Қабылдаған: Ашықбаева Г. Орындаған: Сапарбек Ж. Тақырыбы: Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелеріне сипаттама
ЖОСПАР
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
- Педагогикалық қолдау технологиясына, әдістері, құралдары мен оның нәтижелеріне сипаттама
ІІІ. Қорытынды
ІV. Жағдаяттар
І. Кіріспе
Оқушының тұлға ретінде өзіне тән қабілеттерін дамытуға бағытталған тәрбие жүйесінің маңызды бөлігі мұғалімнің балаға психологиялық -педагогикалық қолдау жасап, баланың маңызды проблемаларын шешуде көмек көрсетуі болып табылады.
Оқушыларды педагогикалық-психологиялық қолдау және жетелеу технологиясының негізі Ресей педагогтарымен жасалған. Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының мағынасы балаларға жеке пробле-маларын шешуде, психологиялық денсаулығын сақтауда, табысты әлеуметтендіруде, тұлғаралық қарым-қатынаста жедел, тиімді көмек көрсетуге негізделген.
Баланы, оның жан дүниесін тану-тәрбиені жүйелі жүргізу болып табылады.
ІІ. Негізгі бөлім Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының көкейтестілігі ретінде мыналарды атар едім: - Баланың жеке қабілеттерін дамыту – өмір талабы; себебі күннен күнге алға қарыштап дамыған заман өзіне лайықты тұлға талап етеді.
- Өзіне-өзі сенімді, өзін-өзі бағалай алатын, тұрақты көзқарасы бар тұлға қалыптастыру – кез келген мұғалімнің маңызды проблемасы.
- Алдымызға келген бала қабілеттерін дер кезінде бағамдап, көмек көрсете білуімізден жеке тұлғаның дамуына бағытталған педагогикалық әсердің табыстылығы анықталады.
Педагогикалық-психологиялық қолдау технологиясының жүзеге асырылуына келетін болсақ, ол негізінен, оқушы мен мұғалімнің арасындағы өзара әрекетінің кезеңдері арқылы анықталады: - диагностикалық кезең – баланың қызығушылығын, мінез-құлқын, жеке басында болатынпроблемаларын зерделеу кезеңі;
- зерттеу кезеңі – оқушымен бірлесе отырып, анықталған проблеманы шешу жолдары қарастырылып, зерттеледі;
- келісім кезеңінде кез келген формада бала мен мұғалім арасында келісушілік, ортақ пікір, келісім жобасы жасалады;
- қызмет кезеңі – оқушы мен мұғалімнің өзара әрекетінің негізінде анықталған проблемаларды шешу, түзету, белсенді көмек көрсету, қолдау, яғни нағыз нәтижеге бағытталған жұмыс осы қызмет кезеңінде жүргізіледі;
- рефлексифтік кезеңде – баламен бірге қол жеткен табыстар мен сәтсіздіктер сараланады,өмірлік тәжірибеге қорытынды жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |