Археология пәні, мақсаты және міндеттері?



Дата07.02.2022
өлшемі16,58 Kb.
#84487
Байланысты:
1 сабақ археология
конспект 1 Алғашқы математикалық ұғымдардың пайда болуы, Презентация.Өсімдіктердің бөліп шығару өнімдері. Презентация (2), Бакыт, инклюзив (автовосстановление), 1 тапсырма обнавленка, 1 тапсырма обнавленка, жамбыл жабаев, жамбыл ж, ҚМЖ-Динара, презентация Динара, 13 неделя, 1 апта, LEKCIJA No 1, LEKCIJA No 3

  1. Археология пәні, мақсаты және міндеттері?

Көне заттарды зерттеп адамзат тарихын зерттеуге мүмкіндік пайда болған соң және оны зерттеу әдісін тапқан соң археология ғылым ретінде қалыптасты. «Археология» термині екі грек сөзінен тұрады: архайос - көне және логос – ғалым. Ең алғашқы бұл терминді қолданған Платон болатын. Бұл терминді Платон «көне заттар туралы ғылым» деп түсінетін. Кейіннен, XYIII ғасырда, археология деп антикалық өнер тарихын атайтын. Тек қана біздің дәуірде кәзіргі археологияның мағынасы қалыптасады.


Негізгі тарихи пәндердің арасына археология да кіреді. Бұл ғылым адамзаттың тарихын жан-жақты қамтиды. Қалған ғылымдарға қарағанда, археология, адамзаттың тарихын, адамның пайда болғанын, қоғамдық сана сезімнің шығуын, толығырақ зерттейді. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады. Археология - тарих ғылымының негізгі бір саласы, негізінде заттай деректерді зерттеу арқылы, адамзат тарихының дамуын және осы дамуын және дамуының заңдылықтарын зерттейді. Археологияны күрек пен бірге жүретін ғылым деп атайды. Қазіргі археологияның зерттеу пәні - ежелгі қоғам және оның материалдық, рухани, этногенездік, тұрмыстық әлеуметтік аспектілері.
Археология ғылымы тарихтың өткені мен қазіргі кезеңнің өзара байланысын түсінуге мүмкіндік береді, тарихи құбылыстардың заңдылықтарын, әлемдік тарихтың іргелі мәселелелерін ашып көрсетеді және адамзат қоғамы мен дүниежүзілік мәдениеттің бірлігі туралы ой қалыптастырады. Археологияның тарихи білімдер жүйесінде маңызы жылдан жылға артуда. Қазба жүмыстары нәтижесінде көптеген жаңалықтар мен археологиялық ескерткіштер ашылып ғылымның дамуына қомақты үлес қосуда.

  1. Адамзаттың көне тарихын зерттеудегі археологияның рөлі?

  2. Археологиялық зерттеулердің нысаны және әдістері?

Ғылымның зерттеу нысаны - заттай деректер болып табылады. Біздің уақытқа дейін көне дәуірлерден қалған жазба деректер өте аз сақталған. Заттай деректерді бәрі де жерде кездеседі. Заттай деректерді зерттеу әдістері жазба деректерде зерттейтін әдістерден өзгеше болып келеді. Осыны дәлелдегесін ғана, археология негізі тарихи ғылымдардың біреуі болып есептеле бастады.Сонымен археология негізінен заттай дерек көздерімен, яғни құралдарды, адам қолымен жасалған бұйымдарды зерттеумен шұғылданады.
Археологиялық зерттеулерді далалық және лабораториялық деп бөледі. барлау. Далалық зерттеу – бұл тек қазба жұмыстары ғана емес, сонымен бірге археологиялық ескерткіштерді табу. Барлаудың техникалық тәсілдері. Археологиялық зерттеудің әдістері: аэрофото, электробарлау, радиокарбонды, археомагнитті, калийаргонды, дендрохронологиялық, т.б.
Аэрофото әдісі- ежелгі қалалар мен тұрақтардың орнын тез табуға, жолдар мен каналдарды қазба жүргізілгенше тауып беруге көмектеседі. Электро барлау әдісі токтың көмегімен жүргізіледі. Жер астында қабырға болатын болса, онда ылғалдылық аз болады, ал егер ештеңе болмаса ылғалдылық көп болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет