Ардагерлер-асыл ерлер!



Дата12.09.2020
өлшемі19,07 Kb.
#78134
түріПрезентация
Байланысты:
Ауған соғысының аяқталуының 31 жылдығы қарсаңында
sabaq-kz attachment rkeniet-el-mraty (1), задачи, Зертханалық жұмыс 14, Зертханалық жұмыс 14

Ауған соғысының аяқталуының 31 жылдығы қарсаңында "Ардагерлер-асыл ерлер!" атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу

 

                                       (Презентация көрсетіледі)



1 – жүргізуші

Құрметті қонақтар, Ұстаздар ,студенттер!15-ақпан Ауған жерінен Интернациолист жауынгерлердің шығарылғанына 31 жыл толуына байланысты ардагер ағаларымыздың құрметіне арналған «Ерлік ешқашан ұмытылмайды» атты кешімізге қош келдіңіздер!



2- Жүргізуші:.

Здравствуйте, дорогие друзья! 15 февраля 1989 года завершился вывод ограниченного контингента советских войск из территории Афганистана. Сегодня мы празднуем 31 год этой памятной даты.



1 – жүргізуші :

Мен қазақпын,

Ұланымын елімнің,

Мен қазақпын

тірегімін жерімнің.

Ұланымын туын көкке көтерген,

Болашаққа алға бастап жетелер.

Қиындығын қазағымның әрқашан

Қайыспайтын қара нардай көтерер.

2-жүргізуші:

С первых дней войны из-за высоких гор Гиндукуша    не поступало почти никаких сведений, лишь воздушные «чёрные тюльпаны», доставлявшие гробы, напоминали, что там идёт настоящая война и нашим ребятам служба выпала не из лёгких... Военные действия  в Афганистане продлились сто тринадцать месяцев, 3285 дней.



1- жүргізуші:

Өтер жылдар, айлар тағы алыстап

Тағдыр талай тауқыметін табыстар.

Өздеріңді жырлап өтер ұрпағың

Ауғандағы азап шеккен арыстар !

Өмір тоқтамайды, ерлік өлмейді, замандарға жалғаса береді.15-ақпан Тәуелсіз Отанымыз Қазақстан үшін атаулы күндердің біріне айналды бүгінде. Ортамызда жүрген ауғандық жауынгер ағалар, бейбіт өмірдегі жарқын істеріңіз, қоғамдық жұмыстарда белсенділіктеріңіз, түрлі кәсіпті игерудегі ерен еңбектеріңіз Қазақстан жастары үшін нағыз ерліктің шынайы үлгісі болып қала береді,біз сіздерге қарап бой түзейміз.



1-Жүргізуші:

Соғыс жан алып – жан беру

Соғыс халықтың басына келген қасірет, жұт

Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жыл толды!

Біз жастар, еліміздің сол соғысқа қатысқан ұлдарын  Отан алдындағы борыштарын  адал атқарған азаматтар деп құрмет тұтамыз.

Бүгінгі кездесу-жерлестеріміздің ауған соғысында көрсеткен ерліктерін еске алу мақсатында өткізіліп отыр.



Қонақтарды таныстыру:

  1. Галеев Тумар Абдулвалиевич-учередитель общественного фонда «Боевое бартство»

  2. Бердигалиев Жунускали Кузаирович

  3. Ваисов Амирхан

2-Жүргізуші:

Тех, кто служил в Афганистане, мы узнаем не только по орденским нашивкам на штатской одежде…Мы узнаем их по спокойным и твёрдым лицам. Это люди, на которых всегда можно положиться. Каждому хотелось бы иметь таких друзей, братьев, отцов, дедов.



1-Жүргізуші:

Жастық шақта жалын жұтып, қан кешкен, 


Жарқын дүние жанарынан сан көшкен. 
Ардагерлер-естелігі ерліктің, 
Ұрпақтары-бұтақтары, 
Қасиеттің, өсиеттің, ұмытылмас мәңгі естен. 

Бүгінгі кешіміздің құрметті қонақтары,ендігі сөз кезегі өздеріңізге беріледі.


2-жүргізуші:

Сақтады олар елін, жерін, қонысын 


Ақтады олар азаматтық борышын 
Сол үшін де қолтығынан сүйейік, 
Ардагерге-майдангерге 
Иейік біз барлық жерде 
Басымызды сол үшін. 

Құрметті студенттер ,өмірі ерлік пен аңызға толы ағаларыңызға сұрақтар қоюларыңызға болады.(Қонақтарға сұрақтар қойылады.)

1-Жүргізуші:

Отан алдындағы борыштарыңызды өтеп,Ауған соғысында көрсеткен ерліктеріңіз әрқашан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болып қала бермек!

Рахмет сіздерге!

1-жүргізуші:

Біздің ерлер соғысқа енді бармасын,

Бар әлемде бейбітшілік орнасын!

Елбасының көрегенді жолымен

Отанымда жаңа ғасыр орнасын!

2-жүргізуші:     Мы гордимся Вами и будем помнить! Дорогие воины-афганцы !

Мы говорим Вам: до новых интересных встреч!



Қош сау болыңыздар!

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет