Ата-аналар мен сынып жетекшісінің жұмыс ұйымдастыру әдістемесі



Дата25.12.2016
өлшемі57,82 Kb.
#4765
  • Ата-аналар мен сынып жетекшісінің жұмыс ұйымдастыру әдістемесі
  • Ата-аналармен жұмыс ұйымдастырудың дәстүрлі түрлері: -Ата-аналар жиналысы. -Жалпы сыныптың және мектепшілік конференция. -Сынып жетекшісінің қосымша жұмысы. -Отбасымен танысу.

Ата-ана жиналысын өткізудегі міндеті:

  • Ата-ана жиналысын өткізудегі міндеті:
  • Ата-ана жиналысы, баланың қателігін, оқудағы сәтсіздіктерден жариялау емес, ата-анаға нұсқау беру.
  • Ата-ана жиналысының тақырыбы баланың жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт.
  • Жиналыс теориялық сонымен қатар практика түрінде өтуі қажет.
  • Жиналыс өту барысында оқушының жеке басына кінә тағылмау керек.
  • Сынып жетекшінің ата-аналар жиналысын ұйымдастырудағы жеке жоспары: • Бала денсаулығына байланысты. • Бала қызығушылығы, шығармашылығы. • Жанұямен қарым қатынасы. • Тәртібі. • Мінез ерекшелігі. • Оқу үлгерімі. • Жанұядағы моральды құндылығы.
  • Ата-анамен жұмыс жасаудағы дәстүрлі емес формалар: • тақырыптық қосымшалар • ата-аналар әдебиеті. • ата-аналар кештері.
  • Ата-анамен жұмыс жасаудағы тақырыптар: -Баланың оқығысы келмейді? Қалай көмектесуге болады? -Есте сақтау қабілеті нашар? Қалай дамытуға болады? -Жанұядағы жалғыз бала. Тәрбиелеудегі қиыншылықтарда жеңу жолдары? -Шара қолдану. Қандай шаралар? -Бала қырсықтығы. Ол неге әкелуі мүмкін? -Ұялшақ бала. Ұялшақтықты жою жолдары? -Жанұядағы қаталдық және түсінбеушілдік? -Жанұядағы дарынды бала. -Бала достары-адал ма? әлде дұшпан ба? -Балалар арасындағы қатынас.
  • Ата-ана жиналысының тақырыптары. 1-4 сыныптар.

Жиналыс №1

  • 1 – сынып.
  • Жиналыс №1
  • Тақырып: Сынып оқушыларының ата-аналарымен танысу.
  • Жиналыстың мақсаты:
  • Ата-аналарды мұғалімдермен, мектеппен, бір-бірімен таныстыру.
  • Баланы бірінші сыныпты оқуына дайындауға көмектесу.
  • Ортаға салатын сұрақтар: -Ата-ананы мектеп директорымен, қызметкерлермен таныстыру. -Сынып жетекшінің сыныппен жүргізетін жұмыстарымен таныстыру. -Мектеп ішін аралатып таныстыру. Кіші дәріс:Жанұядағы тәрбие заңдары” 1.Жиналыс тақырыбына байланысты ата-аналарға сұрақша дайындау. 2.Ата-аналардың өзін-өзі таныстыру. Ата-аналар тренингі.
  • Жиналыс жоспары: -Мектеп директорының сөз кезегінің нұсқасы. -Мектеп директорының бастауыш сыныптар бойынша орынбасарының сөз кезегінің нұсқалары. -Мұғалімнің өзін-өзі таныстыруы. Жанұяның өзін-өзі таныстыруы. Жоспар: А) Ата-аналардың аты-жөні, тегі; Б) Туған күндері,қызығушылықтары, айналысатын істері; Г) Жанұя дәстүрі; Д) Жанұя ұраны;
  • Жиналыс №2 Тақырып: Бірінші сынып оқушыларымен мектепте кездесетін қиыншылықтар. Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел.
  • Жиналыстың мақсаты. 1.Ата-аналарды алғашқы оқу жылындағы оқушыларда кездескен қиыншылықтармен таныстыру. 2.Бірінші сынып оқушысымен пікірлесуге ұсыныс жасау. Қаралатын мәселелер: -Бірінші сынып оқушыларының физиологиялық қиыншылықтары; -Психологиялық қиыншылықтары; -Жанұямен қарым-қатынасы; -Ата-аналар жұмысы;
  • Жиналысты ұйымдастыру жоспары: Жиналыс баланың алғашқы күнде алған әсері жайлы әңгімеленеді. Физиологиялық қиыншылықтар. Педалог пен мектеп дәрігерінің денсаулық мәселелері мен таныстыруы. Баланың дұрыс тамақтануын ұйымдастыру. Бала дене құрлысының дұрыс дамыуына ықпал ету, баланың өзіне деген жауапкершілігінің денсаулыққа аса қажеттілігін түсіндіру. Психологиялық қиыншылықтар. Ата-анамен бала арасындағы қатынасты бақылау, баланың өзін-өзі бағалауын арттыру мәселесі. Баланың өзін-өзі бағалауы неғұрлым жоғары болса, ол ата-ана үшін өте жақсы жаңалық екенін түсіндіру, мектепке деген қызығушылығын арттыру. Бала темпераментігін анықтау. Мектептегі жоғары үлгерімін мадақтау.
  • Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас элементтері. Атақты педогог және психолог Симон Соловейчик, баланы үлкендер өміріне дайындау жайлы ережелерді, ата-аналарға таныстыру: • Біреудікін тартып алма, өзіңдікін берме. • Сұраса бер, тартып алуға талпынса қорған. • Ешбір себепсіз соғыспа. • Ойнауға шақырса бар, шақырмаса ойнауға рұқсат сұра, бұл ұят емес. • Әділ ойна, өз досыңды сатпа. • Біреуді мазалама, сұрақты екі рет қайталама. • Ескертулерге ренжіме, көкіректі бол. Ескертулер үшін мұғалімнен санаспа, ренжіме. • Біреуге жала жаппа. • Тазалақты болуға тырыс. • Жиі айт: дос болайық, ойнайық, бірге үйге барайық. • Есте сақта! Сен бәрінен жақсысын, ешкімнен кем емессің. Сен ата-анаң үшін, өзің үшін, мұғалімдерің үшін, достарың үшін ең жақсысың. Бұл ережелерде ата-аналар көрінетіндей етіп бала бөлмесіне ілсе, өте дұрыс. Мұғалімдер ережелердің іске асу, аспауын бақылауға алуы қажет.
  • Жиналыс №3 Тақырып: Бірінші сынып оқушылары және жанұя үшін теледидардың рөлі. Жиналыстың мақсаты: 1.Теледидардың балаға жақсы, жаман әсерін ата-анаға жеткізу. 2.Балаларға арналған бағдарламаларды нұсқау. Қаралатын мәселелер: -Теледидардың бала өміріндегі рөлі статистикасы. -Баланың танымдық қабілетіне және мінезінің қалыптасуына әсер ететін телебағдарламалар.
  • Ортаға салынатын сұрақтар: -Теледидар ең қажетті тұрмыстық зат деп есептейміз бе? -Баланың қалыптасуына әсер ететін қандай телебағдарламаларды білесіз? -Баланың теледидарды қалай қолдануға болатынын қалай түсіндіреміз.
  • Жиналысты ұйымдастырудың жоспары: Мұғалім: Бала өмірі үшін теледидар жақсы ма әлде жаман ба? Бала қанша және нені көру керек? Осы сұрақтарға бүгінгі жиналыста жауаптар қарастырамыз, енді кішкене статистика: 6-дан 12 жасқа дейінгі балалардың 3-тен 2-сі әр күн теледидар қарайды. әр күні көрген телебағдарламалар 2 сағатты құрайды. 50 % балалар әр күн кез келген бағдарламаларды үздіксіз көреді. 25 % балалар 6-дан 10 жасқа дейін бір бағдарламаны 5-тен 40-қа дейін қайталап көреді. 38 % балалар 6-дан 12 жасқа дейін бос уақытына теледидарды бірінші орынға қойған.
  • Осы статистиканың өз балаларыңызға қатысты емес екендігін келесі сұрақтарды қою арқылы білеміз: -Аптасына қанша рет теледидар көресің? -Теледидарды жанұяңмен бе, әлде жалғыз көресің ба? -Қандай бағдарламалар көресің? -Басқа бір құрлықта жалғыз қалсаң, өмірің қызықты болуы үшін құдіретті сиқыршыдан қандай заттар сұрар едің? Ата-аналар үшін үй тапсырмасы: -Балаңыздың теледидар алдында өткізетін уақытына көңіл бөліңіз? -Телебағдарламадан соң балаңыз соған қатысты сұрақ қояды ма? Ой бөліседі ме? -Қандай бағдарламаларды қалайды? -Қандай бағдарламаларға қатысқысы келеді? -Ата-анадан сөгіс алмауы үшін не істеу қажет?
  • Жиналыс №4 Тақырыбы: Бала көңіл-күйі қалыпты ма? Жиналыс мақсаты: Баланың өзін-өзі бағалауымен танысуы. Жақсы, жаман кңіл-күйде болуының себебін анықтау? Ұйымдастыру: Ата-ана тренингін ұйымдастыру. Ата-ана күнделігі. Ата-аналар үшін үй тапсырмасы. Анкеталық сұрақтар: а) балаңыздың көңіл- күйін көтеру үшін не істейсіз? б) көңіл-күйінің бұзылу себептері не? в) көңіл-күйін көтеріңкілігін дамыту үшін не істейсіз?
  • Жиналыс №5 Тақырыбы: Оқу жылын қортындылау. Бұл жиналысты өте әсерлі етіп ұйымдастыруға болады. Бұл жиналыста оқушылардың оқуын, ата-аналардың жұмысын қортындылайды. Жиналыс оқушылармен бірге өткізіледі. -“Сабақ кезіндегі естеліктер” (әр сабаққа сипаттама) -“Үзіліс уақыттары” (ойындар) “Сабақтан кейінгі қызықтар” “Біздің шығармашылықтарымыз” “Біз және біздің ата-аналарымыз”(ата-аналар еңбегін марапаттау) “Жазғы демалысқа жоспар”
  • 2-сынып Жиналыс №1 Тақырып: Оқушының дене құрлысының дұрыс дамуы мектепте және үйде. Жиналыс мақсаты: 1.Баланың физиалогиялық және техникалық дамуын әңгімелеу. 2.Баланың физиологиялық дайындыққа ата-аналар рөлін арттыру.
  • Жиналысты ұйымдастыру жоспары. Жиналыс басында педогог ата-аналарға арнап анкеталық сұрақ дайындайды. Қортындысы жиналыс соңында қаралады. Қаралатын мәселелер: 1.Баланың дамуына дене шынықтыру пәнінің мәні. 2.Дене шынықтыру пәні және балаға қойған талабы. Ата-аналарға сұрақ: 1.Балаңыз дене шынықтыру пәнін ұната ма? 2.Балаңыздан дене шынықтыру пәнінде қандай жаттығулар орындағанын сұрайсыз ба? 3.Дене шынықтыру пәнін қалай елестетесіз? Жиналысқа “Мен дене шынықтыру пәніндемін” атты сурет көрмесін ұйымдастыру.
  • Жиналыс №2 Тақырып: Қырсық балалар. Бала қырсықтығының себептері. Жиналыс мәселелері: 1.Сынып қырсықтарының санын анықтау. 2.Бала қырсықтығының себептерінің ата-анаға түсіндіруге көмектесу және жою мүмкіндіктерін қарастыру.
  • Қаралатын сұрақтар: 1.Бала қырсықтарының себебі. 2.Ата-ана қарауында бала қырсықтығы неден пайда болады? Ата – аналарға сұрақ. -Сіздің балаңыз қырсық мінез көрсетеме? -Қандай жағдайда? -Кімге қарсы? -Қандай шаралар қолданасыз?
  • Жиналыс №3 Тақырып: Жанұядағы тәртіпсіздікке шара қолдану. Жиналыс мәселелері. Жиналыс тақырыбына байланысты ата-аналар ойымен бөлісу. Педагогикалық ситуацияларды қарастыру. Қаралатын сұрақтар: 1.Жанұялық тәрбиеде шаралар қолданудың түрлері. 2.Олардың мәні. Ата-аналар үшін сұрақтар. 1.Жанұяда тәртісіздік қарсы қандай шаралар қолданасыз? 2.Не үшін шаралар қолданасыз? Балаға қалай әсер етеді?
  • 3-сынып Жиналыс №1 Тақырып: Баланың даму сапасына араласудың рөлі. Жиналыс мәселелері: Балалар үшін араласудың мәнін анықтау? Жиналыс тақырыбы бойынша ой бөлісу, мәселерді қарастыру. Қаралатын сұрақтар: 1.Адам өмірі үшін араласудың рөлі. 2.Жанұямен баланың араласуы. Ата-аналар үшін сұрақтар: -Балаңызбен араласу үшін қанша уақыт бөлесіз? -Балаңызда оқу үлгерімі жайлы, достары жайлы, парталасы жайлы сұрайсыз ба? -Балаңызда қандай шешілмеген мәселелерді байқадыңыз?
  • Жиналыс №2 Тақырып: Жанұя өміріндегі баланың еңбеккерлігі. Еңбек сүйгіштіктің бала өміріндегі рөлі. Жиналыс мәселелері. Баланың жанұядағы еңбеккерлігін анықтау. Ата-ананың баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуін анықтау. Қаралатын мәселелер: 1.Еңбек және оның бала өміріндегі мәні. 2.Еңбек ете білушілік. 3.Баланың еңбек сүйгіштігін дамытудағы жанұяның рөлі. Ата-аналарға сұрақ: -Балаңыз еңбек етуді ұната ма? -Не істегенді ұнатады? -Өз бетімен жұмыс істей алады ма? Әлде сіздің көмегіңізбен бе? -Еңбек етуі қанша уақытқа созылады? -Жұмысты қалауымен істейді ма?
  • Жиналыс №3 Тақырып: Ойлай білу және бала өміріндегі рөлі. Жиналыс мәселелері. 1.Бала дамуындағы ойлай білудің рөлі. 2.Баланың шығармашылығы дамытуға ата-анаға көмек. Қаралатын көмек. 1.Адам өміріндегі ойлай білудің рөлі. 2.Баланың эстетикалық мәдениетін дамытудағы ойлай білудің рөлі. Музыка пәнінің, сурет пәнінің мұғалімдерімен кездесу. Ата-аналарға сұрақ: -Балаңыз қиалдап және армандай білеме? -Ойланғанды ұната ма? -Балаңыздың қиялын, ойлап табу қабілетін дамытуға көмектесесіз ба?
  • Жиналыс №4 Тақырып: Қортындылау “Біз және біздің мақтаныштарымыз” атты ән кешін өткізу.
  • 4-сынып Жиналыс №1 Тақырып: Баланың физиологиялық есеюі. Жиналыс мәселелері: 1.Баланың физиологиялық есею мәселелерін ата-анаға таныстыру. 2.Бала дамуына әсерін нұсқау. Қаралатын сұрақтар: -Бала қылықтарына физиологиялық есеюдің әсері. -Жиналыс тақырыбына сай педагогикалық оқиғалар.
  • Жиналыс ұйымдастыру жоспары: Жиналыс басында баланың физиологиялық есею мәселелерін ата-аналарға таныстырады. Жиналыс тақырыбына байланысты мектеп дәрігері және психологы сөз кезегін алады. Жиналыс соңында ата-аналарға сұрақтар қойылады. Ата-аналарға сұрақтар: -Соңғы кезде балаңызда өзгеріс бар ма? -Өзін үйде қалай ұстайды? -Өз ісіне жауапты ма? -Жиналыс сұрақтары жайлы балаңызбен сөйлесесіз ба?
  • Жиналыс №2 Тақырып: “Баланың оқуға қабілеттілігі”. Жиналыс оқушылармен өткізіледі. Өткізу формасы:“олимпиядалық” ойындар. Жиналыс мәселелері. Ойынның басты мақсаты-әр баланың танымдығын, тапқырлығын анықтау. Қаралатын сұрақтар. 1.Қабілеттілік, адам өміріндегі мәні. 2.Сыныптың қабілетті оқушылары. Жиналысты ұйымдастыру жоспарлары: Бала қабілеттілігі жайлы ой қозғай келе педагог, бала қабілеттілігін анықтауға арналған кішігірім жоспар өткізеді. Саралайтын ата-аналар, соңында жеңінпазды марапаттау.
  • Жиналыс №3 Тақырып: Оқушы шығармашылықтары. Жиналыс мәселелері. Бала шығармашылығын бағалау. 4 жыл ішінде шығармашылық қабілетті қортындылау. Қаралатын сұрақтар: 1.Баланың шығармашылық қабілетін анықтау. 2.Жанұядағы қадағалауды анықтау. 3.Балаларды 5- ші сыныпта оқытатын мұғалімдер мен пәндерді таныстыру.
  • Жиналыс №4 Тақырып: Төрт жыл оқу жылын қортындылау. Жиналысқа дейін оқушылар мен ата-аналарға арнап сұрақтар дайындау. Жиналыс мерекелі, есте қаларлықтай өткізілуі керек.
  • Оқушылар үшін сұрақтар. -Осы сыныпта оқыған саған ұнады ма? -Қандай пәндер саған өте ұнады? Неге? -Ары қарай оқығың келеді ма? -Бесінші сыныпта қандай белгілер алғың келеді? -Бесінші сынып мұғалімдерін қалай елестетесің? -Қайсысымен дос болғың келеді? -Ары қарай оқып, қандай болғың келеді? -Сынып жетекшіңді қалай деп есептейсің? -Оның қандай болғанын қалайсың? - Қоштасатын мұғаліміңе не тілейсің? -Келер 1-ші сынып оқушыларына не тілейсің?
  • Ата-аналарға сұрақтар: -Балаңыздың болашақ ұстаздарын қалай елестетесз? -Қандай шеберліктерге ие болғанын қалайсыз? -Қандай мінез сапасын қалайсыз? -Бесінші сыныпта балаңыздың қай жағынан дамытқанын қалайсыз? -Мұғалім көмегімен балаңыздың қай мінезінің өзгерткенін қалайсыз? -Болашақ сынып жетекшіден не күтесіз? -Сынып балаңызға қызықты болуы үшін сыныпқа қандай көмек көрсетесіз?
  • 5-11 сыныптарға арналған ата-ана жиналысының тақырыптары.
  • 5-сынып. Жиналыс №1 Тақырып: 5-ші сынып бағдарламасын игерудегі қиыншылықтар. Өткізілу формасы: Дөңгелек үстел Жиналысқа педагогтар, қосымша сабақ мұғалімдері, кітапханашы, дәрігер шақырылады.
  • Педагогтар міндеті: 1.Ата-аналармен, балаларының қысқаша мінез сипаттамасымен танысу. 2.Өз пәніне қояр талабымен таныстыру. Дәрігер міндеті: Өткізілген мидициналық тексеру қортындысымен таныстыру, ескерту. Кітапханашы міндеті: Кітапхана жайлы түсіндіру, қажеттілігін баяндау, басқа кітапханаларды ұсыну. Қаралатын сұрақтар: -Жаңа оқу түрін және жас ерекшелігінің ұлғаюына жанұя рөлі. -Оқуға және тәрбиеге қойылатын мектеп заңдары.
  • Жиналыс №2: Тақырып: Оқушылық өмірге араласудың рөлі. Қарастырылатын мәселелер: 1.Жанұямен баланың қарым-қатынасы. 2.Балалар арасындағы қарым-қатынас. 3. Қарым-қатынас мәселелеріне қойылатын талаптар.
  • Оқушыларға арналған сұрақтар: -Күнделікті жаңалықты ата-анаңа айтқан ұнай ма? -Ата-анаң әр қашан сені соңына дейін тыңдай ма? -Өз құпияларыңды кіммен көбінесе бөлісесің? -Анаңмен, әкеңмен, досыңмен? -Осы жағдайда ата-анаң не деп еркелетеді? -Жанұяң сенің туған күніңді мейрам ретінде қарай ма? -Жанұяңда қандай мейрамды ұнатасың? -Егер сен сиқыршы болсаң, жанұяда нені өзгерткің келеді?
  • Жиналыс №3: Тақырып: Жанұяның мәдинет құндылықтары және олардың балаға деген мәні. Өткізілу формасы: Ой бөлісу. Қаралатын сұрақтар: 1.Кітап және оның тұлға дамуына әсері. Жанұяның мәдени дәстүрлері. 2.Жанұя мәдениет құндылығының баланың танымдық дамуына әсері 3.Ата-аналардың өз жанұя дәстүрлері жайлы әңгімелері. Мысалы: кітап оқу, газет-журнал, театрға бару, музейге, табиғатпен танысу. Т.б. 4.Сынып жетекшінің жанұя мәдениет құндылықтарының бала танымдылығының дамуына арналған әсері жайлы дәрісі.
  • Жиналыс №4 Тақырып: Қортынды-“Мінекей бізде бір жылға есейдік.” Өткізу формасы: Сынып әнұранының тақырыбын таңдау конкурсы. Тақырып: “Келесі жылда саған тілерім.” Жазғы жазға тапсырма: “Қайда болсаңда, достарыңды ұмытпа”. Сынып газетін шығару. Белседі ата-аналарды марапаттау.
  • 6-сынып Жиналыс №1: Тақырып: Бала дамуына кітаптің рөлі. Өткізу формасы: Дөңгелек үстел. Қаралатын сұрақтар: Кітапханашының көп оқитын балаларды марапаттауы. Пән мұғалімінің талап ететін оқулықтары. Ата-аналар мен балалар сөз кезегі: А) Жанұядағы кітап Ә) Жанұя дәстүрі. Б) Оқушылардың оқуға қатысуы. В) Ең белсенді оқушы. Ата-аналарға сұрақтар: Балаңыз кітап оқығаны ұната ма?Қандай кітаптарды ұнатады? Кітапты тез оқи ма? әлде баяу оқи ма? Жанұяңыз қандай кітаптарды ұнатады? Балаңыз кітапты жақсы сыйлық қатарына қоса ма?
  • Жиналыс №2: Тақырып: Оқушының физиологиялық дамуы. Қаралатын сұрақтар: Баланың физиологиялық есею мәселелері (дәрігер дәрісі.) Дене шынықтыру пәнінің талаптары. Мәселені шешу жолдары. Оқушылар үшін сұрақтар: Дене шынықтыру пәні ұнай ма? Сабақта немен айналысқан ұнайды? Осы сабақтар көмегімен өзіңде нені өзгерткің келеді?
  • Жиналыс №3: Тақырып: Мектеп сабақтарының қортындылы болуы неге байланысты: Қаралатын сұрақтар: Сабақтарға сынып жетекшінің қатысуы. Берілген мәселелерді ата-аналарға таныстыру. Жиналыс №4: Тақырып: Қортынды. Өткізу формасы: Оқушылармен бірігіп ой бөлісу.
  • 7-сынып Жиналыс №1: Тақырып: Жиналыстың бөліну, даму мәселелері мен шешімдері. Қаралатын сұрақтар: -Баланың жыныстық дамуына жанұяның рөлі. -Жасөспірім физиологиясы. -Мәселерді шешу жолдары.
  • Жиналыс №2: Тақырып: Еңбек ету қабілетін дамытудағы жанұяның рөлі. Өткізу формасы: Ой бөлісу. Қортынды сұрақтар: -Оқушының еңбек ету қабілетін дамытуға жанұяның рөлі.(Сынып жетекшінің дәрісі.) -Еңбек ету қабілетін дамытудың мәні. Жанұя еңбек дәстүрлері.
  • Жиналыс №3: Тақырып: Оқушының өзіндік қалауы, тәуелсіздігі. Қаралатын сұрақтар: 1. Тұлға сапасына өзіндік қалаудың рөлі. 2. Жанұя рөлі. 3. Оқушылармен ой бөлісу, өз қалаулары жайлы әңгімелесу. Жиналыс №4: Тақырып: Қортынды.
  • 8-сынып Жиналыс №1: Тақырып: Жасөсірімнің моральдік дамуына жанұяның рөлі. Қаралатын сұрақтар: 1. Тақырып: “Заң және жауапкершілік.” 2. Болашаққа анықталған тапсырмалар жайлы сараптама жасау. 3. Жиналыс тақырыбына сай оқушылар мен ата-аналарға анкеталық сұрақтар.
  • Жиналыс №2: Тақырып: Қабілеттілік және оның дамуына жанұяның рөлі. Өткізу формасы: Дөңгелек стөл. Қаралатын сұрақтар: сабаққа қабілеттілікті арттыру жолдарына анализ жасау. Жиналыс тақырыбын дамытуға ата-аналар рөлі. Көрме: “Біздің қабілеттілік әлеміміз”.
  • Жиналыс №3: Тақырып: Жасөспірімнің психологиялық және есею ерекшелігі. Қаралатын сұрақтар: -Жасөспірімнің психологиялық және есею ерекшелігі. (психолог маманының дәрісі). -Балалардың есею процесіне сараптама (сынып жетекші). -Жиналыс тақырыбына байланысты мамандардың ата-аналар сұрақтарына жауабы. Жиналыс №4: Тақырып: Қортынды.
  • 9-сынып Жиналыс №1: Тақырып: Мамандық таңдауға жанұя көмегі. Қаралатын сұрақтар: -9-сыныптан кейін оқитын оқу орындары жайлы мәлімет. -9-сынып оқушыларының мамандыққа қызығушылығын анықтау. -Психолог ойын тыңдау.
  • Жиналыс №2 Тақырып: 9-сынып оқушыларының оқу үлгеріміне анализ. Қаралатын сұрақтар: -Сабаққа деген белсенділігін анықтау. -Бақылау жұмыстарын, диктанттарын қарастыру. -Үлгерімі нашар оқушылармен сөйлесу.
  • Жиналыс №3 Тақырып: Қиын бала. Ол қандай? Қаралатын сұрақтар: -Жиналыс тақырыбына байланысты сынып жетекші сөзі. -Жасөспірімдер ісі бойынша инспекция мүшелерінің дәрістері. -Ата-аналар ойымен бөлісу.
  • Жиналыс №4 Тақырып: Сынып оқушыларының емтиханға дайындалуын анықтау. Қаралатын сұрақтар: 1.Жауапты кезеңдегі жанұяның рөлі. 2.Емтихан тапсыруға оқушылардың дайындығы.
  • 10-сынып Жиналыс № 1 Тақырып: 10-сынып оқу ерекшеліктерімен таныстыру. Қаралатын сұрақтар: -Дайындау курстары, іштей және сырттай оқыту мектептері жайлы жаңалықтар. -Мамандық таңдау қортындысы. -Мамандық таңдаудағы оқушылардың ойы. Шығарма «Менің болашақ мамандығым...»
  • Жиналыс №2 Тақырып: Оқушының күн тәртібі, оның рөлі. Қаралатын сұрақтар: Үй тапсырмасы. Қосымша әдибеттер. Жоғарғы сынып оқушыларының жұмыс істеу қабілетіліктері. Осы шақтағы дұрыс тамақтандырудың мәні.
  • Жиналыс №3 Тақырып: Жауапкершілік, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі бақылау, оларды дамыту. Қаралатын сұрақтар: -Жауапкершілікті адам болу деген не? -Жауапкершілікті болу өзін-өзі бағалау мен бақылауға әсер ете ме? -Жауапкершілікті болу үшін не істеу керек? Жиналыс №4 Тақырып: Қортынды.
  • 11-сынып Жиналыс №1Тақырып: Дене шынықтыру ерекшеліктері. (11-шы сыныпта). Қаралатын сұрақтар: Оқушылардың дене шынықтыру пәніне қатысы. Ата-аналарға, оқушыларға тапсырма.
  • Жиналыс №2 Тақырып: Бірінші жартыжылдықтағы оқушылар үлгерімінің қортындысы. Қаралатын сұрақтар: 1.Пәндерге қызығушылығын артыруға арналған шаралар. 2.Жиналыс тақырыбы бойынша ата-аналармен сұқбаттасу.
  • Жиналыс №3 Тақырып: Адам өміріндегі таңдаудың мәні. Өткізу формасы: Дөңгелек үстел. Қаралатын сұрақтар: -Балалар және ата-аналар мамандық таңдау. Жиналыс №4Тақырып: Қортынды.
  • Ата-ана жиналысын дәстүрлі емес формада өткізу. Тақырып:Темекі шегу. Жиналыс мәселелері: 1.Бала темекі шегуінің мәселелерін шешуді ата-аналарға түсіндіру. 2.Темекі шегу мәселелері туралы жаңалықтармен ата-аналарды таныстыру. Қаралатын сұрақтар: -Статистика және темекі шегу мәселелері. -Темекі шегумен байланысты аурулар.
  • Жиналысты ұйымдастыру жоспары: 1) Тест “Сөйлемді аяқтау.” Темекі шегу-бұл .... Қолда темекі-ол дегенің .... Темекі тартып-ол дегенің .... Темекіні тастау үшін ..... Менің жанұямда темекі тартатындар мыналар .... Темекі шегу біздің жанұямыз үшін ол .... Темекі шегудің маған берері .... Анкета. “Темекі шегу мәселелері”
  • 2. Оқушыларды, ата-аналарды ғылыми деректермен таныстыру: -20 % рак ауруына шалдыққандар темекі шегумен байланысты. -Күніне 1-2 темекі шегу жүрек ауруын күшейтеді. -Темекі шегуден өкпе рак ауруына шалдыққан өлімге әкеледі. -Темекі құрамындағы заттар пайдалы емес те, у да жоқ. -Темекі шегу көбінесе жасөспірім шақтан басталады. -Дұрыс темекі шекпеу қауіпті. -50% жүрек ауруынан өлгендер темекі шегудің әсері. -Күніне 1 темекі шегу денсаулыққа қауіпті. -Әйелдер арсында темекі шегуден өкпе ауруына шалдыққан, кейін кеуде рак ісігіне айналған.
  • 3) Шығарма жазу “Темекі шегушінің монологі.” 4) Анкета (Темекі шегетін ата-аналарға). Не үшін темекі шегесіз? • өмірде бір нәрсеге қол жеткізу. • үлес қосу үшін. • темекі қолыма түсіп қалады. • тынышталу үшін. • демалу үшін. • ренжіген соң. • ойлану үшін. • көңіл-күй жоқтығынан. • жақсы шешім қадылдау үшін. • темекі тартатындар жиналғанда. • үйреншікті іске айналған үшін.
  • Осы мәселе жайлы сипаттама: Бүгінгі таңда темекі шегу мөлшерімен 14 жастан басталады. Бір жылда мөлшерімен 100 миллиард темекі шегеді.
  • Күнделікті шегетін темекі саны.
  • Темекі шегушілер, %
  • ЕРЛЕР
  • ӘЙЕЛДЕР
  • 1-9
  • 10%
  • 20%
  • 10-19
  • 22%
  • 18%
  • 20-29
  • 17%
  • 8%
  • 30 және оданда көп.
  • 10%
  • 4%
  • Ата-аналарға сұрақ: -Балаңыз қандай темекі шегеді? -Күніне неше рет? -Кіммен бірге? -Не себептен шегеді?
  • Темекі шегуден туатын аурулар: • бронхит, эмфизит. • жүрек аурулары, инфарктер. • өкпе рак ауруы. • ішек аурулары. Темекі шегуді қою үшін қандай көмек қажет? -Бірінші темекі шегуді ата-анаң өзі қою керек. -Баланың темекі шекпеуі үшін ойын бөлу қажет. -Демалыс таза ауада қыдыру.т.б. -Баланы әркез қолдап, ренжітпеуге тырысып, бәріде болады деумен көңіл алдау керек. -Темекі тартпауға болатын жолдарды қарастыру.
  • 2-Тақырып. Нашақорлық және статистика. Жиналыс мәселелері. 1.Нашақорлық мәселелері жайлы ата- аналарды хабардар ету. 2.Бұл мәселені жанұяда әңгіме ету. Қаралатын сұрақтар. -Нашақорлық мәселелері жайлы жаңалықтар. -Ауру қауіптері жайлы. -Мәселені шешу жолдары.
  • Жиналысты өткізу жолдары. Тест“Сөйлемді аяқтау. ” -Нашақорлық- бұл .... -Нашақорлық-ол .... -Нашақорлық жайлы менің жанұямның ойы ... -Нашақорлыққа менің достарымның ойы .... -Менің ойымша нашақоршыға мынау керек .... -Нашақорлықтың берері .... -Нашақорлық неге жол бермейді .... -Егер мен нашақоршы болсам, мен нашақорлықты не үшін қолданамын?....
  • Оқушыларды, ата-аналдрды ғылыми деректермен таныстыру: -Кейбір есірткі түрлерін аз қолданса, денсаулыққа қауіпті емес. -Нашақорлыққа кейде қатал қылмыс жасайды, соңында есіне түседі. -Марихуананы қолданудан бұрын айналысқан ісіне қызықпайды. -Какаин қолдану өлімге әкеліп соғады. -Марихуананың құрамында белгісіз у түрі көп. -Есірткі қолданған адамның ми клеткалары бұзылады, кейін орнына келмейді. Күннен күнге қолдану мөлшері көбейеді.
  • Шығарма ой-толғау “Егер маған есірткіні ұсынса ....” Ата-аналарға сұрақ: -Нашақорлық жайлы балаңызға айтасыз ба? -Қандай жағдайда және қалай айтасыз? -Нашақорлықтан қашу жағдайларын түсіндіресіз ба? -Қандай шаралар қолданасыз?
  • 3-Тақырып. Жанұя - “Көзбе - көз” Жиналыс мәселелері: 1.Ата-аналар мен балаларға “Жанұя” сөзінің олардың өміріндегі мәнін түсіндіру. 2.Жанұядағы түсіністікті ұйымдастыру. Қаралатын сұрақтар: -Жанұядағы түсіністік және оған қол жеткізу жолдары. -Көзі ашық тұлға? Ол кім?
  • Жиналысты ұйымдастырудың жоспары: Тест “Сөйлемді аяқтау”. -Жанұя –бұл .... -Менің ата-анам- бұл .... -Үйімнің шам-шырағы- бұл ... -Жанұядағы қуаныш-бұл .... -Жанұядағы қайғы-бұл ... -Туған күнімнен алыс болғанда еске аларым- .... -Жанұяның дәстүрінен болашақ өз жанұяма алғым келетін .... -Менің болашақ жанұямда ..... -Менің ойымша, менің ата-анамның ең асыл арманы .... -Ата-анамның бәрінен де қорқатыны-ол. Ата-аналарға сұрақ: -Балаларыңыз жауаптары өз ойларыңыздан шықты ма? -Балаңыздың бойынан нені ұнатасыз? Нені ұнатпай Ұнамайды, ұнамайды.
  • Түсіністікке әкелетін өмір ережелері. -Өзіндікінен де өзгенің қызығын жоғары қой. -Жанұяңа адал бол, ешқашан оны сатпа. -Адал және жауапты бол. -Басқаларды сыйлай отырып, өзіңді де сыйла. -Басқаның ой- пікіріне шыдамды бол. -Басқаларды жақыныңдай көр. -Өзіңді басқалардың орнына қойып, салыстыра біл. -Кешірімді бол және ренжіме. -Өзіңнен және өзгелермен келісімді бол. -Өзіңе сенімді бол. -Өтірік пен алдаудан алыс бол. -Өз ісіңе есеп бере ал. -Мақсатыңа ештеңеге қарамастан жет. -Барлық ісіңді жақсылыққа жаса.
  • -Математика: пән фрагменттері, қосымша сабақтар, үйірмелер, олимпияда қортындылары т.б. -Филология: тіл және әдибет пәндері, шет тілі, шығармалар. -Тарихи-географиялық: жарыстар ұйымдастыру “Мен өз Отанымды білемін бе?” -Музыкалық: Хормен ән айту, жеке-жеке айту т.б. -Марапаттау: оқушымен ата-аналар еңбегін құрметтеу. -Ой – бөлісу. -Келер жылда сыныпты қалай елестетесіз? -Сыныпқа мұғалімдерге не тілек айтасыз? -Жаңа оқу жылында өзіңізге және балаңызға не тілейсіз? -Құпия хат: балаларға мінез құлқы жайлы, тәртібі, оқу үлгерімі жайлы бірер жақсы ой жазу.
  • Ата-аналарға көмек ретінде: Талапты бала өсіргіңіз келсе: • Баланың барлық сұрақтарына шыдамды әрі шын жауап беру. • Балаға жоспар құруға көмектесу. • Балаға қызық жерлерді нұсқау. • Балаға жұмысын жақсартуға көмек көрсету. • Достарымен араласуға көмектесу, қолдау. • Балаңа басқалардан жамансың деп айтпау. • Көңіліне тиер сөздермен ұрыспау. • Оны қызықтыратын кітаптар алып беру. • Оған кітап оқып беру. • Бала кезінен кітап оқуға үйрету. • Қалауын түсіне білу. • Баламен жеке араласуға уақыт табу. • Қолынан келмеген нәрсеге ұрыспау. • Үлкендермен еркін араласуға үйрету.
  • Ата-аналарға анкеталық сұрақ “Үйіңізге бибітшілік тілейміз” 1.Сіздің ойыңызша балаңыз жанұядан не жақсылық күтеді? А) тұрмыстық жақсылық Ә) қуанышты араласу. Б) тыныштық. 2. Жанұяңызда немен көп айналысасыз? А) бала денсаулығымен. Ә) жақсы оқуын қамтамасыз ету. Б) баланың жанұяда еңбек етуі. В) бала көңіл-күйімен. 3. Балаңыз жанұяда өзін жалғыз сезінеді ма? А) иә. Ә) жоқ. Б) білмеймін. 4. Сіздің ойыңызша, балаңыз болашақ жанұясын қазіргі жанұясына ұқсағанын қалай ма? А) иә. Ә) жоқ. Б) білмеймін
  • 5. Төмендегі жағдайлардың қайсысы балаңызға ең қажеттісі? А) материалды қамтамасыз етілген адам. Ә) махабат кездестіру. Б) досының көп болуы. В) өзінің мақсатын іске асыру. 6. Балаңыз жанұя мәселелерімен таныс па? А) иә. Ә) жоқ Б) білмеймін. 7. Балаңыздың жанұядан жасыратын құпиясы бар ма? А) иә. Ә) жоқ. Б) білмеймін. 8. Балаңыз үшін “үй кеші” деген не? А) араласу қуанышы. Ә) өзімен-өзі болатын уақыт. Б) қиналу уақыты.
  • Ата-аналарға сұрақ: -Балаларыңыз жауаптары өз ойларыңыздан шықты ма? -Балаңыздың бойынан нені ұнатасыз?

Каталог: uploads -> doc -> 0e11
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e11 -> Сабақ өткізу шеберлігін арттыру тәсілдері Мақсаты: Мұғалімнің сабақ өткізу шеберлігін арттыру. Сабақ өткізу әдістері
0e11 -> Сабақтың тақырыбы : § 52. Қазақстанда көппартиялық жүйенің қалыптасуы. Сабақтың мақсаты
0e11 -> Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту
0e11 -> А. А. Наимбаева Жоба жетекшісі
0e11 -> Сабақтың тақырыбы: Ежелгі тас дәуірі және археологиялық ескерткіштері Сабақ тың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет