Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жалпы сипаттама



бет2/96
Дата01.08.2020
өлшемі424.86 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
2.Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға жалпы сипаттама.

3.Л.С.Выготскийдің ғылыми зерттеулеріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мәселелері.

Зерттеулердің мақсаты Л.С. Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамның дұрыстығын тексеру,нақтылау.

Көрнекі психолог Л.С.Выготский айтқандай оқыту дамудың алдына шығып отырса, ол бала дамуының ең таяу аймағын жасайды, баланы іздендіругетталаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. Ең таяу даму аймағы одан әрі актуальды даму аймағына көшуі тиісті тапсырмаларды өз еркімен орындайды. Л.С. Выготский ойынша, оқыту баланың ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс, яғни, бала өзінің пісіп жетілген мүмкіндіктерінің деңгейінде емес, дамуға бейімделген бағыттар деңгейінде болуы тиіс. Оның ертеңгі күні дәл осы бағыттар белгілейді. Бұл идеяны Л. С. Выготский одан әрі былайша сабақтайды: Оқыту мен даму тікелей сәйкес келмейді, олар бір­-бірімен өте күрделі қарым қатынастағы екі процесті білдіреді. Оқыту тек дамудың алдында ғана жүрсе жемісті болмақ. Міне осылайша Л. С. Выготскийдің оқыту мен дамудың арақатынасы жөніндегі теориясы Дамыта оқыту деген атпен ХХ ғасырдың 50-60 жылдары пайда болды.

Дамыта оқыту идеясын алғашқылардың бірі болып 1950-1960 жылдары қолға алған академик Л. В. Занковтың басшылығымен жасалған бастауышта оқытудығ жаңа жүйесін мұғалімдер қауымы үлкен ықыласпен қабылдағаны мен, белгілі себептерге байланысты өрістеп кете алмайды. Тек 1990 жылдары ғана Ресей мектептерінде қайтадан қолданыла бастады. Л.С. Выготскийдің теориясын Д. Б. Эльконин басқарған шығармашылық топ жұмысында әрі қарай жалғастырды. Баланың өзін өзі өзгертуші субьект ретінде дамуына арналған тұжырымдама жасалып, зерттеулер жүргізілді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып ол білім алуға әрекеттенеді. Бұл технология бойынша сабақ төмендегідей құрамдас бөліктерден тұрады;

1. Оқу мақсаттарының қойылуы;

2. Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;

3. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл дамыта оқытудың Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері.

Дамыта оқыту дегеніміз бұл оқу үрдісінде оқушылардың ықтимал мүмкіндігінің толық іске асуына бағдарланған оқыту.

Дамыта оқыту технологиясы сабақта проблема қою әдісін қолданып отыруды көздейді. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім, басшылық бағыттау жасап отырады. Дамыта оқыту оқушының ойлау қызметімен қатар олардың оқу білігін дамытуды көздейді.Дамыта оқыту технологиясындағы ең басты нәрсе оқушыларды шығармашылық әрекет жағдайына енгізу болып табылады.Дамыта оқытуды ұйымдастыру балаға ақыл ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау улкен нәтиже берді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет