Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Ақыл ой кемшілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері



бет6/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
7.Ақыл ой кемшілігі бар балаларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері.

Қазіргі уақытта әлем бойынша дамуында кемшіліктері бар балалар мен жасөспірімдерді қоғамға элеуметтік бейімдеу мэселесіне назар аударылуда. «Бала құқығы» туралы Конвенцияда мемлекет толық жетілмеген баланың құқығын ерекше қамқорлыққа алу ерекше қарастырылған. Шетелдік ғалымдар Г.В.Цыкота, А.Р.Малер, Л.М.Шипицына жэне т.б. атап көрсеткендей түзету тэрбиелік жұмыстарының негізгі мақсаты терең ақыл - ойы кемістігі бар балаларды элеуметтік, еңбектік оңалтуға бағыттау. Ақыл - ой кемістік - этиологиялық, патологиялық, клиникалық көріністер бойынша эр түрлі болып келетін кең ауқымда таралған топ түрі болып келеді. Жалпы осы жағдайларға келесілер тэн: - бүкіл организм мен бас миының дизонтогенезінің нәтижесі. бастапқы бұзылыс интеллектуальды түрде артта болуы (абстрактілі ойлаудың әлсіздігі, интеллектісінің бұзылысы айқын көрінуі немесе эмоциялық сферасының жетіспеушілігі). - прогредиептиостың болмауы (Г.Е.Сухарева 1965, В.В.Ковалев 1979) [2, 33 б.]. Ақыл - ой кемістігінің дэстүрлі түрде интеллектуальдық кемістігінің тереңдігіне орай үш дәрежеге бөлінеді. Дебильдер - жеңіл түрдегі бүзылыс, имбецильдер - орташа түрі, нақүрыстар - интеллектуалдық жетіспеушіліктің ауыр түрі болып табылады. Бірақ МКБ ВОЗ, 8 жэне 9 - онда, ақыл - ойы кемістіктің Земес 4 түрі қарастырылған. Интеллектуальды жетіспеушілік психометрикалық тестілеу жолы арқылы және ондық интеллектуальды коээфициент (психикалық жастың паспорттық жасқа қатынасы) жасы арқылы айқындалады. МКБ -10 ВОЗ үсынысы бойынша (1994 ж) онның келесі көрсеткіштері қабылданады: 0,69 - 0,5 - жеңіл түрі, 0,49 - 0,35 - орташа түрі, 0,34 - 0,2 - ауыр түрі, 0,19 - төмен, өте терең (ауыр түрі). Интеллектуальдық жетіспеушіліктің сандық дәрежесін анықтау практикалық мақсатты қанағаттандырғанымен, кемістік құрылымы мен этиологиядан II патогенезге дейінгі клиникалық көрінісін көрсетпейді. Бірақ он көрсеткішін айқындау диагноздың негізгі емес. Әсіресе, егер ақыл — ойы кемістіктің жас ерекшелік динамикасы мен балалардың кемтарлығымен жэне элеуметтік реабилитациясымен байланысты сұрақтарды ескеріп, кешенді психологиялық-медициналық - педагогикалық диагностикалық қызмет ететін болады. Ақыл - ойы кемістіктің көп мөлшердегі клиникалық формаларының болуы зерттеушілерді осы ақыл - ойы кемістіктің классификациясын ашуға жол ашты. Осыкөп мөлшердегі классификациялардың ішіндегі біздің елде жалпы қабылданганы - Г.Е.Сухареваның жүйесі (1965) жэне МКБ ВОЗ (1994) болып табылады. Осы классификация негізіне Г.Е.Сухарева тұрғысынан екі басты критерий негізделген: «Хроногенді фактор», яғни зиян жэне зияндық әрекеті өткен эмбриогенез этапы. Бұл классификация бір жағынан этиопатогенездік екінші жағынан клиникалық мазмұнға ие. Осы ақыл - ойы кемістігінің барлық клиникалық формалары (олигофрения Г.Е.Сухарева бойынша) 3 негізгі топқа жэне тағы бір топқа (төртінші топ деп есептелгенімен, нақты төртінші деген фономальды реті жоқ) бөлінген.



Бірінші топ: эндогендік табиғаттағы олигофрения (ата — ананың гиперактивтік жасушаларының зақымдалуы). - Лангдон - Даун ауруы; - Микроцефалия; - түрлі зақым алмаудың бұзылысынан туындаған тұқымқуалаушылық олигофренияның энзимопатикалық формасы (фенелпровиноградная олигофрения; галактоземия, сукрозурия жэне т.б. олигофренияның энзимопатикалық формалары); - олигофрения формасы сүйек, тері дамуының жетіспеушілігімен жэне құрамдас болатын түрі (дизостозикалық жэне ксеродермиклық олигофрения).

Екіниіі топ: эмбриопатия жэне фетопатия; - анасы жүктілік барысында қызылша вирусымен аурудың нәтижесінде туындаған олигофрения (рубеолярлық олигофрения); - басқа да вирустың эсерінен туындаган олигофрения (грипп, паратит, инфекциялық гепотит, цитомегалия); - токсоплазмоз жэне листериоз нэтижесінде туындаган олигофрения; - туа пайда болган сифилис нэтижесінде туындаган олигофрения; - анадагы гармондық бүзылыспен токсикоздық фактор нэтижесінде туындаган олигофрения; - жаңа туылған нэрестенің гемологиялық ауруы нэтижесінде туындаган олигофрения.

Үіиінші топ: Босану кезінде туындаган зияндықтар мен нәресте өмірінің ерте жасында (3 жасқа дейін) туындаган олигофрения; - Босану кезіндегі жарақаттар мен асфексия нәтижесінде туындаган олигофрения; - Постнатальды кезіндегі бас - ми жарақаты нэтижесінен туындаган олигофрения (ерте жаста); - Балалық шақтагы энцефалит, менингит жэне менингоэнцефолит нәтижесінде туындаган олигофрения.

Төртінші топ: Сухареваның топтауы бойынша, гидроцефалия,^ бас миы дамуының локальды кемістігі, эндокриндік бұзылыстар жэне түрлі фактор нәтижесінде туындаган көптеген формалары енеді [3,40 б.]. Ақыл- ойы кемістігінің кұрылымында ВОЗ (1994) статистикалык жэне диагностикалық құрылым шифрі бар. «Ақыл—ойы» кемістігінің құрылымы келесі жагдай бойынша жіктеледі: - жеціл ақыл - ой кемістігі; - ақыл — ой кемтарлықтыц орташа түрі; - ақыл - ой кемтарлықтың ауыр түрі; - ақыл - ой кемтарлықтың терең түрі; - себебі анықталмаган ақыл — ой кемістігі; - минимальды түрдегі эрекет бұзылысы немесе олардың болмауы; - көңіл бөлуді жэне емдеу шарасын қажет ететін әрекеттік бұзылыстар; - баскалай әрекет бұзылыстары; - себебі анықталмаган эрекеттік бұзылыстар. Бүгінгі күнде терең ақыл - ойында жетіспеушілігі бар балаларға көмек көрсету мәселесіне деген қызығушылықтар айтарлықтай өскен. Көбінесе Б ¥ ¥ тэрізді халықаралық ұйымдар, элемдік денсаулық сақтау үйымы, ақыл—ойы кемістігін ғылыми түрде зерттеудің халықаралық ассоциациясы, ақыл ойы кем балаларға көмек көрсетудің халықаралық лигасы сияқты қоғамдық үйымдардың әрекеттерін атап көрсетуге болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет