Арнайы педагогика ғылым ретінде, оның пәні, обьектісі, мақсаты мен міндеттері


Арнайы білім беруді дамытуға В:М:Певзнердің қосқан үлесі



бет7/96
Дата01.08.2020
өлшемі424,86 Kb.
#76036
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96
Байланысты:
Арнайы педагогика
Арнайы педагогика
8. Арнайы білім беруді дамытуға В:М:Певзнердің қосқан үлесі.

М.С.Певзнердің ұсынуы бойынша олигофренияның жеңіл және күрделі формалары белгіленген. Ресейлік психиатрияда Г.Е.Сухарева 1956 жылы олигофренияның үш тобын бөліп көрсеткен. - бірінші тобы - ата-аналардың генеративтік клеткаларының жетіспеушілігінен, атааналардағы тұқымқуалаушылық аурулардан болатын олигофрения; - екінші тобы - ұрықтық даму кезеңіндегі патология (инфекция, интоксикация); - үшінші тобы - туылу кезіндегі соққылар және ОНЖ-нің постнатальдық кезеңдегі зақымдануы. Ақыл-ой дамуындағы кемшілікті диагностикалау критерийлері үш түрде қарастырылады: - клиникалық жағдайда (бас миының органикалық зақымдануы); - психологиялық жағдайы (танымдық әрекетің тұрақты түрдегі бұзылуы); - педагогикалық (білімді игерудегі қиындық). Көмекші мектептегі оқушылар құрамының психологиялық мінездемесі балаға кәсіби тұрғыдан бақылау жасаудағы мұғалімнің әрекеті қажетті ақпараттармен қарулануы арқылы анықталады. Дамудағы кемшіліктің диагнозы мен тарихын білу оқушының психикалық жағдайы мен тәртібіндегі ерекшеліктерді жақсы түсіну, оқыту мен тәрбиелеу ісінде мақсатқа бағытталған жеке әдістерді таңдай білуге көмектеседі. Көмекші мектептегі оқушылар құрамын практикалық мақсатта анықтау үшін дамудағы кемшіліктердің себептерін ұрық кезінде немесе ерте нәрестелік шақтағы бас миының зақымдануы және мектепке дейінгі, ерте балалық шақтағы бас миының зақымдануы түрінде екі топқа бӛліп қарастырамыз. Ақыл-ой дамуында кемшілігі бар балалар VIII түрдегі кӛмекші мектептерде білім алады. Арнайы мектептегі оқушылар құрамын «олигофрения» клиникалық диагнозы қойылған балалар құрайды. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқытудың еркшелігі мынадай белгілермен анықталады: Ақыл-ой дамуының кещеуілдеуінде баланың физикалық статусы өзгерістерге ұшырайды, яғни бала бойындағы физикалық жетіспеушілік бас миының күрделі бұзылуларының ерте кездегі анықталуымен сипатталады. Оларды ішкі органдардың ӛзгерістерге ұшырауы, туа пайда болған жүрек аурулары, тыныс алу органдар жұмысының бұзылуынан байқауға болады. Осы факторлардың барлығы балаға еңбек сабақтарында, физикалық күш түсіру кезіндегі сабақтарда коррекциялық жұмыстарды жүргізудің қажеттілігін анықтайды. Күрделі локальдық неврологиялық симптомдар олигофрения кезінде сирек кездеседі. Олар: бас-миының зақымдануынан болатын қылилық, жоғарғы қабақтың төмен түсуі, нистагм (көз алмасының ритмикалық қозғалысқа түсуі), бет нервісі мен тіл асты нервтерінің салдануы; - қимыл-қозғалыстың бұзылуы: салдану, буындар тонусының өзгеруі; - қимыл-қозғалыстың дамуындағы кешеуілдеу, қимыл-қозғалыстың бұзылуы жылдамдықтың, дәлдіктің, ептіліктің бұзылуы; - сөйлеу функцияларының қалыптаспауы; - анализаторлар жұмысының бұзылуынан бала психикасындағы белсенділіктің төмендеуі; - вегетативтік нерв жүйесінің бұзылуынан қан тамырларының дистониясы, тершеңдік. Осы факторлардың барлығы олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық түзету жұмыстарының қажеттілігін байқатады. Психикалық әрекеттің бұзылуы - олигофрения кезіндегі кемшіліктің негізін құрайды. Психикалық бұзылулардың клиникалық сипаттамасы мына факторларға тәуелді: - орталық нерв жүйесінің бұзылуы; - психикалық функциялардың белсенді дамуы кезіндегі жағымсыз әсерлер; Психикалық кемшіліктер кезіндегі олигофрен – балаларға тән белгілер: -қоршаған ортаны тану кезіндегі белсенділіктің төмендігі, ұмытшақтық; -сөздік-логикалық ойлаудың төмендігінен өз ойын, пікірін, қоршаған орта туралы мінездемелерін берудегі қиындықтар; -эмоциялық-ерік сферасының бұзылуынан мақсатқа жетудегі, өз инициативасын кӛтерудегі әлсіздіктер. Осы айтылған ерекшеліктердің барлығы олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі арнайы жүйелерді талап етеді. Жеңіл дәрежедегі олигофрен-балаларды оқыту мен тәрбиелеу оларды әмір сүруге бейімдеу мен жеткілікті білім беруді көздейді. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі коррекциялық жұмыстар бірнеше кезеңдерді қамтиды: -1-ші кезең (4-8 жас) – санитарлық-гигиеналық талаптар мен моториканың дамуын анықтайды. Баланың танымдық қабілетінің дамуына, сөйлеу тілінің дамуына, ортаға бейімделуіне көңіл бӛлінеді. Бұл кезең баланы әлеуметтік бейімдеуге бағытталғандықтан, тәрбиелеу жүйесінде негізгі роль білім, дағды, іскерліктің қалыптасуына сәйкес, баланың болашақтағы білім алуы мен тәрбиесіне негізделеді. - 2-ші кезең (8-16 жас) - өз-өзіне қызмет ету мен гигиеналық дағдыларды игеруді қорытындылау, тұрмыстық қажеттіліктерді қагнағаттандыру кезеңі. Бұл кезеңде балалар қарапайым сауаттылықты, байланыстырып сөйлеуді игереді. - 3-ші кезең (16-18 жас) - әлеуметтік бейімделу кезеңі. Ақыл-ой дамуы кешеуілдеген балалармен жүргізілетін коррекциялық жұмыстың мақсаты – оларды болашақ өмірге бейімдеу, еңбекке араласуға үйрету, әлеуметтік ортаға бейімдеу. Бұл кезеңде мынадай міндеттер орындалады: - оқыту процесінде баланың танымдық әрекеті мен психикалық функциясын дамыту, бала бойындағы психофизикалық жетіспеушіліктерді түзету; - ақыл-ой дамуының күрделі формасындағы олигофрен-балаларға тәртіп нормаларын үйрету; - еңбекке үйрету, спортқа бейімдеу, өз-өзіне қызмет ету дағдысын қалыптастыру; - тұрмыстық қажеттіліктер мен әлеуметік ӛмірге бейімдеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   96




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет