Арманыңды ақтарам ба, жүрегімде тербесем, Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен



Дата12.09.2020
өлшемі17,5 Kb.

Ана

Арманыңды ақтарам ба, жүрегімде тербесем,

Айға сіңлі, қарындассың қасиетті жерге сен.

Мен өзіңді теңдесі жоқ, құдірет деп түсінем,

Сендік қуат мың есе артық Жердің тарту күшінен.

«Ана» Т.Айбергенов

Барлық тіршіліктің басы да, бастау арнасы да, тұтқасы да ол әрине ана. Өмірге бала әкеліп, өз қызығын, зейнетін өзі өсірген баладан іздейтін анадан асқан мейірімді жан бар ма? Барлық пенде атаулы анадан жаралған. Ананың алдындағы борышты «үш рет Меккеге жаяу арқалап апарсақта» өтей алмаймыз. Мәңгілік қарыздар болатын жанға қалай ғана қарсы шығады екенбіз?!

Ана керек, о, адамдар, ана керек адамға,

Анасыздар аң сияқты күн кешіп жүр ғаламда.

Пікірімді ұнатпаған таптық та дер дананы,

Даналықтың қажеті жоқ сыйлау үшін ананы,-деп, Т.Айбергенов түйген екен. Шынымен-ақ, ана сыйлауға тұратын жалғыз жан. Ақындарымыз әнге қосқан ана тарихта да, қазақ прозасында да, дінде орны ерекше.

Ислам діні ананы, әкені жоғары қоятындықтан, салты мен ғұрпы дінгеқарсы шықпаған қазақ халқыда ананы ерекше сыйлайды. Мәселен,



«Раббың, өзіңе ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір етті. Ал егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарына кәрілік жетсе: «Түһ» деме (кейіс білдірме). Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле[1.17,23]. Ол екеуіне, кішірейіп, мәрхамет қүшағын жайда: «Раббым! Ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сен де оларды мәрхабатыңа бөлей көр!,-де [1.17,24]. Құран Алланың сөзі екенін ескерсек, сонда бұл Алланың әмірі болып шығады емес пе?! Сондай-ақ, Құран аяттарынан бөлек, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.с) хадистерінен көрініс береді. Бір күні Абдуллах ибн Мас'уд жеткізеді: Бір күні мен пайғамбарымыздан сұрадым Алла Тағала қандай істі барлығынан жақсы көреді дегенімді, Уақытыл оқылған намаз деді. Ал одан кейінгі іс қандай дегенімде, ол: ата-анаға деген құрмет деді. Одан кейінгі не іс десем, ол: Алла жолындағы күрес деді[1] дегеген екен. Ананың дәрежесі әкеден гөрі жоғарырақ болады екен. Бір күні пайғамбарыыздан (с.а.с) бір кісі келіп, ең қатты сыйлауға лайық кім дегенде үш рет анаң деп, содан соң барып әкеңді сыйла деген екен. Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр жаратынын қазақ атам заманнан-ақ білген[2].«Жұмақ ананың аяғының астында» деген халқымыз ананы сыйлауды сонау ерте дәуірлерден бастаған екен. «Алып - анадан» дегендей, халқымыздың аяулы азаматтары ананың ұлағатын көріп өскен. Елдің елеулісі, халықтың қалаулысы, «қара қазан, сар баланың қамы үшін күрескен бабаларымызды» ана деген жан дүниеге әкелген. Халқымызда сыйлауға әбден лайық аналарымыз бар, сондай дана әйелдердің бірі – Зере анамыз. Ол: «мен Құнанбайды дәрет алмай еш уақытта емізген емеспін» деген сөзі аңыздай тараған... Зере сынды дінін сақтап, абыройын биік ұстаған анадан Құнанбай сынды тұлға дүниеге келді. Ақылды, зейінді, дана ана өз немелерінің ішінен Ибраһимді жақсы көрген, «Абай» деп еркелеткен. Ал Абай сияқты дана тұлғаны өмірге әкелген ана – Ұлжан. Ұлжан мен Зере сынды қос ананың тәрбиесін бойына сіңірген Абай елінің жоғын жоқтаушыға, халқының қалаулысына айналады. Абайды дүниеге әкелген жанның қандай екенін адам айтпаса да, біліп отырамыз. Ғабит Мүсірепов қаламынан туған, «аналардың анасы» деген атаққа ие болған туындысы – «Ұлпан романы». «Ұлпан» атты романда қазақ әйелінің әншейін қиялдан тумаған, жалған дәріптелмеген, өмірде нақты прототипі бар көркем бейнесін жасалған [3]. Жас кезінен Есеней сынды аузы дуалы биге тұрмысқа шыққан Ұлпан елдің анасы атанады. Панасызға пана, жарлы атаулыға барды берген жомарт атанады. Есеней - тарихи тұлға, атақты Сырым батырдың жиеншары. «Сырымның кісесі Есеней үйінің бір қара сандығында жетпіс жылдай жатты. Екеней – ауыр сүйекті, балуан денелі адам. Бар өмірі ат үстінде өтіп келе жатқандықтан, үсті-басы қол батпайтын білеудей-білеудей бұлшық ет, қарны шыққан емес»[3,195]. Мемлекет басқаратын адамның бүкіл нышаны, қайраткерлігі, үлкен жүрегі мейірім шуағы, имандылығы Ұлпанның бойында түгел бар. Оқымай қалғаны бөгет болмаса Ұлпан тәрізді әйел қазіргі таңда ең биіктен көрінер еді [3,195]. Тарихқа үңілер болсақ, Ұлпан секілді аналарымыз қаншама. Қиын қыстау заманда қол бастап, тыңнан түрен ашқан аналардың ерлігі ұмытылар ма?! Қазақ халқының шежірелік құрылымындағы ру-тайпалардың құрамындағы бөлімдер мен бөлімшелерге, тармақтарға көңіл аударсақ, аналар есімдерінің рулық тармақтарға берілу жолдары әртүрлі болғанымен, бір ортақ нәрсе бар. Оған – руға есімі берілген аналарымыздың бәрінің ақылды, көріпкел, кемеңгер, сабырлы, салмақты және тағы осындай жақсы қасиеттерді иеленген тұлға болуы жатады[4]. Иә, қазақ шежіресінде қыз бала есімі жазылмайды. Мәселен, кіші жүздің Кете тайпасының атауы – Кете бике анамыздың есімімен байланысты. Әлімнің ішіндегі Қаракесек тайпасында Қасай, Шектіде – Жекей деген тармақтар бар. Рудың аты Жекей деп аталуының аңызы бар екен. Ол аңызда Жекей тұтқынға түскен қалмақ ханының қызы екен. Сол қыздан өрбіген болады екен. Өлер алдында не тілегің бар десе, «менің атымды рудың атына қойыңдар» деп соңғы тілегін білдіріпті. Қазақ халқында ойып тұрып орын алатын аналарымыз қай уақытта үлгі.

Қазіргі күні аналарымыз баласы үшін шыр-пыр болады. Мәселенки, менің анамда мен үшін қай уақытта да тырмысып, жүреді. Менің анам Кіші жүз, Әлімнің ішінде Тұғыр тайпасының Ырысбике бөлімінен. Ырысбике ана байдың қызы әрі бай жерге ұззатылған екен. Өз жерінде шешендігімен, әділдігімен халық ықыласына бөленген ана балалары Ырысбике аталып кетіпті. Ойымызды қорытындыласақ, әлемнің жарығын баласына сыйлайтын аналар қазақ тарихында үлкен рөлді алады. Біздің заманға дейінгі аналар тек өз баласын ғана ойлап қоймай, өзге балаларға да қамқор болған. Қилы заманда қиыншылыққа мойымай, сынбай төзе білген, тіпті жауға қарсы қол бастаған да аналар еді. Қазіргі кезде де аналарымыз мұндай батылдықты да баласы үшін жасай алады. Анасы бар адамдар қай уақытта да бақытты. Сонымен, «анасы бар ададмдар, ешқашан қартаймайды» дегенді ескерсек, әкесі мен анасы бар жандар өмірі мәнді де сәнді, тал бесік пен жер бесік аралығында мұң көрмей, біреуге жапа шектірмейтіні анық. Аналарымыз жасай берсін! Ананың көзінен жасты, баланың көзінен уайымды көрмей, Қазақстан атты елдің ашық аспанында өмір сүре берейік!


Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. К.Сорокоумова. Мусулманка. Благое особенности – Москва: Эксмо: Умма, 2018г. Кітабынан хадис алынды және Құран аяты көрсетілді, алайда, Құран кітабының электронды нұсқасы бар болғандықтан, үзінді келтірілген аятты содан тауып қазақша аудармасын жаздым.

  2. С.Ақтаев. Ел анасы – Айғаным. Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар, 57 бет

  3. А.Кемелбаева. Ұлпан – ел анасы. Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар, 195 бет

  4. Б.Кәріпбаев. Қазақ хандығы дәуіріндегі ханымдар. Қазақ хандығы тұсындағы ханымдар мен арулар, 55 бет


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет