Ашық тәрбие сағаты. Тақырыбы:"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ." 8ә сынып



Дата28.01.2018
өлшемі102,59 Kb.
#35395
түріСабақ
. ҚР. Оңтүстік Қазақстан облысы

Сарыағаш ауданы

"№110 жалпы орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Ашық тәрбие сағаты.

Тақырыбы:"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ." 8ә сынып



Орындаған: Нурлыбай Әсемкүл Лесбекқызы.

2017-2018 оқу жылы

Абай ауылы

"Табиғат адам үшін жаратылыпты, бар қызық табиғаттан таратылыпты"

Тақырыбы: "Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ."

Мақсаты:

1. Оқушыларға қазіргі таңдағы адамзат баласының алдындатұрған экологиялық проблемалар туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, экологияның астарында отанға сүйіспеншілік, қазақи ұлт-дәстүрлік, діни ұғымдар жатқанын ұғындыру және экологиялық тәрбие беру.


2. Табиғатты сүйе білуге, бүлдірмеуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы, табиғат туралы өлең шумақтары, Абай ауылымыздың көрінісі, интерактивті тақта.


Сабақтың түрі: Ынтымақ сабақ.

Сабақта орыс, ағылшын, химия, география, тарих пәндерімен тығыз байланысын көрсету.


Сабақ жоспары:

Сабақ сұрақ - жауап түрінде өтеді.
І. Табиғат туралы баяндама
ІІ. Табиғат жайында мақал- мәтел
ІІІ. Атмосфераны ластайтын объектілер

а) Биогаз

б) Парник эффектісі

в) Озон тесігі

г) Қышқыл жаңбыр
Сабақтың өтілу барысы:
1- жүргізуші: Құрметті ата-аналар мен ұстаздар және оқушылар қош келдіңіздер.
2- жүргізуші: "Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ" - атты ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
1- жүргізуші: "Табиғат адам үшін жаратылыпты, бар қызық табиғаттан таратылыпты",- деп С.Торайғыров атамыз айтқан екен.
2- жүргізуші: Ей,табиғат шеберсің-ау, шеберсің.

Көрмегенді көрсетесің, берерсің.

Ұлан ғайыр байлығымды міс етпей.

Аш көзденген адамдарға не дерсің.



БАЯНДАМА (Мұғалім)

Қазіргі кезеңде адам мен қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені мәлім. Жершарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті.

Әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адаммен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетті шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырады. Жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады.

" Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып білмесін тартып аламыз", деген көз қарас қалыптасты.Мұның барлығы жер бетіндегі тіршілікке тигізетін әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан- табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда түсті.

Республика аумағын бірнеше экологиялық аудандар тобына бөлуге болады.

- Экологиялық жағдайы нашар аудандар: ядролық полигон, Арал маңы, мұнай-газ, металлургия, көмір кен орындары, өнеркәсіптік қалалар.

- Экологиялық жағдайы орташа аудандар.

- Экологиялық жағдайы салыстырмалы жақсы аудандар.

Қазақстанның экологиялық ахуалы нашар аймақтары: Арал, Каспий, Балқаш. Еліміз табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырылады. Соның нәтижесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар қабылданды.

Көкшетау, Іле, Жоңғар- Алатауы, Алтай Қазақстандағы маңызды рекреациялық аудандарға жатады.

1962 жылы 16 маусымда ҚазақКСР жоғары кеңесі "Президиумінің", "Қазақстанның табиғатын қорғау" туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбалары, суды ормандар мен құстарды, атмосфералық ауаны, топырақты сирек ландшафтылар және т.б. қорғау қарастырылды.
Мұғалім: Енді балалар экранға назар аударып, табиғат туралы ұғымдарға тоқталайық !


Құстар

Ауа

Адам






Су

Жануаррлар




Жер

Табиғат

Өсімдіктер


1) Абдрасилов Жанар:

The Months of the Year

Jnnary brings show,

Makes the toes and finders glow

February bring the rain,

Thaws the frozen pods again

Maren brings breezes loud and shrill

Stirs the fascing daffodil,

April brings the primrose sweet,

Scatters daisies at our feet


2) Сәрсенов Дәурен:

May brings flocks of pretty lambs,

Skipping by their fluky dams

бәріміз brings tulip ,lilies ,roses,

Fills the children's hands with posies.

Strawberries and gully-flowers


3) Орынбаева Жанат:

Табиғат әсемдіктің төркінісің,

Ән салам бір сенің көркің үшін.

Жан-жануар тойының бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай тар тынысым.

Табиғаттан бабамыз ала берген секілді.

Дархандықты қазаққа дала берген секілді.

Ерлікті, ерлікті желден алған секілді.

Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді.
4) Шайзақов Тұрсынбек:

Summer is over, winter comes -

Showy mornings and cold thumbs,

Still we fing the running brooks

Jn the picture story-books.
5) Ағабекова Алия:

Мыңдаған жыл қуандырды біздерді.

Табиғатқа жаны ашыған ғалымдар

Қорғау үшін шығарды ғой кқп заңдар.

Пайда болды экология ғылымы.

Табиғат үй оны аялап қорғаңдар!


1- жүргізуші: (Каримова Аманкүл)

"Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ."


2- жүргізуші:( Егембердиев Нүркен)

Ей адамдар!

Қалай ғана қатыгездік жасайсың

Ол анаң ғой, ал сен кенже ұлысың. -деп ақын М.Мақатаев атамыз айтып кеткен


1- жүргізуші:Жур аналады әніміз.

Табиғатты қорғайық бәріміз!

Салауатты күн кешейік бәріміз.

Үлкен, кіші, жасымызда, кәріміз.


6) Сағатқұл Жанғали:

Thirty days has September,

April, June and November .

February has twenty-eight alone

All the ret have thirty- one.

But leap year coming once in four

Gives February one day more.
7) Анар Балнұр:

Қырға шыққам баяулап жел еседі,

Тілін ұқсаң табиғат сенімен тілдеседі.

Оян, достарым, жолыңда, көкке өрле.

Жер-Ананың қорғаушысы сен деседі,
7) Дауылбаев Мұхамеджан:

Spring is green.

Summer is bright,

Autumn is yellow.

Winter is white,

The show is falling.

The wind is blowing,

The ground is white,

All day and night
8) Сарсенова Гүлнұр:

Кеше де, бүгінде, ертең де,

Табиғаттың қорғаушысы тірегі де, көзі де,

Бір өзіңсің- адамдар

Болсын мәңгі есіңде!
1- жүргізуші: Маржан мына келген қонақтарға Экологиялық проблеманың келіп шығы себептерін келтірейік
2- жүргізуші: Жарайды мүмкін экологиялықпроблумамыз шамалы жеңілдер.
1- жүргізуші: Айжан атмосфераны ластайтын объектілерді аташы?

Жағатын отын, автокөлік, өндіріс орындары, гербицид, пестицидтер т.б.


2- жүргізуші:Отынды жағудың әсерінен ауа қалай ластанады? Жанғали түсіндіріп жіберші.

Отын толық жанбаған кезде атмосферада қатты бөлшектер-күйе, шаң, күл түзеді және улы компоненттер көмірқышқыл газы.SO3,Pd, NO2, т.б. түзеледі


1- жүргізуші: Тұрсынбек судың ластануы н анықтайтын қандай әсер бар?

Механикалық, химиялық, биологиялық.


2- жүргізуші: Ақерке топырақтың ластануы қалай жүреді?

Топырақтың пестицидтер, гербицид дефолианаттармен ластанады.


1- жүргізуші: Анар "Биогаз" деген не?

Биогаз-жануарлардың қалдықтарын және тұрмыстық қалдықтарды өңдеу арқылы алынатын жанғыш зат (метан).


2- жүргізуші: Мадина "парник эфектісі қалай пайда болады?

Атмосфера көмірқышқыл газы көбеюі және беті климатқа жылылық әкеледі.Жылылық пайда болуы хлор, фтор, метанды (фреон) заттардың көбеюі арқылы да болады.


1- жүргізуші: Еламан адам ағзасындағы нитраттан қандай зиян келтіреді?

Нитраттардың адам ағзасындағы зияны жоқ.Шектегі микрофлоралар арқылы нитраттар, нитриктер айналасы, ол зиянды.Нитраттар зиянды, олар қандағы оттекті тасымалдауды қиындатады, әрі концерогенді заттар түзеді.


2- жүргізуші: "Озон тесігі" деген не?

Стросфераның астындағы азон қабаты ультра күлгін сәулені ұстап қалады.Озон қабатын ыдырататын заттар-озон оксиді, хлор, сутек, фрондар.


1- жүргізуші: Төлебек тамақ арқылы адам ағзасына қандай заттар жиналуы мүмкін?

Радиоактивті заттар, пестицидтер, ниттраттар, ниттриттер.


2- жүргізуші: Мадина ниттаттардың көп мөлшері өсімдіктердің қалай жиналады?

Нормадан тыс азотты тыңайтқыштарды беру әсерінен болады.


1- жүргізуші:Айбек автомобиль көлігінің ауаға әсері қандай?

Автомобиль жүргенде ауаға әсері қандай?

Автомобиль жүргенде ауаға азот, көміртек, күкірт оксидтері, альдегиттер және хлор, бром, фосфор, қорғасын элементтері бөлінеді.
2- жүргізуші: Білесің бе Жанар бензиннің қай түрі ауаға көп зиян келтіреді?

Этилденген бензин-бұларға антидетонатор ретінде қорғасын қосылады .Яғни тетраметил қорғасын, тетраэтил қорғосын.Бұл бензин түтіні, газы улы.


1- жүргізуші:Ақсана қышқыл жаңбыр дегеніміз не?

Ол қалай пайда болады?

Ауаға көп мөлшерде көтерілген азот күкірт окситтері ауадағы су бумен қосылып, қышқыл түзеді. Қышқыл жаңбырлар жауады.
2- жүргізуші: Ақерке келген қонақтарға экологиялық проблеманың келіп шығуын түсіндіре алдық па сенің ойыңша ?
1- жүргізуші: Ия Абылай бірақ, тақырып жайында мақал айта кетсек тамаша болар еді.
2- жүргізуші: Онда мен бастайын, достар қоштасын.

-Судыңда сұрауы бар.


1- жүргізуші: -Суға түкірме

-Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын темір жоқ.

- Қарға сұңқар болмас, Есек тұлпар болмас.

- Жеріне қарай егін ек, Жолыңа қарай жүгін жек.

-Қарағайға қара тал өсір, Құрбысына қарап бала өсір.
2- жүргізуші: -Табиғат адамзаттың өмір нәрі, Қажеттінің табылар содан бәрі.

- Тазалық денсаулық кепілі.

- Бір тал кессең, он тал ек.
1- жүргізуші: Ой жарайсыңдар, жарайсыңдар.

Ендігі кезегімізді музыкалық бағдарламамызға берейік.


1. Хор: "Гүлдей жайна Қазақстан"

2. Көрініс: " Экология қайдан басталады"

3. Күй: " Айжан қыз"

4. "Аққу биі"- қыздар тобы.

5.Ағылшынша диолог.

6.Түрікше би.

7.Күй"Секіртпе".

8.Ән "Әр қашан күн сөнбесін".

9.Қазақша би.

10.Күй"Келіншек".

11.Ән"Туған жер".
1- жүргізуші: Біздің ата- бабаларымыз бүгінгі ұрпаққа кең байтақ даласын, әсем- әуенді табиғатын, қанатты сөздерін, адамгершілік қасиеттерін аманат етіп қалдырды. Біздің барымыз ата- бабаларымыздан қалған асыл мұраны көздің қарашығындай сақтап, өзімізден кейінгі ұрпаққа тапсыру болу табылмақ. Осымен "Адамдардың табиғатсыз күні жоқ"- атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
2- жүргізуші: Сіздерге мықты денсаулық, шексіз бақыт тілейміз. Табиғатты бәріміз бірге қорғайық.
Нәтижесі: Оқушылар "Отан, табиғат, өсімдіктер, қорғау, жануарлар, ауа, жәбірлеме, жұлма" деген сөздерді өздерінің жадында сақтап қалғаны байқалды және де оқушылар бұл ашық сабақта бірнеше пән бір-бірімен байланысқанын сезді ( химия, биология, құқық, география, ағылшын тілі, әдебиет) Бұл тәрбие сағаттардың көрінісі айқын белгілері оқушылардың сыныптың тазалығынқұыпты ұстауында көрінді және де сыныптан тыс сенбіліктерге белсенді қатыса бастады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет