Аты- жөні, тегі Ташимова Анар Кошимовна



Дата04.05.2017
өлшемі148,61 Kb.
#15588

Жоба авторы

Аты- жөні, тегі

Ташимова Анар Кошимовна

Аймақ

Батыс Қазақстан, Ақтөбе қаласы




Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университеті

Жоба мазмұны

Жобаның тақырыбы

Компьютерлік тораптардың жіктелуі. Топологиялар.

Жоба туралы қысқаша мәлімет

«Компьютерлік тораптар» пәні бойынша алынған бұл жоба 5В070300 «Ақпараттық жүйелер» мамандығы студенттеріне арналып, «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша типтік оқу бағдарлаларына сәйкес орындалған.

Жобаның мақсаты компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрену, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, локальді тораптардың жұмысын игеру болып табылады.

Оқу жоспарына сай барлық сағат саны-45, 3-кредит қарастырылған, оның ішінде аудиториялық сабақтар: дәрістік сағаттар саны-15, практикалық сағаттар-20, лабораториялық сағаттар-5. Бақылау формасына семестр аяғында емтихан қарастырылған.

Компьютерлік тораптардың ұйымдастырылуы мен жұмыс атқару негіздерін, дербес компьютерлердің торапта жұмыс істеу ерекшеліктерін үйрету, қазіргі кездегі тораптық технологиялармен танысу, локальді тораптардың жұмысын игеру.





Пәндер

Информатика, Компьютерлік тораптар

группа

Төртінші курс

Жобаның ұзақтығы

4 апта, аптасына 2 рет. Аудиториялық сабақтың 8 сағаты (лабораториялық жұмыстар, Вики технологиясын меңгерудегі тренинг ) және 8 сағат өздік жұмыс

Жобаның негізі

Білім стандарты

«Компьютерлік желілер» пәнінің мақсаты: студенттерді қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар негіздерімен және олардың даму тенденцияларымен таныстыру; алдағы кәсіби іскерлікті және университеттегі оқу үрдісінде оларды тиімді қолдану үшін білім алу.

«Компьютерлік тораптардың жіктелуі. Топологиялар.» тақырыбы бойынша қарастырылатын сұрақтар:

Жергілікті желілер: архитектура; аппараттық құралдар; құрылым және функционалды ұйым. Ауқымды желілер: жалпы мәлімет, телекоммуникациялық құрал, ауқымды желі Internet, Internet сервисі, Internet-те ақпаратты іздеу, топологиялар және олардың жіктелулері, топологиялардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Мемлекеттік білім стандартына сәйкес жоғары кәсіби білім беруде пәнді зерттеуде студент міндетті түрде:

Студенттер”Компьютерлік тораптар” пәнінен алған білімі мен дағдыларын, келесі

“Ақпараттық жүйелерді жобалау” шектес пәндерінде сондай-ақ дипломдық жобалау кезінде қолдана алады.
Білу керек:


  • Қазіргі заманғы тораптық технологиялардың ерекшеліктерін;

  • компьютерлік тораптардың классификациясын;

  • қазіргі кездегі операциялық жүйелерде тораптық- аппараттық жабдықтарды орнатуды;

  • олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдана білуі;

  • қатынас құру құқығын тағайындауды;

  • файлдық жүйелер кестелерінің құрамындағыларды пароль арқылы қорғау және көшіруді қамтамасыз ету;

  • тораптың аппараттық және программалық ресурстарын бірігіп қолдану үшін білуі тиіс.


Үйрену керек:


  • операциялық жүйелермен қолданушы есебінде жұмыс жасау;

  • мәтіндік және графикалық редакторлармен, электрондық кестелермен, мәліметтер қорын басқару жүйелерімен жұмыс жасау;

  • жалпыға арналған есептерді шешу үшін компьютерді қолдану.




Жобадан күтілетін нәтиже



Жоба аяқталғаннан кейін:

-Тапсырманың нақты бір түрін шешу үшін локальды тораптарды жобалау, ақпаратты жеткізу, сақтау, іздеу, өңдеу және ұсыну үрдістерімен байланысты қазіргі кездегі тораптық технологиялардың перспективі мен даму тенденциялары туралы жүйелі білім алулары қажет.

- интернетте ақпаратты сауатты іздеуді жүзеге асыру;

- әр түрлі медиа құжаттардың бірлескен сақталуы мен бірлескен қосымшаның таңдалып алынуын және әр түрлі құжаттардың жасалуын, түзетілуін жүзеге асыру;

- айғақтарды талдау, жалпылау және бағалау, интернетизацияның зардабындағы меншiктi көзқарасын құрастырып дәлел келтiру;

- интернетті қауіпсіз және жауапты қолдану;

-тораптар құрудағы топологиялардың маңыздылығын.



Бағыт беруші сұрақтар

Негізгі сұрақ

Компьютерлік тораптарды кұруда топологиялардың маңыздылығын қалай ойлайсын?

Тақырыпқа сай проблемалық сұрақтар

1. Компьютерлік желілер қалай тиімді әрекеттеседі?

Компьютерлік тораптар қалай жіктеледі?

2.Компьютерлік тораптарды құру негіздері қалай?

3.Тораптық элементтердің топологиялық жіктелуі қалай?




Тақырыптық сұрақтар

1.Топологиялар қалай бөлінеді?

2.Топологиялардың бір-бірінен артықшылықтары мен кемшіліктері және схемда белгіленулері қалай?

3.Интернетте тиiмдi iздестiрудi қалай ұйымдастырады ?

4.Оқыту және қарым-қатынас процесiнде әлеуметтiк сервистерді қалай қолдануға болады ?

5.Оқытушылар мен студенттер Google-ң iздестiру жүйесiнің мүмкiндiгiн қалай пайдалана алады?

6.Компьютерлік желiде ақпараттық қауiпсiздiкті қалай қамтамасыз етеміз?

7.Қандай топологияда жұмыс станциялары шеңбер бойынша бірімен-бірі байланысады?

8.Жұмыс станциялары қандай топологияда кез-келген жұмыс станцияларымен байланысқа түсе алады?

9.WEB сайттарын құру үшін қандай программалау тіліне ұқсайтын гипертекстік тіл қолданылады?

10.Компьютерлерді локалды желіге біріктіретін құрылғы қалай аталады?



Бағалау жоспары

Бағалау кестесі

Жобаға дейін бағалау

Жоба барысында бағалау

Қорытынды бағалау

  • Студенттердің қызығушылығын және бастапқы тәжірибесін білу үшін кіріспе презентациясы

  • Ойлау қабілетін дамытатын сұрақтар

  • Білім картасы (интернетизация артықшылығы мен кемшілігі)

  • Топ жұмыстарының бағалау критерийлері

  • Жобаның жұмыс жоспары

  • Жоба бойынша топтың өздік бағалауының алға басуы

  • Google тобының ұйымы

  • Лабораториялық жұмысты орындауды бағалау

  • Әрбір топтағы алдын ала талқылау нәтижелері




  • Зерттеу нәтижелерін презентация, буклет, вики-мақала, білім картасы және т.б. түрінде көрсету

  • Жобалық іс-әрекеттің қорытынды бағалауы

  • Студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында студенттердің ең жақсы зерттеулерін көрсету

Бағалау әдістері

Жобаны бастамас бұрын студенттердің қызығушылығын және бастапқы тәжрибесіне бағалау жүргізіледі (бағалауды құрастырушы). Оқытушының бастау презентациясында студенттер виртуалды Интернет мұражайын қарастырады, “Интернет артықшылығы мен кемшілігі” білім картасын құрастырады, жобаны өткізу жоспарын, топ жұмыстарын бағалау критериилерін талқылайды.

Студенттер жұмыс барысы көрсетілгеннен кейін Google-топтар құрады. Топта студенттер жұмыс жоспарының беттерін толтырады, өзінің жұмысының өзін-өзі бағалауын орындайды. Оқытушы Вики технологиясын меңгеруде тренинг өткізеді. Оқытушы студенттердің лабораториялық жұмыстарының орындалуын бағалайды.

Зерттелетін тақырыппен жұмыс барысында білім картасы, презентация, вики-мақалалар мен Google-сайттар және т.б. түрінде нәтижесін көрсетумен аяқталады. Жоба аяқталғаннан кейін студенттер топтағы өздерінің зерттеулерінің нәтижесін өткізілетін конференцияда көрсетеді. Және де басқа топтардың жұмыстарын талқылауға салады. Мұнда өткізілген зерттеу тереңдігі, шығармашылық жолы, аудитория алдында алға шығуды үйренуі, өз қөзқарасын қорғауы, пікірталасқа қатысуы, сұрақтар қоюы бағаланады.

Жобаның соңында топ ішінде және жеке рефлексия жүргізіледі. Жобаға байланысты оқушыларды бағалаудың әдістері көп. Мысалы, топтық жеке бағалау, өзін-өзі бағалау.

Топтық бағалау оқушылардың топпен жұмысы, ұйымшылдығы бағаланады. Жеке оқушының айтқан пікірі, сабаққа белсенділігі, сұрақтарға жауап беруі арқылы бағаланады. Өзін-өзі бағалауда оқушылар бір-бірінің пікірін мұқият тыңдайды, өзара бағалайды.


Жоба туралы мәліметтер

Бастапқы білім, білік, дағды

  • Дербес компьютерде жұмыстың қолданушылық дағдысы (мәтіндік, кестелік, графикалық редакторлар, презентация, публикация құру)

  • Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істеуді және интернеттен ақпаратты іздеуді үйрену

  • Студенттің білімділігі,жауапкершілігі;

  • техникалық сауаттылығы;

  • өзіне деген және жасаған ісіне деген сенімділігі;

  • компьютерлік тораптардың классификациясын;

  • қазіргі кездегі операциялық жүйелерде тораптық- аппараттық жабдықтарды орнатуды;

  • олардың күйлерін өзгерту әдістерін қолдана білуі;




Тақырыптық шаралар

Оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруда психологиялық тренингтер, жобаға байланысты тақырыптың қызықты болуы,проблемалық сұрақтар, апталықтардың қызықты жүргізілуі арқылы белсенділіктерін арттыруға болады.

Кіріспе сабақ (1-апта, 2 сағат лабораторлық және 2 сағат өздік жұмыс)

Жоба студенттермен жоба тақырыбы бойынша сұрақтарды талқылаудан басталады (ол үшін оқытушының стартты презентациясы пайдаланылады). Оқытушы ішінде берілген тақырыпты меңгеру үшін жоба әдісін қолдануды түсіндіретін және студенттер жауап іздейтін мәселелі сұрақтары бар буклетті ұсынады, сонымен қатар студенттер Интернеттің виртуалды мұражайын қарастырады. Бұл «Интернеттің артықшылығы мен кемшілігі» білім картасын құру мүмкіндігін береді. Студенттер Интернеттің қарым-қатынас үшін және ұжымдық іс-әрекет үшін қажеттілігін бағалайды. Ол «Компьютерлік тораптарды кұруда топологиялардың маңыздылығын қалай ойлайсын?» деген негізгі сұраққа жауап беруге мүмкіндік береді. Тиімді әрекеттесу критериі топ ішінде талқыланады.

Студенттер 5 адамнан 2 топқа бөлінеді, бірінші топ «Ізденушілер», екінші топ «Google-дар» деп аталады. Топтар зерттеуді жүргізу жоспарын ойластырады, зерттеу әдісін, нәтижені көрсету үлгісін таңдайды. Топ жұмысының бағалау критериін, жоба бойынша жұмыс жоспарын талқылайды. Оқытушы глоссари мен жоба бойынша ресурстар тізімін береді. Авторлық құқық сақталу қажеттігі талқыланады.



1 апта (2 сағат оның 1 сағаты өздік жұмыс)

Әр топ студенттерімен зерттелетін жұмыстарының жоспарын және мақсатын талқыланады. «топологиялар түрлері» лабараторлық жұмысы орындалады. Студенттер Google- тобын құрады, онда желілік әрекеттестік ұйымдастырады.


2 апта (1 сағат лабораторлық жұмыс)

Студенттер топ жұмысының бағалау критерилерін анықтайды, оларды түзету, зерттеу жүргізеді. Оқытушы топтарға кеңес береді. Вики технологиясын меңгеру бойынша тренинг жүргізіледі.



2 апта (1 сағат өздік жұмыс)

Студенттер лабораторлық жұмыстарын орындайды. Топтағы жұмыс жалғасады. Студенттер желі арқылы әртүрлі сұрақтар бойынша сауалнама жүргізеді, білім картасын құрады, әртүрлі ортақ жұмыстар құрастырады.



3 апта (2 сағат лабораторлық және 2 сағат өздік жұмыс)

Студенттер лабораторлық жұмыстарын орындайды. Ортақ вики-мақалалар, Google-мақалалар, Google-кестелер, Google- презентациялар, Google-сайттар және басқалары орындалады. Бір-бірімен және оқытушымен қарым-қатынас іштей сонымен қатар вики портал, электронды пошта арқылы жүзеге асады.



4 апта (2 сағат лабораторлық және 2 сағат өздік жұмыс)

Студенттер зерттеген жұмыстарының нәтижесін безендіреді, қорытынды конференцияға дайындалады. Конференцияға кафедра оқытушылары, басқа топ студенттері шақырылады. Студенттер негізгі сұрақтарға жауап беруге тырысып, өздерінің жұмыстарын қорғайды.



Дифференциялық оқытудың материалдары

Қиын студенттермен жұмыс жасайтын мәліметтер

(Қиын оқушы)

Студенттердің ішінде практикалық жұмыстарға белсенділігі аз, өз деңгейі төмен (1 деңгей) студенттерді сабаққа тарту үшін жеке бас қабілетін ескере отырып сұрақтар мен тапсырмалар беру.

Жобамен жұмыс барысында студенттер өзіне жеңіл, нақты анықталған есептер негізінде ойластырылған алгоритмді орындайды. Олар топтағы басқа қатысушылардың көмегіне жүгіне алады және оқытушыдан кеңес ала алды. Мұндай студенттер ортақ жұмыста өздерін жетістікке жете алатындарына сенімді болуы керек.



Дарынды студент

Дарынға бейім оқушылардың мүмкіндіктеріне байланысты оқулықтан тыс тапсырмалар, рефераттар, проблемалық сұрақтар, ізденуді талап ететін мәліметтер беру.

Әр топтағы тақырыппен жұмыс студенттерге терең зерттеу жүргізуге, жүйелі ойлауға мүмкіндік береді. Орындалған жұмысты ЖОО студенттер жұмысының конкурсында көрсетуге болады.



Жобаға керекті материалдар

Технологиялар– құрал- жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Компьютер, Интернет, Фотоаппарат,видеомагнитофон, компьютер,цифрлық камера, ,

видео-, DVD-проигрыватель, сканер



Технологиялар бағдарламалық жабдықтар (қажетті пункттерді белгілеу)

Интерактивті тақта.

Компьютерлер;

Интернет желілері;

электронды пошта бағдарламасы,



мультимедиялық жүйелер

Баспа материалдары

  1. Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. - СПб: Изд-во «Питер», 1999. - 672 с.

  2. Криста Андэрсон с марком Минаси “Локальные стеи” СПб? КОРОНА 1999г.

  3. Вычислительные комплексы, системы и сети / А.М.Ларионов, С.А.Майоров, Г.И.Новиков: Учебник для вузов. Л:Энергоиздат. Ленингр. отделение, 1987.

  4. Смирнов А.Д. Архитектура вычислительных систем: Учеб. пособие для вузов.-М.: Наука. Гл. ред. физ.-мат. лит.,1990.- 320 с.

  5. Байцер Б. Микроанализ производительности вычислительных систем.-М.: Радио и связь, 1983.

  6. Гамкрелидзе С.А., Завьялов А.В. идр. Цифровая обработка информации на основе быстродействующих БИС. М.: Энергоатом- издат, 1988

  7. Компьютеры на СБИС: в 2-х кн. : Пер.с япон./ Моотока Т., Томита С., Танака Х. и др. -М:Мир,1988

  8. Системы параллельной обработки: Пер. с англ./ Под ред. Д.Ивенса. -М: Мир, 1985

  9. Фути К., Судзуки Н. Языки программирования и схемотехника СБИС: Пер. с япон. -М:Мир, 1988

  10. Компьютерные сети. Учебный курс. /Пер. с англ. - М.: Издательский отдел «Русская редакция» ТОО «Channel Trading Ltd.», - 1998. - 696 с.

  11. Джеймс Челлис, Чарльз Перкинс, Мэтью Стриб. Основы построения сетей. Учебное руководство для специалистов MCSE. Издательство «Лори», 1997.- 323 с.

  12. Вишняков Ю.С. Локальные вычислительные сети, 1988.

  13. Симонович С.В. Интернет у вас дома, 2004

  14. Хорошевский В.Г. Инженерный анализ функционирования вычислительных машин и систем. -М.: Радио и связь,1987.

  15. М.Гук «Аппаратнык средства локальных сетей». Энциклопедия- СПб: издательство «Питер», 2000.-576 с.:ил

  16. Бэрри Нанс. Компьютерные сети: Пер. Снагл.-М.: Бином, 1996.-624с.:ил

  17. Криста Андэрсон с Марком Минаси. Локальные сети. Полное руководство: Пер. с англ.-К.: ВЕК+,М.:ЭНТРОП, СПб: КОРОНА принт, 1999.-624с.:ил

  18. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы /И.Г.Олифер, Н.А.Олифер. –СПб: издательство «Питер», 2000.-672с.:ил/.

  19. М.Гук «Аппаратнык средства локальных сетей». Энциклопедия- СПб: издательство «Питер», 2000.-576 с.:ил

  20. Бэрри Нанс. Компьютерные сети: Пер. Снагл.-М.: Бином, 1996.-624с.:ил

  21. Криста Андэрсон с Марком Минаси. Локальные сети. Полное руководство: Пер. с англ.-К.: ВЕК+,М.:ЭНТРОП, СПб: КОРОНА принт, 1999.-624с.:ил

Ғаламтор ресурстары

Жобаға қажетті сайттармен жұмыс жасау:

  1. Беккерман Е.Н. Работа с Internet с использованием Mozilla Firefox (ПО для просмотра Web-страниц): Учебное пособие. - М.: 2008. http://ict.edu.ru/ft/005688/FireFox.pdf

  2. Белозубов А.В., Николаев Д.Г. Основы работы на компьютере и в сети Интернет: Учебно-методическое пособие. - СПб.: СПбГУ ИТМО, 2007. http://ict.edu.ru/ft/005526/basic.pdf

  3. Доржиев Ц.Ц., Мотошкин П.В., Шедеева С.Д., Дампилов Н.Н. Учебное пособие для работы с сетью Интернет. - Улан-Удэ: Изд-во ВСГТУ, 2004. http://ict.edu.ru/ft/004968/MtdIkg8.pdf

  4. www.google.kz




Каталог: images
images -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
images -> АҚПараттық хат қҰрметті әріптестер!
images -> Абай Құнанбайұлы (1845—1904)
images -> Автобиография кандидата в депутаты районного маслихата по избирательному округу №5
images -> «Қазақстан тарихы» пәнінен «6М020300-тарих» мамандығына арналған жазбаша емтихан сұрақтары 1 блок
images -> Мазмұны Қазақстандағы жоғары білім, Ғылым және МӘдениет
images -> Үлгілік оқу жоспары
images -> Сембі Жансая Хасанқызы Қазақ тілі мен әдебиеті


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет