Аса Мейірімді, ерекше Рахымды Аллаһтың атымен!



бет23/23
Дата14.02.2018
өлшемі4,81 Mb.
#37661
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
“Бір адам: «Аллаһпен ант етемін, Аллаһ пәленді кешірмейді!» , - деп айтты. Сол кезде Ұлы және Құдіретті Аллаһ: «Мен пәленді кешірмейтініме маған ант етіп жатқан кім өзі? Мен оны кешіріп қойдым, әрі сенің барлық істеріңді зая еттім», - деді”. Муслим, 2621.

9 Іс жүзінде бұл хадис әлсіз. Қз.: «Да‘иф әл-Жәми‘», 2022. Бірақ осы тақырыпқа арналған сахих хабар да бар. Абу Хурайраның (Аллаһ оған разы болсын) сөздерінен Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) былай деп айтқаны жеткізіледі: «Ақиқатында, бұл дін жеңіл, бірақ кім онымен күресе бастаса, ол міндетті түрде оны жеңеді». Әл-Бухари, 39.

10 Шейх әс-Са‘ади (Аллаһ оны рахым етсін) бұл аятқа түсіндірме жасап, былай деді: «Бахира деп көпқұдайшыл-мүшриктер қасиетті санайтын ұрғашы түйе (іңген) аталатын. Олар оның құлағын тілетін және оған мінуге және жүк тасуға тыйым салатын. Саиба деп белгілі бір жасқа жеткен соң қасиетті болып саналатын інгендер, сиырлар немесе қойлар аталатын. Мүшриктер оларға мінбейтін, олармен жүк тасымайтын және етін жемейтін. Тура осылай деп көпқұдайшыл-мүшриктердің берген нәзірлерін орындап қараусыз қалдыратын мал-мүлкі аталатын. Хами деп пұтқа табынушылар кейбір белгілі себептерге сәйкес мінуден және жүк тасудан қорғайтын түйе аталатын».

11 Бұл оны тек әдеттегі ас ретінде ғана пайдалануға болатынын, бірақ ол шариғатта құрбандыққа шалынған мал болып саналмайтынын білдірді.

12 «Олар сендерден бұрынғылар сияқты. Олар сендерден күшті еді, әрі олардың малдары мен балалары да көбірек еді. Олар дүниеде өздеріне берілген несібелерінен масайрады. Бұрынғылар өз несібелерінен масайрағандай, сендер де несібелеріңнен масайрадыңдар. Олар бос сандыраққа сүңгігендей, сендер де бос сандыраққа сүңгідіңдер. Олардың бұл дүниедегі де, Ақыреттегі де амалдары жойылып кетті. Міне, солар зиянға ұшырағандар» («әт-Тәуба» сүресі, 69-аят) деген аят меңзелуде.

13 Бұл әйгілі араб мәтелі, (олар) оны әрбір халыққа міндетті түрде бақытсыздық түсетінін меңзеп қолданады. Әл-Әдбат ибн Қари‘ әс-Са‘ади деген кісі өмір сүрген екен. Ол өз тайпасының мырзасы болған. Бірде ол адамдардың оған менсінбеушілік танытып, немқұрайлы қарағанына ренжіп, елінен кетіп, өзге жерге барып жайғасады. Ол жерде ол басқа тайпалардың да өз көсемдеріне оған оның тайпасы жасағандай қарым-қатынас жасайтынын көреді. Кейін ол тағы да басқа елге көшіп барады, бірақ ол жерде де соны көреді. Содан соң ол: «Қайда барсам да, барлық жерде бану Са‘дты кездестіремін», - деп айтқан екен және өз тайпасына оралған екен. Әрі осы «Әрбір алқапта өзінің бану Са‘дты бар!» деген мәтелдің басын бастаған дәл сол деседі.

14 Хадисте Хиләл бин Умайя (Аллаһ оған разы болсын) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) алдында өзінің әйелін Шәрик ибн Сахммен зина жасады деп айтыптаған жағдай туралы айтылып тұр.

15 Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) егер күйеуі зина жасады деп айып таққан әйел бұл айыптау өтірік екендігі туралы төрт рет Аллаһпен ант етсе, онда оны жазаламау керек деп айтылатын «ән-Нур» сүресінің 8-аятын меңзеп тұр. Алайда бұл әйелдің анттары өтірік болғандықтан, ол өз басына бұдан да жаманырақ жазаны, нақты айтқанда Аллаһтың қаһарын шақырып алды.

16 Усама өз сөздерімен Аллаһтың Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы сөздерді қайталай бергені сонша – ол өзінің өте ауыр теріс амал жасағанын сезіп, бір күнәлі іс жасап, сосын Ислам қабылдаған адамның орнында болуын қалағанын айтып тұр. Өйткені Исламды қабылдаған адамның оған дейінгі істеген барлық күнәлары кешіріледі.

17 Аудармашының ескертпесі: Зуһд – (аскет – рус.) араб тілінен енген сөз. Мұсылмандардың алғашқы ұрпақтарының «зуһд» сөзіне берген кейбір түсіндірмелері келесідей:

Суфиян әс-Саури былай деген: «Зуһд – бұл жаман тамақ жеу және жүннен (тоқылған) киім кию емес, (бұл -) үлкен үміттердің болмауы». Уаки’ «әз-Зуһд» 1/222.


Уаһб ибн әл-Уард «зуһд» ұғымына қатысты былай деген: «Зуһдтық - қолыңнан тайған дүниелік нәрселерге қайғырмауыңда әрі қолың жеткен дүниелік нәрселерге қуанбауыңда». Абу Ну’айм «әл-Хилия» 8/140.
Абу Идрис әл-Хәуләни былай деген: «(Адам) зуһдтыққа хәлалды харам етумен және мал-мүлікті босқа шашумен келмейді. Ақиқатында, зуһдтық сенің өз қолыңда бар нәрселерге емес, Аллаһтың Қолындағы нәрселерге көбірек сенім артуыңда, ал басыңа қайғы түскенде, жоғалтқаныңды қайтарудан гөрі осы үшін (Ақыретте) сый алуды көбірек қалауыңда». Ахмад «әз-Зуһд» 96.
Имам Ахмад былай деген: «Зуһд – бұл болашаққа деген үлкен үмміттердің болмауы және басқа адамдарға тиісті нәрселерден бас тарту». Қз.: «Жәми’ул-‘улюми уәл-хикам» 297.

18 Аллаһ Тағала олар жайында: «Аллаһ бахираға, саибаға, уасиләға және хамиға қатысты бұйрық еткен жоқ. Бірақ кәпірлер Аллаһқа өтірік жала жапты. Олардың көбі түсінбейді» («әл-Мәида» сүресі, 103-аят), - деп айтқан адамдар меңзелуде. Шейх әс-Са‘ади (Аллаһ оны рахым етсін) бұл аятқа түсіндірме жасап, былай деді: «Бахира деп көпқұдайшыл-мүшриктер қасиетті санайтын ұрғашы түйе (іңген) аталатын. Олар оның құлағын тілетін және оған мінуге және жүк тасуға тыйым салатын. Саиба деп белгілі бір жасқа жеткен соң қасиетті болып саналатын інгендер, сиырлар немесе қойлар аталатын. Мүшриктер оларға мінбейтін, олармен жүк тасымайтын және етін жемейтін. Тура осылай деп көпқұдайшыл-мүшриктердің берген нәзірлерін орындап қараусыз қалдыратын мал-мүлкі аталатын. Хами деп пұтқа табынушылар кейбір белгілі себептерге сәйкес мінуден және жүк тасудан қорғайтын түйе аталатын».

19 Бұл жерде ‘Умар ибн Аби Сәләма (Аллаһ оған разы болсын) Аллаһ Елшісінен (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Ораза ұстаған адам әйелін сүйе алады ма?», - деп сұраған хадис айтылып тұр. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) оған: «Бұл жайында (өзіңнің анаң және менің әйелім) Умм Сәләмадан сұра», - деп жауап берді. Ал ол оған Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осыны істейтіні туралы хабарлағанда, ‘Умар ибн Әби Сәләма: «Уа, Аллаһтың елшісі, Аллаһ сіздің бұрынғы да, кейінгі де күнәларыңызды кешіріп қойды ғой», - деді. Аллаһтың Елшісі (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұған: «Ақиқатында, сендердің іштеріңдегі ең тақуаларың және (Аллаһтан) ең қатты қорқатындарың менмін деп үміттенемін», - деп жауап берді (Муслим, 1108).




Каталог: KITAPTAR MEN MAKALALAR -> manhagh -> 28%20-%20manhagh erejeleri
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Ханафи мәЗҺабының имамдары түркістанғА, бекет-ата мазарына және басқа да қабірлерге «Қажылық» жасауғА Қарсы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> ТҮркістанды, арыстан бабты, Т. С. С. Жерлерді зиярат етушілердің сол жерлер мен сол жерлердегі заттардың Қасиеттілігі және берекелі екендігі туралы сенімі
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> Шариғат қабір орындарын құлшылық-ғибадат орындарына айналдыруға тыйым салғандығы туралы
KITAPTAR MEN MAKALALAR -> -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет