"ас зере 2021-2022 оқу жылынын "Балапан" ортанғы тобынын жылдық есебі



Дата30.11.2022
өлшемі26,38 Kb.
#160611
Байланысты:
АС Зере (копия) (копия)
27.02

“АС Зере»2021-2022 оқу жылынын “Балапан” ортанғы тобынын жылдық есебі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын жаңартудың негізгі мақсаты баланың жас ерекшелігіне сай әлеуетті мүмкіндіктерін барынша дамытуға, функционалдық тұрғыдан сауатты, кез келген өмірлік жағдайларда меңгерген білім, білік, дағдыларын тиімді қолдануға қабілетті бірегей тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Мақсаты: «Мектепке дейінгі балалрдың жас ерекшеліктеріне қарай ұлттық рухани тірбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелеу- оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану».
Мемлекеттік стандартқа сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын басшылыққа ала отырып, бес сала бойынша жылдық жоспар құрылды.
Білім беру салалары: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық»,
«Қатынас» білім беру саласы бойынша балалардың көрсеткіштері.І деңгей-0 бала, ІІ деңгей-17 бала, ІІІ деңгей-8 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.
«Қатынас» білім беру саласының мақсаты: баланың коммуникативті қабілеттерін, байланыстыра сөйлеуін, тілдік қорын дамыту, көркем әдебиет, мемлекеттік және ана тілін үйренуге, ересектермен және құрдастарымен қарым – қатынас жасауға талпынысы бар мектепке дейінгі орта жастағы бала тұлғасын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Сөйлеуді дамыту. Сөйлеуді дамыту оқу іс – әрекетінде. Көркем әдебиет оқу іс – әрекеті бойынша халық ауыз әдебиеті мен балалар көркем әдебиеті шығармаларына эмоционалдық ықыластылығын дамыту. Балаларға ертегі оқып бере отырып, кейіпкерлердің өзара қарым – қатынасын бағалай білуді, тақпақ пен әндерді мәтінімен орындай білуді, үй жануарлары мен жабайы жануарлар туралы, отбасы туралы, жыл мезгілдері туралы әңгімелей білуді үйренді. осының нәтижесінде балалардың көркем әдебиет оқу іс – әрекетіне қызығушылығы артып, зейін қойып тыңдай біледі Түсінгенін еркін айта алады. Ертегі тыңдағанды жақсы көреді, кейіпкерлерін сахналай алады. Өз ойларын анық әрі ашық айта алады .Балаларға ертегі, өлеңдер, мысалдар, әңгімелер оқып беру арқылы, балалар толық мағлұмат алды. Осының нәтижесінде балалар ертегіні мұқият тыңдап, сахналай алады. Мақал – мәтел, жаңылтпаштар, жыл мезгіліне, үй жануарларына және жабайы жануарларға, құстарға, отбасы, ойыншықтар, әр түрлі мерекеге байланысты тақпақ, өлеңдер жаттау арқылы, балалар өз ойларын ашық айта алады. Балалардың тілі, тілдік қоры дамиды. Төрт жолдан тұратын өлең шумақтарын жатқа айта алады.Тәрбиешінің жетекші сұрақтарына жауап бере отырып, тақтадағы суретке қарап әңгіме құрастырып айта алады. Бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста. Достарына көмектесуге әзір тұрады. Ақжарқын,Тоғжан,Айбибі,Назым,Әдемі,Әмина,Сандуғаш,Тайыр,Әдемі,Медина,Айсезім,Нұрасыл, тілдік қоры жақсы дамыған
Заңғар,Ағлан,Осман,Архат,Әлихан,Хадиа,Әмина ,Ахмедияр,С.Осман ,Нариман,Ерзат, тілдік қоры орташа денгеиде бұл балдармен жеке жұмыстар жүргіздік.
«Таным» білім беру саласы бойынша балалардын көрсеткіштері. І деңгей- 2бала, ІІ деңгей-6бала, ІІІ деңгей-17бала бойынша көрсеткіш көрсетті.
«Таным» білім беру саласының мақсаты: қоршаған әлем жайлы қарапайым түсініктер мен танымдық іс – әрекеттің қарапайым дағдыларын меңгерген, игерген дағдыларын күнделікті қолдануға қабілетті, қарапайым құрастыру дағдыларын үйрету. Қағаз бен құрылыс материалдарынан тиімді жұмыс жасауды, балалар өз қиалдарымен түрлі тақырыптарда конструкторлармен құрастыруларды, оларды сюжет мазмұнына қарай біріктіруді, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуді, құрастыру материалдарымен еркін, ұқыпты жұмыс жасай білетін, мектепке дейінгі тұлғасын қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Математика негіздері, құрастыру оқу іс – әрекетінде 1 ден 5 ке дейін санауды, оң және кері санауды,жоғары – төмен, биік – аласа, ұзын – қысқа, оң және солын, , геометриялық фигураларды (үшбұрыш, төртбұрыш, доңгелек,) бір – бірінен ажыратып біледі. Жыл мезгілін, 1 жылда 4 жыл мезгілі бар, ал 4 жыл мезгілінде 12 ай, 1 жыл мезгілінде 3 ай бар, 1 тәулікте 4 мезгіл бар (таңертең, түс, кеш, түн) осы мезгілдерді ажырата алады. 1 аптада 7 күн бар (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі) білімдерін жетілдірді. Осының нәтижесінде сандарды салыстыруды, оң және сол жақты, ауқытты бағдарлауды, жыл мезгілдерін бір – бірінен ажырата алуды, геометриялық фигураларды салыстыра отырып, айырмашылығын ажырата алады. Қызыл, жасыл, ақ, , көк, сары, , қара, сарғыш түстерді біледі.
Құрастыру оқу іс – әрекеті бойынша балаларға қарапайым құрастыру дағдыларын, қағаз бен құрылыс материалдарынан қуыршаққа арналған жол, жаяу жүргіншілер мен көліктерге арналған жол, биік – аласа қақпалар, көп қабатты және бір қабатты үйлер, көпір, аққала, жануарларға арналған қоралар, т.б сол сияқты құрастыруларды құрастырып үйретудің нәтижесінде, балалар өз қиялдарымен түрлі құрастыруларды орындап, оларды сюжет мазмұны бойынша ұйқастырып, біріктіруді, жасаған жұмысын аяғына дейін жеткізуді, ұқыпты, таза жұмыс жасай білуді үйренді. Балалар құрастыру материалдарымен еркін жұмыс жасай алады. Балалардың ұсақ қол моторикасы дамиды.
Назым, Айбибі,Ақжарқын,Нұрасыл,Медина,Айсезім,Әмір, осы балалар жыл мезгілдерді түстерді,пішіндерді ,биік,аласа мағыналарын ажырата алады.
Зейін,Осман,Архат,Заңғар,Ағлан, құрастұру матиралдарымен еркін жұмыс жасайды
Әдемі ,Хадиа,Әдемі,Әмина,Ахмедияр, бұл балдардын қол моторикасы жақсы дамыған
Нариман,Осман,Ерзат;,Әмина,Тайыр ,Сандуғаш,Әлихан пішіндердін айырмашлығын ажырата алады.
«Әлеумет» білім беру саласы бойынша балалардын көрсеткіштері I деңгей- 0бала, IIдеңгей-0 бала, ІІІ деңгей 25 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.
«Әлеумет » білім беру саласының мақсаты: қарапайым әдептілік ережелерінің негізінде қоршаған ортамен қарым – қатынас пен өзара әрекетке қатысуға, баланың әлеуметтік тәжірибесін кеңейту, оны қоғамдық қатынас жүйесіне қосу, ертегілерді түсіне отырып, сахналай білу дағдысын, өлеңді, тақпақта мазмұнына сәйкес мәнерлеп айта білу, еңбек дағдыларын қалыптастыруға дайын мектепке дейінгі кіші жастағы бала тұлғасын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті: , қоршаған ортамен таныстыру. Қоршаған ортамен танысу оқу іс – әрекеті бойынша табиғатпен, өлі және тірі табиғатпен, үй жануарлары мен жабайы жануарларды, өсімдіктер мен құстар, жемістер мен көкөністер, ауа – райының түрлі құбылыстарымен, өзгерістерімен, адамдардың төрт жыл мезгіліндегі еңбегімен, киімдер, түрлі тұрмыстық заттармен танысып, түсінік алды. Осының нәтижесінде балалар қоршаған ортаға қызығушылығы артып, табиғатты аялай білуге, суреттегі әртүрлі сюжеттерге әңгіме құра алады. Байланыстырып сөйлей алады.Бөлме өсімдіктері мен дала өсімдіктерін ажырата отырып табиғат бұрышындағы бөлме өсімдіктеріне күтім жасағанды жақсы көреді. Ағаштардың әр жыл мезгілі кезінде өзгеріске ұшырайтынын, ауа – райын бақылағанды ұнатады. Қоршаған ортамен таныстыру оқу іс – әрекеті бойынша балаларға табиғат және табиғат құбылыстары мен өзгерістері туралы, қоршаған орта туралы, жыл мезгілдері, жануарлар мен құстар әлемі туралы, жемістер мен көкөністер, балалабақша, онда жұмыс жасап жатқан адамдар туралы, әр түрлі мамандық иесі туралы, топтағы тәрбиеші апайларының есімін атап білуді, қарапайым мәдени шараларды, серуен кезінде қоршаған ортадағы өзгерістерді бақылауды үйренді. Осының нәтижесінде балалар жемістер мен көкөністерді ажырата алады, жылдың төрт мезгілін біледі, құстар мен жануарларды, өлі және тірі табиғатқа не жататынын, түрлі ауа – райы құбылыстарын, өздері келіп жүрген балабақша және тобының атауын атап, тәрбиеші апайларды аты мен тегін айтуды, қоршаған ортада өзін – өзі дұрыс ұстау қабілеттері мен қарым қатынасын, әлеуметтік мәдени негіздерді, қоршаған орта туралы түсініктері қалыптасты.Барлық балалар жоғарғы денгеиде Жемістер, көкіністер, қоршаған ортадағы құбылыстарды жақсы менгерді.
«Шығармашылық » білім беру саласы бойынша балалардын көрсеткіштері. І деңгей-0 бала, ІІ деңгей-3 бала, ІІІ деңгей-22бала бойынша көрсеткіш көрсетті.
«Шығармашылық» білім беру саласының мақсаты: балалардың шығармашылықтары арқылы көркемдік қабілеттерін, бір – бірімен жақсы қарым – қатынаста болуға, ұжымдық жұмысты бірігіп жасай білуге, балалардың дүниеге эстетикалық көзқарасын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: сурет салу, жапсыру/мүсіндеу,музыка.Балаларға қарындаш пен қылқаламды дұрыс ұстай білуге, әр түрлі сызықтар сызуға, бейнелерді гуаш бояуымен, акварель бояуымен біркелкі бояуды, көрнекілікте берілген бейнені сала білуді үйренді. Нәтижесінде балалар суретті еркін сала алады. Дайын қиындыларды ақ бетті қағазға жапсыра алады. Желімді тиімді пайдалана алады. Ермексаздан әр түрлі бейнелерді, жануарлар сұлбасын,т.б берілген бейнелерді мүсіндей алады. Суретсалу, мүсіндеу, жапсыру.Қауіпсіздік ережесін сақтайды. Әр оқу іс – әрекеті кезінде ескертіліп отырады. Музыка оқу іс әрекетінде балалар жақсы көніл күи мен қатысады музыкк ырғағымен билей алады мейрам кездеринде женіл өлендерді жататқызамыз .
Нариман,Ерзат,Әділ,Осман,Ағлан,Архат,Әлихан осы балалар карандаш,қылқалам,дұрыс ұстай алмайды.
Мүсіндеу,жапсыру оқу іс әрекетерне балалар жақсы көніл күймен катысады.Көбінесе балалар тәрбиешінің көмегімен жұмыс жасайды.
«Денсаулық» білім беру саласы бойынша балалардың көрсеткіші.І деңгей-0бала, ІІ деңгей-3 бала, ІІІ деңгей-22 бала бойынша көрсеткіш көрсетті.
«Денсаулық» білім беру саласының мақсаты: салауатты өмір салтын қалыптастыру, бала ағзасын жетілдіру, балалардың дене бітімін, қимыл қозғалысын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Дене шынықтыру. Дене шынықтыру оқу іс – әрекеті бойынша жәй жүру, жүгіру, әртүрлі биіктікте, әртүрлі бағытқа секіруді, ұлттық ойындар, спорттық ойындар, қимыл қозғалыс ойындарын үйренді. Осының нәтижесінде балалар негізгі және жалпы дамыту жаттығуларын еркін жасай алады.
Ұлттық ойындар мен қимыл қозғалыс ойындарын шарты бойынша ойнай алады.«Дені саудың жаны сау» — дегендей балалардың денсаулығын сақтау жолында күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жүргізіліп отырады. Тәуелсіздіктін 30жылдығына орай тобымызда балалармен спорттық сайыс өткіздік балалар қызығып белсене қатысты. Күннің ІІ – ші жартысында балалармен дидактикалық ойын, қимыл қозғалыс ойыны, ұлттық ойындар, сюжетті рөлді ойындар, жеке жұмыстар жүргізіледі.
Осының нәтижесінде балалар д/о: «Түстерді ата», «Көкөністер мен жемістер», «Ойыншықтарды орналастыр», «Пішіндерді ата», «Төлдерін тап» т.б осы сияқты ойындарды шарты бойынша еркін ойнай алады. Қ.қ.о: «Поезд», «Ақ серек көк серек», «Түлкі мен балапандар», «Ақ қоян», «Маған қарай жүгіріңдер», «Кеглиді құлат» т.б ойындарды ойнай алады. С.р.о: «Шаштараз», «Дүкенші», «Отбасы», «Дәрігер» т.б ойындарды еркін меңгерген..

Қыркүйек айында тобымызда«Ғажайып күз» атты ертеңгілігі өз деңгейінде өтті.


Ата- аналармен бірлесе отырып « Ғажайып күз көрмесі» өткізілді.
Бірінші желтоқсан «,Елін сүйген Елбасы» атты тақрыптық оқу қызметті өткізілді.
«Тәуелсіздік тұғырым» атты ертенгілігміз өткізілді.
Тәуелсіздік 30жылдығна орай спорттық іс шара өткізілді.
«Қош келдін Жаңа -жыл» атты мерекелік ертеңгілік өткізілді.
Балаларға «Электр құралдарнан сақ болайық » атты қауіпсіздік түсіндірме жүргізілді.
Таным саласы бойынша «Қызықты пішіндер»атты ашық ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өткізілді.
Алғыс айту күнінде балдарға алғыс айту туралы түснік білдірдік.
«Аналар асыл қазынам» атты ертенгілік өтілді.
«Наурыз жыл басы» атты ертенгілік өткіздік.
Шығармашлық саласы бойынша Тақырыбы:«Ағаштар бүршік жарды» атты ашық ұйымдастырлған оқу іс әрекеті өткізілді.
1Сәуір Күлкі мерекесне орай балалармен қызықты оиындар ұйымдастырып би билеп кеш өткіздік.
1Мамыр «Бірлігіміз жарасқан» атты ертенгілік өткізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет