Қаратай Данагүл Екі шет тілі,109 топ Өзін-өзі бақылау, оның мақсаты мен міндеті.Өзін-өзі бақылаудың негізгі әдістері. Спортшының өзін-өзі бақылауы



Дата07.02.2022
өлшемі12,66 Kb.
#97194
Байланысты:
ДШ. Өзін-өзі бақылау оның мақсаты мен міндеті.Өзін-өзі бақылаудың негізгі әдістері.
ДШ. Өзін-өзі бақылау оның мақсаты мен міндеті.Өзін-өзі бақылаудың негізгі әдістері., Информатика 7 сынып

Қаратай Данагүл
Екі шет тілі ,109 топ

Өзін-өзі бақылау, оның мақсаты мен міндеті.Өзін-өзі бақылаудың негізгі әдістері.
Спортшының өзін-өзі бақылауы, спортшының дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануына байланысты өзінің дене жағдайын бақылауы. Спортшының өзін-өзі бақылауы-уақытша бақылаудың маңызды толықтырылуы, онымен қатар жүргізіледі. Спортшы түрлі жаттығулар мен жарыстардан кейін өзінің шаршау дәрежесін, спорттық жұмыс қабілетін, тәбетін, ұйқысын, көңіл-күйін қадағалайды. Сондай-ақ дене жағдайының нақты көрсеткіштерін: дене салмағын кезеңдік өзгерістерін, тамыр соғысының жиілігін және өкпенің ауа сыйымдылығының өзгерістерін, қол басының күшін өлшеуді жүйелі анықтап отыру да пайдаланылады. Спортшы қыздар бұдан басқа жаттығу сабақтары және жарыстармен байла-нысты гинекологиялық саладағы өзгерістерді де белгілейді. Тыныштық жағдайда да, сондай-ақ жаттығудан кейін де (қыздырыну, машықтану және басқа) мүмкіндігінше бір жағдайда (бір сағаттарда бір ғана құрамы дене жүктемелерінен кейін бірдей уақыт аралығында өлшеу жүргізіледі. Спортшының өзін-өзі бақылауы мәліметтері өзін-өзі бақылау күнделігінде белгіленеді оны әр спортшы жүйелі және уақытты жүргізуге тиіс. Күнделікте сондай-ақ өткізген жарыстары мен жаттығулары, спорттық нәтижелері, демалудың сипаты мен ұзақтығы туралы жазылуы керек. Спортшының өзін-өзі бақылауы күнделігінде дәрігер белгіленген емдеу-сауықтыру шаралары, оны спортшының орындауы мен нәтижелері де белгіленеді. Спортшының өзін-өзі бақылауы спортшыны өз денсаулығы қадағалауға, жеке гигиена ережелері режимді қатаң сақтауға, шамадан тыс жаттығу мен артық қиналуды болдырмау үшін дене жаттығуларын реттеуге үйретеді, оның мәліметтері дәрігерге спортшының жағдайын толықтай бағдарлауға, ал оның жаттықтырушысына - дайындықтың әр сатысындағы жаттығу жүктемесін дұрыс белгілеуге көмектеседі. Қыздыруда, спорттық жеке сабақтарды өткізуде жаяу, шаңғымен серуендеуде де спортшының өзін-өзі бақылауы пайдалы.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет