ӘОЖ 347.167:37.016 Қолжазба құқығында
АТЕЕВА ЗИНЕШ ОМАРОВНА
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
6M011400-тарих мамандығы бойынша педогогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның
РЕФЕРАТЫ
Қызылорда, 2012 ж
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Адамзат тарихының барлық өркениеттерінде ең өзекті және субстанциональді факторға ие болған мәселелердің бірі - діни мәселелер болып табылады. Әрбір өркениет - бұл міндетті іргетасты шешуге ұмтылып, әдіснамалық кемшіліктерге жол берді. Бізге ең жақын өркениет - кеңестік тоталитарлық жүйе де бұл мәселені радикалды, түпкілікті шешуге ұмтылып, уақыт көрсеткеніндей сәткіздіктерге ұшырады. Еуропалық қатаң рационалистік идеялардың бір нұсқасы ретінде көрінген кеңестік коммунистік жүйе жеңілістерінің бірін дінге қатысты теориялық және әдіснамалық дәрменсіздігі құрайды. Кеңес жылдарында жинақталған теориялық және әдіснамалық тәжірибелерді бүгінгі қоғамдық ғылымдар жеткен жетістіктер тұрғысынан бағамдау, тәжірибелік сараптамалар жүргізу - тарих ғылымының өзекті мәселелері кешенін құрайды. Кеңестік жүйе ыдырағаннан кейін және идеологиялық өктемдіктен арылу, бұрынғы Кеңес республикаларында дін мәселесінің шешілуін жақындатқандай көрінген. Алайда, парадоксальдылығы сонда, жаңа тарихи жағдайларда діни факторлар жаңа қырынан көрініп және қазіргі мәдени үдерістерге белсенді араласып, саяси күшті құрауға ұмтылуда. Осы тұрғыдан Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың: «Біз бұқара санасындағы діншілдіктің артуына әзір болуымыз керек, онда тұрған қатерлі ештеңе жоқ. Жалпы дін өздігінен өнегелі ақиқаттан бөтен ештеңе үйретпейді. Жалғыз-ақ, бізге қауіп төндіретіні: діни біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғаны»
[1.14], - деген ескертпесі бүгінде айрықша теориялық-әдіснамалық мағынаға ие.
Тәуелсіздік жылдары Отандық қоғамдық ғылымдарда, оның ішінде тарих ғылымында да дінтану бағытында өзгерістер мен жаңарулар қалыптасты. Егемендіктің алғашқы жылдарындағы діни, мәдени тәжірибелер бұл бағыттағы өзгерістер легіне Қазақстан қоғамының теориялық және әдіснамалық жағынан әлі жеткілікті дайын еместігін, «біліміміздің деңгейі онша жоғары болмай отырғанын» көрсетті. Бұл, әсіресе, діннің сыртқы атрибуттарына басым бағыт беріліп, оның ішкі шынайы мазмұнын игерудегі іркілістерден көрінеді. Жаңадан жүздеген мешіттер, діни бірлестік-басқармалар, мекемелер, арнайы оқу орындары ашылғанымен діни құндылықтарды толыққанды игеруде сәйкессіздіктер туындап отырғанын да атап өткен жөн. Атақты ақын, ғалым және белгілі қоғам қайраткері О. Сүлейменов айтқандай: «Қазіргі бізде білім мен наным-діннің арасында үйлесімсіздік бар. Қазақстанда мектептерге қарағанда мешіттер көбірек салынуда» [2]. Мұның барлығы дінтанудың тәрбиелік мазмұнын теориялық және әдіснамалық жағынан жетілдіруді талап етеді. Мәселенің күрделілігі сондай, кейде мектептер мен арнайы орта оқу орындарындағы кейбір ұстаздар мен тәрбиешілердің өзі қарапайым діни ұғымдар мен анықтамаларды ажырата алмайтын болып шықты. Мысалы «дін» мен «конфессия» ұғымдарын ажырата алмау, сондай-ақ қазақтардың ислам дінінің қай ағым-тармағына жататындығын анау-мынау емес, зиялылардың кейбір өкілдерінің есеп бере алмау жағдайлары да кездесіп отырғаны жасырын емес.
Қазақстандағы діни үдерістер қазіргі әлемдік діни ахуалдың құрамдас бөлімі. Дәстүрлі емес діни ағымдардың посткеңестік кеңістіктегі белсенділігі Қазақстан ғана емес, басқа да бұрынғы кеңес республикалары халықтарының қоғамдық пікірінде кеселді қабылдануда. Өйткені «постхристиандық» немесе секуляризацияланған Батыс Еуропа өркениеті діни экстремизмге қарсы өздерін барлық құқықтық және заңнамалық, нормативтік құжаттармен, теориялық-әдісамалық құралдармен қамтамасыз етіп алған. Ал бұрынғы кеңес республикаларында мұндай механизмдер толыққанды жасалынбаған. Бұдан діни-өркениеттік мәселелер Батыс өркениеті үшін өзекті емес деген тұжырым жасалынбауы тиіс. Әңгіме өркениеттік діни толеранттылықтың деңгейі жайында болып отыр. Әділдік үшін айта кету керек, елдегі діни ахуалды мемлекеттік тұрғыда реттеуде Қазақстан билігі аз жұмыс атқарған жоқ. Оның бірден бір көріністері ХХІ ғасырдың басында Астана қаласында әлемдік дәстүрлі діңдердің үш бірдей конгресінің өтуі.
Әлемдік дәстүрлі діндердің І құрылтайы 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде, ІІ құрылтайы 2006 жылдың 12-13 қыркүйегінде, ІІІ құрылтай 2009 жылы 1-2 шілдеде өткізілді. Сьездерде әртүрлі әлемдік ресми діндер мен конфессиялардың жоғарғы басшылары қазіргі заманғы діни үдерістердің барысын талқылап, өркениеттердің арасындағы халықаралық бейбітшілікті сақтаудағы әлемдік діңдердің жауапкершілігіне айрықша мән беріп, діни экстремизмнің кез келген көріністерін айыптады. Католик шіркеуі басшысы Рим папасының тұнғыш рет Қазақстанға келіп литургия өткізуі де, біздің еліміздің осы бағытта атқарып жатқан сындарлы саясатының жемісі. Бұл, әсіресе, 130 дан астам ұлттар мекендейтін Қазақстан үшін өзекті. Осы орайда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 22 шілдесіндегі «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы» деп аталатын № 353 бұйрығының маңызы ерекше [3.34.]. Осы оқу жылынан бастап, елімізде «Дінтану» сабағының мектеп бағдарламасына енгізілуі, мектеп мұғалімдері үшін аса жауапты сәттердің бірі болды. Мұның барлығы мәселені стратегиялық тұрғыдан шешудегі маңызды іс-шаралар. Алайда, жаңа дінтану пәнінің еңгізілуі, алғашқы оқулықтардың төңірегіндегі қызу айтыс-тартыстардың туындағанын да біз қалыпты қабылдауға үйренуіміз қажет [4]. Дискуссияның барысы жаңа пәнді оқытудың теориялық және әдістемелік аспектілерінің өзектілігіне арналды, келелі пікірлер білдірілді. Олар негізінен жаңа пәнді оқытудың практикалық мәселелеріне арналды [5.46-47.] және пәнді оқыту тарих пәні мұғалімдеріне жүктелген дұрыс деген пікір айтылды.
Өзекті мәселелердің бірін ҒТР мен ақпараттық технология заманындағы діннің жаңа заманғы реалдылықтарға бейімделуі, трансформациялануы мәселесі құраса керек. Әдетте, қоғамдық пікірдегі көп шағымдардың бірін діннің жасөспірімдер арасындағы жедел табыстары құрайды. Сөйтіп, оқушылар мен студенттердің жан дүниесі үшін дін уағызшылры мен зайырлы ұстаздардың арасындағы тартыс шиеленісе түседі. Бұл өз кезегінде қарапайым мектеп мұғалімінен жоғарғы білікті, биік өрені талап етеді. Осы бір интеллектуальдық күресте, зайырлы мектеп ұстаздарының өз биігінен көріне алмай жатуы да бүгінде жиі кездеседі. ҒТР заманында адам баласы сан алуан кәсіпті игерді, талай құпияардың сырын ашты. Бірақ адамның рухани әлемін, жан дүниесін танып, үңілу-қиынның қиыны.
Бүгінде мектеп оқушылары мен жасөспірімдерге руханияттылықтың тек дінмен өлшенбейтіндігін ұғындыру және діннің ғылымға қарағанда өте күрделі мәселемен айналысатындығын, ұғындыру айрықша өзекті. Қазақстан республикасында «Дінтану» пәнінің оқытыла бастауы – ұстаздар қауымынан зор жауапкершілікті талап етеді. Қазіргі жаһандану заманында жастар үшін күресте, демек, еліміздің болашағы үшін күресте, ұстаздар қауымы өз тұғырынан табылуы тиіс.
Зерттеу нысаны. Қазақстан тарихы мен мәдениетінің тұтас кезеңін құрап отырған Тәуелсіздік жылдарындағы республика орта мектептеріндегі «Дінтану» пәні оқытылуының әдістемелік мәселелері, оның динамикасы мен қалыптасуы және оқушылар мен ұстаздар қауымына пәрменді әсер ететін басқа да рухани факторлар зерттеу нысанына айналды.
Зерттеу пәні. 2009 жылдан Қазақстан мектептерінде оқытыла бастаған «Дінтану» пәнінің қалыптасу тарихы, әдістемелік аспектілерінің ерекшеліктері, қазіргі кезеңдегі мәдениет, дін, ғылым, оқу-ағарту мәселелері.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан Ғылым және Білім беру саласы үшін жаңа «Дінтану» пәнінің орта мектептерде оқытылуының әдістемелік мәселелеріне талдау жасау. Мәселеге қатысты теориялық және практикалық міндеттерді айқындап ашу. Бүгінгі өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі «Дінтану» пәнінің орнын айқындау. Мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей нақты міндеттер қойылды.
- Діннің мәні, анықтамасы, шығуы тегі, құрылымы, жіктелуі мен түрлерін оқытудың ерекшеліктерін зерделеу;
- Әлемдік діндер мен мәдениеттер ұғымына байланысты қалыптасқан дәстүрлі тұжырымдар мен ой-түйіндерді әдістемелік дәйектеу;
- Қазақстандағы дәстүрлі діндер мен ағымдардың тарихын оқытудың теориялық және әдістемелік мәселелерін сараптау;
- Бүгінгі Қазақстандағы жаңа діни ағымдар (дәстүрлі емес) шығуының обьективтік және субьективтік алғышарттарын түсіндірудің әдістемелік негіздерін айқындау;
- Әйгілі дін ғұламаларының діни түжырымдамалары мен тарихи ізденістерінің қисынын ашу;
- Қазақстан топырағынан шыққан әйгілі ғұламалар діни көзқарастарының сипатын, ұстанған позицияларын анықтаудың әдістемелік негіздерін көрсету;
- Қазақстанның дін туралы заңнамаларын оқытудың әдістемелік аспектілерін талдау.
Тақырыптың зерттелуі. Деректерді зерделеу үстінде тарихилық ұстанымын басшылыққа алып, діни салыстырмалық, іріктеу-сұрыптау және сыни талдау жүргізді. Зерттеудің әдістемесін анықтағанда Дін тарихының сабақтастығы мен үндестігін сақтауға баса назар аударылды. Тақырыпқа қатысты еңбектердің көпшілігі кеңестік дәуірде жазылғандықтан, сол замандағы зерттеуші-әдіскерлердің еңбектері мен артықшылықтарын ескеруге тырыстық. Тәуелсіздік жылдары «Дінтануды» оқытудың әдістемелік мәселелеріне қатысты тақырыптық зерттеулердің аздығына байланысты, жеке тәжірибемізге баса назар аударудық. Сонымен қатар, жаңа, тың бағыттағы ғылыми ой-пікірлер мен тұжырымдар, соңғы үлгіде жазылған еңбектер басшылыққа алынды. Атап айтар болсақ, Қ. Шүлембаев, Ғ. Есім, Д. Кенжетаев, Н. Асқаров, Ә. Сайлыбаев, Ө. Тұяқбаев, Ә. Әбдәкімұлы, Қ. Құнапина және т.б. қазақ және шетелдік ғалымдардың әдістемелік-теориялық еңбектері басшылыққа алынды. Алайда, аталмыш еңбектерде дінтанудың педагогикалық сипаты арнайы зерттеу нысаны болған жоқ.
Діннің жалпы әлеуметтік мәні, Қазақстан қоғамындағы діннің рөлі Ғ. Есім, Д.Қ. Кішібеков, А.Н. Нысанбаев, Н.Ж. Байтенов, Қ.Қ. Бегалинов, Т.Қ. Бурбаев, Б.И. Абиров, Ғ.Т. Телебаев, С.К. Мырзалы, Г.Ж. Жұманова, АГ. Косиченко, В.Д. Курганская, Н.Г. Аюпов, К.Ш. Шүлембаев, А.Д. Құрманғалиева, М.Ү. Алсабеков, К. Затов, Қ. Барбасова, Б. Бейсеновтің және т.б. еңбектерінде зерттелді. Дегенмен еңбектерде практикалық-педагогикалық мәселелерге өте аз орын берілген. Біздің жұмысымызда осы олқылықтардың орнын толтыруға тырыстық.
Қазақстанның модернизация дәуіріне өтуіне байланысты, аталған мәселелерді зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Зерттеушілерді қатты қызықтырған дәстүрлі қоғам құндылықтары мен модернизация үдерістерінің ара қатынасы болды. Бұл бағытта белгілі Қазақстан зерттеушілері У.Ш. Алиевтің, М.С. Аженовтің, Ғ. Есімнің, С.Е. Нұрмұратовтың, М.С. Орынбековтің, А.Х. Қасымжановтың, Т.Ғ. Ғабитовтың, Ш.Ш. Молдабековтің, Б.Г. Нұржановтың, Ж.А. Алтаевтың, А.Қ. Қасабектың, М.Ш. Хасановтың және т.б. еңбектері мәлім.
Диссертациялық жұмыстың деректік негізі. Зерттеу жұмысының негізгі нысаны әлемдік діндер болғандықтан - әлемдік діндердің киелі кітаптары, дін туралы әлемдік және Қазақстандық ғұламалардың ой пікірлері. Тақырыпқа қатысты кеңес және Тәуелсіздік жылдары мерзімдік баспасөздерде жарық көрген зерттеу мақалалары құрады. Автор Қызылорда қаласы №212 қазақ орта мектебінде 20 жылдан астам уақыт тарих және қоғамтану пәнінен сабақ беріп келе жатқан жоғарғы санатты мұғалім болғандықтан оның жеке тәжірибелері мен өмірлік байқаулары мектеп сыныптарында жүргізген зертханалық ізденістерінің нәтижелері негізгі дерек көзін құрады.
Деректердің бір парағы зерттеушінің мектептегі жоғарғы сынып оқушылары мен діни бірлестік белсенділері арасында жүргізген анкеталық сауалнама нәтижелерінен тұрады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысының мақсатына сәйкес әдістемелік талдау негізінде жинақтау, қорыту, жүйелеу, талдау және сараптаумен қатар логикалық ой қорыту, жалпы діни салыстырмалы әдіс қолданылды. Сондай-ақ, діни танымға қажет соңғы кезде қалыптасқан жаңа пікірлер мен тұжырымдар басшылыққа алынды.
Зерттеу тақырыбының хронологиялық ауқымы. Тәуелсіздік жылдары «Дінтану» пәнінің Қазақстан мектептерінде оқытылуының әдістемелік мәселелеріне арналғандықтан негізінен XXI ғасырдың алғашқы онжылдығы уақытымен шектеледі. Діни тақырыптарды оқытудың әдістемелік мәселелері кеңес жылдары да қарастырылып, зерттеулер қолданымға түскенімен зерттеудің мерзімдік шегін кеңейтпейді.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тақырып алғаш рет Отан тарихы ғылымының зерттеу пәні ретінде қарастырылғандықтан қол жеткен нәтижелерде жаңа болып табылады. Олардың негізгілері мыналар:
- Диссертацияда Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде «Дінтану» пәнінің өзектілігі ашылды;
- Діннің мәні, анықтамасы, шығу генезисін орта мектептерде оқытудағы әдістемелік ұстанымдардың жетекші рөлі анықталды;
- Жаңа пәнді оқытудың барысында Қазақ топырағынан шыққан дін ғұламаларының ғұмыр жолы негізінде оқытудың әдістемелік тиімділігі дәлелденді;
- Диссертацияда, тақырыпқа қатысты кеңес жылдары жазылған Қазақстан әдіскерлерінің ойлары мен ізденістеріне, іргелі еңбектеріне жаңаша баға берілді. Дінге қатысты бұрын зерттеу нысаны болмаған бірқатар әдістемелік мәселелер қарастырылды;
- Қазақстанның дін туралы заңнамаларын оқытудың теориялық және әдістемелік маңызы жүйеленді.
Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:
- «Дінтану» пәнін Қазақстан мектептерінде оқыту, жас ұрпақтың рухани кемелденуіне септігін тигізеді;
- Әлемдік діндерді оқыту - әлемдік мәдениеттерді оқытудың құрамдас бөлімі екендігі әдістемелік тұрғыда дәлелденді;
- Діни ұйымдар мен діни бірлестіктер ұғымының әдістемелік аясы кеңейтілді;
- Оқышылардың діни көзқарасының қалыптасуы мектеп мұғалімінің әдістемелік пәрменімен әлуетіне байланысты;
- Діни таным мен ғылыми танымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері талданды. Тәуелсіз Қазақстанның дамуында діннің алатын орны мен қызметі айрықша. Діндердің ерекшелігі, құндылықтар ортақтығы, адамдарды дініне, нәсіліне қарамай құрметтеуге, бағалауға үйретеді.
Диссертацияның қолданбалы маңызы. Зерттеу нәтижелері орта мектептер мен арнаулы орта оқу орындарында дінтану, мәдениеттану пәндерін оқытуда қосымша материал ретінде пайдалануға болады. Тарих факультеттерінде тарихты оқыту әдістемесі пәніне көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының сарапталуы мен жариялануы. Диссертациялық жұмыстың негізгі түйіндері мен нәтижелері республикалық басылымдарда және облыстық ғылыми-практикалық конференцияларының материалдары жинағында жарияланған. Диссертация Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасында алдын-ала талқылаудан өтті.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделіп, мәселенің зерттелу деңгейі айқындалған. Сондай–ақ зерттеу жұмысының жаңалығы, мақсаты мен міндеттері, хронологиялық шегі, деректік және методологиялық негіздері, практикалық маңыздылығы көрсетілген.
«Діннің бастаулары мен тарихи түрлерін оқыту әдістемелері» деп аталған бірінші тараудын «Діннің, Сөздің, Мәдениеттердің шығуын түсіндіруге қойылатын әдістемелік талаптар» атты бірінші тақырыпшасында дін, соғыс, саясат - адамзат тарихының және кез-келген жекелеген халықтар тарихының негізгі өзегі болғандықтан, орта мектептің қарапайым тарихшы мұғалімінен зор теориялық және әдістемелік дайындықты, кәсіби шеберлік пен үлкен біліктілікті талап ететіндігі аталып өтеді. Тақырыптың күрделілігі жалпы білім беретін орта мектептің 9 - сыныбына арналған оқулықтарда да бейнеленген. Мысалы, редакциясын философия ғылымдарының докторы, профессор Д. Кенжетаев басқарып, 2010 жылы жарық көрген 9 сынып оқулығында бұған айрықша назар аударылып, көптеген анықтамалар берілген: «Дін адамды туралық пен әдемілікке жетелейтін жол», «дін – адамды өз жаратылысына сай жетілдірілетін ілім», «дін - адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе», «дін адамды шындыққа жеткізетін жарық», «дін - дүние мен ақыретке бақытты болу жолдарын көрсететін ережелер мен қағидалар жинағы», дін құдайлық ережелер мен соларға сүйенген әдеттердің жиынтығы» [6.8], – деп атап көрсетілген. Бұған қоса Құран мәтініне сүйене отырып берілген анықтамаларда баршылық. Философия ғылымдарының докторы, профессор Ғарифолла Есім басқарған авторлық ұжым дайындаған 9 сынып оқулығында да: «Дін адам мен мінсіз болмыстың (Алланың, жаратушының) табиғи байланысы туралы сана. Ғылымның қуаты жаратылыстың барлығын, оның кереметтілігін дәлелдеу. Ал, сол жаратылысты жаратқан жаратушы туралы сана ол дін. Осы тұрғыдан ғылым мен дін жаратылыс мәселесінде түйіседі» [7.10-11], - делінген. Екі оқулықта да көріп отырғанымыздай, діннің табиғатына, болмыс пен санада бейнеленуіне айрықша назар аударылған. Сондықтан мектеп мұғаліміне қойылатын ең басты және негізгі әдістемелік талап мұғалімнің діннің табиғаты, күрделілігі жайлы ғылыми негізді және өмірлік тәжірибеден туындаған түсінік ұғымының болуы. 9 сынып оқушыларының бұған дейінгі, яғни төменгі сыныптарда алған білімдеріне нық сүйенуі, сабақтың желісін сол негізде өрбітуі келесі әдістемелік талаптарды құрайды.
Адам және адамзаттың бойындағы ең басты ортақ қасиеттер білім мен наным төңірегіндегі танымдық сабақты ұйымдастырғанда мектеп, колледж мұғалімі оқу материалын, бірізділікпен баяандаудың әдіс-тәсілдерін айқындайды. Бұл орайда жоғарыда айтқандай, әрбір нақты тақырыптың алға қойған міндеті, оқушылардың дайындығы мен сыныптың құрамының ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, оқушылардың бір бөлігінің дайындығы жоғары, орташа және төмен болуы әбден мүмкін. Осы жағдайларды ескере отырып, мұғалім діни білімдерді оқып үйренуде «сұрақ-жауап», «ойды қозғау», «әңгімелесу» немесе сипаттау және бейнелеу тәсілдерін қолданғаны абзал. Оқытудың әдіс-тәсілдерін таңдағанда деректердің мазмұны мен оқытудың көрнекті құралдары да ескерілуі тиіс [8.46]. Өз тарапымыздан айтарымыз, 2009 жылдан бастап Қызылорда қаласындағы №212 қазақ орта мектебінде «Дінтану» сабағынан 9 сынып оқушыларына сабақ беріп, бірқатар тәжірибелер жинақтадық, сабақтың ерекшеліктеріне сәйкес, ең тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру бағытында көптеген сабақ түрлері мен құрылымдарын қолданып зертханалық тәжірибеден өткіздік. Оның барысында ең алғашқы «Дінтану» сабағына айрықша маңыз беріп «сұрақ-жауап», «ой-дауылы», «әңгімелесу» бағытында өткізген дұрыс деген тұжырымға келдік. Өйткені, мектеп оқулықтарының академиялық стильде баяндалуы және діннің мәні, діннің анықтамасы, діннің әлеуметтік маңызы сияқты тақырыпшаларды оқушылардың тез игеріп кетуі оңай болған жоқ. Басты талап, мектеп мұғалімінің кәсіби білігі мен тұлғаның мәдениетіне қойылуы тиіс. Сынып оқушыларының гуманистік дүниетанымын кеңейтіп, жеке мәдениетін көтеруге және әдістемелік шеберлігін үнемі шыңдауға мүмкіндік беретін талаптардың кешеніне мыналарды жатқызуға болады:
- Діндердің пайда болуын – діннің, сөздің, мәдениеттердің шығуымен үнемі өзара байланыста қарау;
- Оқушыларға діни төзімді білім мен тәрбие беру;
- Діни білім мен сананың құрылымдарын айқындау;
- Дінтану сабақтарында – оқушылардың бастапқы діни түсініктері мен
ұғымдарына үнемі сүйену және дамыту; .
- Барлық діндер өзара байланыста дамыды.
«Пәнаралық байланыстар - дінтану пәнін оқытудың тиімді әдістемелік негізі» атты екінші тақырыпшасында материалдық дүниенің бірлігі, рухани және діни үдерістердің күрделілігі мен қарама-қайшылығын мектеп оқушылары мектеп пәндерімен, оның бағдарламаларын бірізділікпен, бірте-бірте игеру барысында ұғынады. Біздің ойымызша, таптырмайтын тиімді әдістердің ішінен пәнаралық байланыстарды орната білуді бөле жара атар едік. Қазақстан мектептеріне арналған республиканың білім беру және ғылым министрлігінің оқу бағдарламалары мен нұсқауларында, түсініктеме жазбаларында атап көрсетілгендей оқу үдерістеріндегі курсаралық және пәнаралық байланыстарды пайдалану дінтану пәнінің жалпы тарих курстары мен бірлігін және өскелең ұрпақтың аса маңызды дүниетанымдық түсініктер мен ұғымдарды, идеяларды, жаһандасу үдерістерін игеруді қамтамасыз етеді.
Дінтану сабақтарында пәнаралық байланыстар орната білудің мүмкіндігі өте мол. Пәнаралық байланыстар, белгілі бір пәндердегі ортақ фактілер, деректер, түсініктер мен идеялар бойыннша жүргізіліп, оқушылардың оқу материалдарын шығармашылықпен игеруіне, оқу дағдылары мен икемділіктерін қалыптастыруға септігін тигізеді. Бұл орайда, әрбір оқу пәндеріндегі пәнаралық байланыстардың жалпы бағытын, тарихи фактілер мен теориялық материалдардың сәйкестілігіне айрықша назар аударылады. Пәнаралық байланыстардың жалпы теориясында оның әмбебаптық және жалпықамтушылық сипаты аталып өтеді. «Дидактиканың басқа да принциптері сияқты, пәнаралық байланыстардың жалпықамтушылық қасиеті болады. Оның әсері барлық оқу пәндеріне таралады, және әрбір тақырыпты Зерттеу барысында, оның басқа пәндерімен байланыстары түгел қамтылады» [9.2]. Тарих, дінтану, тіл, әдебиет, география және т.б. қоғамдық пәндерді оқытқанда пәнаралық байланыстардың жалпы теориясының тәжірибелік маңызы айрықша. Бұл пәндердің барлығы идеялық ортақтық және фактілік материалдардың мазмұны жағынан бір-бірімен тығыз байланыста, Сондай-ақ, жаратылыстану, техникалық пәндермен де жанасып жататын қырлары болады. Сондықтан дінтану курстарының тақырыптарына байланысты пәндер тізімінен, тек тарих, әдебиет сияқты гуманитарлық пәндерді ғана емес, жаратылыстану-математикалық циклдағы пәндерді де көруге болады. Бұл орайда, тарихқа да дінтануға да қатысты жыл санау мәселесін айтса да жеткілікті. «Дінтану» пәнінің алғашқы тарау, тақырыптарынан бастап, олардың «ежелгі дүние тарихы» пәнімен және географиямен пәнаралық байланыстары сұралып тұр. Дінтанудың «Ежелгі әлем діндері: Месопатамия, Мысыр, Грек, Рим діні, Иран діні, көне түріктердің діні» тақырыптарында пәнаралық және ішкі пәнаралық байланыстарға қатысты мынандай тізбе жасауға болады. Табиғаттану (5 сынып) Жер, Күн және т.б. аспан денелері. Күнтізбе; География (6 сынып) – карталар, жер бетінің шартты бейнелері, Ландшафт, рельф формалары; Математика - Жыл санау, Жергілікті жерді өлшеу; Бейнелеу немесе сурет сабақтары (IV-VII) – бейнелеу өнерінің түрлері, өнер туындыларын талдау т.б; Тарих (барлық курстарында) - Әлеуметтік-саяси курстар, қоғамның рухани өміріндегі дағдарыстар т.б.
Пәнаралық және ішкі курс аралық байланыстар орнатуда тарихшы мұғалім мазмұны жағынан ұқсас түсініктер мен ұғымдарға басымдық береді, бірақ оқушылардың алғырлығы мен икемділіктерін, дағдыларын дамытуға мүмкіндік беретін жәйіттерді де естен шығармағаны абзал. Мысалы, Ежелгі Мысыр, Қосөзен аралығы, Грек-Рим діндеріне қатысты бейне – суреттерді пайдаланғанда, сурет сабағынан алған өнер шығармаларын талдаудың қарапайым әдістеріне жүгінуге болады. Дін мен философияға, тарихқа және т.б. қоғамдық пәндермен пәнаралық байланыс, тек ортақ түсініктер, жалпылама ұғымдар аясымен шектелмеуі тиіс. Дінтануға ең жақын тарих және әдебиет оқу пәндеріне кіретін ортақ фактілік материалдарға да таралуы тиіс. Тарихи фактілердің арасындағы байланысты игеруде мұғалімнің оларды әртүрлі тереңдікте бере білуі маңызды. Тарихи діни фактілердің білім беру, тәрбиелеу ісінде маңызы зор орасан зор. Оқушылардың діни фактілерге қатысты ғылыми көзқарастарының қалыптасуы – мектеп қабырғаларынан басталады. Оларды оқушылардың дұрыс игеруін қамтамасыз ету - дінтану пәнін оқытудың бірінші кезектегі міндеті.
Тұжырымдай келгенде, пәнаралық байланыстар, оқушыларға жан–жақты өркениетті білім берудің негізгі. Дінтану сабақтарында ұғым құраушы түсініктерді қалыптастыру үшін мынандай талаптарды орындау өзін-өзі ақтайды.
1. Қалыптастыруға тиісті түсініктер мен ұғымдарың мазмұны, түсініктер мен ұғымдардың мазмұны мен құрылымын, олардың жалпы түсінік құрау жүйесіндегі орнын білу. Яғни, пәнаралық сипаты бар ұғымдардың структуралық – мазмұндық мәнін анықтау – пәнаралық байланыстар орнатудың бірінші шарты;
2. Діни ұғымдар мен түсініктер белгілерінің, басқа пәндерде қаншалықты көлемде қарастырылатынын білу – анықтау.
«Әлемдік діндер құндылықтарының ортақтығы мен ерекшеліктерін оқыту тәжірибелері» атты үшінші тақырыпшасында жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулығында, өкінішке орай осы бір өзекті тақырыпқа бір ғана сағат берілген - §14 «Әлемдік діндерге тән ортақ құндылықтар». Алайда, барлық діндерге қатысты тақырыптар оқылып болғаннан соң зерттелетін бұл мәселенің оқушылардың өркениетті дүниетанымын қалыптастырудағы әлеуеті өте зор. Осы бір мүмкіндікті барынша тиімді пайдалану мектеп мұғалімінің теориялық дайындығына, үлкен мәдениетіне, ой - өрісіне байланысты болмақ.
Сонымен қатар әлемдік діндердегі ортақ пайғамбарларды атап өтеді. Ислам діні күллі адамзат баласының ортақ, түп – тұқияндағы ата – анасының Адам Ата мен Хауа Анадан тарайтындығын атап өтсе, Христиан дінінде «Адам мен Евадан» таратады. Сондай–ақ ортақ пайғамбарлар: Нух (Ной), Ибраһим (Аврам), Мұса (Моисей), Жүсіп (Иосиф), Иса (Иисус), Дәуіт (Давид), Сүлеймен (Соломан) аталады. Жәбірейіл (Гаврил), Микаил (Михаил) сияқты ортақ періштелер де бір атпен аталады. Інжілде «Егер сені бір жағыңнан соқса, екінші жағыңды тос» деген уағыз, «Құрандағы» «Сен мені шын өлтіруге қол созсаң да, мен сені өлтіру үшін қол созбаймын» аятымен үндесіп жатады (Мәйда сүресі, 27 аят). Құранда, өзіне дейін түскен барлық киелі кітаптарды құрметтеуге шақырылады – Таурат, Інжіл, Забур. Дінаралық татулық – Ислам дінінің ең негізгі құндылықтарының бірі – «Бір біріңмен мейіріммен, тақуалықпен қарым – қатынас жасаңдар, күнәлі іспен, дұшпандықпен қарым қатынас жасамаңдар (Мәйда сүресі, 2-аят) [10.78].
Киелі кітаптардан алынған бұл дерек уағыздармен қатар, барлық діндердің, зайырлы білім ғұламаларының пікірлерін де оқушылардың алдына тарту, мектеп мұғалімінің міндеті. Оқулықта берілгеніндей, Қожа Ахмет Яссауи Хикметтерінде «Кәпірде болса, зарар берме» делінсе, Қытай ғұламасы Конфуцийдің өсиетінде «Жамандыққа жақсылықпен жауап беруді қисынсыз деп тапсаң, жақсылыққа не деп жауап берер едің» делінген. Ал Абайдың пікірінше: «Көп кітап келді, Алладан оның төрті, Алланы танытуға сөз айырылмас» [11.45]. делінген. Әлемдік діндер құндылықтарын оқыту орта мектептің Дінтану сабағының бір тақырыбымен шектелмейді. Тақырыпты курстың өн бойында барлық тараулар мен тақырыпшаларды өрбітуге болады. Ортақ құндылықтарды насихаттаудың тиімділігін арттыру үшін төмендегідей теориялық және методологиялық талаптар күнделікті практикада өзінің өміршеңдігін көрсетті:
- курсттың кіріспе бөлімінен әлемдік діндер құндылықтарының ортақтығы идеясына басымдық беру;
- барлық діндер құндылықтарының қалыптасуы – діндердің өзара ықпалдастығының нәтижесі;
- оқушылардың жалпы діндер туралы білімдері басқа мәдениеттерге деген ксенофобиялық сенімдерден аулақ болуға жәрдемдеседі;
- діндер құндылықтарының ортақтығы оқушылардың бойында жалпыадамзаттық ортақ сананың қалыптасуына ықпалын тигізеді;
- Ортақ діни құндылықтар – мәдениетаралық байланыстарының қайнар көзі.
«Қазіргі Қазақстандағы діни жағдай: теориялық және тәжірибелік аспектілер» деп аталатын екінші тараудың «Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы діндер тақырыбын оқыту» атты бірінші тақырыпшасында сырттай қарағанда, Қазақстандағы мемлекет құраушы ұлт қазақ және түркі тілдес басқа да халықтардың дәстүрлі діні ислам, бұған қосымша славян тұрғындары үшінде бұл дін етене жақын болғандықтан – тақырыпты оқушылар мен мұғалімдердің ортақ игеруі айрықша қиындықтар тудырмайтындай көрінуі мүмкін. Оқушылар 6–8 сыныптың тарих оқулықтарынан Қазақстан территориясын мекендеген ежелгі түркі халықтарының діни наным–сенімдерінен хабардар. Сондықтан оқушылардың бұрынғы сыныптардан алған білімдеріне сүйене отырып, олардың діни санасын онан әрі өркениетті арнада дамыту - мектеп тарихшы мұғалімінің міндеті. Мұғалімнен талап етілетін теориялық және әдістемелік ұстаным «Дінтану» оқулығында берілген оқу мәтіндерінің мазмұнын жоғарғы деңгейде баяндау, жинақтау және жүйелеу болып табылады. Бүгінгі уақыт биігінен көне түріктердің діни наным–сенімдеріне бойлау, белгілі бір қиындықтар мен күрделіліктер тудыратына хақ. Бұл орайда, мектеп мұғалімі тек отандық тарих материалдарына сүйенумен шектелмей, оқушыларға жақсы таныс ежелгі Мысыр, Қосөзен, Үнді, Қытай өркениеттері халықтарының діни наным- сенімдеріндегі «көпқұдайшылық», «пұтқа табынушылық» сипатына көктей шолу жасап, әсіресе, грек–рим өркениетіндегі «көпқұдайлшылық» дәстүрлерге мейілінше толығырақ тоқталғаны абзал. «Пұтқа табынушылық» терминінен гөрі «көпқұдайшылық» сөзін жиі қолдану тиімдірек қой деп ойлаймыз. Өйткені бұл термин, оқушылардың қабылдауына жеңілірек әрі тиімдірек. Осылайша, оқушылардың көне түркі діни нанымдарына байлануына қажетті алғышарттар жасалынады. «Көпқұдайшылық» сипаттағы наным түсініктер ежелгі түркілерге де тән [12.22]. Ежелгі грек–римдіктердің құдайлар пантеонының құрамы қаншалықты көп болса, ол көне түріктерде де кем болмаған, оларға иерархиялылық тән болса, көне түріктерде де мұндай үрдістер орын алған. Айырмашылық – грек құдайлары Бас құдайы – Зевстің алдында еркіндеу болса, түріктердің бас құдайы – «Көк Тәңірі» барша жаратылыстың тағдырын айқындаушы. Алайда, түріктер көк тәңірмен қатар, таудың, жердің, бұлақтын, өзеннің, талдың, төрт түлік т.б. иелері бар деп сенген. Олардың құрметіне де бағыштап құрбандық шалып отырған. Демек, көне түріктердің нанымында да «көпқұдайшылық» элементер болған деп, оның Евразиялық жағдайдағы ерекшеліктеріне назар аударған жөн. Көне түріктік наным–сенімдер элементтерінің әлі күнге дейін қазақтардың діни санасында бейнеленетіндігін, өзіндік уникалды феномен ретінде атап өту – оқушылардың отандық тарихқа, ұлттық менталитетке деген қызығушылығын арттыра түседі. Мұғалімнің бүгінгі қазақтардың бата бергенде «тәңір жарылқасын» сөз тіркесін қолданатындығын біреуді құттықтағанда «құтты болсын» айтатынын, бақилық болған әруақтың әр бейсенбі сайын дұға дәмететініне сеніп иіс шығаратынын – жеті күлше тарататынын айтса да жеткілікті. Көне түріктердің ат қою дәстүрінде Ай, Жұлдыз, Күн, Тау, Гүл, Теңіз есімдерінің әлі күнге дейін сақталғанын еске салуда сындарлы әдістемелік уәждердің бірі. Ер балалар арасында кездесетін Айбек, Жұлдызбек, Күнбек, Таубек, Теңізбай, ал қыз балалар арасында кездесетін Айман, Шолпан, Гүлнұр, Айнұр және т.б. осы дәлелдер мен дәйектер тізбесінен орын алады. Мұндай есімдердің қазіргі көрші түркі тектес исламдық дәстүрлер мықтап сақталған халықтарда аз кездесетінін алға тартқан абзал. Мысалы, көрші өзбек халқында мұндай есім қою дәстүрі танымал емес. Олардың ат қою дәстүрінде таза ислам – арабтық есімдер басым келеді. Осылайша, қазіргі қазақтың діни санасының алуан қырлары мен сырларына әр дәрежеделілігіне оқушылардың назарын аударуға болады. Тұжырымдай келгенде, көне түріктік діни наным-сенімдерінің қазіргі қазақтың қоғамдық санасында көрініс беруінің сақталуы негізінде, «шеткері аймақтық ислам» - «периферийный ислам» ұғымын енгізген абзал. Ежелгі және орта ғасырлардағы Қазақстан территориясындағы діндер тақырыбын оқыту және зерттеу отандық тарихтың құрамдас бөлімі болып табылады. Барлық діндердің дамуы тарихы болғаны сияқты Қазақстандағы ислам дінінің өзіндік тарихы болып, елдің ежелгі және орта ғасырларындағы мәдени және рухани өмірінде елеулі рөл атқарды. Ислам дінінің Қазақстан жерінде таралуы үлкен тарихи кезеңдерді құрады. VIII ғасырдан бастау алған бұл үрдіс XIX – ғасырға дейін жалғасты және Отандық тарихтағы аса күрделі қоғамдық саяси және мәдени құбылысты құрады.
Ислам дінінің орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында алған орнына сәйкес, мынандай тұжырымдар жасауға болады:
- ислам дінінің негізгі қағидалары мен нормалары ежелгі түркі халықтарына жат болған жоқ, керісінше төл мәдениетінің онан әрі дамуына ықпал етті;
- Ислам діні Қазақстан жеріне негізінен бейбіт жолмен тарады;
- Жаңа діннің Қазақстан жерінде орнығу хронологиялық жағынан ұзақ мерзімді қамтыды;
- Көшпенді өмір салтының басымдығына сәйкес, қазақтардың діни санасына екіқұдайылықпен тән болды (түркі – исламдық);
- Классикалық мұсылман елдері халықтарының діни санасынан, қазақтардың діни санасы шеткерілік сипатымен ерекшеленді.
«Қазақстандағы басқа да діни ағымдарды оқытудың әдістемелік аспектілері» атты екінші тақырыпшасында Қазақстан мен Орта Азия республикаларының негізгі тұрғындары, әсіресе кейінгі ұрпақ өкілдері үшін ежелгі замандардан олардың туған өлкелерінде христиан дінінің тереңінен тамыр жайғандығы, оның ежелгі замандардан бастау алғандығы тосын естіледі. Қазақстан халықтарының негізінен мұсылман дінін ұстанатындығы, соған сәйкес 9 сыныптың «Дінтану негіздері» оқулығында, нақ осы дінге айрықша пәрмен берілетіндігі қалыптасқан стереотиптерді орнықтыра түседі. Біздің ойымызша, мұндай жағдайда тәжірибелі әдісrер–мұғалім мәселенің қойылуын әріден бастаған дұрыс. Оқушыларға ойтүрткі тастау үшін: «Балалар, ислам өркениетіне дейін Таяу Шығыста қандай дін үстемдік етті?» – деген сауал тастау, оқушыларды ойландырып тастары сөзсіз. Өйткені оқушылар үшін Таяу Шығыс, Мысыр, Сирия аймағы қашанда араб-иран өркениетімен және классикалық мұсылман әлемімен тығыз байланысты. Оқушылар - ислам дініне дейін Таяу Шығыста әртүрлі діндердің, айталық зороастризм, маздакизм, якуди діні, христиан дінінің тармақтары мен секталарының болғандығын айтуы мүмкін, бірақ христиан дінінің үстем болғандығы салған жерден есіне түсе қоймайды. Осы тұста, мұғалім оқушылар үшін тосын, ислам дініне дейін Таяу Шығыстың - «христиандық шығыс» атанғанын еске салады [13.76]. Академик ориенталистер В.В. Бартольд, А.Н Бернштамның еңбектеріне жүгінеді. «Христиандық шығыс» ұғымының өзі оқушылар үшін таңсық естіледі. Осылайша, ислам дініне дейінгі шығыстағы христиан дінінің таралуы тарихы, Қазақстандағы христиан діні таралуының тарихи алғышарттарын құрайды. Қазіргі батыс өркениеті елдері халықтарының христиан дінін ұстанатындығына қарамастан, батыстық діннің - шығыстық тарихи тамыры туралы айта кету мектеп мұғалімінің парызы. Барлық әлемдік діндердің шығыс өркениеттерінде дүниеге келіп, қалған жер шары аймақтарына тарағандығы - іргетасты түйіндеме. Бұдан кейін христиан дінінің Қазақстан мен Орталық Азияға таралуының нақты тарихи материалдары баяндалады.
Жаңа заманда Христиан дінінің Ресей отаршылдығы арқылы өлкеде тарихи тамырын жайғанымен қалыптасқан діни ахуалды түбегейлі өзгерте алған жоқ. Христиан дінінің негізгі гуманистік қағидалары отаршыл биліктің ұстанған зорлық – зомбылық саясатынын қайшы келді. Христиан дінінің правословие тармағының ағымдарымен бірге, католик діні ағымдарының өкілдері де өлкеде жұмыс жүргізді. Кеңестік тоталитаризм жылдары ислам діні сияқты, басқа да діни ағымдардың өкілдері де қуғын – сүргінге ұшырады. Қазақстандағы басқа да әлемдік діндер тарихи – отандық тарихтың құрамдас бөлімі. Басқа да діндердің «Қазақстандық тарихын» оқыту біздің ойымызша тарихшы - әдіскерлерге төмендегідей міндеттерді жүктейді:
- Қазақстандағы басқа да діңдердің ежелгі және ортағасырлық тарихтан бастау алатындығын түсіндіру;
- Оқыту барысында саяси факторлар мен мәдени факторлардың арақатынасын оқушылардың ажырата білуіне күш салу;
- Қазақ менталитетінің демократиялық қайнарларының далалық «діни төзімділікке» негізделетінін әдістемелік жағынан жетілдіру;
- Басқа дін өкілдерінің заманауи Қазақстан мәдениетінің дамуына қосқан үлесін оқушылардың әдістемелік игеруін қамтамасыз ету.
«Қазақстан қоғамын модернизациялау жағдайындағы діни тақырыптарды оқыту және зерттеу әдістері» атты үшінші тақырыпшасында қазіргі заман мен қоғамдағы діннің алатын орнын біржақты бағалау, оның дамуы мүмкіндіктері мен болашағын бағамдау мейлінше күрделі. ХХ-ғасырдағы адамзат тәжірибесі көрсеткендей діннің одан әрі дамуына қатысты үзілді–кесілді болжамдар жасауға болмайды. Атап айтқанда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты «дін – біржолата жойылады» немесе болашақта бұрынғы күшіне еніп «қайта өрлейді» деу қазіргі таңда дәрменсіз тұжырымдамалар қатарынан орын алмақ. Қалай болған күнде де өркениетті дейтін батыс елдері сияқты Қазақстан қоғамында да дін елеулі рөл атқаруда және белгілі бір дәрежеде заман талаптарына бейімделуде. Халықаралық Gollup International зерттеу компаниясы Ассоциациясының жыл сайынғы жүргізілетін сауалнама мәліметтеріне қарағанда әлем тұрғындарының көпшілігін дінге сенетіндерге жатқызуға болады. Яғни әлем халықтарының үштен екісі өздерін дінге сенетіндер қатарына қосса, 6% ғана өздерін сенімді атеистер қатарына жатқызған.
Заманауи қоғамдағы діннің ахуалына көптеген факторлар әсер етіп отырғанымен, басты фактор ретінде саясаттың орны ерекше екендігіне назар аударған жөн. Келесі іргетасты факторлардың ішінен ХХ ғасырдың жаңа технологиялар, коммуникациялар мен интернеттік ақпарат құралдарының ықпалын атауға болар еді. Ғылым мен техника «жаратқанның» қойнауына қаншалықты бойлағанымен, дін өзінің позицияларын сақтап қалуда. Рас, қазір Батыс өркениетін мамандар христиандықтан кейінгі өркениет немесе секуляризацияланған өркениет деп атап жүр. Бірақ, христиан дінінің рөлі төмендегенімен, оның Европа мен АҚШ қоғамдарындағы және т.б. елдердегі рөлін көрмеуге болмайды. Белгілі философ Ю. Хабермас бұл феноменді қазіргі ҒТР заманындағы адам өмірінің мәнінен айырылып бара жатқан жағдайындағы діннің адам үшін семантикалық резерві болып отырғандығымен түсіндіреді. Былайынша айтқанда, адам санасы тек рационализмге сүйене алмайды. Мұндай жағдайда адамның санасы өзінің табиғи сипаттарына айырылып қалуы мүмкін. Таңсықтық, беймәлімділікті іздеу – бұл қашанда дүниені танудың иррациональдық негізі болды [14.41]. Қазіргі Қазақстандағы нарықтық қатынастардың тегеуріні, ақпараттық технология нөпірі, яғни әлемде ойлаудың рациональдық типі үстемдігі жағдайында да рухани өмір өзінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Бұл адам табиғатынан туындайтын қасиет.
Тұжырымдай келгенде қазіргі Қазақстан қоғамының модернизациялануы жағдайында діни тақырыптар мен мәселелерді заманауи технологиялық әдістемелік құралдармен оқытудың маңызы зор. Өйткені Қазақстан қоғамының онан әрі дамуында дін аса маңызды рөлі атқарады. Әдістемелік және теориялық жағынан кіршінсіз пайдалана білген жағдайда діннің жасампаздық әлуетін толығымен тиімді пайдалануға болады. Керісінше жағдайда дін қауіпті факторға айналады. Сондықтан қазіргі әлемдегі діннің рөлінің біртекті еместігін ескере отырып төмендегідей шараларды жүзеге асырған дұрыс:
– Оқушылар мен жасөспірімдердің діни төзімділік санасын мектеп жасынан қалыптастыру;
– Демократиялық мемлекет құрылымдары азаматтардың діни сенім бостандығын қамтамасыз етуі керек;
Ел ішіндегі діни ахуалды бақылау үшін мониторингі жүйесін енгізу.
Қорытынды бөлімінде жалпы «Дінтану» пәні арқылы Қазақстан халқының діни және этносаралық татулығы насихатталады. Осы тұрғыда әлем жұртшылығы үлгі тұтатындай деңгейге жетуіміз – Қазақ елінің дін мәселесінде мемлекеттік ұстанымының беріктігін негіздейді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Назарбаев Н.Ә. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының ІІ съезінде сөйлеген сөзі. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің «ІІ сьезі». –Алматы, 2006. – 147 б.
Онлайн республиканского режима // Свобода Слова. – 2011. - №34. - 29 сентября.
Құнапина Қ. Дінтану негіздері. (Әдістемелік құрал). - Алматы, 2009. – 183 б.
Есім Ғ. Дінтану негіздері (оқулық). – Алматы: «Білім», 2010. – 241 б.; Аманбеков Т. Діни білім-тәрбие бастауы // Интернет сайтынан; Әбдіәкімов Ә. Рухани тәрбие адам мен қоғам дамуының бастауы болуы тиіс // Айқын. – 2009. - №78; Мансұров Н. «Мектепте» Дінтану негіздері» пәнін кім оқытады?» // Жас қазақ үні. - №42. – 2009.
Нұсқабаев Ш. Дінтану сабағының тәрбиелік мәні // Қазақ тарихы. – 2010. -№6. - 46-47 бб.
6. Кенжетаев Д., Асқаров Н., Сайлыбаев Ә., Тұяқбаев Ө. Дінтану. Жалпы білім беретін орта мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. – Астана: «Арман-ПВ», 2010. – 240 б.
7. Есім Ғ. Дінтану. Жалпы білім беретін орта мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. – Астана, 2010. - 241 б.
8. Хазретұлы Т. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі. (Жоғарғы оқу орындарының тарих мамандығы студенттеріне арналған). – Алматы: ӘГИ «Дарын», 2004. - 156 б.
9. Дайри И.Г. Преподования истории в школе. - И., 1968. – 210 с.
10. Пороховой В. Коран. Перевод смыслов и комментарий. – М., 2007. - 254 с.
11. Абай. Шығармаларының екі томдық жинағы. – Алматы, 1995. - Т.2. – 156 б.
12. Әмірғазин С. Дін және жауапкершілік. – Астана: Фолиант, 2002. – 192 б.
13. Бартольд В.В. Христианский Восток. Избранные сочинения. - М., 1963 –270 с.
14. Мали С. Роль религии в постсекулярнам обществе. О философии религии Ю. Хабермаса // Социальные и гуманитарные науки. Отечественная и зарубежная литература. Серия 11, Социология. – 2006. - №3 – с. 33-45.
Резюме
Атеева Зинеш Омаровна
Методика преподавания и исследования дисциплины Религиоведение
Магистрская диссертация предоставлена на соискание академической степени магистра педагогики.
Актуальность исследуемой темы: Одной из актуальнейших проблем характерной для стран всех цивилизаций в истории человечества , начиная с древнейших времен до наших дней является религиозные вопросы. Каждая отдельно взятая цивилизация по своему стремилась решить эту сложную фундаметальную задачу,исходя из собственных возможностей , при этом допуская ряд ошибок теоретического и методологического характера.Как показывает практика новейшей истории стран современности : не удалось эту проблему решить в первую очередь в методологическом плане.Поэтому в данном исследовании особое значение придается именно методологическим вопросам преподавания предмета «Религиоведение» в Республикe Казахстан.
Цель и задачи исследования: Aнализ современного состояния методики и обучения преподавания нового предмета «Религиоведение» является главной целью исследования. В связи с этим перед исследованием ставятся такие задачи:
- с позиции новых достижений гуманитарных наук дать модернизированное определение религии, ее сути и сущности, происхождения, структуре, особенностям преподавания предмета;
- систематизировать и обосновать актуальность методологических аспектов преподавания предмета «Религиоведение»;
- определить и исследовать объективные и субъективные предпосылки появления новых религиозных течений в Республике Казахстан;
- анализировать методологические вопросы преподавания Казахстанских законодательств;
- на примере религиозных взглядов великих подвижников традиционной религии раскрыть сущность религиозных исканий.
Методологические основы исследования: Методологическая и теоретическая основа исследования ориентирована на необходимость преодоление прерывности в историческом познании цивилизационного плюрализма. Рассмотренные проблемы исследованы методами сравнения, практического наблюдения, исторического анализа и обобщения .
Научная новизна исследования: Поскольку тема первые в отечественной истории становится предметом научного исследования - полученные результаты являются новыми. Основными из которых являются следующие:
- в диссертации впервые доказана и подробно обоснована актуальность преподавания предмета «Религиоведение» в общеобразовательных школах Республики Казахстан;
- впервые определена ведущая роль методологических принципов в преподавании предмета в средних школах в вопросах сущности и генезиса происхождения религии;
- доказана методологическая эффективность преподавания нового предмета на примере жизни и деятельности выдающихся религиозных мыслителей отечественного происхождения;
- в диссертации по новому оцениваются методические мысли и изыскания, также фундаментальные труды Казахстанских методистов в советские годы;
- систематизированы и обоснованы теоретическое и методологическое значения законодательств Республики Казахстан о религии.
Основные положения, выносимые на защиту:
- преподавание предмета «Религиоведение» в школах Казахстана способствует духовному развитию подрастающего поколения;
- методологически доказано, что мировые религии - важнейшая составляющая мировой культуры;
- были расширены методологические рамки понятия религиозных организации и религиозных объединений;
- формирование религиозных взглядов учащихся непосредственно связано от теоретического и методологического потенциала школьного учителя;
- анализированы социально - психологические особенности религиозного и научного познания. Роль религии и религиозного воспитания имеет особое значение в развитии независимого Казахстана.
Практическая значимость исследования: Результаты исследования можно использовать в преподавании предметов «Религиоведение», «История Казахстана» и спецкурсах, а также при чтении курсов общей истории.
Апробация работы: По теме работы опубликованы 5 статей. Из них 1 - в журналах рекомендованных Комитетом по надзору и аттестации в сфере образования и науки Министерства Образования и науки Республики Казахстан.
Структура диссертации: Диссертация состоит из введения, двух глав, заключения, списка использованной литературы.
RESUME
Ateeva Zinesh Omarovna
A methods of teaching and research of the subject «Religious studies
The dissertation is given on competition of a scientific degree of the master of pedagogy.
The urgency of a studied subject: One of the most urgent problems typical for the countries of all civilizations in the history of mankind, since the most ancient times up to now are religious questions. Each separately taken civilization on the aspired to solve this complex fundametal problem, proceeding from own possibilities, thus allowing a number of errors of theoretical and methodological character. As practice of the contemporary history of the countries of the present shows: it was not possible to solve this problem first of all in the methodological plan. And that’s why the special value to methodological questions of teaching of the subject «Religious studies» to the Republic of Kazakhstan is given in this research work.
The purpose and research problems: The analysis of a current state of a technique and training of teaching of the new subject «Religious studies» is a main goal of research. The main tasks of the research are:
- to make the modernized definition of religion, its essence and essence, its origin, to structure, features of teaching of the subject from a position of new achievements of the humane science;
- to systematize and prove an urgency of methodological aspects of teaching of the subject «Religious studies»;
- to define and investigate objective and subjective preconditions of emergence of the new religious trends in the Republic of Kazakhstan;
- to analyze methodological questions of teaching of the Kazakhstan Legislations;
- to reveal the essence of religious searches on an example of religious views of great devotees of traditional religion.
The methodological bases of research: The methodological and theoretical basis of research is focused on need of overcoming of a preryvnost for historical knowledge of civilizational pluralism . The considered problems are investigated by methods of comparison, practical supervision, the historical analysis and generalization.
The scientific novelty of research:
- the received results are new because the theme becomes a subject of scientific research for the first time in national history. The main results are the following;
- the urgency of teaching of the subject «Religious studies» at comprehensive schools of the Republic of Kazakhstan is proved and similar based in the dissertation for the first time;
- for the first time the leading role of methodological principles in subject teaching in high schools in questions of essence and genesis of an origin of religion is defined;
- the methodological efficiency of teaching of a new subject on an example of life and activity of the notable religious thinkers of a native origin is proved;
- the methodical thoughts and researches and also fundamental works of the Kazakhstan methodologists in the Soviet years on the new are estimated at dissertation;
- the oretical and methodological values of legislations of the Republic of Kazakhstan about religion are systematized and proved.
The basic provisions submitted for protection:
- subject teaching «Religious studies» at schools of Kazakhstan promotes spiritual development of younger generation;
- it is methodologically proved that world religions is the most important component of world culture;
- a methodological framework of concept the religious organizations and religious associations was expanded;
- formations of religious views of pupils it is directly connected from theoretical and methodological potential of the school teacher;
- the socially - psychological features of religious and scientific knowledge is analyzed. The role of religion and religious education has special value in development of independent Kazakhstan.
The practical importance of the research: It is possible to use results of research in subject teaching «Religious studies», «History of Kazakhstan» and special courses, and also when the courses of the general history are read.
The work approbation: Five articles were published on a work subject. One of these articles is published in the magazine recommended by Committee on supervision and certification in education and sciences of the Ministry of Education and science of the Republic of Kazakhstan.
The dissertation structure: The dissertation consists of the introduction, two chapters, the conclusion, the list of the used literature.
Достарыңызбен бөлісу: |