Аталып өтілетін даталар



бет1/15
Дата15.09.2017
өлшемі3,72 Mb.
#32260
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

Алғы сөз

«Өлкетану әдебиеттерін насихаттауға арналған көмек құралы» атты библиографиялық әдебиеттер көрсеткішін Н.В.Гоголь атындағы облыстық ғылыми–әмбебап кітапханасы 1971 жылдан бастап жыл сайын құрастырып шығарады.

Бұл көрсеткіште облысымыздың тарихындағы, экономикасы мен мәдениетіндегі көрнекті даталарға, белгілі қоғам қайраткерлерінің мерейтойлық даталарына қысқаша анықтама жазылып, әдебиеттердің ұсыныстық тізімі беріледі.

Көрсеткіш материалдары хронология бойынша тізілген және де «Анықтамасыз және әдебиеттер тізімісіз қосымша даталар» тізімі бар. Айы мен күні белгісіз даталарды кітапханаларда жыл бойында қашанда болса атап өтуге болады.

Материалдарды жинақтауда Н.В.Гоголь атындағы кітапхананың каталогы, өлкетану картотекасы мен электрондық өлкетану каталогы пайдаланылды.

Әдебиеттер тізімін кейінгі кітаптармен және мерзімді басылымдар материалдарымен толықтырып отыру қажет.



Көрсеткіш қазақ және орыс тілдерінде жасалған, кітапханашыларға, оқырмандарға, барша өлкетану әдебиеттерін насихаттаушыларға арналған.

Аталып өтілетін даталар


4 наурыз 1927

Ұстаз, қаламгер, ақын Рамазан Нәрешевтің туғанына 80 жыл

4 наурыз 1942

Жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 65 жыл.

23 наурыз 1927

Қазақ совет әдебиет зерттеушісі, сыншы, профессор Серік Қирабаевтың туғанына 80 жыл.


11 сәуір 1937

Балқаш қаласының құрылғанына 70 жыл.


24 сәуір 1932

Жазушы, публицист Камал Смайыловтың туғанына 75 жыл

10 мамыр 1927

Жазушы Асан Жұмаділдиннің туғанына 80 жыл


10 маусым 1912

Жазушы Жайық Бектұровтың туғанына 95 жыл.


6 шілде 1927

Жазушы Әмен Әзиевтің туғанына 80 жыл


27 қыркүйек 1937

Өлкетанушы Юрий Григорьевич Поповтың туғанына 70 жыл

15 қазан 1907

Жазушы Әлжаппар Әбішевтің туғанына 100 жыл.


5 қараша 1917

Қазақ ССР-інің халық әртісі Мүлік Сүртібаевтың туғанына 90 жыл.

29 қараша 1902

Жазушы Ғабиден Мұстафиннің туғанына 105 жыл.


5 желтоқсан 1912

Аудармашы Әбітай Атығаевтың туғанына 95 жыл

12 желтоқсан 1942

Жазушы Ақселеу Сейдімбековтың туғанына 65 жыл.


25 желтоқсан 1917

Жазушы Қапан Сатыбалдиннің туғанына 90 жыл.


27 желтоксан 1927

Қазақ ССР-інің халық әртісі, домбырашы Мағауия Хамзиннің туғанына 75 жыл.

Желтоқсан 1922

Саран педагогикалық училищесінің құрылғанына 85 жыл.


Желтоқсан 1937

Қарағанды облыстық мұрағатының құрылғанына 70 жыл.


1882

Ақын Ғаббас Айтбаевтың туғанына 125 жыл.


1892

Халық ақыны Көшен Елеуовтің туғанына 115 жыл.


1922

Кеңес Одағының батыры Петр Иосифович Теряевтің туғанына 85 жыл.

1932

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының құрылғанына 75 жыл.

1932

Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театрының құрылғанына 75 жыл.

1972

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік

университетінің ашылуына 35 жыл.




4 наурыз 1927 – Ұстаз, қаламгер, ақын Рамазан Нәрешевтің туғанына 80 жыл
Қарт ұстаз, ақын ағамыз Р.Нәрешев 1927 жылы сонау Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Қарабау деп аталатын жерде дүниеге келген. Қызметке жіберген ағасы Айтбаймен Рамазан Қарағандыға 1938 жылы келген. Н.Нұрмақов атындағы №2 мектеп-интернатын оқып бітіріп, 1942 жылы екі жылдық оқытушылар институтының тіл-әдебиет факультетіне оқуға түседі. Оны ойдағыдай бітіріп, Нұра ауданы, Киевка селосындағы орта мектепте әдебиет пәнінен сабақ береді.

Р.Нәрешев 16 жасынан бастап өлең жазған. Оның алғашқы өлеңдері облыстық «Советтік Қарағанды» газетінде жарық көрген. Екі жыл мұғалім болып қызмет атқарғаннан кейін Р.Нәрешев ҚазМу-дің филология факультетіне оқуға түсіп, оны 1949 жылы ойдағыдай бітіріп шығады. Сол жылы ғылым академиясының аспирантурасына қабылданады. Осында оқып жүргенде А.Кривицкийдің «Бессмертие» кітабын қазақшаға аударады. Сол жылдары оның жазған өлең-жырлары, сын мақалалары газет-журнал беттерінде жиі жарық көреді.

Ұлы Отан соғысынан кейін де елімізде жазықсыз жазаланғандар аз болған жоқ. Сол елуінші жылдары тағдыр тәлкегіне түсіп, тозақ кешкендердің бірі Р.Нәрешев. 1951 жылдың қаңтарында оны қаннен-қаперсіз отырған жерінде НКВД-ның адамдары келіп ұстайды. Апарып түрмеге жабады. Карцерге отырғызады. Сондағы жапқан кінәсі С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» романын оқыған болып шығады. «Ұлтшылсың, халық жауының шығармасын оқыдың» деп айыптап, 24 жастағы аспирант Р.Нәрешевті он жылға соттап, көз көріп, құлақ естімеген жерге айдап әкетеді. Ол ауыр жолда қаншама тауқымет шексе де болашақтың жарқын күндерінен күдер үзбейді. Айдаудағы азапты ғұмыры, мұң-шері өзінің жан серігі өлеңінен ап-айқын көрінеді. Р.Нәрешевтің «Қамауда туған шұмақтар» топтамасындағы өлеңдерінде жазған. Бастан кешкен қайғы-қасірет, азапты күндерін ол әр кезде де жыр жолдарына түсіріп отырған.

Тар жол, тайғақ кешу сапарынан Р.Нәрешев 1956 жылдың ақпанында ақталып, аман-есен елге оралады. Бір жылдай Қарқаралы аудандық газетінде қызмет атқарып барып, өз мамандығы бойынша Қарағайлы орыс мектебіне мұғалім болып ауысады. Одан кейін Бұқар жырау аудандық оқу бөлімінде инспектор, мектепте оқу ісінің меңгерушісі, құрметті демалысқа шыққанға дейін кешкі жұмысшы-жастар орта мектебінің директоры қызметін атқарған.

1932 жылы ашаршылық жөнінде «Қайғылы мешін» деген атпен мына бір өлеңді:

Естігем шырылында жас баланың,

Төсін тырнап жатыр екен өлі ананың.

Көмусіз қалып жатты құзғынына қу даланың.

Арқада сайран құрған қайран елім,

Кездесті тағдырына қырғын елім.

Айтам деп басқа түскен зұлымдықты,

Сол үшін кешегі күн таяқ жедім, – деп жазған ақын әрі қарт ұстаз. Кейінгі жылдары республикамыздың дербес ел болғандығына қуанып шабытты өлеңдер жазған.

Сарыарқа өңірінде Рамазан Нәрешұлының 1994 жылы «Өмір өткелдері» атты кітабы жарық көрген. Жинаққа ұлы жазушы, академик М.Әуезов туралы естеліктері, жол жазбалары т.б. тақырыптарға жазылған мақалалары да енген.

Жерлесіміз, ұстаз – ақын Р.Нәрешұлы 2001 жылы 74 жасында қайтыс болды.


Р.Нәрешевтің шығармалары:
Нәрешев Р. Бұдан алпыс жыл бұрын: Д.Әлімбаевтың туғанына – 150 жыл // Орт.Қазақстан.- 2000.- 19 тамыз

Нәрешев Р. Өткен күнге саяхат: Естелік // Орт.Қазақстан.- 1991.- 8, 12 наур.

Нәрешев Р. Өткен күнге саяхат: Естелік // Сарыарқа.- 1991.- 1, 12, 14, 16, 21 ақпан

Нәрешев Р. Сағыныш екен сол жылдар...: Қ.Аманжоловтың туғанына – 90 жыл // Азия Транзит.- 2001.- №9.- 22, 23 б.

Нәрешев Р. Туған тіл туралы толғаныс // Сарыарқа.- 1992.- 15 тамыз

Нәрешев Р. Ұстаз: /Өлеңдері/ // Сарыарқа.- 1991.- 1 маус.

Нәрешев Р. Ұстазым – М.Әуезовке; Қайғылы мешін; Желтоқсан дауылы; Республикам менің; Қарқаралы: Жыр дәптерінен // Қарқаралы.- 1997.- №1-2.- 44-46 б.

Нәрешев Р. Өлеңдері: /Жерлес ақынымыз творчествосынан/ // Сарыарқа.- 1992.- 31 қазан

Нәрешұлы Р. Доскей: Өлең: /Доскей туғанына 150 жыл толуына орай/ // Орт.Қазақстан.- 2000.- 2 тамыз

Нәрешұлы Р. Қайғылы мешін: Өлең // Орт.Қазақстан.- 2000.- 31 мамыр

Нәрешұлы Р. Қасым оты сөнбейді: Қ.Аманжоловтың туғанына-90 жыл// Орт.Қазақстан.- 2001.- 30 маусым

Нәрешұлы Р. М.Әуезов–менің ұстазым: /«Өмір өткелдері» атты кітабынан үзінді/ // Қарқаралы.- 1999.- 11 қырк.

Нәрешұлы Р. Өмір өткелдері: Естеліктер, эсселер мен өлең-жырлар.-Қарағанды, 1994.-153 б.

Нәрешұлы Р. Ұмытылмас бейне: Қ.Аманжоловтың туғанына – 90 жыл // Орт.Қазақстан.- 2001.- 25 сәуір


Р.Нәрешевтің шығармашылығы туралы:
Қауысов Б. Талап пен тағдыр егессе.: 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні// Орт. Қазақстан.- Қарағанды, 2001.- 30 мамыр

Рамазан Нәрешұлы: [Некролог]// Орт.Қазақстан.- 2001.-18 шілде

Смаханұлы С. Әуезовтің алдын көрген: /Жерлесіміз, ұстаз ақын Р.Нәрешевтың туғанына 70 жыл/ // Қарқаралы.- 1997.- №1-2.- 47 б.

Шыныбеков Қ. Азап көрген азамат: /Р.Нәрешев туралы/ // Орт.Қазақстан.- 1997.- 20 қырк.



Ыдырысова Қ. Мерейтойға-ақ тілек: /Р.Нәрешұлы 70 жаста/ // Сарыарқа.- 1997.- 1 наур.

4 наурыз 1942 – Жазушы Жеңіс Қашқыновтың туғанына 65 жыл
Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы астанадағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта метебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық «Ленишіл жас» газетінде істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.

Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»)

«Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Бүгінде он бірге тарта жыр кітаптарын шығарған автор өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдерінде аударылды. Ол сондай-ақ, бірқатар бауырлас жырларды ана тілімізге аударды.

Жеңіс Қашқыновтың өлең өлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Орталық Қазақстан» газеті ерекше ықпал етті.

Ж.Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымызыдың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған прозалық поэзиялық шығармалары дәлел. Қ.Нұржанов жайлы жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап «Батыр Қазыбек Нұржанов» (1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты.

Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса, мақала, очерктер, ой-толғамдарын ортаға салып, газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кәдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы өз шығармашылығын екі сала бойынша дамытып жалғастырады. Тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-әрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын көрсететін жарқын бейнелерін 2001 жылы шыққан «Алыптар мен арыстар» деп аталатын өлеңдер мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады.

Ж.Қашқыновтың өлең жолдарына сия бермейтін ел намысын жыртып, туған жерін кеудесін қалқан етіп жаудан қорғаған қаһармандардың ерліктерін кеңінен көрсету мақсатында проза жанрына бой ұруы тегін емес. 2002 жылы «Жібек жолы» баспа үйінен шыққан «Атыңнан айналайын атамекен» аталатын кітабында Балқаш пен Қарағанды арасындағы сайын даланы найзаның ұшы, білектің күшімен қорғаған батырлар, жалынды жырларымен елдің рухын көтерген арынды ақындар, би-шешендер, Алаш көсемдері, көрнекті ғалым, мемлекет қайраткерлері, майталман еңбек ерлері туралы деректі әңгімелер, толғаулары, портреттері енген.

Сонымен бірге «Ақжолтай Ағыбай батыр» (1996 ж.) туындысы жастарды Отанын шексіз сүюге баулитыны сөзсіз.

Жазушы 30 жылдан аса Балқаш көлінің әсем көрінісін жырлап қана қоймай, суының тартылып, балығының азаюына байланысты көптеген проблемалық мақалалар жазып, Қазақ радиосы арқылы: «Балқаштың бағын байламаңдар!» деп қалың елге үн тастағанын білеміз.

Әдеби газет-журналдар мен бірнеше жыр мүшәйраларының жеңімпазы, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы.

Жеңіс Қашқынов Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты, «Еңбектегі ерлегі үшін» медалімен, грамоталармен марапатталған.

2006 жылдың қаңтар айында 64 жасқа қараған шағында қайтыс болды.


Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Ukaz pdf
Kraeved -> 1815 Композитор, күйші, шертпе күй орындау шебері Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 190 жыл
Kraeved -> Қала және қылқалам шеберлері Қарағанды қаласына – 70 жыл
Kraeved -> О, туған жер, тулап аққан қанымсың
Kraeved -> Қарқаралы шежіресі – тарихи құжаттарда Қарқаралы қаласының 180 жылдығына
Kraeved -> «Шықшы тауға, қарашы кең далаға» деп басталатын ақынның өлеңі қай тауға арналғанын білесіз бе?!
Ukaz pdf -> Аталып өтілетін даталар
Kraeved -> Ақынның Ақжайықта ізі қалған «САҒындым сені, оралым»
Kraeved -> «Қарағанды әні» туралы Өткен ғасырдың 60-шы жылдары шығып, көпшілікке бірден ұнаған «Қарағанды әні»
Kraeved -> Балажан ақын


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет