Атырау облысы Құрманғазы ауданы



Дата08.09.2017
өлшемі108,24 Kb.
#31335
Атырау облысы

Құрманғазы ауданы

Абай атындағы жалпы орта мектебі

Бекітемін: Келісемін:

Мектеп директоры: Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

_______ Н.К.Хасанова ____________ Г.М. Тұяқбаева

«___»______ 2016 жыл «____»________2016 жыл

«Астрофизика» тақырыбында физикадан

факультатив курсының бағдарламасы
7 «А», 7 «Б» сыныптар

Утебалиева Нурсауле Зулпыхаровна

физика пәні мұғалімі

2016-2017 оқу жылы



Түсінік хат

Физика пәнінен және басқа да жаратылыстану ғылымдарынан алған білім айнала қоршаған ортаны, әлемді түсіндіру үшін ғана емес табиғат күшін адамға бағындыру, яғни, практикалық бағытта қолдану үшін қажет.

Сондықтан физикадан факультативтік курста табиғат құбылыстары мен заңдылықтары қарастырылып қана қоймай олардың ғылымда, өндірісте, тұрмыста яғни әр түрлі мамандық саласында қолдану мысалдары қарастырылады. Бағдарламаға енгізілген білімнің іс-әрекеттің жағына көңіл бөлінді. Яғни оқушының өз бетінше жұмыс істей білуі, біліктік пен қажетті дағдыны игеруі, оқу және еңбек қызметі мен қоғамдық қызметке ынталандыруды қамтамасыз ететіндей мазмұн көзделді.

Бұл курстың бағдарламасын жасауда оқушыларға ғылым негіздерінен алған білімдерін одан әрі жалғастыруға, өздігінен білімін көтеруіне және алған біліктілігін практикалық қызметте қолдана алуына мүмкіндігін беру жағы да ескерілді.

Бағдарламада білім беру стандартына сәйкес болуы, оқушылардың алған білімдерін абстрактылы ойлай білуі, оқушылардың әртүрлі категориясы үшін қолданылу мүмкіндігі, оқу бағдарламасында жоқ жаңалықтарды таныстыру, алдыңғы қатарлы ғылыми білімдер элементтерін енгізу сияқты мақсаттар жүзеге асыру көзделді.

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада ұштастыра отырып, алдағы өмірінде қажет болған жағдайда пайдалану. Оқушылар бойына «астрономия» ғылымына деген шынайы сүйіспеншідікке дарыта отырып, олардың танымдық және шығармашылық қасиеттерін дамыту.



Міндеттері:

  • Оқушылардың өз бетінше білім алу мүмкіндігіне сүйене отырып, олардың танымдық қызығушылығын арттыру.

  • Оқушылардың теориялық біліктіліктерін практикамен ұштастыра отырып, зерделенетін материалдарды өмірмен байланыстыру.

  • Оқушыларды іскерлікке, ұжымдастыққа теория мен эксприментті ұштастыра білуге, кәсіби іс- әрекеттігі кез-келген саласына жаралуы жан жақты біліктіліктерді игеруін қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылар берілген тапсырманы өздігінен реттеле отырып, сол тапсырманы шешу стратегияларын қарастырады.

  • Оқушылар теориялық білімдерін практикамен ұштастыра отырып, зерделенетін материалдарды өмірмен байланыстыра алады.

  • Алған білімін алдағы уақытта қажет болған пайдалана алады.

  • Топпен, жеке жүмыс жасай отырып, кез-келген ортаға бейімделе алады.

Оқыту әдістері: Лекция; Практикалық; Деңгейлік тапсырмалар;
Оқушылардың білім деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Оқушыларды теориялық тұрғыдан негізделген оқыту бағдарына сәйкес практикалық іс әрекетіне тарату.

  • Әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, жалпы білімдік, интелектуалдық және кәсіби дағдыларды қалыптастыру.

  • Өз бетінше есеп шығара, талдай білу, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындай білу, сұлба графиктерді тани, оқи, талдай білу, соған сәйкес құрастыра білу.

  • Оқушылардың зерттеу, бақылау жүргізу, эксприменттік тапсырмаларды орындау біліктілігін қалыптастыру.

  • Алған білімдерін шығармашылық жұмыстарға, ғылыми зерттеу әрекеттеріне қолдана білуі, яғни саналы түрде өзін-өзі анықтай білуі.

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың түрлері мен әдістері

Оқушылардың білім дағдысын бағалаудың қалыптастырушы бағалау түрін қолданамын. Бұл өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Оқыту үшін бағалауда оқушы өз-өзін, сыныптастарын бағалау арқылы жүргізеді. Мұғалімнің бағалауы мадақтау, ынталандыру, стикерлер, жұлдызшалар, түстер арқылы оқушылардың көңіл-күйін көтеріп, оқушыларға алдыға мақсат қоюға, сол мақсатқа жету жолдарын қарастыруға мүмкіндік береді.



Факультативтік курстың білім мазмұны:

1-тарау.Астрономия –аспан денелері туралы ғылым

  1. Әлемнің құрылымы

  2. Әлемнің дамуы

  3. Галактика

2- тарау. Планеталар және олардың серіктері

  1. Планеталарлың қозғалысы

  2. Жер тобына жататын планеталар

  3. Алып планеталар

3-тарау. Күн жүйесі

  1. Күн. Күннің жылдық қозғалысы

  2. Жұлдыздар әлемі

  3. Ай –жер серігі

  4. Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы

4-тарау. Жердің ғарыштағы орны

  1. Адам және ғарыш

  2. Байқоңыр –ғарыш айлағы

  3. Ғарышты игерудегі жаңа жетістіктер





Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Ұйымдастыру формасы

1

Астрономия - аспан денелері туралы ғылым

1

3.09

Лекция

2

3


Әлем құрылымы және дамуы

2

10.09

17.09


Лекция

Оқушы шығармашылығы



4

Біздің галактика

1

24.09

Электронды сабақ

5

6


Планеталар және олардың серіктері

2

1.10

8.10


Лекция

Оқушы шығармашылығы



7

Планеталардың қозғалысы

1

15.10

Электронды сабақ

8

9


Жер тобының планеталары

2

22.10

29.10


Лекция

Оқушы шығармашылығы



10

11


Алып планеталар

2

12.11

19.11


Лекция

Оқушы шығармашылығы



12

Күннің жылдық қозғалысы

1

26.11

Лекция

13

Күн жүйесі

1

3.12

Электронды сабақ

14

15


Күн жүйесін бірге жасайық

2

10.12

24.12


Практикалық жұмыс

16

17


Жұлдыздар әлемі

2

14.01

21.01


Лекция

Оқушы шығармашылығы



18

Жұлдызға дейінгі қашықтық

1

28.01

Лекция

19

Күн - күндізгі жұлдыз

1

4.02

Лекция

20

Ай - Жер серігі

1

11.02

Лекция

21

Жұлдызды аспан

1

18.02

Электронды сабақ

22

23


Ғарыш хайуанаттары

2

25.02

4.03


Электронды сабақ

Оқушы шығармашылығы



24

Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы

1

11.03

Лекция

25

26


Жұлдызды аспанның жылжымалы картасы

2

18.03

1.04


Практикалық жұмыс

27

Жердің ғарыштағы орны

1

8.04

Электронды сабақ

28

Адам және ғарыш

1

15.04

Оқушы шығармашылығы

29

Байқоңыр - ғарыш айлағы

1

22.04

Электронды сабақ

30

31


Ғарышқа сапар шеккендер

2

29.04

3.05


Лекция

Оқушы шығармашылығы



32

33


Ғарышты игерудегі жаңа жетістіктер

2

10.05

17.05


Оқушы шығармашылығы

34

Қорытынды сабақ

1

24.05





Пайдаланылған әдебиеттер:

Мұғалімдер үшін: 

1. Яворский Б.М. «Физика негіздері»

2. Арызханов «Физика курсы»

3. Кабардин О.Ф. «Факультатив курсы»

4. Тульчинский Н.Е. «Физикадан қолданбалы курс»

5. «Физика және Астрономия» Республикалық ғылыми-әдістемелік, педагогикалық журнал.




Оқушылар үшін:

1. Енохович А.С: « Хрестоматия по физике»

2. Енохович А.С «Справки по физике»

3. А.П.Рымкеевич «Физика есептер жинағы».


4. Б.А.Кронгарт «Физика есептер жинағы».

5. www.45minut.kz, www.sabak.kz, www.google.com, www.ustaz.ks, www.45min.kz, www.bilimdiler.kz




Бағдарлама физика-информатика пән бірлестігінде талқыланды.

хаттама № 1 26.08. 2016 жыл

Бағдарлама мектептің №1 педкеңесінде талқыланып бекітілді.



хаттама № 1 27.08.2016 жыл
Каталог: uploads -> doc -> 049b
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
049b -> Мектеп жасына дейінгі «Ағылшын тілін үйренейік»
049b -> Сабақ барысы: І. Бөлім Ұйымдастыру сыныпта жағымды ахуал туғызу «Күлкі сыйлайық»
049b -> Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, схема, кроссворд. Сабақтың түрі: қорытынды сабақ Сабақтың барысы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет