Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді



Дата15.09.2017
өлшемі34,37 Kb.
#32380
  • Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді. Шешесі Айғаншаны (1888 жылы туған) төркін жұрты ықтиярына қарамай, бір байға қосады. Ата-анасынан айрылған баланың ендігі күні аға-жеңгелеріне қарап қалады.
  • Туғалы ән-жырға құмар, көкірегі ояу бала осы жылдарда өлең жазуға талаптанып, өз толғаныстарын дәптерге түсіре берген. Осында жүріп жазған бір дәптер өлеңдерінің арқауы–жастық шақ, айналасындағы дос-жарандарына арнаған әзіл-қалжыңдар, сол тұстағы әдебиетте белең алған үгіт-насихаттық ұрандарға еліктеу еді. Бұл дәптері жоғалғанда, «қымбат қазынам еді» деп өкінбейтінін ақынның өзі де кейін ашық айтқан. Сондықтан 1932 жылға дейін жазған жырларынан айтарлықтай мардымды дерек қалмаған.
  • Қасым Рахымжанұлы Аманжолов 1911 жылы Қарағанды облысының Қарқаралы ауданына қарасты Қызыл ауылында туған. Әкесінен бес жасында айрылған болашақ ақын ауылда қозы бағып, отын-су, шөп тасумен бірге мал күзетеді. Шешесі Айғаншаны (1888 жылы туған) төркін жұрты ықтиярына қарамай, бір байға қосады. Ата-анасынан айрылған баланың ендігі күні аға-жеңгелеріне қарап қалады.
  • Туғалы ән-жырға құмар, көкірегі ояу бала осы жылдарда өлең жазуға талаптанып, өз толғаныстарын дәптерге түсіре берген. Осында жүріп жазған бір дәптер өлеңдерінің арқауы–жастық шақ, айналасындағы дос-жарандарына арнаған әзіл-қалжыңдар, сол тұстағы әдебиетте белең алған үгіт-насихаттық ұрандарға еліктеу еді. Бұл дәптері жоғалғанда, «қымбат қазынам еді» деп өкінбейтінін ақынның өзі де кейін ашық айтқан. Сондықтан 1932 жылға дейін жазған жырларынан айтарлықтай мардымды дерек қалмаған.
  • 1924 –26 жылдары балалар үйінде тәрбиеленген Қасым бұдан кейін Семейде мал дәрігерлік техникумында оқиды (1927-30 жж.). Алайда мұны қанағат етпей, білімге құлшынып Алматыға келеді. Бірақ өзі қалаған оқуға түсудің реті келмей, республикалық «Лениншіл жас» газетіне қызметке орналасып, қалам ұштайды. Біраз ысылып, тәжірибе жинақтаған соң «Қызыл әскер» газетінде істейді. Осы кезден бастап-ақ өз білімін толықтыруға айрықша мән береді. Талмай ізденіп, талғамын тәрбиелейді. Газет жұмысына төселіп, очерктер, мақалалар жазады. Заман талабына үн қосуға талпынған біраз өлеңдері «Лениншіл жас», «Пионер», «Қызыл әскер» газетінде жарық көреді. Әрине, оң-солын әлі жете танып үлгермеген жас ақын бұл өлеңдерінде сол тұста күллі елдің санасын күштеп билеп, дәуірлеп тұрған қатаң, үстем идеология ырқынан алыс кете алмайды. Ол заманда басқаша жазуға, ой-толғанысты еркін өріп, өрнектеуге мүмкіндік те жоқ еді.
  • Қасымның өлеңдері "Гроза" деген атпен 1946 жылы, "Стихи" деген атпен 1949 жылы орыс тілінде жеке кітап болып басылады. Қасым Аманжолов ұзаққа созылған науқастан 1955 жылғы қаңтардың 17-сінде қайтыс болды. Өлеңдері. Соғыстың алдында Қасым "Өз елім", "Дауыл", "Нар тәуекел", "Талғар" тәрізді әдемі лирикалық өлеңдер жазды. Бұл өлеңдердің кейіпкері – өз елін, туған даласының табиғатын шексіз сүйген, "көк дауылдай кеуделі жігіт" болып өскен қайратты замандасы. Өмірге көзін ашпай жатып, "жетімдік тағдыр" желкелеген балдырғанды өз тәрбиесіне алған Отанын ақын ерекше сезіммен жырлайды:
  • Өмірге ендім еңбектеп, Шалқалап әкем шықты үйден. Жетімдік тағдыр жетті ептеп, Қабағын жаба түксиген. Өмірден үміт жоқ өзге, Даланың тердім тезегін. Әкем боп таптың сол кезде, Қайран да менің өз елім.
  • Ән-күйге, өнерге деген құштарлық Қасымды 1935-36 жылдары Оралда жаңадан ашылған қазақ театрында әртіс болып қызмет істеуге құлшындырған. Осы жылдар ақын өміріндегі ұмытылмас қызықты да аяулы шақтар болып, жадында жатталып қалады. Әр алуан музыкалық аспаптарда еркін ойнап, домбыра, мандолина, т.б. шекті аспаптардан әуен әуелеткен ақын қызулы думан, жаңа орта, аяулы жандар арасында рухани есейеді. Бойында буырқанған ақындық дарыны айқын белгі беріп, өлеңдері жұртшылық назарына ілігеді. Сонымен бірге әншілік, әртістік қабілеті де осы кезде танылады. Театр топтарын ұйымдастырып қана қоймай әрі әртіс, әрі көркемдік жетекшісі болған Қасым өзінің өмірлік тәжірибесін де, ақын, өнерпаз ретінде көркемдік тәжірибесін де молайтқан.

Қасым Аманжоловтың отбасы

  • Ақын 1941 жылы армия қатарына шақырылады. Сол қарсаңда "Мазасыз музыка", "Қоштасу", "Бейсекештің бес ұлы" секілді әсерлі, сыршыл сезімге толы, лепті өлеңдерін жазады. 1941-1943 жылдары Қиыр Шығыста болған Қасым 1943 жылы батыстағы майданға ауыстырылады, содан соғыс аяқталғанға дейін "қанды қырғын, қып-қызыл өрттің ішінде" болады. Намыскер, өр, қайсар Қасым жауынгерлік міндетін жан аямай атқарады, абыройлы болады. Қиыр Шығыс пен батыстағы майдан аралығындағы ұзақ сапар, атамекен – Қазақстанын қақ жарып өтетін жол әсершіл, ұшқыр қиялды ақын жанын қатты тебірентеді. Соның нәтижесінде "Орал", "Сарыарқа", "Байкал", "Өтіп бара жатырмын" тәрізді тек Қасымның ғана емес, сол кездегі бүкіл қазақ поэзиясының жетістігі болып саналатын өлеңдері дүниеге келеді. Ақын рухының бұл қуатты серпілісі майдан жырларына ұласып, мазмұн, тақырып, түр, көркемдік бейнелеу кұралдары, ой мен сезім тереңдігі жағынан жаңа сапа тауып, биік белеске көтеріледі. "Елге хат" (бес бөлімнен тұратын ұзақ толғау), "Ұлы күтіс", "Үстімде сұр шинелім", "Подполковник Әлпинге", "Қапанға", "Сәбитке", "Ғалиға жауап", "Қызғалдақ", "Сен фашиссің, мен қазақпын", "Дариға, сол қыз" сияқты хрестоматиялық өлеңдері мен әйгілі "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы – соның айғағы.
  • Майданнан оралғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қасым журнал редакцияларында істейді, ара-тұра поэзия, ақындық өнер тақырыбына сын мақалалар жариялайды, өлеңді де өндіре жазады. Мысалы: 1946 жылы 26 өлең жазыпты, солардың ішінен, әсіресе "Достар", "Туған жер", "Құрбыма", "Сауыншы жеңгейдің жыры", "Домбыра", "Май келді", "Күйім тасып барады, күйім тасып", т.б. көркемдігі жоғары өлеңдерін ерекше атауға болады. Ақын 1947 жылдан бастап сырқатқа шалдығады. Соның өзінде сол жылы он шақты өлең жазып, "Біздің дастан" поэмасын бастайды. М.Лермонтовтың "Маскарад" драмасын, А.Твардовскийдің әйгілі "Василий Теркин" атты ұзақ та күрделі поэмасын өте шебер аударады. 1948 жылы да Қасым көп жазады, "Дауыл" атты жинағы жарық көреді. Ол туралы үлкен ақын әрі поэзия білгірі Әбділда Тәжібаев "Социалистік Қазақстан" газетінде "Дауылды жырлар" деген мақала жазып, аса жоғары бағалайды. Осы жылдары Пушкин мен Лермонтовтың бірсыпыра өлеңдеріне қоса, Пушкиннің "Полтава" поэмасын аударады. "Балбөбек", "Нұрлы дүние" жинақтарын шығарады. 1952 жылы "Таңдамалы шығармалары" жарық көреді. 1954 жылы бүгінде жұрттың көбі жатқа білетін әйгілі "Өзім туралы" толғауын аяқтайды.
  • Бала кезінен халықтың ән-жырынан, бай фольклоры мен ауыз әдебиеті шығармаларынан сусындап өскен Қасым Амажоловтың хат танығаннан кейін поэзия алыптарының шығармаларын мұқият зер салып оқығаны, олардың творчествосынан нәр алғаны анық. Бұл ретте алдында өткен айтулы ақындар поэзиясының ықпалы, әсіресе, айқын байқалады. Мәселен, «Сұлудың сымбатынан» (Орал, 1935), Абайдың «Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» өлеңінің ізі көрінеді.
  • Қара көз, қиылған қас, жазық маңдай,
  • Алма бет, ақша жүзі нұр тамғандай.
  • Қыр мұрын, оймақ ерін, меруерт тіс,
  • Бейне мақпал қызыл тіл шекер балдай.
  • Төгілер иығына қара шашы
  • Жібектей жүз құлпырған дамыл алмай.
  • Ал «Көктемдегі» өлеңінде.«Алақанын тұр жайып, жас ағашта жапырақ. Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап» тәрізді сыршыл образдылық Абайдың «Жас жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс» секілді толғаныстарымен үндесіп жатыр. Мұндай портреттік бейнелеуде Абай қолданған тәсіл, Абай пайдаланған көркемдік өрнектер, бояулар бірден «менмұндалайды».
  • Ақынның әлі толыспаған, жас кезіндегі өлеңдеріндегі еліктеу сипатына, алған бастау, үйренген үрдісіне зер салғанда, ұлттық поэзиядағы, фольклордағы өзінің жанына жақын, жүрегіне жылы тиген сарындарға, тәсілдерге, бейнелік байлыққа, ой мен көңіл-күй әуендеріне бүйрегі бұрғаны айқын аңғарылады. Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Міржақып Дулатов өлеңдеріндегі ой толғау сыр ақтару сарыны мен машығы сезіледі. Мәселен:
  • Қас тұлпар деп кім айтар,
  • Өрге ұмтыла шаппаса,
  • Ақ сұңқар деп кім айтар,
  • Қияға қанат қақпаса
  • Қ.Аманжолов шығармашылығына айрықша қуатты ықпал еткен - I.Жансүгіров поэзиясы. Мағжан поэзиясы отызыншы жылдарда қатты қысымға ұшырап, Бернияздың жырлары тағы да жарық көрмей, поэзияның көркемдік әлемі жүдеп-жадап қалған кезде Ілиястың сергек серпінді, асау арынды жырлары, психологиялық талдау арқылы кейіпкердің жан дүниесін еркін шарлаған поэмалары дүниеге келді. Ұлттық тілдің орасан байлығын емін-еркін қолдануы, телегей-теңіз қазынасын жарқыратып танытуы сол тұстағы жас Қасымға әсер етпей қалуы, талғампаз жас дарынның оған назар аудармай жүруі мүмкін еместі. Міне, сондықтан да Қ.Аманжоловтың бұл тұстағы туындыларында І.Жансүгіров поэзиясының ықпалын көрсететін мысалдар жеткілікті:
  • Құз шыңылдап, жаңғырап,
  • Сай шуылдап, тау жылап,
  • Жер бауыры тоң болып,
  • Жердің түгі сор болып .
  • Суалғандай айдын көл,
  • Қуарғандай шалқар бел,
  • Ол – бір күн, ол –бір заман .
  • деген жолдардан Ілияс екпіні, сөз саптау, бейнелеу машығы бедерленсе,
  • «Лондон»атты өлеңінен «Гималай» сарыны естіледі:
  • Лондон! Лондон! Не болдың?
  • Қарашы бір өзіңе:
  • Не көрінед, уа, Лондон,
  • Сенің миллион көзіңе?
  • Ұлы денең, зор кеудең
  • Мұнша неге жаралы?..
  • Ақын шығармашылығының құнарына, әуен-сарын, бояу алуандығына игі ықпал еткен тағы бір өнімді фактор – орыс және басқа да халықтар өкілдерінің поэзиясы.Пушкин, Лермонтов, Маяковский, сондай-ақ отызыншы жылдардан бастап бірге жүрген достарының бірі Ғ.Слановтың айтуынша, ол «Аталған ақындарға қоса Шевченко, Байрон, Руставели, Низами шығармаларын көп аударды. Осыдан кейін-ақ Қасымның ақындығы күшейіп жүре берді». Сөйтіп, ақындық тәжірибесінің молаюына, өмірді көркемдік тұрғыдан тануына, өзіндік мәнерінің қалыптасуына аударманың да айрықша септігі тиген.
  • Қ.Аманжолов шығармашылығына тікелей әсер еткен жемісті, игі ықпалдардың бірі – әдеби сын, әдебиеттану.
  • Қасымның өнерге, өлеңге, өзіне қояр талабының үнемі өрлеп отыруына орыс сынының да, сонымен бірге, төл әдеби сынның да үлесі зор болғаны талассыз. Ақын үнемі іздеп хабарласып, пікірлесіп тұратын белгілі сыншы-ғалым Есмағанбет Ысмайыловтың айтуынша: «Соғыстан кейінгі дәуірлерде Қасымның өз бетімен оқуы бір жүйеге түскен болатын. Нақты зерттеп, тереңдей оқыған біркелкі авторлары орыстың революцияшыл-демократтары –Белинский, Чернышевский, Добролюбов, Писарев және Плеханов шығармаларын оқу үстінде бір күні маған Белинскийдің Гогольге жазған хатының қазақша аудармасын оқып берді. Терең ойға толы, өткір жалынды леппен, күрделі әдебиет тілімен жазылған Белинский шығармасына қазақ тілінің сөз байлығын, сөйлем құрамдарын сондайлық дәл жеткізе пайдаланған Қасымның жазушылық, аудармашылық шеберлігіне қайран қалдым.
  • 40-жылдардың басында Қасым туған жер табиғатының әсем суреттерін жасаған тамаша лирикалық өлеңдер жазды. Қиыр Шығыстан майданға аттанып бара жатқан жолда туған "Байкал", "Сарыарқа", "Ертіс", "Орал" атты өлеңдерінде ақын ел табиғатының әсерлі көріністерін адамның отаншылдық сезімімен терең байланыста көрсетеді. "Оралға" өлеңін:
  • Оралым, шықтың алдымнан, Оралым, менің Оралым. Қол созып қызыл вагоннан Үстіңнен өтіп барамын,
  • деп бастап, онда өткізген жастық дәурен қызықты шағын ризалықпен еске түсіреді.
  • Оралым, сенің қойныңда, Ойнақтап өткен жылдарым. Жарқылдап Жайық бойында Достармен сайран құрғамын. Шағанның бойы көк шалғын, Шалқамнан жатқам шаңқай түс. Гүл болып менің құшағым, Кеудеме қонған бұлбұл құс.
  • Кеудесі гүл болып, бұлбұл қонған бұла жастың бақыты қандай ыстық.
  • Сонау бір шетте, сонау үй, Кетер ме, сірә, көңілден. Алушы ед тартып мені ылғи, Махаббат, жастық лебімен. Терезе алды – жас терек, Тұр екен кімдер сүйеніп? Жүр екен кімдер еркіндеп, Жүрегін ұстап, үйге еніп?..
  • Біз де ақынмен бірге сол үй, сол терекке қызыға,
  • тіпті күрсіне қарағандаймыз...
  • Қош болшы енді, Оралым, Күле бер шалқып, сайранда Айтпақшы, қайда бораның Кетейін алып майданға,
  • деп, туған ел боранын қатерлі сапарға серік етіп ала кеткісі, сөйтіп, майданға бұрқыратып бірге кіргісі келеді.
  • Ғажап емес пе?!
  • "Байкал" өлеңінде Байкалдың торғын тұман жамылған көлі, таң сәріден кернейлете құйған өзендері, көлге ғашық боп ерте оянған таң – бәрі де ақын қиялын тербетіп, сұлу суретке айналады. Жастық шағын өткізген ыстық қала – Оралға тоқтап, Ертіс, Сарыарқа тұсынан өтіп бара жатқан ақын туған жерге деген мол махаббатын, ел сағынышын төгілте жырлайды. Осындай өр мінезді, сезімтал, патриот ақынның жаумен бетпе-бет кездесуі де есте қаларлықтай. Қасымның майдан жырларының лирикалық кейіпкері – кеудесі кек пен ызаға толы, аса қажырлы жан. Оның "ажалдың дегеніне көнбей", "сескену, қорқу дегенді" білмей, соғыстың ауыртпалығын әр төзіммен көтерген қайсар бейнесі көп өлеңдердің мазмұнын құрайды.
  • Бармын мен бұл дүниеде, жүрмін тірі, Жоқсың деп жала жабар қудың бірі. Түссем де отқа, суға тозар емен, Солдаттың етігіндей жаньм сірі.
  • Соңғы бір жолда қаншама тарих, терең мағына бар. Бұл – поэзиядағы бұрын айтылмаған жаңа сөз, тың образ.
  • Қасым шығармашылығы – қазақ поэзиясының асыл үлгілерінің бірі. Халықтың қарапайым ортасынан шыққан жалынды ақын өз тағдырын туған елі тарихымен тұтастықта сезініп, өз өлеңдерінде халық жанына тән ерлік, батырлық, жомарттық сезімді терең көрсетті. Оның батыл ойлы, сыршыл поэзиясының бұрынғысынша әсерлі де тартымды болып келе жатқаны да сондықтан. "Ақын өлімі туралы аңыз" поэмасы. Қ.Аманжоловтың ғана емес, бүкіл қазақ поэзиясының поэма жанрындағы үздік жетістігі болып табылатын бұл туындыға жас ақын Абдолла Жұмағалиевтің майданда көрсеткен ерлігі арқау болған. Ақындық дарыны үлкен үміт күттірген Абдолла намысқой, отаншыл, қайсар жігіт екен. Майданда соғысып жүріп, оның бөлімшесі немістердің қоршауына түседі. Бір үйдің шатырына паналап, ұрыс жүргізеді. Жолдастары түгел оққа ұшады. Абдолла жалғыз өзі автоматтан оқ жаудырып, немістің рота әскерін үйге жолатпайды, көптеген солдатын қырғынға ұшыратады. Жау "Абдоллаға беріл, кінәңді кешеміз" деп хабарлайды. Абдолла берілмей, соғыса береді, ақыры немістер үйді өртейді. Әдетте, отқа адам төзе алмай, қашады екен. Бірақ Абдолла тапжылмай, үймен бірге өртеніп кеткенше қарсылық көрсетумен болады.
  • Ол туралы Абдолланың бөлім командирі В.Григорьев: "Жау қоршауында жалғыз калып, арыстандай алысқан айбатты акынның ерлігі бізге батырлықтың асқар шыңындай сезіледі. Ол жан алқымға келгенде, соңғы гранатасын немістерге лақтырады да, ақтық оғы қалғанша автоматты жау өңменінен айырмады", – деп жазды. Поэма Абдолла өмірінің осы бір соңғы кезеңін суреттеуге құрылады. Ақын образды жау қоршауында, от ортасында қалған батырдың бір сәттегі ерлік ісін көрсету арқылы ашады. Туған елінің ерлік дәстүрі мен жауынгерлік антына берік азамат кейпі санада туған жалынды толғаныс арқылы да толыға түседі. Поэма аз сөзбен берілген соғыстың сұрапыл суретінен басталады.
  • Өмір гүлін жаншып, таптап, Шаштан сүйреп махаббатты, Жерімізде жындай каптап, Найзаға іліп ар-ұятты Келе жатты сұм жендеттер.
  • Олардан жиіркеніп жиырылған жер, жауға тамшы татырмай, суын алып қашқан өзендер, жауды бетке ұрып сабалаған жел, дұшпан аяғына бастырғысы келмей, аспанға ұшқан тастар – барлығы да жаудың зұлымдығын көрсетіп, оған деген кекті, ызаны өршітер суреттер. Орман етегінде сатыр-сұтыр жаланған от та жаудың жауыздығын бейнелейді. Қоршаудағы солдат кеудесіне сол оттан кек ұшқыны түскендей әсер қалдырады. Ол Отан жерінде зұлымдық отын жағып отырған жауларына кектенеді.
  • Қасиет күші ұлы Отанның, Қанатын бер қыран құстың, Ашуын бер арыстанның, Жүрегін бер жолбарыстың! Күллі әлемнің ашу кегі, Орна менің кеудеме кеп! Жау жолына атам сені, Бомба бол да, жарыл жүрек! –
  • деп шамырқанады. Қаһарманның ішкі толғанысы ширыға келе, қаһарлы кекке, жан ашуына айналады.
  • "Намысты ұлан аласұрып" жау тобына автоматтан оқ жаудырады. Екі жақ та өшіге өршеленеді. Осы бір өлім мен өмірдің күресін ақын зор ақындық буырқаныспен суреттейді:
  • Қара толқын орман шашын Жұлды талдап снарядтар. Мәңгі мекен көл жағасын Тастап, суға сүңгіді жар.
  • Кең даланы жүнше түтіп, орман шашын талдап жұлып, көл жағасы – жар құлатқан снаряд күші батырдың жүрегін шайлықтыра алмайды. Ол ақтық демі біткенше арыстанша алысады.
  • Ала алмайсың! – деді ер ұлан, Алмай қойман! – деді жауы. Қысты келіп жан-жағынан Темір торлы жау кұрсауы.
  • Бұл – кейіпкер тағдырының драмалық шиеленіске толы кезі. Үйге бекінген жалғыз адамды ала алмаған жау өрт қояды. Отан алдындағы антына адал солдат жау қолына түскеннен ерлік өлімді артық санайды.
  • Ашып отқа омырауын, Естісін, – деп, – қырсық жауым, Айтты ол шырқап өрт ішінде Сүйген әні "Қарғам-ауын". Қайсар батыр от киінген Күш-қайратын тіске жиып. Жаңағы ақшыл ер жүзінен Жалын тілі тұрды сүйіп...
  • Абдолланың отқа жанып тұрған шағын да зор ақындық қуатпен ғажайып суретке айналдырған:
  • Шұғыла шашқан кешкі бұлттай, Толқын шашта оттар ойнап. Өрт топанып кешіп Нұхтай, Жалғыз өзі тұрды бойлап.

Назарларыңызға рахмет!!!


Каталог: uploads -> doc -> 020c
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
020c -> Сабақтың тақырыбы: Ғажайыптар әлемі. Сабақтың мақсаты
020c -> Өскелең ұрпақ тәрбиесінің негізі "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясы
020c -> Әкеніздің әкесі сізге кім болатынын көрсетіңіз Ата


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет