Астана қаласы әкімдігінің №63 «Асем-Ай» Балабақшасының шағын орталығының



Дата08.06.2018
өлшемі29 Kb.
#41609
Астана қаласы әкімдігінің №63 «Асем-Ай»

Балабақшасының шағын орталығының

тәрбиешісі Баишева А.М.

Сахналық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту.

Балалық шақта, әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады.(Ы.А.)

Халқымыз жас ұрпақты жастайынан тәрбиелеудің маңыздылығын ертеден-ақ түсінген.Ешқандай жоғары білімсіз-ақ тәрбиенің оңтайлы тұстарын пайдалана білген.Яғни бесіктен белі шықпаған баладан бастаған.

Әңгімелер,ертегілер баламен қатынастың ең нәтижелі құралы.

Ертегілер арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі құзыреттіліктерін,білім салаларының өзара байланысы арқылы қалыптастыруды мақсат еткен бұл баяндаманың негізгі міндеттері:ертегілерді іріктеу,оқу қызметінің тақырыптарына сай ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау,ертегі кейіпкерлерінің білім саласына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалану,балаларды рөлдерге ойнату арқылы,олардың тілін дамыту,өмірге деген жеке көзқарастарын қалыптастыру.

Ертегі дегеніміз не?Оның құрылымы қандай? Міне осыған қысқаша

талдау жасап өтейік.

Ертегі жанры-халық прозасының дамыған көркемделген түрі,яғни фольклорлық көркем проза.Мифтік дәуірде айтылған әнгіме шежірелер бертін келе ол хикаяға,ал,хикаядан ертегіге айналған.Ертегінің рухани тәрбиесінің маңызы өте зор.Бала ертегіні тыңдай отырып,баяндалған оқиғаны көзбен көріп,құлақпен естімесе де, оны ақылмен ажыратып,жүрекпен сезініп, қиялдай білген.

Құзіреттілік:балалардың іс-әрекетінің әртүрлі тәсілдерін меңгеруінен көрінетін білімнің нәтижесі,оны өмірде қолдана алу қасиеті.

Құзыреттілік адамдардың қарым-қатынас жүйесін орнатып, өзара әрекеттену барысында қалыптасады.Құзіреттілік барысында жеке тұлғаның өмір байлығы,күйіну-сүйіну,қиялдауға икемделіп,мінез-құлық сипаты ашылады.

Құзіреттіліктердің негізі мектепке дейінгі жаста қалыптасатын болғандықтан,тәрбиешілердің басты міндеттерінің бірі-тұлғаның танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыру,теориялық және практикалық шарттарын негіздеу болып табылады.

Танымдық құзіреттілік-жеке басына маңызды ,қажетті танымдық мәселелерді шешудегі баланың өзі басқара алатындай белгілі бір білім-дағдыларға ие болу.

Танымдық құзіреттіліктерді қалыптастыруда ертегілердің алатын орны ерекше.

Тәрбиеші еңбегінің обьектісі-бала, ол табиғаттың бір бөлігі,бір жүрегі.Әр баланың өзіндік жеке көзқарасы,психологиялық ерекшеліктері бар.Олар педагогикалық ықпалды өзінше қабылдайды.Ертегілер арқылы балалардың негізгі құзыреттіліктерін қалыптастыруда жаңа педагогикалық технологиялардың атқаратын орны бөлек.

Педагогикалық технология-педагогтың кәсіби қызметінің жаңартушы және сатыланып жоспарланған нәтижеге жету мүмкіндігінің іс-әректтер жиынтығы.Басты міндеті-баланың оқу-танымдық әрекетін жандандыра отырып,алға қойған мақсатына толықтай қол жеткізу.

Ертегілерді іріктеу және айлық оқу іс-әрекеті тақырыптарына сай,ертегі кейіпкерлерімен дамытушы ортаны жабдықтау.

Дамытушы ортаны ертегі кейіпкерлері арқылы жасақтау,балаларға қуанышты көңіл-күй сыйлап,өздерін ертегі әлемінде жүргендей сезіндіреді.

Дамытушы ортаны ұйымдастыруда театр түрлері ерекше рөл атқарады.

Театр әр балаға қуаныш сыйлаумен қатар,оның көркемдік талғамын,еліктеуі мен қиялын дамытады.Ертегі кейіпкерлерін білім салаларының мазмұнына сай дидактикалық көрнекіліктер ретінде пайдалануға болады.М: «Жеті лақ»ертегісінде,таным білім беру саласы бойынша «7»саны тақырыбына қолдана отырып,үлкен-кіші,биік-аласа деген ұғымдарды қалыптастыруға болады.

Ертегілер арқылы балалардың құзіреттілігін қалыптастырудың білім салалары бойынша нәтижесі былай болмақ:

Денсаулық білім саласы бойынша-ертегі кейіпкерлерінің жүрісін сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуында қолданады.

Коммуникация білім саласы бойынша:Ертегілердің мазмұнына қарай тұрмыс-салт,хайуанаттар,қиял-ғажайып ертегілері болып бөлінетінін ажыратады.Ертегі кейіпкерлеріне мінездеме бере отырып,мазмұнын құрастырады.

Таным білім саласы бойынша:Ертегі кейіпкерлерін түр-түсін

сипаттайды,геометриялық денелер арқылы ертегі кейіпкерлерін құрастырады.

Шығармашылық білім саласы бойынша:Жағымды және жағымсыз кейіпкерлерді жылы немесе суық түспен белгілеп көрсетеді.Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін,аппликация арқылы театрланған көрініс дайындайды.Ертегі кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл- қозғалысын ноталық дыбыстау арқылы музыка сабағында қолданады.

Әлеуметтік білім саласы бойынша:Балалар ертегінің мазмұны арқылы адамгершілік,имандылық деген ұғымды түсінеді.Ертегі кейіпкерлерінің жан-жақты мінез-құлқын айыра отырып,жақсы мен жаман іс-әрекеттерді ажыратады.К.Д.Ушинский: «Ертегі баланы халық қазынасына ендіреді,халық рухымен араластырады»деп, текке айтпаған.Ертегілер балалардың ақыл-ойын,адамгершілік қасиеттерін,сана-сезімдерін қалыптастырушы құрал.

Балалардың тілін дамытуда,олардың өмірге деген көзқарастарын қалыптастыруда театрландырылған қойылымдар ерекше рөл атқарады.

Балалар кейіпкерлерді ойнай отырып,олардың іс-әрекеттері мен мінез-құлықтарын береді және ойын арқылы тілдерін дамыта отырып,адамгершілік жақсы қасиеттері қалыптасады.Сондықтан да театр қойылымдары балабақша тәрбиеленушілері үшін орны бөлек.

Сахналандырылған ойындар арқылы:балалардың тілін дамытуға,сөздік қорларын байытуға,ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға,кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарымен сәйкестендіре сөйлеуге,сондай-ақ қойылымның мазмұнын ұғынып рөлдерді түсініп ойнауға үйрету арқылы ,мынадай әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,яғни балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материялдарды жинақтау,қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп дайындау,қойылымдарға қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға ата-аналардың да белсене ат салысуын қадағалау барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізе аламыз:

-Балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады.Қазақ алфавитіндегі «Ғ», «Ң», «Қ», «Ұ», «Ү»дыбыстарын диолог кезінде қайталап,тілін жаттықтырып,анық түсінікті және байланыстыра сөйлеуге дағдыланады.

-Дұрыс дыбыстап,мәнерлеп сөйлеуді үйренеді.

-Сахналық қойылымдарға қызығушылықтары артады.

Мектетепке дейінгі баланы тәрбиелеумен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде,сахна ерекше рөл атқарады.Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау,елестету,тіпті өздерін ойдан шығару қабілетін дамытады.Балалар өз ойларынан шығарған ертегілермен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп,әлсіздермен жәбірленушілерді қорғап,жауыздарды жазалауға тырысады.

Бала тәрбиесінде әртүрлі театрдың алатын орны ерекше.М:Қуыршақ театрында баланың дүниетанымын қалыптастырумен қатар ,олардың әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып,өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табуға жол табады. Бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін бұл театрдың жетістігі:балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуының жауапты бөлігіне әсер етеді.

Қорыта келгенде сахналық қойылымдар балалардың сөйлеу қабілетінің дамуына,диолог түрінде сөйлеуге,өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге ықпал жасайды.Сахналық ойындар , балалардың көркем қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай олардың тұлға аралық қарым-қатынасқа,өнерге деген қызығушылықтарын арттырады.Сондай-ақ сахнаға бейімделген балалар алғашқы қол соғуларды сезініп, өзіне деген сенімі артады.



Мектепке дейінгі мекемелердегі балалардың оқулықтарына қазақ ертегілерін көптеп енгізсе,қазақ әліпбиіндегі қазақ тілімізге тән әріптерді дұрыс айтып,жақсы меңгерген болар еді.Сондай-ақ қоғамымыздың өзекті мәселесіне айналған «Тіл шұбарлығы»бірте-бірте жойылар ма еді...

Коммуникативтік-тілдік құзіреттілік барысында сахналық ойындар арқылы балалардың тілін дамыту.

Дайындаған:Досанова.Ж.К

Астана қаласы-2016ж
Каталог: 2018
2018 -> Сабақ: Уақыт. Уақыттың өлшем бірліктері. Aқтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Мәртөк селосы
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> «дизайн» бойынша Қалалық олимпиадасы
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың мақсаты: ден 10 көлеміндегі сандарды қосу және азайту тәсідерін қайталау. Апта күндерін ретімен меңгерту
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет