Аралық бақылау №1 1-вариант Химиялық технология туралы түсінік. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар.
Д.И. Менделеев «технология» ұғымына мынадай анықтама берген болатын: Технология - табиғи ресурстарды адам өміріне пайдалануға қажетті өнімдерге дейін өңдеудің тиімді жолдары. «Технология» (грекше «technos» – өнер, кәсіп және «logos» – ғылым, білім) сөзінің шығу тегі де, оның мазмұнына сай келеді: бастапқы затты пайдалы өнімге айналдырып өңдей білу туралы ғылым.
Химиялық технология– химиялық және физика-химиялық құбылыстарды пайдалана отырып, заттың құрамын, қасиеттерін, құрылысын түбегейлі өзгертетін өңдеу үрдістері. Зерттеу объектісі – химиялық өндіріс (бастапқы затты пайдалы өнімге дейін өңдеу әдістері мен үрдістері). Химиялық технологияда өңдеудің әртүрлі кезеңдерінде Келесі технологиялық компоненттерді бөлуге болады: шикізат, аралық өнім, жанама өнім, мақсатты өнім және қалдықтар.
Шикізат – өндірісте қолданылатын табиғи материалдар.
Мақсатты өнім (R) - осы химиялық технологияны жүзеге асыруда көзделіп отырған өнім. Аралық өнім (жартылай өнім) - өндірістің бір немесе бірнеше сатыларынан кейін шикізатты қайта өңдеу процесінде қалыптасқан материалдар және келесі кезеңдерге арналған шикізат болып табылады.
Жанама өнім (S) – шикізатты өңдеу процесі барысында мақсатты өніммен қатар түзілетін, бірақ берілген өндірістің мақсаты болып табылмайтын материал.
Қалдықтар – табиғи шикізатты өңдеу нәтижесінде пайда болатын заттар мен өндірістік жарамсыз шығарылымдар
Химиялық-технологиялық жүйе (ХТЖ) – шикізат өнімге дейін өңдеуге арналған аппараттардың, машиналардың, басқа қондырғылардың (элементтер) және материалдық, энергетикалық ағыстардың (байланыстар) өзара біртұтас жиынтығын айтады