзаева, №73 орта мектептен Бақыткүл Өтеғұлова қатысып, тәжірибе алаңына қатысушы сертификаты мен үздік сабақтары үшін арнайы «Алғыс хатпен» марапатталды.

Нағыз өз мамандығының майталманын анықтау, әлеуметтік сала мамандары ұсынған жұмыстардың ең жақсысын таңдау, қатысушылар дистанционды түрде конкурсқа қатысып, өздерінің педагогикалық тәжірибелерімен бөлісе алады және біліктілік деңгейлерін көтеру мақсатында Оқыту және дамыту орталығы (Астана қаласы) ұйымдастырған «Менің инновациялық сабағым» атты І Халықаралық оқытушылар сайысында №57 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Тойбақова Жадыра қатысып ІІ орынға ие болды.Сонымен қатар №220 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері Б.Есенова, Г.Ибраймова, Р.Изекеева, Р.Зекенова Б.Нұралиева, Ж.Досмамбетова, Қ.Омарова, Р.Қалабаева,С.Қосымбаева, Л.Сағындықовалар Gylim-bilim.kz ұстаздарға арналған ғылым-білім интернет ресурсының ұйымдастырған «Ұлағатты ұстаз» атты І Республикалық оқытушылар конкурсында «Нәтижелі сабақ-тәжірибе бастауы» бағытында қашықтан қатысып арнайы жүлделі орындармен марапатталды.

3-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты аудандық «Өзін-өзі тану» пәнінен 10 күндік өткізілді. Осы іс-шара аясында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім бойынша өсиет, аңыз әңгімелер" жинағы дайындалды.Игі істерде жалғасын тапты.

5 қаңтар - 5 ақпан аралығында аз қамтылған, жартылай жетім, толық жетім отбасы балаларына арналған «Барлығы махаббаттан басталады» тақырыбында акция өткізілді.Мектеп ұжымдары тарапынан балаларға оқу құралдары, киімдер алып берілді, заттай көмек көрсетілді.

Наурыз айында №220 орта мектеп базасында бастауыш сынып мұғалімдері арасында сабақты оқытудың әдіс-тәсілдерін пайдалана отырып, мұғалімнің сабақ берудегі кәсіби шеберлігін көрсету, өзара тәжірибе алмасу мақсатында «Сыныпта оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдаланудың жолдары» тақырыбында аудандық семинар өткізілді.

03-14.03.2014 жылы Республикалық біліктілік арттыру институтының базасында өткізілген «Компьютерлік оқыту әдіснамасы арқылы сыни ойлауды арттыру» тақырыбындағы курстан «Ақшатау» бастауыш сынып меңгерушісі Алпамыс Құлсейітов біліктілігін арттырып келді.

17-27.03.2014жылы №262 мектеп-гимназия базасында «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімдеріне арналғанкөшпелі негізде ұйымдастырылған курстан 25 мұғалім білімін жетілдірді.

29-наурыз күні №262 мектеп-гимназия базасында Республикалық 45minut.kz басылымының редакциясының қызметкерлерінің қатысуымен аудандық «Болашақты бірге жасаймыз» тақырыбында ғылыми практикалық семинар өткізілді.Семинарда №62 орта мектептің мұғалімі бастауыш сынып мұғалімі Айнұр Аймырзаева 3-сыныпқа ана тілінен «Ақсақ киік» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Семинарда А.Аймырзаева Республикалық Ұстаздар Басылымы «45minut.kz» редакторы И.Б.Нагиевтың арнайы «Алғыс хатымен» марапатталды.

25.03-03.04.2014жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында өткізілген «Бастауыш сыныпта сабақты заманауи дамыту ресурстары: интербелсенді технологиялар мен пәндерді кіріктіру» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан №227 негізгі мектеп мұғаліміА.Иманбаева, №64 орта мектеп мұғалімі Ж.Садықова, №260 орта мектеп мұғалімі Г.Қосмамбетова білімін жетілдірді.



Жалпы орта білім беру ұйымдарының құрылысы туралы мәлімет:

Биылғы 2014 жылы Арал ауданы бойынша №65 Бекбауыл орта мектебінің құрылысын салуға 463 086,0 мың теңге, №230 Жіңішкеқұм орта мектебін салуға 365 652,0 мың теңге, №74 Жаңақұрылыс орта мектебін салуға 432 939,0 мың теңге , №20 Бөген орта мектебін салуға 446 787,0 мың теңге, №237 Ақеспе орта мектебін салуға 324 300,0 мың теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар №77 Құланды орта мектебінің жоба сметалық құжаттамасын дайындауға 5 357,0 мың теңге қаржы қаралды.

Қазіргі таңда №265 Үкілісай негізгі мектебінің жоба сметалық құжаттамасы дайындалды, құрылысты жүргізуге 326 287,0 мың теңге қаржы, №18 Ерімбетжаға негізгі мектебіне 348 144,0 мың теңге, №76 Аққұлақ негізгі мектебіне 336 045,0 мың теңге, №227 Көктем негізгі мектебіне 344 554,0 мың теңге және Арал қаласындағы «Жазира» балабақшасына 391 531,0 мың теңге, «Толқын» балабақшасына 393 718,0 мың теңге қаржы қажет.

Арал ауданы Қосаман елді мекеніндегі №68 және Тоқабай елді мекеніндегі №248 орта мектептерінің құрылыс жұмыстары өткен жылы басталды.

Арал ауданы Қарашалаң елді мекеніндегі №75 орта мектебіне 100 орындық мектеп құрылысы 2013 жылы пайдалануға берілді.

Арал ауданы бойынша күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететін

білім нысандары:

Қала бойынша:



  1. Арал қаласындағы №13 орта мектебі (ЖСҚ-ы 58 952,0 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген) қаржы бөлінді

  2. Арал қаласындағы №220 орта мектебі (ЖСҚ-ы 70 895,36 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген) қаржы бөлінді

  3. Арал қаласындағы №62 орта мектебі (ЖСҚ-ы 140 000,0 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген) қаржы қажет

  4. Арал қаласындағы №71 орта мектебіне (ЖСҚ мем.сараптама әзірлеуге қаржы қажет)

  5. Арал қаласындағы №83 орта мектебіне (ЖСҚ мем.сараптама әзірлеуге қаржы қажет)

  6. Арал қаласындағы «Оқушылар үйіне » (ЖСҚ мем.сараптама әзірлеуге қаржы қажет)

  7. Арал қаласындағы Кешкі мектебіне (ЖСҚ мем.сараптама әзірлеуге қаржы қажет)

Елді мекендер бойынша

  1. Арал ауданы Шижаға елді мекеніндегі №57 орта мектебіне (ЖСҚ-ы 122 565,0 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген) қаржы бөлінді

  2. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі №177 орта мектебіне (Жәй жөндеу жұмыстарына смета әзірленген 52 904,0 мың теңге)

  3. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі №87 орта мектебіне (ЖСҚ-ы 98 176,0 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген)

  4. Арал ауданы Сексеуіл кентіндегі «Жауқазын» балабақшасына (ЖСҚ-ы 86.895,0 мың теңге қаржыға әзірленді, мем. сараптамадан өткізілген)

  5. Арал ауданы Бөген елді мекеніндегі «Айдын», Арал ауданы Қарақұм

елді мекеніндегі «Шаттық», Арал ауданы Жаңақұрылыс елді мекеніндегі «Балбөбек», Арал ауданы Жақсықылыш елді мекеніндегі «Мерей» балабақшаларына (ЖСҚ мем.сараптама әзірлеуге қаржы қажет)

Білім беру ұйымдарының материалдық – техникалық базасы туралы мәлімет: Білім сапасын жақсарту мақсатында білім ордаларының материалдық – техникалық базасының қазіргі заман талабына сай жабдықталуына баса назар аударылып келеді. Бүгінгі таңда ауданның 29 мектебі 31 мультимедиялық кабинетпен, 7 физика, 9 химия, 14 биология кабинеттерімен, қаладағы 9 және ауылдық елді мекендердегі 8 мектеп әмбебап интерактивті (интерактивті физика, химия, биология) кабинеттерімен жабдықталған.

Жылдар

Кабинеттер атауы

Құрал - жабдықтар

Бөлінген қаржы (мың теңге)

Мультимедия

Химия

Физика

Биология

Шеберхана

Спорт

2009

7

2

-

4

-

13

55325,0

2010

4

-

-

3

-

2

35047,0

2011

3

-

-

5

-

-

37108,0

2012

-

3

-

-

-

-

12241,0

2013

-

4

-

-

-

-

16418,0

Биыл 2013 жылы 4 мектепке химия кабинеттері алынды, атап айтар болсақ №№20,21,57,177 мектептер.

Сонымен қатар аудан мектептері қазіргі кезде 1313 комплекті компьютермен жабдықталған. Бұл әрбір 11 оқушыға бір компьютерден келеді деген сөз. 48 мектеп интернет желісіне қосылған. Олардың 16 – ы жолақты, 7 – уі спутниктік интернет жүйесі бойынша жұмыс істейді.

Аудан мектептеріне 386 парта 772 орындық таратылып берілді.

Оқушылар тасымалы туралы мәлімет: Аудан орталығынан шалғай орналасқан № 82 Қаратерең орта мектебіне Тастақ және көне Қаратерең елді мекендерінен (км) 5 – 11 сынып аралығындағы 44 оқушы екі мезгіл СТК мекемесінің көлігімен тасымалданса, № 237 Сарбасат негізгі мектебіне «Қосбелгі» ауылынан (3 км - ге жуық) 23 бала тасымалданады. Бұл оқушылардың жол қатынасына жұмсалатын жанармайға қажетті қаржы аудан бюджетінен қаралғанмен, көліктер типі санитарлық норма талабына сай келмей отыр. Аталған №82 және №237 мектептерге оқушыларды тасымалдау үшін көлік қажеттігі туралы тиісті орындарға ұсыныс берілді.Сонымен қатар Жақсықылыш елді мекеніндегі № 19 орта мектептің шалғай орналасқан мөлтекаудандарынан 112 оқушы жаяу қатынауда. Осы оқушылардың тасымалына арнайы автобус көлігі қажеттігіне де тиісті орындарға ұсыныс берілді. 2011 жылы 5300,0 мың теңгеге қаладағы № 262 мектеп – гимназияға балалардың тасымалын қамтамасыз етуге арналған автокөлік алынған болатын, Биылғы оқу жылында қаражат мәселесі шешімін тауып, 105 оқушыны тасымалдануда.

Ауылдық елді мекендерде орналасқан 15 мектеп шаруашылық жұмыстарды жүргізуге арналған машиналармен 10 жыл бұрын қамтамасыз етілген. Дегенмен, елді мекендердегі жол қатынасының сын көтермейтіндігі, бұл машиналардың өз мерзімдерінен бұрын бұзылуына әкеліп соқтыруда. Оның ішінде 8 мектеп жанындағы интернатта жататын оқушыларды каникул мерзімінде үйлеріне тасымалдау үшін көліктің аса қажеттігі туындап отыр. Жергілікті бюджеттен 7 автокөлік алуға 18 900,0 мың теңге бөлініп отыр.



Жалпыға бірдей білім беру қорының орындалуы туралы мәлімет: Жалпы білім беретін мектептерге аз қамтамасыз етілген отбасы балаларын қолдау мақсатында жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінетін қаржы қазіргі таңда 3 пайызды құрап, оның ішінде 86 пайызы ыстық тамаққа қаралған.

Жылдар

Жалпыға бірдей білім беру қорына бөлінген қаржы (мың теңге)

Ыстық тамаққа қаралған қаржы (мың теңге)

2014

111372,0 мың теңге (3 пайыз)

95727,0 мың теңге (86 пайыз)

Қазіргі таңда аз қамтамасыз етілген отбасының 3601 баласы (100 пайыз) ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен бірге 1-2 сыныпқа 69,318 мың теңге бөлініп, қазіргі таңда 100 пайыз толық ыстық тамақпен қамтылуда.

Асхана мәселесі: Аудандағы 51 мектептің 43 – інде асхана бар, оның ішінде 16– ы жаңа технологиялық құралдармен (құрылысы жаңадан салынған мектептерден өзге 8 мектепке (№ 13,62,83,220,260,20,57,177 ом) 2009 жылы 4697,6 мың теңгеге асхана құрал – жабдықтары алынды) жабдықталған, 18 – інің құрал – жабдықтары ескірген. 8 бастауыш мектептің 4 – уінде (Ескұра, Ақшатау, Атанши, Водакачка) буфет ашылса, қалған 4 – уінде (Жалғызағым, Көнту, Водакачка, Құрлық) буфет ашуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Мектеп кітапханаларының жұмыстары туралы:

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбелеріне сәйкес 2 сыныптың ағылшын тілі пәніне, 5 сыныптың барлық пәндеріне, 10 сыныптың жаратылыс тану және гуманитарлық пәндері бойынша 100 пайыз оқулықтар сатып алуға жергілікті бюджет есебінен оқулыққа бөлінген 25219,0 теңгеге толығымен сұраныс жасалды.

Мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік оқу орталығындағы «Мектеп кітапханаларының қызметін жетілдіру жолдары» тақырыбында өткізілген семинарға аудандағы мектеп кітапханашылары қатысты.

Кітапхана жетекшілерімен бірлестік жұмыстары ұйымдастырылып, кітапхана сағаттары өткізілді. Мектеп мұғалімдерінің мақалалары уақытылы басылым беттеріне жарияланды.

Аудандағы мектеп бітіруші 858 оқушыға «Білім-2050» шығармашылық педагогтерінің одағы қоғамдық бірлестігі отырысының шешімімен ұсынылған жалпы білім беретін мектептің 11 сыныбына арналған ҰБТ-ға дайындық негізінде жасалған Математика пәнінің 1-ші, 2-ші бөлімі, Қазақ тілі пәнінің 1-ші, 2-ші бөлімдері, Қазақстан тарихы пәнінің 1-ші, 2-ші бөлімдерінің оқу-әдістемелік құралдары мектеп оқушыларына облыстық бюджет есебінен тегін таратылып берілді.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды инклюзивті оқытумен қамту мәселесі туралы мәлімет: Қазіргі таңда аудан бойынша 412 мүмкіндігі шектеулі бала ПМПК (Қазалы кенті) қорытындысы бойынша есепте тұрады. Оның ішінде, мектеп партасында отырған – 152, үйден оқытылатын – 74, әлеуметтік қызмет алушы – 166 бала, «Ұмай» қайырымдылық Үйі өз есебіндегі психикалық ауытқуы бар 18 баланы тәрбиелеуде , инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында 49 балаға дәрігерлік – педагогикалық – психологиялық түзету көмегін үнемі көрсетеді.

Сонымен қатар 5 тірек – қимыл аппараты бұзылған, 9 ойлау қабілеті төмен деңгейдегі балалар тұратын мөлтекауданға жақын орналасқан № 83 орта мектеп базасынан 2 арнайы топ (5+9) ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде, дефектолог штаты бойынша маман алынды. Білім және ғылым министрлігінің 05.02.2007 жылғы №51 қаулысына сәйкес инклюзивті білім беру жүйесін дамыту мақсатында Арал ауданы бойынша 2 (№220 –да 11 бала бар, №82-де 12 бала бар) мектептен мүмкіндігі шектеулі оқушыларға толыққанды қызмет көрсету үшін дефектолог штаттық бірлігін ашу мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

Мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамның ағымынан тыс қалдырмау мақсатында қайырымдылық есебінен 30 үйден оқитын оқушы компьютермен қамтамасыз етілсе, 23 үйден оқитын оқушыға компенсаторлық техникалық құрал берілді. 2011 жылы 12 оқушыга, 2012 жылы 11 оқушыға, 2013 жылы 2 оқушыға бағдарламалық-техникалық құрал алып берілді.

Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде мәлімет:

Қазіргі таңда Арал ауданында есепте тұрған жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны 80, оның ішінде жетім бала саны – 34 ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 46. Балаларды орналасу нысаны бойынша төмендегідей бөлуге болады:

- қорғаншылықта - 41 бала, оның ішінде жетімі – 14 бала, ата-ана қамқорлығынсыз қалғаны – 27 бала.

- қамқоршылықтағы бала – 23, оның ішінде жетімі – 10, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 13.

- патронат тәрбиесіндегі бала -16, оның ішінде жетімі – 6, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – 10.

64 баланың 60 балаға жәрдемақы тағайындалған. Қаңтар-наурыз айларының ішінде 1 балаға қорғаншылық, 1 балаға қамқоршылық тағайындалды.

Азаматтардың өтініштеріне сәйкес 2014 жылдың І тоқсанында11 бала сот шешімімен Қазақстан Республикасы азаматтарына асырап алуға берілді.

Барлық білім мекемелерінде 2014 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралығында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы жүргізілді. Акция аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасы балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға демеушілер тарапынан көмектер ұйымдастырылды.



Педагог қызметкерлердің жетістіктері туралы мәлімет:

Қазақ тілі мен әдебиті пәні бойынша Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2014 жылға арналған жұмыс жоспары жасалып, мектептерге таратылды.

«Оқушылардың зерттеушілік - ізденушілік әрекеттерін ұйымдастыру» тақырыбындағы кезекті тұрақты семинар – кеңес отырысында аудандық, облыстық сайыстар мен олимпиада жеңімпаздары мұғалімдері мен жас мұғалімдердің тәжірибе алмасуы болып өтті. Онда жас ұстаздар өзіндік ізденістерін көрсетіп, өздерін толғандырған сұрақтарын ортаға салса, тәжірибелі ұстаздар өздерінің жетістікке жету жолындағы шығармашылық жұмыстарымен, тиімді әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Елбасының жолдауына байланысты «Мәңгілік еліміздің - мәңгілік тілі»тақырыбында шығармалар байқауы жүргізілуде.

№ 20 мектептің мұғалімі Саягүл Нұрғалиева «Менің инновациялық сабағым » атты І халықаралық оқытушылар сайысына қатысып, ІІІ орынды иеленді.

Гуманитарлық пәндер бойынша Шымкент қаласында өткен пәндік олимпиаданың республикалық кезеңіне жолдама алған №14 мектеп – лицейдің 11-сынып оқушысы Тен Александра дипломмен марапатталса, № 262 мектеп - гимназияның 10-сынып оқушысы Әсем Құлманова ІІ орынға ие болды.

Орыс тілі мұғалімдерінің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында № 220 мектебінде « Активизация методов обучения на современном уроке русского языка» семинар-практикум ұйымдастырылып, пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.

Мектеп оқушылары тілді үйренуге қызығушылыгын көрсетуде түрлі халықаралық сайыстарға белсенді қатысуда, атап айтсақ « Русский медвежонок», «Британский бульдог». « Спасибо,мама !» шығармалар байқауының, Қазақстан Республикалық Президенті Н.Назарбаевтың « Қазақстан-2050»: Бір мақсат, бір болашақ» атты Жолдауына байланысты « Мәңгілік Ел-страна моей мечты!» тақырыбы бойынша ең үздік шығармалар конкурсының аудандық кезеңдері өткізіліп, жеңімпаздардың жұмыстары облыстық байқауға жолданды. № 262 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Санжар Манепов Республикалық пән олимпиадасының ІІІ кезеңінде орыс тілінен ІІІ орынға ие болды.

Мектептерде 1 сыныптан ағылшын тілін оқытылуы зерттелді, мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оқушылардың тілді үйренуге ынтасы жақсы екендігі байқалды. Ағылшын тілі пән мұғалімдеріне « Ерте жастан балаларды ағылшын тілін үйренуге тәрбиелеу» консультация ұйымдастырылды.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында 3орыс тілі мұғалімі білім сатысынан өтті.



Информатика пәні мұғалімдері арасында «Алтын диск-2014»аудандық байқауы №260 орта мектепбазасындаөткізілді, нәтижесінде бас жүлдені №220 мектептің информатика пәні мұғалімі Әбішов Қуаныш, І орынды №62 орта мектептің информатика пәні мұғалімі Кикбаев Алтынбек иеленді. Сонымен бірге аудандық дарынды балаларды қолдау мақсатында интернет жүйесі арқылы он-лайн режимінде аудан мектептері арасында видеоконференциялар ұйымдастырылды.

Республикалық дәрежедегі аудандық «Әль-Фараби» және «Қожа Ахмет Яссауи» олимпиадалары өткізілсе, Әль-Фараби олимпиадасы бойынша №14 мектептің оқушысы Тень Александра, «Қожа Ахмет Яссауи» олимпиадасы бойынша №64 және №2 санаториялық мектеп-интернаттың оқушылары республикалық турға өтті.

Облыстық «ХХІ ғасыр көшбасшысы» байқауында №62,220 мектептің оқушылары республикалық турларға жолдама алды.

№18,59 мектептер интернет жүйесіне қосылды.


Дене тәрбиесі мен спортты насихаттау, бұқаралық спортты дамыту жұмыстарын үздіксіз жүргізу аясында мектептерде спорттың баскетбол, волейбол, үстел теннисі, футбол, қол добы, дойбы, шахмат түрлері бойынша аудандық спартакиадалар өткізіліп,нәтижесінде мектептерден жақсы нәтиже көрсеткен оқушылардан аудан құрама командасы сапында Қызылорда қаласында өткізілген облыстық көктемгі оқушылар арасында өткізілген спартакиадада аудан намысын қорғап жүлделі ІІІ орыннан көрінді.

Қызылорда облыстық білім басқармасы жанынан құрылған Дене тәрбиесі Аймақтық орталығы мамандарымен бірігіп «Әминнің сабақтары» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Сонымен қатар аудандық спорт басқармасымен,білім бөліміне қарасты аудандық кәсіподақ комитетімен бірлесе отырып атқарған жұмыстар біршама.Атап айтқанда волейболдан белгілі спортшы-оқушы Асхат Ахановты еске алуға арналған турнир, белгілі ұстаз, жаттықтырушы М.Қалмағамбетовты еске алуға арналған баскетбол турнирлері өткізілді.

Аудандық балалар өнер мектебінің жеткен жетістіктері:

Алматы қаласында өткен Республикалық «Жас музыканттар» конкурсының ән салу бөлімі бойынша өткізілген байқауда мектеп оқушылары жүлделі орындармен оралды.

Атап айтар болсақ:

1. Қуантқанов Дәулеткерей І-орын

2. Смат Бауыржан ІІ-орын

3. Мұқан Жанболат, Аманбаева Жаннұр, Қасым Ақылбектер Республикалық «Ғұмырдария» фестиваліне жодама алды.

Жетекшісі: ән салу бөлімінің мұғалімі Алтынгүл Омарова.

Алматы қаласында 24-28 наурыз аралығында өткен VІ-Республикалық «Асыл мұра» аспаптық орындау және ән-би байқауы бойынша

Ән жанры бойынша:


  1. Аманбаева Жаннұр –бас жүлде (орта топ)

  2. Қасым Ақылбек – І -орын (кіші топ)

  3. Қуантқанов Дәулеткерей- І-орын (жоғары топ)

  4. Мұхан Жанболат –ІІ-орын (жоғары топ)

  5. Сайланов Берекет – ІІ-дәрежелі дипломант (орта топ)

Жетекшісі: Омарова Алтынгүл-ән салу класының мұғалімі

Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының

Алғыс хатымен марапатталды.
Би жанры бойынша:

«Шаттық» бишілер тобы –бас жүлде (орта топ) Жетекшісі: Исмагулова

Райла- би класының мұғалімі Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Аспаптық орындау домбыра аспабы бойынша:

Ұзақов Уалихан –ІІ орын (орта топ) Жетекшісі: Омаралиева Гүлмайра домбыра класының мұғалімі Қазақстан Республикасы Алматы қаласы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.



Аудандық оқушылар Үйінің ұйымдастырған іс шаралары мен жетістіктері туралы.

Қазақстанның «Еңбек Ері» Абзал Ералиев туралы «Еңбегі елге еленген – Еңбек ері» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Мүшәйраға аудан мектептерінен 32 жас ақын қатысып, қорытындысында: Бас жүлдені №262 мектептің 10-сынып оқушысы Құлманова Әсем, І орынды №20 мектептің 11-сынып оқушысы Әліпова Ақерке,ІІ орынды №69 мектептің 10-сынып оқушысы Кенжебекова Халимаш, 260 мектептің 5-сынып оқушысы Жұмағазиев Мәулен, ІІІ орынды №177 мектептің 7-сынып оқушысы Байжанова Әлия, №63 мектептің 7-сынып оқушысы Нұрқабылова Нұрайым, №66 мектептің 10-сынып оқушысы Кеңесова Гүлзат иеленді. Орын алған оқушылардың өлеңдері облыстық кезеңге жіберіліп, облыстық жас ақындар мүшәйрасында №262 мектептің 10-сынып оқушысы Құлманова Әсем ІІ орын иеленді.

8 қазан күні оқушылар Үйінде ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына арналған «Жыр тұнған жалын жүрек» атты сайыс кеш өткізілді.

Сайыс қорытындысымен жыр оқу сайысынан Бас жүлдені №260 мектептің 8-сынып оқушысы Мешітбаев Айбар иеленді. І орынды №83 мектептің 8-сынып оқушысы Сейткереев Нұрлан, ІІ орынды №62 мектептің 8-сынып оқушысы Жолмырзаев Айбек пен №13 мектептің 7-сынып оқушысы Нұрбай Шыңғыс иеленді. ІІІ орынды №260 мектептің 7-сынып оқушысы Амангелдиева Аида, №62 мектептің 7-сынып оқушысы Жайылғанова Арайлым және №220 мектептің 7-сыныптың оқушысы Нұржанқызы Айгерім иеленді.

М. Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақ-жауап сайысында І орынды №220 мектептің 7-сынып оқушысы Серікұлы Нұрқұт иеленді, ІІ орынды №260 мектептің 7-сынып оқушысы Көлбайқызы Теңел және ІІІ орынды №262 мектеп-гимназияның 8-сынып оқушысы Олжабаева Жансая иеленді.

21 ақпан күні оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» ұйымы мүшелері арасында қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына арналған «Менің сүйікті кейіпкерім» атты қалалық сайыс-кеш өткізілді.

Сайыс қорытындысымен «Менің атым Қожа» повесінен монолог оқу шарты бойынша І орынды №14 мектептің 5-сынып оқушысы Аралбаев Аралбек иеленді, ІІ орынды №13 мектептің 6-сынып оқушысы Қожақов Мадияр, ІІІ орынды №83 мектептің 6-сынып оқушысы Нағиев Рахымжан иеленді.

Сахналық қойылым шарты бойынша І орынды №220 мектеп, ІІ орынды №62 мектеп, ІІІ орынды №14 мектеп оқушылары иеленді.

«Ең зейінді оқырман» сайысында І орынды №2 санаториялық мектеп-интернаттың 6-сынып оқушысы Есеналиев Нұрдәулет, ІІ орынды №62 мектептің 5-сынып оқушысы Жайылғанов Айдархан, ІІІ орынды №13 мектептің 5-сынып оқушысы Әбілхайырова Қарлығаш және №260 мектептің 5-сынып оқушысы Бағыбергенова Құралай иеленді.

«Менің атым Қожа» повесінің желісі бойынша сурет сайысының қорытындысы бойынша І орынды №13 мектептің 5-сынып оқушысы Жанаев Рамазан, ІІ орынды №220 мектептің оқушысы Мүслімова Хадиша, ІІІ орынды №83 мектептің 6-сынып оқушысы Аманбаева Жаннұр иеленді.

«Менің атым Қожа» повесі бойынша сахналық қойылымда Қожа ролін үздік сомдаған №2 санаториялық мектеп-интернат оқушысы Жалғасбайұлы Нұрболат және №71 мектептің оқушысы, Сұлтан ролін үздік сомдаған №14 мектептің 5-сынып оқушысы Аралбаев Аралбек , Майқанова мұғалімнің ролін үздік сомдаған, Әже ролін үздік сомдаған арнайы Дипломдармен марапатталды.

Қазақстанның «Еңбек Ері» Абзал Ералиев туралы «Еңбегі елге еленген – Еңбек ері» атты жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Мүшәйраға аудан мектептерінен 32 жас ақын қатысып, қорытындысында: Бас жүлдені №262 мектептің 10-сынып оқушысы Құлманова Әсем, І орынды №20 мектептің 11-сынып оқушысы Әліпова Ақерке,ІІ орынды №69 мектептің 10-сынып оқушысы Кенжебекова Халимаш, 260 мектептің 5-сынып оқушысы Жұмағазиев Мәулен, ІІІ орынды №177 мектептің 7-сынып оқушысы Байжанова Әлия, №63 мектептің 7-сынып оқушысы Нұрқабылова Нұрайым, №66 мектептің 10-сынып оқушысы Кеңесова Гүлзат иеленді. Орын алған оқушылардың өлеңдері облыстық кезеңге жіберілді.



«Білім шапағаты» акциясы барысында оқушылар Үйінің үйірме жетекшілері қала мектептерімен байланыс жасап, өз үйірмелері туралы насихат жүргізді.

Ата-анамен байланыс жасау мақсатында үйірмелерде өткізілген ашық сабақтарға ата-аналар қатыстырылып, ата-аналар өз балаларының жарты жылда үйренген білімдері мен өнерлерін тамашалады. Сонымен бірге ата-аналарға арналған ашық есік күндері өткізіліп, ата-аналар үйірме жұмыстарына қатысты өз ойларын білдірді.

Аудандық оқушылар Үйінің бұрынғы түлектері қала мектептерінде жоғарғы сынып оқушыларымен «Оқушылар Үйі- өмірімнің бөлшегі» атты кездесу кешін ұйымдастырды. Кездесу кешіне қазіргі оқушылар Үйінің «Инабат» үйірмесінің жетекшісі Бөлекеева Жансая, «Дизайн» үйірмесінің жетекшісі Жеңісбекова Ақмарал, аудан әкімінің баспасөз хатшысы Омарова Фариза, «Арал-Ас» Жайдарман командасының капитаны Дәрмағамбетов Төребек, «Алтын балық» балабақшасының хореографы Шатуова Мәншүк, №71 мектептің бейнелеу пәнінің мұғалімі Балов Нұржан қатысты. Жас мамандар оқушылар Үйінде алған тәлім-тәрбиелерінің өмірде мамандық таңдауға көп әсер еткенін айтып, балаларға түрлі үйірмелерге және оқушылар Үйінде ұйымдастырылатын мәдени-көпшілік іс-шараларға қатысудың кәсіби тұрғыдан шыңдалуға көмектесетінін атап айтты. Оқушылар Үйіндегі үйірмелерге қатысатын қала мектептерінің оқушылары өз кезегінде үйірмеде үйренген, өз қолдарымен жасаған бұйымдарынан көрме ұйымдастырып, өнерлілері ән мен биден шашу шашты.

Оқушылар Үйінің үйірме жетекшілері мен үйірме мүшелері қала мектептерінде «Үйірме күнін» өткізді. Бұл күні оқушылар Үйінің «Би», «Инабат», «Домбыра», «Сахна тілі», «Жайдарлы жас ұлан» үйірмелерінің өнерпаздары «Өнерге қанат қаққандар» атты концерт өткізді. Ал, мектеп фойелерінде «Қолөнер», «Бейнелеу өнері», «Дизайн» үйірмелерінің мүшелері «Үйірменің үйретері көп» тақырыбымен көрме ұйымдастырды.

«Біз таңдаған мамандық» тақырыбында оқушылар Үйінің тәжірибелі қосымша білім педагогтары: «Домбыра» үйірмесінің жетекшісі Ж. Кәрібаева, «Ағылшын тілі» үйірмесінің жетекшісі А. Жүсіпова, «Бейнелеу өнері» үйірмесінің жетекшісі Ә. Изнатов, «Жас математик» үйірмесінің жетекшісі Л. Өтегеновалар шеберлік сыныптарын өткізіп, жас мамандарға үйірме сабақтарын ұйымдастырудың қыр-сырын үйретіп, бағыт- бағдар берді.

«Білім шапағаты» акциясының қорытынды күні үйірме жетекшілеріне «Балаларға қосымша білім беру бағдарламасын әзірлеу технологиясы» тақырыбында әдістемелік сабақ өткізілді.

Оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен Арал ауданының барлық мектептерінің «Жас ұлан» ұйымында 10-15 ақпан күндері «Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты апталық өткізілді.

10 ақпан күні барлық мектептердің «Жас қыран» мүшелері арасында «Көңілді эстафета» атты спорттық ойын-сайыс ұйымдастырылды. Қала мектептерінде ойын-сайыс мектептің спортзалдарында өткізілсе, көптеген ауыл мектептерінде арнайы дайындалған мұз айдындары мен спорт алаңдарында өткізілді. Балаларға әсіресе, шанамен және конькимен жарыс қатты ұнады.

11 ақпан күні 2-4 сыныптар арасында дойбыдан, 5-7 сынып оқушылары арасында шахматтан, 8-9 сыныптар арасында тоғызқұмалақ ойындарынан ұйымдастырылған жарыстарға жас ұландықтар белсене қатысты. Әсіресе, оқушылардың шахмат ойынына қызығушылықтары өте жоғары болды.

12 ақпанда 5-7 сынып арасында «Жарысқа шық, Жас ұлан!» атты сайыс өткізілді. Бұл сайыс бағдарламасы бойынша жас ұландықтар түрлі қимыл-қозғалыс ойындарынан, спорттық билер мен акробатикалық жаттығулар жасаудан сайысты .

13 ақпанда «Жас қыран» мүшелері арасында ұлттық ойындар күні өткізілді. Ұлттық ойындар күнінің бағдарламасы бойынша 2-4 сынып оқушылары асық, аударыспақ, арқан тарту, қол күрес, теңге ілу ойындарынан жарысқа қатысты.

14 ақпанда 2-6 сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» атты жанұялық сайыс ұйымдастырылды. Аудан мектептерінде өткізілген бұл сайыс мектеп пен ата-ана арасындағы байланысты нығайтты. Балаларымен бірге сайысқа түскен ата-аналардың ойынға қызығушылығы жоғары болды.

«Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл» атты апталыққа аудан мектептерінен 2000-дай жас ұландық қатысты.

Оқушылар Үйінің ұйымдастыруымен көктемгі каникул күндері оқушылардың бос уақытын мазмұнды әрі көңілді өткізу мақсатында аудан мектептерінің «Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен «Көктемгі каникул – көңілді күндер» апталығын ұйымдастырды. Акция барысында «Таза аула» тазалық акциясы өткізілді жас ұландықтар мектеп ауласына тазалық жұмыстары, сонымен бірге «Жас ұлан» ұйымының мүшелерімен «Жедел көмек» тобы құрылып, жалғызбасты, мүгедек қартардың ауласын және үйін тазалауға көмек берілді.

Наурыз мерекесі қарсаңында аудан мектептерінің жас ұландарымен «Наурыз поштасы» іс-шарасы өткізіліп, іс-шара барысында зейнеткер ұстаздарға мерекелік құттықтау жолданды.

«Армысың, әз Наурыз!» мерекесі ауданның барлық мектептерінде өткізіліп, мереке барысында мұғалімдер мен «Жас ұлан» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен халқымыздың түрлі салт-дәстүрлерін паш ететін көріністер көрсетілді.

«Мектептегі қызықтар мен шыжықтар» тақырыбымен сәлемдесу, үй тапсырмасы, қайым айтыс шарттары бойынша қала мектептерінің жайдарманшыларының арасында достық кездесуі өткізілді.

«Жастар мәдениеті - баршамызға ортақ» тақырыбымен 8-10 сынып оқушылары арасында оқушылар мінбері өткізілді. Оқушылартақырыпқа сай өз ойларын білдіріп, слайдтар көрсетті.

«Туған өлкем – тұнған шежіре» іс-шарасы кезінде қала мектептерінің «Жас ұлан» ұйымында аудан орталығындағы тарихи-мәдени орындарға саяхат ұйымдастыру

«Ұялы телефоннан тәуелсізбін» акциясы аясында аудан мектептерінде оқушылар арасында ұялы телефон мен компьютерлік техниканың пайдасы мен зияны туралы пікірталас өткізілді. Аудандық «Жас ұлан» ұйымының мүшелері аудан орталығында «Ұялы телефоннан тәуелсізбін» тақырыбымен флешмоб ұйымдастырып, орталықта жүрген қала тұрғындарына ұялы телефонның зияндылығы туралы үнпарақтар таратты.

«Ғаламтор мен кітаптың терезесі тең бе?» тақырыбымен 7-9 сынып оқушылары арасында «Бала би» шешендік өнер сайысы өткізілді.



Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыру туралы: 2014 жылдың қаңтар – наурыз аралығында 139 мұғалім біліктілігін арттыру курсынан өтсе, оның ішінде, 72 – і 3 айлық курстан өтуде, Алматы қаласындағы ББЖКБАРИ – дан 7 мектеп директорының орынбасары басқару мен басшылық саласы бойынша, 60 мұғалім облыстық біліктілік арттыру институтынан курстан өтіп отыр.

Білім сапасы бойынша

2013-2014 оқу жылы 14580 оқушымен басталып, І оқу тоқсанын 14572 оқушымен, ал ІІ оқу тоқсанын 14565 оқушымен, ал ІІІ оқу тоқсанын 14579 оқушымен, аяқтап отырмыз. Оқу үлгерімінің қорытындысы бойынша 2358 оқушы «үздікке», 4393 оқушы «4» пен «5» ке, барлығы 6756, бұл 46,34% пайызды құрайды.



Арал ауданы бойынша ҰБТ дайындық барысы туралы:

Білім беруге, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз етудегі негізгі факторлардың бірі ретінде мемлекеттік саясатта баса көңіл бөлінеді. Жоғары сапалы білім – мектеп педагогтарының ғана міндеті емес, сонымен қатар барлық мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналарының арқалы арманы. Аудандағы мектеп басшылары қорытынды аттестациялауға – ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық барысында, мектеп бітірушілерге педагогикалық қолдау көрсету және оқушылардың өздерінің жауапкершілік дәрежесін арттыру мақсатында жыл бойына бірлескен бағдарлама, бекітілген жоспар бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Аудан әкімдігінің және аудандық білім бөлімінің алқа мәжілістерінде, барлық орта білім беретін ұйымдардың педагогикалық кеңестерінде ҰБТ мәселесі бірнеше мәрте күн тәртібінде қаралып, жыл ішінде сынама тестілеуден алынған нәтижелер талданды.

Білім бөлімі тарапынан бітіруші түлектермен сынама тестілеу жұмысы тиісті қондырғыларды орнату негізінде ұйымдастырылып, олардың ҰБТ кезінде орын алатын психологиялық факторларға әзірлігін жақсарту мақсатында дәстүрлі түрде мамыр айында өткізу жоспарланып отыр.

Аудан мектептеріндегі мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары, мұғалімдер, мектеп ұжымы ҰБТ-дің ережелерілерімен таныстырылып, мектеп бітірушілерге мамандық таңдауға байланысты түрлі кездесулер өткізілді әрі педагогтар тарапынан бағыт-бағдарлар берілді. Психологтар тарапынан мектеп бітірушілерге әр түрлі тақырыптарда тринингтар ұйымдастырылды. Үстіміздегі жылдың наурыз айында аудандағы жалпы орта білім беретін мектептер бойынша оқушылардың кәсіби бағдарын айқындау, олардың ата – аналарымен түсіндірме жұмыстарын үйлестіру мақсатында семинар – кеңес, практикум, тренинг жұмыстары жүргізіліп, күйзеліс пен бойкүйездіктің алдын алу бағытындағы психологиялық көмектер жасалды.

Мектептер бойынша ҰБТ – ға оқушыларды дайындайтын пән мұғалімдерінің мәліметі алынып, қаңтар айында аудандық әдістемелік пән бірлестіктерінің отырыстарында талданып, пән мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру бағытындағы мобильдік топтар құрамы тағайындалды. Мобильдік топтың құрамына үш айлық курстардың І, ІІ деңгейімен қамтылған 8 адам енгізіліп, арнайы тақырыптар бойынша ақпан – мамыр аралығында білім беру ұйымдарында пән мұғалімдеріне пән бойынша әдістемелік көмек беру, ата – аналарға бала бейімділігіне байланысты мамандықтарды таңдаудың ерекшеліктері жөнінде кеңестер беру бағытында шаралар жүргізілуде. Атап айтсақ, № 260, № 69, 220 орта мектептер базасында деңгейлік курстан өткен мектеп басшылары мен мұғалімдерінің ҰБТ – ға дайындық жұмыстарын жетілдіру бағытындағы семинар жұмыстары ұйымдастырылды.



Мобильдік топтар туралы мәлімет:



Аты – жөні

Мектебі

Мамындығы

Тақырыптар атауы

1

Қонарова Жанна

№ 14 м-л

Орыс тілі мен әдебиеті

Преимущества коллаборативного обучения

2

Жұмабаева Алтынкүл

№ 20 ом

Физика

Кері байланыс форматты бағалаудың бір түрі ретінде

3

Әбілдаева Айгүл

№ 69 ом

Математика, информатика

Материалдарды игеруге өзін - өзі бағыттау

4

Әбдіхалықова Достықгүл

№ 83 ом

Химия, биология

Сын тұрғысынан ойлау әдістері ақпараттарды меңгертудің тиімді тәсілі

5

Жумашова Жанар

№ 57 ом

География

Өзін - өзі бағалау – оқушылардың білім сапасын арттырудың тиімді факторы

6

Құрмашова Гүлнафист

№ 231 ом

Тарих

ҰБТ – ға дайындықтағы АКТ маңызы

7

Досжанова Жібек

№ 13 ом

Математика

ҰБТ дайындық барысындағы сабақтардағы графикалық органайзерлер

8

Ерімбетова Ақмарал

№ 69 ом

Биология

Оқушылардың өзара бағалауы - оқыту мен білім берудің тиімді құралдарының бірі ретінде

Осы уақытқа дейін барлық білім беру ұйымдары қазіргі таңда оқушыларды ҰБТ – ға дайындаудың тиімді жолының бірі, жобалау технологиясы бойынша нәтижеге бағдарланған білім беру негізіндегі жұмыстарды өз тәжірибелеріне ендіру бағытында мектеп басшыларының орынбасарлары «Тестілеу формалары мен оны ұйымдастыру жолдары» тақырыбындағы біліктілік арттыру курсынан өткізілген болатын. Осы орайда, әрбір мектеп бітірушінің қол жетімді білімді меңгеру деңгейі жайлы нақты да жедел ақпарат алуға мүмкіндік беретін оқыту сапасын бақылаудың тесттік тапсырмаларын оқыту үрдісіне ендіруде тиісті шараларды қабылдап, жұмыс жасауда.

Үстіміздегі жылы Қызылорда қаласындағы Қорқыт Ата Университетінің дәстүрлі кәсіби бағдар беру бағытындағы және мектеп түлектеріне ақпараттық – түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Бұл шараға барлық аудан мектептері қамтылды.

Жаңақорған ауданындағы Талдысу лагеріне мектеп бітірушілерді ҰБТ-ге дайындау мақсатында 350 балаға 8 350,0 теңге қаржы бөлінді. Бірінші лек бойынша 150 мектеп бітіруші демалып келді, ІІ лек бойынша 200 мектеп бітіруші демалуда.

Сонымен бірге 2264 дана сынақ кітапшасына 795,0 мың теңге бөлінді, сынақ кітапшалары мектеп бітірушілерге таратылып берілуде.

Былтырғы оқу жылында ҰБТ- ді өткізуге 14 аудитория дайындалды, оның 2-уі резервтегі аудитория болды. Мектеп бітірушілер № 262 мектеп – гимназияның Г блогындағы 12 аудиторияға қамтылды. Биылғы оқу жылында ҰБТ-ге қатысатын түлектердің нақты саны анықталған кезде қосымша өзерістер ережеге сәйкес енгізілетін болады.

Тест орталығында 3 компьютер, 2 принтер, тестілеу кезінде жауап парақтарын тексеретін CANON DR-3010C маркалы сканер, Ұлттық Тестілеу Орталығымен байланыс жасау үшін «Астел» спутникті антеннасы арқылы қосылған электронды почта тиісті деңгейде жұмыс жасады.

Былтырғы оқу жылында ҰБТ-ді тиісті деңгейде ұйымдастыру және өткізуге үшін тамақтану мен тасымалдауға 1млн 890 мың теңге бөлінсе , биылғы жылы 1 млн 900мың теңге қаралып отыр.

Былтырғы жылы құрал – жабдықтар алуға 2 млн 100 мың теңге бөлініп, оған телефон дабылын тұншықтыру құралынан - 4 дана, металіздегіш қабина -1 дана, бейнекамера – 6, видеорегистор – 2 дана, монитор – 2 дана, кабельдер алынды. Сонымен бірге, қосымша үнемделген қаржыға 4 қолға ұстайтын металлодетектор мен 6 видеокамера алынды. Жалпы былтырғы жылы ҰБТ – ға 22 камера, 10 тұншықтырғыш, 4 видеорегистор, 3 монитор, 1 металіздегіш кабина, 4 қолметаліздегіш детектор, 16 бөлмені салқындатқыш (кондиционер) пайдаланылды.

Биылғы жылы 4 тұншықтырғыш, 1 принтер, ата-аналар үшін сыртқа қондырылатын телевизор үшін 200 метр антенна кабелі, 200 метр ток кабелін алу барысында жұмыстар жүргізілуде.

Ауылдық мектептерде орналасқан оқушылар жыл сайын тұрақты түрде тасымалданады, тамақтанады, жататын орынмен қамтамасыз етіледі. Осы кезге дейін оқушылардың тасымалын «Жолаушы-АБ» ЖШС мекемесі атқарып келді.Елді мекендердегі мектептерден келетін балаларды тасымалдаған автокөліктерде медициналық көмек көрсететін аяжандар мен полиция қызметкерлері тиісті міндеттерін атқарады.

Ауылдық елді мекендерден келетін оқушылар дәстүрлі үрдіс бойынша Арал қаласындағы № 2 санаториялық арнаулы мектеп – интернаттың жатақханасына орналастырылады. №2 облыстық арнаулы санаториялық мектеп-интернатты алғашқы жәрдем көрсетуге керекті дәрі-дәрмектермен, залалсыздандыру дәрілерімен қамтамасыз етіледі.

Ауыл мектептерінен 50 км-ден алыс елді мекендерден келетін оқушылар 4 мезгіл тамақтанады. Жақын ауылдық елді мекендердегі 50 км-ге дейінгі қашықтықтан келетін балалар 2 мезгіл тамақтанды.

Сапалары туралы құжаттары бар азық-түліктер алынады және арнайы санитарлық паспорттары бар автокөлікпен тасымалданады.

Оқушыларға тест кезінде пайдаланатын ауыз суын салқындататын тоңазытқыш жұмыс жасайды.

Үстіміздегі оқу жылында 38 орта мектеп бойынша 11-сыныпта 858 мектеп бітіруші бар. Аудандағы 38 орта мектептің аудан орталығында 10 - ы, ауылдық елді мекендерде 28-і орта мектеп орналасқан.

Оқу жылының ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша 514 (59,91 пайыз) мектеп бітіруші ҰБТ-ға қатысуға тілек білдіріп отыр. Оның ішінде 47% - биология, 28% - физика, 13% - география, 6% - әдебиет, 3% жалпы тарих, 2% шет тілі, 2 % химия пәнін таңдап отыр.

Жыл басынан сынама тестілеу дайындық нәтижесі қыркүйек айында 54,57, қазан айында 52,48, қараша айында 56,12, желтоқсан айында 61,83 , қаңтар айында 69,92, ақпан айында 71,78 наурыз айында 72,75 болып отыр.

Оқу жылының басында «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 36, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 7 болса, ІІІ оқу тоқсанының қорытындысы бойынша «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 20, «Үздік аттестатқа» үміткерлер саны – 2.

Облыстық сынама тестілеу бойынша Алтын белгіге» үміткерлер 20 оқушының 8-і, «Үздік аттестатқа» үміткерлер 2 оқушының 1-і қорғады.

ҰБТ-ге дайындық барысында оқушыға психологиялық қызмет көрсету басты назарда ұсталып отыр. 2013 жылға арналған кәмелетке толмағандар арасындағы суицидалды мінез-құлықтың алдын алу бойынша аудандық ведомствоаралық іс-қимыл жоспары бекітіліп, аудандағы 43 мектепте психологиялық қызмет құрылды.

ҰБТ-ге дайындық жұмыстарын жетілдіру үшін пән мұғалімдерінің күнделікті және қосымша сабақтарының сапалы, нәтижелі өтуіне қатаң талап қою, ұжымда сынама-тесттерге талдау жасап, мониторингтерді талқылап, ұжымды ортақ іске жұмылдыру, ҰБТ кезінде стрестік ситуацияны жеңе білуге дағдыландыру үшін оқушылар және олардың ата-аналарымен бірлескен ақпараттық – талдамалық жиналысын өткізу мектеп басшыларына міндеттеліп, білім бөлімінің тарапынан қадағаланып отыр.

Арал аудандық білім бөлімі бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша бюджет қаржысының 2014 жылдың 1 тоқсанында игерілуі туралы мәлімет
2014 жылға жоспарланған қаржы – 5 млрд 400 млн 105,0 мың теңге.

2014 жылдың 1 сәуіріне жоспарлы қаржы – 1 млрд 245 млн 671,0 мың теңге.

2014 жылдың 1 сәуіріне игерілгені – 1 млрд 240 млн 725 мың теңге, игерілмеген қаржы – 4 млн 946 мың тг.

Оның ішінде:

464001000 бағдарламасы бойынша – 5255,0 мың теңгенің 4796,7 мың теңгесі игеріліп, 91,3 пайызға орындалды. Игерілмегені - 458,3 мың тг – вакантты орынның болуына, тауарлардың жеткізілмеуіне байланысты.

464003000 бағдарламасы бойынша – 1016205,0 мың теңгенің 1015120,7 мың теңгесі игеріліп, 99,9 пайызға орындалды. Игерілмегені – 1084,3 мың тг тауарлардың жеткізілмеуіне байланысты.

464006000 бағдарламасы бойынша (Балалар мен жасөспірімдер үшін білім беру) – 20304,0 мың теңге 100 пайызға игерілді.

464009000 бағдарламасы бойынша (Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту) – 118449,0 мың теңгенің 117434,0 мың теңгесі игеріліп, 99,1 пайызға орындалды. Игерілмегені – 1015,0 мың тг – тауарлардың жеткізілмеуіне байланысты.

464015000 «Жетім баланы (жетім балаларды) және ата-аналарының қамқорынсыз қалған баланы (балаларды) күтіп - ұстауға асыраушыларына ай сайынғы ақшалай қаражат төлемдері» бюджеттік бағдарламасы бойынша 3333,0 мың теңге 100 пайызға орындалды.

464040011 бағдарламасы бойынша (Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу және оқыту) – 46815,0 мың теңге 100 пайызға игерілді.

Арал аудандық білім бөлімі бойынша 2014 жылы жүргізіліп жатқан

мемлекеттік сатып алулар туралы мәлімет:

Арал аудандық білім бөлімі бойынша 2014 жылы мемлекеттік сатып алулар төмендегіше жүргізілуде:

2014 жылдың қаңтар айында жылдың алғашқы айларындағы қажеттілікті қамту үшін конкурс өткенге дейінгі:

1) Мектеп оқушыларының (1-2 сыныптар) және мектептер жанындағы шағын орталықтарда тәрбиеленетін балалардың үздіксіз тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік өнімдерін (46344,8 мың тг);

2) Сұйық отынды (79617,8 мың тг);

3) Көмір отынын (9828,1 мың тг)

сатып алу бір көзден алу тәсілімен, яғни «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 32–бабының 3) тармағын пайдаланып жүргізілді.

Аталған тауарлар бойынша 2014 жылдың қалған айларындағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін:

1) Көмір отынын тауар биржалары арқылы мемлекеттік сатып алу жүргізілді (26558,7 мың тг).

2) Азық-түлік (162807,5 мың тг) және сұйық отынды (145803,9 мың тг) сатып алу конкурс тәсілімен (электрондық) жүргізілуде. Конкурс нәтижесі сәуір айының алғашқы онкүндігінде анықталады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар:

1) Облыстық бюджеттен «Эрисман» парталарын (46300,0 мың тг) және «Монтессори» кабинеттерін (13293,0 мың тг) алуға бөлінген қаржыны игеру мақсатында қазіргі уақытта конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Хабарландыру беріліп, конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдануда. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау және онымен келісім-шарт жасау сәуір айында жүзеге асырылады деп күтілуде.

2) Республикалық бюджеттен 3 орта мектепті химия кабинетімен (12991,0 мың тг) және 2 орта мектепті стоматологиялық құрылғы жинағымен (4420,0 мың тг) жабдықтау үшін конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу жүргізілуде. Хабарландыру беріліп, конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылдануда. Мемлекеттік сатып алу жеңімпазын анықтау және онымен келісім-шарт жасау сәуір айында жүзеге асырылады деп күтілуде.

3) 3 мектепке (№57, №220, Мойнақ бастауыш мектебі) Жол картасы бойынша күрделі жөндеу жүргізуге барлығы – 181184,0 мың теңге бөлінді. Оның ішінде республикалық бюджеттен - 154051,0 мың тг, облыстық бюджеттен - 27133,0 мың тг. Конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу сәуір айында жүргізіледі.

№57 орта мектеп – 115585,0 мың тг

№220 – 60593,0 мың тг

Мойнақ – 5006,0 мың тг



4) Жергілікті бюджеттен №13 орта мектепке күрделі жөндеу жүргізу үшін бөлінген 45000,0 мың теңгеге конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу сәуір айында жүргізіледі.

5) 7 орта мектепке таблетка Уаз машинасын алуға бөлінген 19600,0 мың тг конкурс тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алу сәуір айында жүргізіледі.



Білім бөліміне қарасты ұйымдарға жай жөндеуге қажетті шаруашылық, құрылыс заттары мен басқа да құрал-жабдықтарды алу жыл басынан бастап баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен реттілігімен өткізілуде.
Каталог: img lib
img lib -> Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мекемелердің аудан әкімінің ресми веб порталына енгізілетін материалдар тізімі
img lib -> «Ұлттың қазығы да қазыналы да тіл»
img lib -> Аудандық мәдениет үйі мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорынының 2015 жылдың ІІІ тоқсанында жүргізген мәдени іс-шара туралы мәлімет
img lib -> Арал ауданындағы білім саласы бойынша атқарылған жұмыстар туралы анықтама (12 ай 2014 жыл) Жалпы білім беру ұйымдары туралы мәлімет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет