Қарғалы ауданының әкімі Рахат Сыдықовтың Қарғалы ауданының



Дата18.03.2017
өлшемі330,85 Kb.
#11877
Қарғалы ауданының әкімі

Рахат Сыдықовтың «Қарғалы ауданының

2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2016 жылға арналған міндеттері туралы» есепті баяндамасы

Құрметті қарғалылықтар!

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткізілетін жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдердің есептік кездесулері өткен жылдың бір белесі ғана емес, сондай-ақ атқарылған істердің сапа өлшемі, қолданыстағы жобаларды бағалау мен келешек жоспарларды түзету болып отыр.

Қазақстандықтар, оның ішінде қарғалылықтар үшін өткен жыл ең алдымен ел Президенті ұсынған Қазақстанның даму жолына бұдан әрі де ой түюге және мемлекетті жаңа деңгейге ауысуға дайындауға бағытталған стратегиялық құжаттарымен есте қалды. Осы бағдарламалық құжаттар 2015 жылы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізі құжаттарына айналса, енді 2016 жылы дамуымыздың негізі болмақ.

Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы әлемдік дағдарыс жағдайындағы маңызды және уақытылы шыққан құжат болды. Онда Н.Ә.Назарбаев күрделі экономикалық жағдайдан шығудың жолдарын айқын белгілеп берді.Жолдауда тиісті құрылымдық өзгертулер жүргізу арқылы әлеуметтік-экономикалық саланы сақтау мен әрі қарай жетілдірудің берік негізі қаланған.

Біз бес маңызды бағыттар бойынша жұмыстарды бастадық, атап айтсақ: қаржы секторын тұрақтандыру, бюджеттік саясатты оңтайландыру, экономикалық бәсекелестікті жекешелендіру мен ынталандыру, жаңа инвестициялық және әлеуметтік саясатты жүргізу.

Біз дағдарыс көріністеріне қарсы тұрудың тиімді механизмін алдық, әлемдік дағдарыстан жаңарып, өз дамуымызда жаңа қадамдарға дайын болып шығуға сеніміміз мол. Ұлт Көшбасшысы айтқандай, «Келе жатқан күрделі кезең, біз үшін қиындықты жеңу кезеңі болмақ. Біз міндетті түрде жаңа ауқымды дағдарысты жеңеміз. Ол үшін біздің тұтасқан жігеріміз, халқымыз бірлігінің берік салттары бар. Біз Қазақстанды жаңа даму белестеріне алып шығамыз!»

Мемлекет басшысы «Жүз нақты қадам» атты Ұлт жоспарында бес президенттік реформаны белгілеп берді: кәсіби мемлекеттік аппаратты құру, Заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустриаландыру мен экономикалық өсім, біртектілік пен бірлік, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру. Бүгінгі күні біз Бес институциялдық реформаларды орындау шеңберінде Отанымызда өтіп жатқан атаулы оқиғаларға қатысушылар мен куәгерлеріміз. Ұлт жоспарын орындау Еліміздің дамуында ауқымды қадам жасауға және Қазақстанды жаңа әлеуметтік-экономикалық деңгейге, қоғамдық-саяси қатынастарға шығаруға тарихи мүмкіндік береді, мұның растығына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары-қазақстандық арманға бастайтын жол» атты мақаласы дәлел. Бұл мақалада Елбасы біздің дамуымыз, ортақ мақсатымыз туралы нақты айтып берді және «Біз көптеген сынақтарға абыройлы төтеп бердік, шынықтық, рухымызды күшейттік. Біз жаңа Қазақстанды- Ұлы Дала Елін құрдық. Ұлт жоспарын орындай отырып, біз өзіміздің Ұлттың Өрлеу Дәуірінің көкжиектерін кеңейтеміз, өзіміз Тәуелсіздік жылдары ішінде қол жеткізген және бізге жаһандық даму берген барлық мүмкіндіктерді пайдаланамыз. Бүгінде әлемде өзінің жалпыұлттық арманын ұмыт қалудың жүзжылдығынан шыға отырып, әлемнің ең ұлы ұлттарымен бір қатарда тұру тұрғысында бейнелейтіндер кем де кем.Біз Қазақстанның осынау тарихи тағдырына сенеміз»-деп тұжырымдау әркімнің қолынан келе қоймас.

Биыл біз тарихи оқиға Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтеміз. Тарихи санаудағы осы қысқа мерзім ішінде мемлекетіміз Орталық-Азия өңіріндегі экономикалық көшбасшы бола алды. Өз дамуын демократия мен әлеуметтік әділдік жолымен жалғастырып отырған тәуелсіз, бейбіт сүйгіш мемлекет ретінде Қазақстанды әлем танып білді. Ел дамуына қарғалылықтар да айтарлықтай үлестерін қосты.

Ауданның 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуын қорытындылай келе, тұрғындардың еңбексүйгіштіктерінің, жақсы өмір сүруге талпыныстарының арқасында бірқатар табыстарға жетіп, еліміздің экономикалық дамуына айтарлықтай үлес қосқанымызды атап өту керек.

2015 жылы өткен есепті кездесулерде тұрғындармен 7 сұрақ көтерілді, оның ішінде 5-і орындалды, 2-і бақылауға алынды.

Есепті жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мына сапалық және сандық көрсеткіштермен сипатталады.

Ауыл шаруашылығы
Аудан экономикасының басты секторы агроөнеркәсіп кешені болып табылады.

Ауыл шаруашылығы саласында 16 заңды тұлға мен 164 шаруа қожалықтары тіркелген. Оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірумен тек 12 ЖШС және 89 шаруа қожалығы айналысады,

Ауа-райының қолайсыздығы соңғы бірнеше жыл бойы ауыл шаруашылығы өндірісінің өсу қарқынына кері әсерін тигізбей қоймады.

Әсіресе өсімдік шаруашылығымен айналысушылар айтарлықтай шығындарға ұшырады.

Сол себепті есепті жылы ауданның ауыл шаруашылық тауар өндірушілері мал шаруашылығымен және көкөніс өсірумен айналысты.

2015 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісінен түскен өнім 8258,9 млн. теңгені құрады. Физикалық көлемінің индексі 100,4 пайыз.

Жоғарыда айтылғандай, ауа райының қолайсыздығы дәнді дақылдардың түсіміне де айтарлықтай әсер етті, бірақ соған қарамастан жиналған астық өнімі жаман болған жоқ-35 795 тонна, орташа түсім - гектарынан 5 ц.

Жалпы дәнді дақылдардың егіс алқабы 73,3 мың гектар, бұл өткен жылмен салыстырғанда 26,1мың гектарға кем.2016 жылы ауданға себілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының көлемін 100,8 мың гектарға жеткізу тапсырмасы берілді.Қазіргі заманға сай ылғалсақтаушы технологияларды пайдаланбай, дәнді дақылдарды суармай өсіру көпшығынды өндіріс екендігін айтып өткен жөн. Сондықтан көптеген шаруашылықтар егін егуден бас тартады немесе егістік алқаптарын азайтады. Бүгінгі таңда пайдаланылмайтын егістіктің жалпы аумағы 11 мың гектарды құрайды. Оның ішінде тек Әлімбет селолық округінің бір өзінде 4300 гектер жер пайдаланылмайды.

Жасалған анализ шағын шаруа қожалықтарының жұмысының өз деңгейінде еместігін көрсетті, ескірген ауыл шаруашылығы техникасы, сондай-ақ, агрономиялық шаралардың жүргізілмеуі ауыл шаруашылығы өндірісінің құлдырауына әкеліп соғады. Сондықтан бірлесіп шаруа қызметін іске асыру үшін шаруалар ерікті түрде қосылып, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құрулары қажет.

2015 жылы жүргізілген түгендеу жұмыстарының нәтижесінде жалпы көлемі 7700 га 7 жер телімі, оның ішінде тыңайған 1581 га жер ауданның босалқы жер қорына кірістірілді. Топырақты агрохимиялық тексеру нәтижесі бойынша аудандағы 8 жер пайдаланушының жерлерінің азып-тозғаны анықталып, облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасы жалпы көлемі 158,6 мың теңгеге әкімшілік айыппұлдар салды.

Сонымен қатар жалпы көлемі 39388 га аумақты иеленіп, мақсаты бойынша пайдаланбайтын 5 жер пайдаланушыға шара алу үшін материалдар берілді.

Суармалы жерлермен айналысудың, суармалы жерді пайдаланудың бұрынғы жүйесін қалпына келтіру қажеттілігі туындап отыр, мұндай жерлер ауданда 6,3 мың гектарды құрайды. Оның ішінде пайдаланылатыны тек 1 765 гектар. 2016 жылы 2205 га пайдалану жоспарланып отыр, оның 440 га суармалы жерлерін айналымға ендіру арқылы, оның ішінде 879 га картоп, 484 на көкөніс және бақша дақылдары, 282 га жем-шөп дақылдары және 560 га басқа дақылдар.

870 гектар жерден (халықты есептегенде) 11 400 тонна картоп өндірілді, орташа түсім гектарына 134,6 ц. Есепті кезеңде картоп және көкөніс өндірумен 4 ЖШС және 11 шаруа қожалығы айналысты. Үздік нәтижелерге қол жеткізген Желтау селолық округінің шаруа қожалықтары, түсімі «Пайда» шаруа қожалығында гектарына 310 ц. және «Алем+» шаруа қожалығында гектарына 250 ц.

Жемді дақылдар 8,5 мың гектар жерде өсірілді, ол негізінен біржылдық шөптер. Майлы дақылдар аумағы ұлғайды және есепті кезеңде 4,1 мың гектарды құрады. Ауданның мал шаруашылығымен айналысатын тауарөндірушілері жем қажеттілігін толығымен қамтамасыз етеді. Екі айлықтың қорытындысы бойынша 54900 тонна шөп дайындалды.

Қолда бар жемдік қор ауданда мал шаруашылығы саласын кеңейтуге мүмкіндік береді. Алайда, мал шаруашылығы саласының даму қарқыны жақсартуды қажет етеді. Айтатын болсақ, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына қарағанда малдың барлық түрлерін қосқандағы саны 31816 бас, оның ішінде тек жылқы мен шошқа басы 7,6 пайызға өскен. Тиісінше, ет өндірісінің көлемі өткен жылдың деңгейінде қалып отыр, яғни 6570 тонна немесе өсім бар болғаны 0,1 пайыз. Аудан шаруашылықтарының барлық санатында сүт өндірісінің қарқыны 2014 жылмен салыстырғанда 1,4 пайызға төмендеген.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 110 бас мүйізді ірі қара малы, «Құлан» бағдарламасы бойынша 158 бас, «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 275 бас сатып алынды.

Сондай-ақ, ауданда мал шаруашылығын дамытуға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту шаралары жәрдемдесуі тиіс. Есепті кезеңде қоғамдық ірі қара малдарын өсіру үшін 34 асыл тұқымды бұқа сатып алынды. «КосИстекАгро» ЖШС-і 10 бас және «Ардағым» шаруа қожалығы 6 бас жылқы, «Степное» ЖШС-і 30 бас асыл тұқымды қошқар сатып алды.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес ауыл шаруашылығы малдарының бірыңғай есебін жүргізу үшін аудан аумағында барлығы 12312 бас мал бірдейлендірілді.

Аса қауіпті аурулардың таралуын болдырмау үшін малдарды тексеруден өткізу жұмыстары жалғастырылды. Бруцеллез ауруына 30039 бас мал тексеруден өткізілді, оның ішінде 60 бас ауру мал анықталып, санитарлық ережелерге сәйкес жойылды.

Ауданның ауыл шаруашылығы қүұрылымдары көктемгі егіс жұмыстарына дайындықты бастады. Егістікке 40,8 мың гектар жер әзірленді, оның ішінде 24,7 мың гектар сүдігер жерлер, 16,1 мың гектар күздік жерлер.

Егістік алқаптардың алдын-ала құрылымына сәйкес 77,2 мың гектар дәнді, 4,3 мың гектар майлы, 9,2 мың гектар жемдік дақылдар, 879 гектар картоп, 470 гектар көкөніс, 14 гектар бақша дақылдарын егу жоспарлануда.

Дәнді дақылдардың тұқымына қажеттілік 103 пайызға қамтамасыз етілді немесе 8729 тонна тұқым құйылды, оның ішінде бидай 6841 тонна, арпа 1845 тонна. Тұқым сапасы 80 пайызға тексерілді, оның ішінде 1 сынып-5003 тн, 2 сынып-674 тн, 3 сынып-775 тн.

Ауданның жағдайы дәнді дақылдардың жоғары шығымдылығына қол жеткізу үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға ерекше әдістерді қолдануды талап етеді. Осыған байланысты қар тоқтатуды жүргізу жөніндегі агрономиялық шаралар аумағын ұлғайту қажет, бүгінгі күні 3000 га ғана қар тоқтату жүргізілген.

Есепті жылы ауыл шаруашылығы саласында 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Ол құны 90,0 млн. теңге тұратын «ДиЛэнд» ЖШС астық кептіру кешені және «Ақ сүт» шаруа қожалығының ешкі сүтін құю жөніндегі шағын цехы.

2016 жылға 3 ірі жоба жоспарланып отыр: «Жаңа тұрмыс» шаруа қожалығы- 100 бас сименталь тұқымды сиыр малына арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысы; Жеке кәсіпкер А.Сансызбаевтың - Қосестек ауылында жеміс-жидек бау-бақшасын құруы; «АПК»Запад» ЖШС - қуаттылығы жылына 5 мың тонна бройлер етін өндіру жөніндегі құс фабрикасының құрылысы.

Бағаны тұрақтандыру және аудан тұрғындарын өз өнімдерімен қамтамасыз ету шеңберінде ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Барлығы 11 жәрмеңке өткізілді, оның ішінде 6 аудандық. Сонымен қатар біздің тауар өндірушілеріміз 4 облыстық және 1 республикалық жәрмеңкеге қатысты. Жалпы сомасы 21,5 млн. теңгеге ет, сүт өнімдері, жұмыртқа, картоп және көкөніс сатылды.



Міндеттер:

1. Мал басының барлық түрлерін көбейту және тұқымдарын жақсарту мақсатында мал шаруашылығын дамыту бағдарламаларына қатысу жұмыстарын жандандыру.

2. Егістік алқаптардың жалпы аумағын 110,8 мың гектарға, суармалы жерлер көлемін 2205 гектарға жеткізу. 2017-2018 жылдары суармалы жерлер аумағын 4949 га ұлғайту.

3. Аудан аумағында бір сервисті-дайындау орталығын және әр селолық округте ауыл шаруашылығы өндірісінің кооперативтерін құру жұмыстарын жүргізу.

4.Отбасылық шаруа қылу түрлерін құру мен дамытуға жан-жақты жәрдем ету.

5.Аудан мен қала халқын картоп және көкөністермен қамтамасыз ету үшін тұрақтандыру қорын қалыптастыруды ұйымдастыру.

6.Қосестек ауылдық округінде модульді мал сою цехын пайдалануға беру.

7.Ауылдық округтерде жұмыс істемей тұрған мал сою алаңдарын қалпына келтіру.


Өнеркәсіп
Есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі 1740,0 млн. теңгені құрады немесе өткен жылдың деңгейімен салыстырғанда 100 пайыз. Өсу қарқынының болмауы бірінші кезекте «Ақтөбе-Темір ВС» ЕК» ЖШС-ң жұмыс нәтижесіне байланысты, себебі кәсіпорын өткен кезеңде тек темір рудасын ұнтақтаумен және тиеумен айналысты. Кәсіпорын 166 млн. теңгеге 48 мың тонна темір қоспасын өндірді және ішкі нарық тұтынушыларына 197,2 мың тонна руданы тиеп, жөнелтті.

«КТП» ЖШС-і қиыршық тастарды өндіру, қайта өңдеу және тасып шығару жұмыстарын жүргізді. Кәсіпорынмен барлығы 82,6 мың тонна фракциялық қиыршық тас өндірілді.

«Степное» ЖШС-ң қайта өңдеу цехтары 337,0 млн. теңгенің өнімін өндірді, ол өткен жылдың көрсеткіштеріне 90 пайыз. Себеп- бидайдың болмауына байланысты ұн өндіру 5 есеге төмендеген.

Міндеттер:

1. Ащылысай ауылдық округінің аумағында қуаттылығы жылына 1 млн.тонна болатын «Көктас» АҚ цемент заводының құрылысы және Желтау селолық округінде «Запад» АӨК» ЖШС жылына қуаттылығы 5,0 мың тонна құс фабрикасы құрылысы бойынша жобаларды жүзеге асыруға қажетті жәрдем ету.

2.Табиғат пайдалану және табиғат ресурстарын реттеу басқармасымен бірлесіп аудандағы кен орындарында жұмыс істеуге келісімдері бар, бірақ бірнеше жылдан бері қызметті іске асырмай отырған жер қойнауын пайдаланушылармен көзделген жобаларды жүзеге асыру мерзімдерін нақтылау жұмыстарын жүргізу.

Аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 1698,0 млн. теңге немесе 2014 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 102,0 пайыз.


Бюджет
Есепті кезеңде аудандық бюджетке болжанған 487,2 млн. теңгенің орнына 502,1 млн. теңге түсті немесе болжам 103,1 пайызға орындалды.

2014 жылмен салыстырғанда өсім қарқыны 105,4 пайызды құрады немесе 25,8 млн. теңге. Жер салығы мен мүлік салығынан 122,1 млн. теңге түсті,ал көлік құралдары салығынан түскені 24,7 млн. теңге.

Жыл бойы қосымша резервтерді анықтау жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде аудандық бюджетке 39,4 млн. теңге түсті, оның ішінде камералды бақылау бойынша 8,7 млн. теңге; тексеру комиссиясының қорытындысы бойынша 2,3 млн.теңге; мүлікті қайта бағалау бойынша 3,2 млн. теңге.


Кәсіпкерлік
Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс жасайтындар саны 4145 адам, өсім өткен жылмен салыстырғанда 0,5 пайыз. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 788 бірлікті құрайды немесе 110 пайызға өскен. Бір жылда 144 жаңа бизнес субъектілері тіркелді, оның ішінде 10 ЖШС-і, 6 шаруа қожалығы, 128 жеке кәсіпкер.

Ауданның шағын және орта бизнес субъектілерінен 388,7 млн.теңге мөлшерінде салық түсті немесе өткен жылмен салыстырғанда 149,7 пайыз.

Жыл басынан бастап ауданда 9 жаңа бизнес субъектісі ашылды: 3 дүкен, сұлулық салоны, монша, пеноблок шығаратын шағын цех, ет павильоны және т.б.

Бизнес субъектілерімен барлығы 154 жаңа жұмыс орындары ашылды.

Бизнес ашу мен дамытуға алынған несиелердің жалпы сомасы 302,1 млн. теңге. Жобалардың басым бөлігін қаржыландырған «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау Қоры» -69 жоба сомасы 108,4 млн. теңге.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау түрінде мемлекеттік қолдауды 5 жоба алды, оның ішінде 1- нысан құрылысына, 3- негізгі құралдарды сатып алуға, 1- айналым қаражаттарын толықтыруға.



Міндеттер:

1.Әр ауылдық округте шағын наубайхана ашуға ықпал ету.

2.Қайта өңдеу цехтарын ашу жұмыстарын жүргізу: 2016 жылы-2 (сүт, етті қайта өңдеу бойынша), 2017жылы-2, 2018 жылы-2 цех.

3.Жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының құрылысына ықпал ету: 2016 жылы- 1 нысан (Ащылысай ауылдық округі), 2017 жылы-2 нысан (Әлімбет, Желтау ауылдық округтері).

4.Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімімен бірлесіп ауданда ауыл туризмін дамыту жөнінде жұмыстар жүргізу: турбаза құрылысы, жазғы демалыс аймағын құру.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және

автомобиль жолдары саласы
Қарғалы ауданының аудандық маңызы бар ұзындығы 43 км Бадамша-Степное автомобиль жолын орташа жөндеуге облыстық бюджеттен 46 млн. теңге бөлініп, орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес орташа жөндеу жұмыстарын 2016 жылы толық аяқтауға облыстық бюджеттен 135,0 млн.теңге қаржы сұранысы жасалынды.

Өткен жылы Бадамша ауылындағы көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 3,7 млн.теңге бөлініп, 1,6 млн.теңгеге 5 көшеге қиыршық тастар төселді. 5 көше жолдарын жөндеу жұмыстарын толық аяқтау және Бадамша ауылының басқа да көше жолдарын ағымдағы жөндеуден өткізу жұмыстары 2016 жылы жалғасын табады.

2016 жылы жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қарғалы ауданының елді мекендерінің ауыл ішілік жолдарына 174 жол белгілері орнатылады.

Қарғалы ауданының аудандық маңызы бар автокөлік жолдары 259 км құрайды. Автокөлік жолдарының барлық бағыттарында қысқы мезгілде қалыпты ұстау жұмыстары жүргізілуде. Қалыпты ұстау жұмыстарына 2016 жылға аудандық бюджеттен 20 млн.теңге бөлінді.

«Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Бадамша ауылының жылу жүйелерін қайта жаңартуға Ұлттық қордан 171 млн. теңге бөлінді. Жылу жүйелерін қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу 5 ай мерзімге белгіленген. Келісім-шартқа сәйкес қайта жаңарту жұмыстары 2016 жылдың тамыз айында аяқталады.

Бадамша ауылындағы қолданыстағы жылу жүйесінің айналымын тұйықтап қосу құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасақталып, мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

Аудандық бюджеттен жыл ішінде 44,3 млн. теңге бөлініп Қарғалы ауданының орталықтандырылған жылу, су, кәріз жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауын қамту мақсатында «Бадамша-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны арқылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қондырғылар сатып алынды.

Жобалық құны 223,9 млн. теңге Жосалы елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жарақтандыру жұмысын 2017 жылы жүзеге асыру жоспарланса, жоба құны 249,8 млн. теңге Ақкөл елді мекенінің сумен қамту жүйесін қайта жарақтандыру жұмысы 2018 жылы жүзеге асырылады.

2015 жылы Қосестек, Ақжайық елді мекендерінің жерасты суын зерделеу жұмыстары аяқталды.

Бозтөбе, Кемпірсай және Сарыбұлақ елді мекендерінің жерасты суын зерделеу жұмыстары жүргізілуде, 2016 жылдың желтоқсан айында аяқталады.

Қарғалы ауданының Қосестек ауылына жеткізуші газ құбыры құрылысы жүргізілді. Ақтөбе облысы әкімдігі және «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамы арасында жасалған меморандумға сәйкес 2016 жылы Қосестек ауыл ішілік газ құбыры құрылысы жүргізіліп, пайдалануға беріледі.

Осы аталған меморандумға сәйкес құны 256 млн. теңгеге Қарғалы ауданының Кемпірсай және Жосалы елді мекендеріне жеткізуші газ құбыры құрылысы 2017 жылы жүргізіледі.

2016 жылы Кемпірсай бекетін жеткізуші және ауыл ішілік газ отынымен қамтуға облыстық бюджеттен 21 млн. теңге бөлу жоспарланды.

Әкімшілік және әлеуметтік нысандарды жылумен қамту мақсатында 2015-2016 жылдарғы жылыту маусымына 2872,6 тонна дизель отыны, 196 тонна қатты отын тасылды.

Елді мекендерді электр қуатымен тұрақты қамту мақсатында Бадамша ауылында орналасқан тозығы жеткен 5 трансформатор қондырғысын және Жосалы ауылында орналасқан 6 трансформатор қондырғысын жаңа электр қуатын тарату трансформатор қондырғыларымен ауыстыруға және толықтай жөндеуден өткізуге аудандық бюджеттен 14,7 млн. теңге бөлінді. Жұмыстар ағымдағы жылдың наурыз-мамыр айларында жүргізіледі.

Міндеттер:

1.Қосестек ауылын газбен қамтамасыз ету.

2.Кемпірсай бекетін газға қосу.

3.Бадамша, Петропавл және Ш.Қалдаяқов ауылдарындағы көше жолдарына орташа және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

4.Кемпірсай және Жосалы елді мекендеріне жеткізуші газ құрылысын 2016 жылы аяқтау.

5. Бадамша ауылындағы биылғы жоспарға сәйкес қолданыстағы жылу жүйесінің құрылысын аяқтау. Айналымын тұйықтап қосу құрылысына жобалық-сметалық құжаттарды аяқтау.

6. Жосалы, Ақкөл елді мекендерінің сумен қамту жүйесін қайта жарақтандыру жұмыстарын 2017 жылдың жоспарына енгізу.

Құрылыс
Аудан бойынша есепті кезеңде барлығы 32 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, оның ішінде 4-жалдамалы –коммуналдық және 28 жеке тұрғын үй. 3 бірпәтерлі жалдамалы-коммуналдық тұрғын үй Бадамша ауылында және 1 үй Петропавл ауылында салынды. Аталған үйлерге сыртқы инженерлік-коммуналдық желілер жүргізілген.

Тұрғындардың жеке қаражаттарына салынған 28 үйдің жалпы аумағы 4123 шаршы метрді құрайды. Аудан орталығында 14, Желтау ауылдық округінде-10 және Қосестек ауылында 4 үй салынды.

Степной мен Қайрақты ауылдарындағы әлеуметтік нысандарды газбен жабдықтау жүйелеріне қосу жөніндегі құрылыс жұмыстары аяқталды.

Ш.Қалдаяқов, Петропавл және Қосестек ауылдарының бас жоспарлары және Ащылысай, Ақкөл, Әлімбет, Степной, Жосалы, Кемпірсай ауылдарының нақты жайғастыру жобаларымен біріктірілген бас жоспарлары әзірленді. Құжаттамалар барлық келісулер мен сараптамалардан өтті, енді аудандық мәслихат сессиясында үстіміздегі жылы бекітілетін болады.

2016 жылы Әлімбет ауылындағы 100 орындық мектеп және 75 орындық бала бақша, Ш.Қалдаяқов және Қосестек ауылдарында 150 орындық ауылдық клуб, сондай-ақ 86 пәтерлі 13жалдамалы-коммуналдық тұрғын үйлер,Бадамша ауылында олардың біреуі-60 пәтерлі 5 қабатты үй, 8 пәтерлі 2 екі қабатты үй, 3 бір пәтерлі үйге; Петропавл ауылында 4 бір пәтерлі үйге, Қосестек ауылында 2 бірпәтерлі үй, Ащылысай ауылында 1 бірпәтерлі үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды.

Міндеттер:

1. Жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленген нысандардың құрылысына кірісу.

2. Петропавл ауылындағы тұрғын үй массивіне сыртқы инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысын аяқтау.

3.Петропавл ауылындағы 500 тұрғын үйдің Бас жоспарына сәйкес құрылыс үшін инфрақұрылымды тартуға жобалық-сметалық құжаттарды дайындау.



Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту
Есепті жылы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмысқа орналасу жөнінде 790 адам жүгінді, оның ішінде «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша-210 адам.

Жыл ішінде қоғамдық-ақылы жұмыстарға 293 жұмыссыз жіберілді, еңбекақыларының жалпы көлемі 13,2 млн.теңгені құрады.

Әлеуметтік жұмыс орындарына 155 жұмыссыз жіберілді, еңбекақы көлемі 15,3 млн.теңге, 16 адам «Жасыл ел» жобасы бойынша, 4- «Жасөспірімдер мен жастарға арналған аулалық клубтарға қатысу» жобасы бойынша жұмыс істеді.

Жыл ішінде 18 жасқа дейінгі балалары бар 197 отбасына 8,2 млн.теңге жәрдемақы тағайындалды, ол отбасыларда барлығы 476 бала бар.

Тұрғын үй көмегі 1039 отбасына 20,9 млн.теңгеге тағайындалды.

Ауданда 490 мүгедек тіркелген, барлығы қажетті гигиеналық, техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. 25 мүгедек санаторлық-курорттық емделуге жолдама алды. Жыл ішінде 18 мүгедек жұмысқа орналастырылды. Мысалы, мүгедек Р.Батырбаев Сазды орта мектебіне күзетші болып, Ғ.Тержанов-«Алла» ш/қ, Б.Қарабаев пен Б.Келмағамбетов «Аслан» ш/қ 3 пайыздық квотамен жұмысқа орналастырылды.

Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай 451 ҰОС қатысушылар мен тыл еңбеккерлері тиісті материалдық көмектерді алды.

Әлеуметтік маңызы бар аурулармен ауыратын, аудандық ауруханада есепте тұрған тұлғаларға 8,0 млн.теңгеге материалдық көмек көрсетілді, оның ішінде онкологиялық аурулармен 58 адам, туберкулезбен ауыратын-26 адам.



«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру
«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыруға 80,4 млн.теңге қарастырылды, ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қаражаттары есебінен 110,7 млн.теңге игерілді.

Бағдарламаға қатысушылар саны 212 адам, оның ішінде жұмыссыздар 118 адам, өзін-өзі қамтушылар 94 адам, аз қамтылғандар 6 адам.



Бірінші бағыт бойынша есепті жылы «Айгөлек» бала бақшасын күрделі жөндеуге, қоршауды алмастыру және сыртқы жарықтандыру жұмыстарын жүргізуге 9,9 млн.теңге, Петропавл ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуге 10,4 млн.теңге қарастырылды.

Бұл нысандарға 10 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде Жұмыспен қамту орталығы арқылы 6 адам. Орташа еңбекақылары 50,0 мың теңгені құрады.



Екінші бағыт бойынша 54 адам 76,2 млн.теңгеге несие алды. Олардың ішінде 22 адам өз ісін ұлғайтуға, 32 адам өз ісін ашуға алды. Бағдарлама шеңберінде келесі жобалар жүзеге асты: жүк және жолаушылар тасымалы, техникалық қызмет көрсету станциясы, сұлулық салоны, тігін және жиһаз цехтары, жеміс-жидек бау-бақшасын құру, мал шаруашылығы мен қой шаруашылығын дамыту және т.б.

Есепті жылы үшінші бағыт шеңберінде 17 бағдарламаға қатысушы оқытуды аяқтады, оның ішінде 8 газ нысандары жабдықтарын пайдалану технигі, 4 электрші-техник, 2 мал дәрігері, 3 технолог-техник. Олардың 13 тұрақты, 1 уақытша жұмысқа орналастырылды. 1 ЖШС, 7 шаруа қожалығы, 19 жеке кәсіпкер жасалған 58 келісімге сәйкес 59 адамға әлеуметтік жұмыс орындарын құрды, 5,5 млн.теңге игерілді.

Жастар Практикасын ұйымдастыру
Жастар Практикасынан өтуге жұмыс берушілермен 35 келісім шарт жасалды.Заңгер, ветеринарлық фельдшер, дизайнер, экономист, педагог, шаштараз, орманшы және т.б. мамандықтар бойынша оқу орнының 38 түлегі жастар практикасына жіберілді. Бұл мақсатқа 4,4 млн.теңге бөлініп, игерілді.

Өткізілген 9 бос орындар жәрмеңкесі бойынша 20 адамға жұмысқа тұруға жәрдем етілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде мемлекеттік қолдау шаралары туралы азаматтардың ақпараттандырылу деңгейін арттыру мақсатында облыста 13 мобильді топ құрылып, барлық селолық округтерде тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Міндеттер:

1. Петропавл ОМ, Пацаев ат.ОМ және Ш.Қалдаяқов ауылындағы «Бөбек» бала бақшасын күрделі жөндеу кезінде 47 жаңа жұмыс орындарын құру, олардың ішінде 24 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы.

2. Әр селолық округтен кем дегенде 80 өзін өзі қамтитын адамды 90,0 млн.теңгеге несиелендірумен қамту, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 14,0 млн.теңгені игеру.
Білім саласы
Ауданның білім саласында 28 мекеме бар, олардың 17-жалпы білім беретін мектептер, 6-мектепке дейінгі мекемелер, 2-қосымша білім беру ұйымы, 1 –түзету кабинеті, 1 –ҰБТ пункті, 1-агротехникалық колледж.

Мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеу қызметін 18 ұйым көрсетеді, онда 928 бала қамтылған, оның ішінде:

-6 бала бақшада 658 бала;

-4 мектеп-бала бақшада 131 бала;

-8 шағын орталықта 139 бала.

Мектепке дейінгі оқытумен балалардың 82 пайызы қамтылған. Бала бақшаларға 1,5 жастан 5 жасқа дейінгі кезек тек аудан орталығында ғана бар-74 бала.

Ауданның 17 жалпы білім беретін мектептерінің 10-орта, 5-негізгі, 2 бастауыш, екеуі қазақ тілінде, 3 орыс тілінде, 12 аралас тілде оқытатын мектептер.

Есепті жылы шығындарды оңтайландыру шеңберінде оқушылар санының азаюына байланысты Первомай мен Нововведен бастауыш мектептері жабылды, Мамыт негізгі мектебі бастауыш мектеп, Красное поле орта мектебі негізгі мектеп мәртебесін алды. Сонымен қатар «Аула клубы» мен «Оқушылар үйі де» қосылу арқылы қайта ұйымдастырылды.Оқушылардың бүгінгі күні жалпы саны 2279 баланы құрайды.

Есепті жылы «№ 2 Бадамша орта мектебі» ММ жанынан 150 орындық ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пункті ашылды.

Кабинеттерді жабдықтау үшін талаптарға сәйкес 2,8 млн.теңгеге жабдықтар сатып алынды.Дегенмен бірінші ҰБТ қорытындысы аудан үшін жоғары болмады. Жалпы орташа балл аудан бойынша 69,8 баллды құрады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 11,1 баллға төмен деген сөз.

ҰБТ тапсыру нәтижесі Бородин ОМ/ББ (56 балл), № 2 Бадамша ОМ (64,3 балл), Қосестек ОМ (67,5 балл) жалпы аудандық нәтижелерден де төмен болды. Жақсы нәтиже көрсеткен Красное поле ОМ (98,5 балл), Әлімбет ОМ/ББ (86,0 балл), Пацаев ат.ОМ (78,7 балл) түлектерін атауға болады.

Педагог кадрлармен қамтамасыз етілу

Оқыту мен тәрбиелеудің сапасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштерге педагогтардың біліктілік деңгейінің көрсеткіштері жатады. Ауданның жалпы білім беретін мектептері мен мектептен тыс мекемелерінде 536 педагог жұмыс істейді, оның ішінде 428-жоғары білімді, 100-орта арнайы білімді, 8 аяқталмаған жоғары білімді. 75 педагогтің жоғарғы санаты бар, бұл мұғалімдердің 14,2 пайызы, бірінші санатта-140, екінші санатта-141, санатсыз-180 педагог немесе 33 пайызы жұмыс істейді.

Жас мамандарды жұмысқа тартуға ерекше көңіл бөлінеді. Қарғалы ауданын білікті мамандармен қамтамасыз етуге мектеп оқушылары арасында кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілуде. Есепті жылы білім беру мекемелеріне 18 жас маман қабылданды, оның ішінде 9 маман аудан мектептерінің түлектері.

Қосымша білім беру мекемелері

Ауданда 2 қосымша білім беру мекемесі жұмыс істейді: олар аула клубы мен аудандық өнер мектебі. Мектеп жасындағы балаларды қамту 56 пайыз. Оқушылар үстел теннисі, тоғыз құмалақ, футбол, баскетбол, шахмат, қазақша күрес сияқты әртүрлі үйірмелерге қатысады.

Үйірмеге қатысушылар түрлі облыстық, республикалық олимпиадалар мен конкурстар, көрмелер мен фестивальдарға белсенді түрде қатысады. 54 оқушы-облыстық шаралардың, 36-республикалық конкурстардың, 23-халықаралық конкурстардың жеңімпаздары болды.

Аудан бойынша 64 түрлі секция жұмыс істейді, онда 1194 бала шұғылданады. Барлық мектептерде спорт алаңдары бар, спорт жабдықтары жыл сайын жаңарып тұрады. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған шараларды өткізуге ерекше көңіл бөлінеді.



Ақпараттандыру және материалдық база

Оқу процесін ұйымдастыруда оқыту кабинеттері маңызды роль атқарады. Бүгінгі күні мектептерде 15 физика кабинеті, 9 биология, 9 химия, 9 мультимедиялық кабинеттер бар. Сонымен қатар, ауданның 17 мектебі 59 интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Компьютерлермен қамтамасыз ету 394 бірлікті құрайды, немесе 6 балаға бір компьютер. Барлық мектептер Интернетке қосылған, 9 мектепте Интернетке кең жолақты қолжетімділік бар.

Оқулықтармен қамтамасыз ету мәселесі ерекше бақылауда тұр. 2015 жылы барлығы 8,7 млн.теңгеге оқулық сатып алынды. Аудан бойынша оқулықтармен қамтамасыз ету 100 пайызды құрайды.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 13,5 млн.теңге бөлінді, бұл қаражаттан 2,0 млн.теңге мектеп жиһаздарын жаңартуға, 1,5 млн.теңге спорт жабдықтарын сатып алуға, 2,2 млн.теңге-Әлімбет орта мектебі-бала бақшасына көлік сатып алуға, 7,8 млн.теңге интерактивті жабдықтарды және т.б. сатып алуға жұмсалды.

Балалар қылмысының және құқық бұзушылығының алдын алу мақсатында жазғы уақытта демалыс лагерлері ұйымдастырылды. Ұйымдастырылған демалыспен 1826 оқушы қамтылды, олар мектеп жанындағы лагерлерге, аула клубтары мен өнер мектебіне тартылды, сондай-ақ, Қарабұтақ ауылында «Жас Толқын» палатка лагері ашылып, онда 45 бала демалды. Лагерге қажетті жабдықтар мен жиһаздарды сатып алуға жергілікті бюджеттен 500 мың теңгедей қаражат бөлінді.

Қорғаншылық пен қамқорлыққа алынған 42 бала Қостанай облысының «Арманжолы» сауықтыру лагерінде, 12 оқушы Ақтөбе облысының «Достық» лагерінде демалды.



Оқушылардың ыссы тамақпен тамақтануын ұйымдастыру

Есепті жылдың І жарты жылдығында аудан мектептерінде 2322 оқушы оқыды, олардың барлығы ыссы тамақпен, олардың ішінде 1227 оқушы тегін тамақпен қамтылды.Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 37,7 млн.теңге бөлініп, 14,2 млн.теңгесі жылдың І жартысында игерілді.

Жаңа оқу жылының басынан мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес ыссы тамақпен 873 бала қамтылды, оның ішінде тегін ыссы тамақпен тек әлеуметтік қорғалмаған санаттан: мүгедек-балалар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар барлығы 503 бала қамтылды. Тамақтандыру мердігермен келісім-шарт негізінде жүргізіледі, 1 бала күніне 150 теңгеге тамақтанады.

Ағымды және күрделі жөндеу.Жылыту маусымына дайындық.

«Аумақтарды дамыту» бағдарламасының шеңберінде 6 білім беру мекемесінде (Петропавл ОМ, Қосестек ОМ, Красное поле НМ, Жосалы ОМ-ББ, Сазды ОМ, Ащылысай ОМ-ББ) 4,7 млн.теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2016 жылы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 482,5 млн.теңгеге 8 мектепке: Пацаев ОМ, Петропавл ОМ, Қосестек ОМ, Ащылысай ОМ-ББ, Сазды ОМ, Жосалы ОМ, Бородин ОМ, Қызыл-Флот НМ құжаттамалар дайындалды.

2016 жылы жалпы көлемі 59,6 млн.теңгеге Петропавл ОМ (23,4 млн.теңге), Пацаев ат.ОМ (26,6 млн.теңге) «Бөбек» балалар мектепке дейінгі ұйымын (9,6 млн.теңге) күрделі жөндеуге қаржы бөлу мәселесі шешілді.

Жылыту маусымына білім беру мекемелері қатты және сұйық отынмен 63,0 млн.теңгеге толық қамтамасыз етілді.

Сазды және Бородин орта мектептерін газбен жылытуға ауыстыруға жұмыстар жүргізілді.



Міндеттер:

1. Петропавл ОМ, Пацаев ат.ОМ, «Бөбек» балалар мектепке дейінгі ұйымына күрделі жөндеу жүргізу.

2. Білім сапасын жақсарту, ҰБТ-ға дайындықты күшейту, нәтижелерді көтеруге барлық мүмкіндіктерді пайдалану.

3. Жұртшылық пен ата-аналар комитеттерін тарта отырып, кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыс фактілерін болдырмау жұмыстарын жандандыру.

4.Лагерлер желісін кеңейту есебінен балаларды жазғы ұйымдастырылған демалыспен қамтуды ұлғайту.

5.Мектептен тыс мекемелердің материалдық базасын (спорт инвентарь, музыкалық аспаптар және т.б.) күшейту.

6.Қосестек ОМ және Степной ауылындағы «Ақбота» бала бақшасын газбен жылытуға, Ащылысай ОМ көмірмен жылытуға көшіруге жобалық-сметалық құжаттарды дайындау.

Колледж

Бадамша агро-техникалық колледжінде 2014-2015 оқу жылында «Ауыл шаруашылығы өндірісінің тракторшы-механизаторы», «Аспазшы» және «Электрогазосварщик» мамандықтары бойынша 136 студент білім алды.2015 жылдың маусымында оқуды бітірген 36 түлек –тің 30-ы тұрақты жұмысқа орналасты, 8 адам Жұмыспен қамту орталығы арқылы «Бадамша-Сервис» КМК жастар практикасына жіберілді.

Жаңа оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде колледжге аталған мамандықтар бойынша 50 студент қабылданды.

Практикалық сабақтар өткізу және студенттерді еңбекке баулу үшін колледж 70 га дәнді дақылдар сеуіп, 200 центнер арпа жинады.210 га аумақта шөп шабу жұмыстары жүргізіліп колледж қызметкерлері шөппен қамтамасыз етілді.

Ағымдағы жылы колледждің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жұмыс жүргізу қажет.

Жас мамандарды қолдау

Есепті жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданның ауылдық елді мекендеріне тұру және жұмыс істеу үшін келген 12 маманға тұрғын үй сатып алуға 32,7 млн.теңгеге бюджеттік несие берілді, оның ішінде:

-білім саласында 7 маманға 18,2 млн.теңге;

-денсаулық сақтау саласында 4 маманға 11,5 млн.теңге;

-агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маманға 2,9 млн.теңге.

2,4 млн.теңгеге 17 маман көтерме жәрдемақы алды, оның ішінде:

-білім саласында 10 маман 1,4 млн.теңге;

-денсаулық сақтау саласында 6 маман 0,8 млн.теңге;

-агроөнеркәсіп кешені саласында 1 маман 138 мың теңге.

Денсаулық сақтау
Ауданның денсаулық сақтау саласы жүйесі емхана, 6 дәрігерлік амбулатория, 12 медициналық пункт, жалпы 78 керуеттік орын арқылы науқастарға медициналық көмек көрсетеді. Жыл бойы емхана және амбулаториямен 149469 қабылдау жүргізіліп, 20397 үйге шақыртулар жүзеге асырылды.

Стационар ауыстыратын технология дамуда. Күндізгі стационардық керуеттері саны 20-дан 30-ға дейін жеткізілді. Күндізгі стационарда 2410 науқас емделсе, оның 250-ы балалар.

Ауданда 42 дәрігер жұмыс жасайды, оның 8-і дәрігерлік амбулаторияларда. Дәрігерлермен қамтылу 100%.

Есептік кезеңде 21 дәрігер мен орта деңгейлі 18 медициналық қызметкерлер облыстық және республикалық орталықтарда біліктілігін жоғарлатты.

Аудан бойынша сәбилердің дүниеге келу деңгейінің өскендігі байқалады. Мәселен өткен 2014 жылы 251 нәресте туылса, 2015 жылы 252 сәби дүниеге келген. Өлім көрсеткішінің азайғандығы байқалады, мәселен 2014 жылы 159 адам қайтыс болса, 2015 жылы 154 адам қайтыс болған. Скринингтік тексерулер аурулардың алдына алу шараларына байланысты, жүрек қан-тамыр ауруларынан, қатерлі ісік және жарақат пен улану себептерінен қайтыс болған адамдар саны төмендеп отыр. Өткен жылы да биыл да туберкулездің 7 жаңа жағдайы анықталды. Ауданның денсаулық сақтау саласының негізгі мәселелерінің бірі нәрестелер өлімі болып қалып отыр. Өткен жылы мұндай 7 жағдай тіркелді, 2015 жылы 5 сәби өлімі орын алған болатын. Нәресте өлімдерінің негізгі себептерінің бірі туа біткен ақаулар болып табылады.Олар жүрек қан-тамыр, асқазан-ішек ауруларының туа біткен ақаулары.

Қазақстан Республикасының 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру барысында 9 көп таралған ауру түрлерін ерте анықтау үшін ересек тұрғындарды профилактикалық скринингтік қарау жүргізілуде. Аталмыш мақсатта 5 мыңнан артық тұрғындар қаралды. 4 мыңнан астам 18 жасқа дейінгі балалар медициналық қараудан өтті. 247 науқас науқас анықталып, сауықтырылды.

Туберкулездің алдын-алуға басты назар аударылуда. Жыл сайын жылжымалы «Флюкар»автокөлігі арқылы аудан тұрғындары флюрографиялық тексерулерден өткізіледі.

«Жылжымалы емхана» медициналық кешені аудан тұрғындарын сауықтырып, кеңес беріп, тексеру үшін ауылдарға шығады. Дәрігерлердің қабылдауынан бөлек, лабороториялық тексерулер, УДЗ мен ЭКГ жүргізіледі. Жылжымалы стоматологиялық қондырғысы ауыл тұрғындарына стоматологиялық қызметтер көрсетті.

Жыл сайын аудан ауруханасының материалдық-техникалық жағдайы жақсарып келеді. Соңғы жылдары аурухана сандық рентген, диагностикалық кешен, сандық флюороаппарат, қан банкі үшін салқындатқыш, пациент мониторы, фетальды монитор, лапороскоп, электрокардиограф және т.б. заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықты. Ауруханада лапороскопиялық операциялық барлық түрі жасалады. Осы жылы жаңа ультрадыбыстық зерттеу аппараты және наркоздық аппараттар алынды.

Ауданның барлық медициналық мекемелері санитарлық автокөлікпен, телефон байланысы, компьютермен және ғаламторға шығу мүмкіндігімен қамтылған.

Есептік кезеңде Петропавл ДА-на 11 млн.теңгеге күрделі жөндеу жасалды. Степной ДА мен Қайрақты МП-не газ құбырын тарту құрылысы мен газ қондырғыларын орнатуға жобалық сметалық құжаттар дайындалды. Жұмыс 2016 жылға жоспарлануда.

Кепілдендірілген тегін медициналық көмек толық ауқымда көрсетілуде. 2015 жылы науқастар 41,1 млн.теңге сомасына амбулатарлық жағдайда тегін дәрілермен қамтылды.

ҰОС мүгедектері мен қатысушыларына, оларға теңестірілген жандар медициналық көмекті тегін алуда. Қажетті дәрі-дәрмектер «Ардагер» дәріханасы және емхана арқылы тегін беріледі.

Денсаулықты қалыптастыру орталығы құрылды. Салауатты өмір салтын уағыздау мақсатында мед.қызметкерлермен 9502 әңгімелесу, 865 лекция жүргізіліп, 17 санбюллетен дайындалып, 13 дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аудандық «Қарғалы» газетінде 12 профилактикалық мақала жарияланды.



Міндеттер:

1.Ана мен баланың денсаулығын сақтауға, сәбилер шетінеуі мен әлеуметтік аурулардан болатын өлімдерді төмендетуге қажетті шаралар алу.

2.Профилактикалық тексеруді жүргізу, скрининг бағдарламаларын орындау сапасын жақсарту.

3.Ш.Қалдаяқов ауылындағы дәрігерлік амбулаторияны күрделі жөндеуді жүргізу.

4.Аудандық аурухана қазандығын қайта жарақтау, Степной мен Қосестек ауылдарындағы дәрігерлік амбулаторияларды, Қайрақты ауылындағы мед.пунктті газбен жылытуға аудару.

Спорт
Салауатты өмір салты-ел халқының әлеуметтік әл-аухатының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Денсаулықты сақтау үшін жыл сайын дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылдануға тұрғындарды барынша көп тарту қажет.

Спортпен жаппай айналысу үшін ауданда 71 спорт құрылымы бар, оның ішінде: жалпы білім беретін мектептерде 16 спорт зал, 1 стадион, 1 хоккей корты, 27 спорт алаңы, 20 алаң.

Есепті жылы «Туған жерге тағзым» акциясының шеңберінде әрқайсысының құны 300 мың теңге тұратын 6 хоккей корты салынды.

Дене шынықтыру саласында 73 ұйым жұмыс істейді, олардың ішінде: 19- мектеп, бір агротехникалық колледж, бір балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, 54 мекеме мен ұйым.

Аудан бойынша спортпен айналысушылар саны есепті жылы 3847 адамды құрады немесе жалпы тұрғындардың 22,5 пайызы. Ауданның 17 жалпы білім беретін мектептерінде оқитын 2277 оқушының 2233 спортпен шұғылданады, бұл 98,6 пайыз.

Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде спорттың 7 түрінен 37 топта 442 адам спортпен шұғылданады. 25 жаттықтырушы дзюдо, тоғызқұмалақ, волейбол, футбол, бокс, жеңіл атлетика сияқты спорт түрлерін дамытуда. Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері республикалық, облыстық жарыстарда жақсы жетістіктерге жетуде. Есепті жылы белбеу күресі бойынша облыстық чемпионаттың жеңімпаздары Н.Амангелдиева, А.Балбөгенова, волейболдан Т.Сағымбаева жеңімпаз атанды.

А.Ступченко, М.Искакова, Ю.Солтус жеңіл атлетикадан, А.Анисова, А.Курмашев белбеу күрестен Қазақстан чемпионатының қола жүлдегерлері атанды.

Жыл ішінде жоспарлы іс-шаралар өткізілді, атап айтсақ: Президенттік көпсайыс, ардагерлер арасындағы спартакиада, «Денсаулық фестивалі», «Олимпиада күні», ауыл жастары арасындағы «Ақ бидай» спартакиадасы, Ж.Үкібаевты еске алуға арналған шаңғы турнирі, В.Пайды еске алу турнирі, қазақша күрестен біріншілік және т.б.



Міндеттер:

1.Бадамша ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар дайындау.

2.Демеушілер қаражаттары есебінен жазғы спорт алаңдарын қайта жарақтауды ұйымдастыру.

3.Жаппай дене шынықтыру және спортпен айналысуға тұрғындардың кем дегенде 30 пайызын тарту.



Мәдениет
Ауданда барлығы 28 мәдениет мекемесі, оның ішінде 17 кітапхана, 10 клуб және 1 мұражай жұмыс істейді.

Аудан халқының мәдени демалысын Қарғалы аудандық мәдениет үйі, «Саңыраулар қоғамы» клубы және 8 ауылдық клуб ұйымдастырады. 2015 жыл ішінде 1310 мәдени-бұқаралық шаралар өткізілді. Клубтарда 61 үйірме жұмыс істейді, онда 560 адам шұғылданады.

Жергілікті бюджеттен мәдениетті қолдауға 6,7 млн.теңге бөлінді, оның 1,4 млн.теңгесіне сахна костюмдері мен аппаратура сатып алынды. 4,8 млн.теңгеге аудандық мәдениет үйі, Степной мен Әлімбет ауылдық клубтарын жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Тілдерді дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 11 шара өткізілді, оның ішінде мемлекеттік тілді білу сайысы.

2015 жылы облыстық мәдениет басқармасы, облыстық халық шығармашылығы үйінің қолдауымен «Достығымыз жарасқан» достық фестивалі ұйымдастырылды. Фестивальға облыстың 10 ауданының өкілдері қатысып, қазақ, орыс, неміс, украин, өзбек, азербайжан және Қазақстан халқының басқа да ұлт өкілдерінің әдет-ғұрыптарын көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай «Бірлігіміз жарасқан» атты аудандық ұлттар арасындағы фестиваль өткізіліп оған аудан аумағында тұратын он сегіз ұлттың өкілдері қатысты.

Аудан аралық шараларды өткізуге аудандық кітапхана жүйесі мен аудандық тарихи-өлкетану мұражайы белсенді қатысады.Аудандық тарихи-өлкетану мұражайы халқымыздың рухани асыл қазыналарын жинақтап,өлкеміздің өткені мен бүгінін жалғап отырған ауданымыздағы бірден-бір тарихи мекеме.Мұражайда ауданның тарихында зор маңызы бар жәдігерлер сақталуда. Бүгінге дейін мұражай қорында 3911 жәдігер бар. Есепті жылы 30 бұқаралық іс-шаралар, 230-экскурсия, 34-дәріс оқылып, 40 –көрме өткізілді.

Ауданның кітапхана жүйесіндегі жалпы кітап қоры 231 385 дананы құрайды, оның ішінде мемлекеттік тілде 54 408. 2015 жылы кітап қоры 4151 данаға толықтырылды, соның ішінде мемлекеттік тілде 3820 кітап. Петропавл, Ш.Қалдаяқов, Әлімбет, Ащылысай ауылдарындағы кітапханалар модельді кітапхана мәртебесінде.



Міндеттер:

1.Ащылысай ауылдық клубын көмірмен жылытуға көшіру жұмыстарын жүргізу.

2.Ауылдық клубтар мен кітапханалардың материалдық-техникалық жарақтандырылуын жақсарту.

Қоғамдық-саяси ахуал

Қарғалы ауданындағы қоғамдық-саяси жағдай тұрақты. Тұрақтылыққа ең алдымен, ауданның әлеуметтік-экономикасының оң дамуы, аудан тұрғындарының, саяси партия, діни бірлестіктер, кәсіподақ және өзге де қоғамдық ұйымдар өкілдерінің арасындағы төзімділік пен келісімнің жоғары деңгейі негіз болуда.

Өткен жылдың қазан айында ауданда тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды сақтау, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының тууына жол бермеу және тұрғындардың әлеуметтік-маңызды шараларға белсенді қатысуы мақсатында аудан орталығының сыйлы тұрғындары мен ардагерлерінен аудан әкімінің өкімімен Қоғамдық кеңес құрылды. Кеңес жанынан 5 комиссия құрылды: негізі азық-түлік өнімдеріне бағаны тұрақтандыру, дін, ауылды көркейту, спорт пен жастар саясатын дамыту, қоғамдық тәртіпті сақтау. Қоғамдық кеңес барлық бағыттар бойынша мақсатты бағытталған жұмыс жүргізуде және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлестерін қосуда.

Ауданда «Нұр Отан» саяси партиясының аудандық филиалы, коммунистік халықтық партияның аудандық комитеті жұмыс істейді және «Ақжол», «Ауыл» партияларының өкілдері де бар. Ауданда үкіметтік емес «Бастау» ұйымы жұмыс істейді, аталған ұйым 2015 жылы 6 іс-шара ұйымдастырып, өткізді.

Аудан аумағында бұқаралық-ақпараттық құралдардан апта сайын шығатын бір аудандық қоғамдық-саяси «Қарғалы» газеті тіркелген. Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратында kargala.aktobe.gov.kz. сайты және facebook әлеуметтік желісінде «Қарғалы жамағатына» беттері жұмыс істейді. 2015 жылы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыруды жүргізуге баспа бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы аудандық бюджеттен 6 млн. 241 мың теңге және электрондық бұқаралық-ақпараттық құралдары арқылы 2 млн. теңге бөлінді.

Аудан аумағында «Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы» діни бірлестігінің 4 филиалы Бадамша, Қосестек, Ш.Қалдаяқов, Қайрақты ауылдарында жұмыстарын жалғастыруда. Сонымен қатар, Бадамша ауылында Ақтөбе қаласындағы «Ақиқат» Інжілдік Мәсіхші Баптистер Қауымының» жергілікті діни бірлестігінің ғибадат ғимараты бар.

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудан көлемінде кешенді жоспар аясында кеңінен іс-шаралар жүргізілуде. 2015 жылы 227 профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Қатысқан адамдар саны - 4710.

Қарғалы ауданының дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының жұмысы облыс бойынша ең үздік деп танылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясатты, мемлекеттік бағдарламаларды тұрғындарға түсіндіру мақсатында ақпараттық топтар жұмыс жүргізді. Ақпараттық топ құрамына 71 адам кіреді, олардың 47-сі аудан деңгейінде, 24-ті ауылдық округтер деңгейінде. 2015 жылы аудан көлемінде 82 кездесу өткізілді, қатысқандар саны – 1937 адам, 46 кездесу ауылдық округтер деңгейінде өткізілді, қатысқан адамдар саны – 459 адам.

2015 жылы «Қарғалы» үгіт поезы мемлекеттік саясатты түсіндіру және консультативтік-практикалық көмек көрсету мақсатында ауылдарға шығып тұрғындармен 21 кездесу өткізді, қатысқандар саны – 832 адам, 178 адамға консультативтік-практикалық көмек көрсетілді.



Оперативтік жағдай
Есепті жылы аудандық ішкі істер бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік пен қылмыспен күресті қамтамасыз ету жөніндегі жүргізген жұмысына қарамастан қылмыстың өскені байқалады. 326 факт тіркелген, 2014 жылы 291 болған, өсу 112 пайызды құрап отыр. Ауыр қылмыс саны 13-тен 16-ға, орташа ауыр қылмыс 202-ден 216-ға өскен. Сондай-ақ, қарғалылықтар 2014 жылға қарағанда бөтеннің мүлкі мен малын жиі тонаған, ұрлаған.

Ауыр қылмысты (барлық ашылғаны 37,5 пайыз), ауыр түрдегі тонауларды (25 пайыз) ашу нашарлаған.

Есепті жылы өте ауыр қоғамға қауіпті әрекеттер, атап айтқанда адам өлімі, қару қолданып тонау, бопсалау, және зорлау фактілеріне жол берілмеді.

Жасөспірімдер қылмысының көрсеткіштері жақсармай отыр. Есепті жылы жасөспірімдер 12 қылмыс жасады. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Кәмелетке толмағандар қоғамдық орындарда 103, көшелерде 74 құқық бұзушылық жасады, оның ішінде мас күйінде 89 бұзықтық жасаған. Сондай-ақ, жасөспірімдердің топ болып жасаған қылмыстары екі есеге артқан, 2014 жылы 18 болса, есепті жылы 36 болған.

Ауданда қылмыс деңгейі өсуінің негізгі себебі аудандық ішкі істер бөлімі, жергілікті атқарушы органдар, жұртшылық мен тұрғындардың бірлесіп әрекет етпеуінде болып отыр. Сонымен қатар аудандық ішкі істер бөлімінде біраз уақыттан бері бос жұмыс орындары бар, кадрлармен толықтыру жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмейді. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауға тілек білдірген белсенді патриот жастармен тұрақты түрде жұмыс жүргізу қажет.

Міндеттер:

1. Аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті атқарушы органдар және аудан әкімінің жанындағы қоғамдық кеңеспен тұрақты әрекет ету және мақсатты жұмыс жүргізу.

2. Полицияға ерікті түрде жәрдем ететін «Сақшы» отрядтарын қалпына келтіру жұмыстары және ауыл жастары арасынан «Сарбаз» жасақтарын құру.

3. Ішкі істер органдарын кадрлармен қамтамасыз ету жұмыстарын жақсарту.


Құрметті қарғалылықтар!
Бүгінгі күні ауданның атқарушы органдарының алдында еліміздің Президенті мен әлемдік экономикалық дағдарыс тудырған күрделі міндеттер тұр. Біз аудан халқының ірі экономикалық және әлеуметтік проблемаларды ғана емес, сонымен қатар күнделікті тұрмыстағы мәселелерді де шешкенімізді қалайтындарын білеміз. Бәрімізге жақсы жолдар, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, медицина мен білім саласының қызметтері, жылу, жарық және баспанамен қамтамасыз ету, сау қоршаған орта керек. Осының бәрін сақтап қалу, дамыту және жасау үшін бәріміздің бірлесіп жемісті жұмыс істеуіміз, жаңа бастамаларды қолдауымыз, жақты білікті кадрлар өсіруіміз қажет.

Ауданымыздың қызметтің барлық түрлерін дамытуға үлкен әлеуеті бар.Көркем табиғат, өсімдік пен жануарлардың бай әлемі, құнарлы жер, пайдалы қазбалар кені-мұның бәрі өлшеусіз байлығымыз, оны сақтап, адамдардың игілігіне, еліміздің бұдан әрі дамып көркеюіне шебер пайдалануымыз қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет