Асептика және антисептика ережелерін сақтау



бет1/4
Дата20.04.2020
өлшемі53,62 Kb.
#63131
  1   2   3   4
Байланысты:
Асептика және антисептика


Асептика және антисептика

Асептика және антисептика ережелерін сақтауАсептика – жараны микроптардың зақымдауынан қорғау әдісі. Бүл үшін жарамен түйісетін затта микроб болмауы тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар та-зартушы деп аталады. Заттар мен аспаптардағы, басқа бүйымдардағы микробтарды толық жою тазарту (сте-рилизация) деп аталады.

Жараны көп жағдайда іріңдетуші микробтар зақымдайды, одан кейін жара іріңдеп, ісінеді. Микробтар сөл тамырларына, сол арқылы сөл жолдарына түсуі мүмкін. Бүл жағдайда тері ісініп қызарады және қатты ауырады. Ал егер іріңді инфекция қанға өтсе, қан бүзылып сепсис дамиды.

Антисептика – жараға түскен бактерияларды, микро-организмдерді елтіретін немесе олардың тіршілігін әлсіретіп антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ерітіндісі, иод тұнбасы, спирт, сутегі қолда-нылады.

Тек ауа жоқ кезде дамитын микробтардың жарада көбеюі анаэробтық немесе газдың инфекциясы ретінде аса қауіпті.

Жараға топырақ пен бірге сіреспені тудыратын анэ-робтық микробтардың түрлері енуі мүмкін.

Механикалъщ антисептика жараны алғашқы хирур-гиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалыц антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқандай бүл жараны қүрғатады, жарадан сүйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәулесі өлтіреді.

Химиялъщ антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген. Бүлар антисептикалық заттар деп аталады. Иод түнбасы, этил спирті, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер Вишневский майы сияқты бірнеше заттардан қүралуы мүмкін.

Биологиялъщ антисептиктерге жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибио-тиктер жатады.

Антисептика мен асептика әдістері жараның инфекциялық зақымдануымен күресте бірін-бірі толықтырады.

Таңғыш материалдар жарақаттағы қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және оған микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу мате-риалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин, кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады. Салфеткалар – қиысты-рылған төрт бүрышты дәке кесінділердің бірнеше қа-баты. Олар үлкен (70-68 см) және кіші (68-35 см) болуы мүмкін. Бинт – ені 5-20 см және үзындығы 5-10 м дәке кесіндісі. Медициналық заттар мен аспаптар қойма-ларында ені 10,14,16 метр және үзындығы 5,7,10 метр

бинттер кездеседі. Мақта гигроскопиялық және компрес-сорлық болуы мүмкін. Гигроскопиялық мақта ылғалы жақсы сіңіреді, жараға қойылатын тағыш үшін қол-данады. Сары-қоңыр түсті компрессорлық мақта ылғалы сіңірмейді, сондықтан шина қою, таңғышпен жабу кезін-де жүмсақ төсем даярлау үшін қолданылады. Лигнин (ағаш мақта) – мақтаның орнына қолданылатын материал болып табылады.

Медицина қоймасында кіші және үлкен медициналық тазартылған таңғыштар сақталады.

Кіші таңғыштар мақта дәке жастықшасының (56-29 см) және бинттен (14смх7м) жастықшадан түрады. Үлкен жастықша (65×43 см), оның бүрыштарына бір-бірден бау тігілген (70×10 см). Үрыс даласында көмек көрсету үшін жеке таңғыш пакеті (ЖТП) қолданылады. ЖТП (екі мақта дәке жастықшасынан 32×17,5см) және бинттен түрады (10смх7м). Бір жастықша бинттің үшына тігілген, ал екіншісі бос жатады.

ЖТП-дағы мақта дәке жастықшасының ішкі жағы қо-сымша мата емес, металдандырылған материалмен жа-былған. Пакеттің сырқы жамылғысы резиналы матадан істелінген.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет