Қашықтықтан өткен жиналыс



Дата19.05.2020
өлшемі105,49 Kb.
#69826
Байланысты:
Адалдықты мұра еткен ұлы Абай Расулметова Д docx-2
Адалдықты мұра еткен ұлы Абай Расулметова Д docx-2, Адалдықты мұра еткен ұлы Абай Расулметова Д docx-2, Адалдықты мұра еткен ұлы Абай Расулметова Д docx-2, Адалдықты мұра еткен ұлы Абай Расулметова Д docx-1

10 КОЛЛЕДЖ

Қашықтықтан өткен жиналыс

ХАТТАМАСЫ.
18.05. 2020ж

Шымкент қаласы

Қатысқандар: № Ш9-19-4 тобының 25 студенті

Топ ө/о шебері: К. Сайитханова

Топ жетекшісі: Д. Расулметова

Өткен орны:

Қашықтықтан Whats App желісі арқылы өтті.


Күн тәртібі

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай

«Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» атты адалдық сағаты.
Тыңдалды:

«Адам өмірі тұтасымен түрлі қа­рым-қатынастардан құралады. Онсыз адам қоғамнан бөлініп қалмақ. Ал қарым-қатынас міндетті түрде өзара жауапкершілікті туғызады. Бұл жауап­кершілік қара басының қамын биік қоятын өзімшілдік араласқан кезде бұзылады. Сондықтан Абай: «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден бөлек», – деп адамға нұрлы ақыл мен ыстық қайраттан бөлек жылы жүрек керек екенін айтады. Осы үш ұғымды ол үнемі бірлікте қарастырады, бірақ алдыңғы екеуі жүрекке бағынуы керек деп есептейді. Бұл – қазақ халқының өмірлік философиясы» – деп келтіреді Президентіміз.

Ұлы Әбу Насыр Әл-Фараби бабамыз айтқандай «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек». Қазіргі уақытта балалардың көбісі кішкентай жасынан бастап адалдықтан алыстап жатады, ол әр ісінен көрінеді. Мысалға, оқушылар бастауыш сыныптардан бастап бір-бірінен көшіруді бастайды, бұл іс әрекетімізбен тек мұғалімді, ата-анамызды ғана емес ең бірінші өзімізді алдаймыз. Жас ұрпақты жастайынан жақсыға үйрету үшін мектептерде, колледждерде және үниверситеттерде «Адал ұрпақ» клубтары құрылған. Бұл бастамалардың барлығы еліміздің ертеңгі тірегі, жастардың бойында адалдық, әділдік, адамгершілік және отансүйгіштік қасиеттерін дамытуға арналған арна. Біздің ұлы Абай атамыздың еңбектерін оқып қарасақ үнемі адал еңбекті, елін сүйетін адалдық қасиетін дәріптегенін көреміз. Сондай еңбектерінің бірі 37-қара сөзінде адал еңбекпен жасалған іс адамшылықтың белгісі екенін түсіндірді. Әрбір істі өз қолыңмен, адал еңбегіңмен жасауың керек, жай ғана көшіріп алып жүре берсек, жоғары оқу орнында да қиын болып, бітіргенде өзіне сенімсіз, жеткілікті білімі жоқ маман болып шығасың. Оның  қандай пайдасы болады. Қорытындылай келсек, адал еңбек қана алға жетелейді

Бүгінгі күнде адалдық мәселесі – әлемдік ғылымды толқындандырып отырған аспектілерінің бірі болып табылады. Бұндай мәселенің туындауы жаһандану үдерісімен тығыз байланысты. Интернет эрасында ғылыми жұмыстар дерекқорына деген қол жетімділіктің пайдалы жақтарымен қатар, оқу үдерісі үшін пайдасы аз жақтары да бар. Сөз әрине плагиат мәселесі туралы болып отыр. Өйткені, біздің заманымызда білім алу үдерісінің негізгі мақсаттарының маңыздысы – студентте ойлау, рефлексия қабілеттерін қалыптастыру. Жақсы білім алу үшін оқу үдерісіне студент шығармашылық тәсілдеме көзқарасынан қарауы қажет. Плагиатпен айналысатын студентте бұндай қабілеттерді дамыту мүмкін емес, өйткені басқа жұмысты көшіріп беру үшін ақыл-ойдың ешбір қиналып, әрекет етуі қажет етілмейді. Сондықтан үздік білімді дамыту үшін біз студенттерді академиялық адалдықты сақтауға және шығармашылыққа баулуымыз қажет. Жаһандану заманында жоғары оқу орнының түлектері жаңа идеялар, жаңа ойлардың қайнар көздері болулары керек, сонда ғана оларды әлемдік нарық бәсекелесуге қабілетті мамандар ретінде қабылдайды.


Студенттерге «Адалдықты мұра еткен ұлы Абай» тақырыбында слайдтар көрсетілді.






Қаулы етілді:

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбай атамыздың өмірі және шығармашылығымен толық танысып шығу.

Әр саналы ұлт өз өзін сақтауға, өз өзіне барынша АДАЛ болуға ... тепе-теңдік пен үйлесімділікті барынша ұстануға тырысу керек.

Карантин кезінде барлық сақталу шараларынаназар аударылсын, мұқият орындалсын.


Топ ө/о шебері: К. Сайитханова

Топ жетекшісі: Д. Расулметова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет