Ақтөбе қаласы, №39 қазақ орта мектебінің бастауыш класс мұғалімі Тақырыбы: Наурыз жыл басы



Дата08.06.2018
өлшемі35 Kb.
#41326
түріСабақ
Аспантаева Лида Батырбековна
Ақтөбе қаласы,

39 қазақ орта мектебінің



бастауыш класс мұғалімі
Тақырыбы: Наурыз - жыл басы.
Мақсаты:Білімділік:Ө.Ақылбековтың «Наурыз–жыл басы» өлеңімен таныстыру,өлеңнің мазмұнына, мағынасына түсінік беру.Өлеңнің шумақтарын мәнерлеп, түсініп оқи білуге жаттықтыру,көркем тілде мазмұндай білуге үйрету.Ұлттық салт-дәстүрлерді бойларына сіндіре отырып,ой-өрістерін кеңейту,тіл байлықтарын дамыту.

Дамытушылық: Әдеби көркем шығарманы сүйіп оқуға, өз бетімен іздену қабілеттілігін арттыру. Өз ойын толық жеткізуге үйрету, оқыған шығармаларды талдай білуге машықтандыру.Өз білімдерін бағалай білуге дағдыландыру.Оқушылардың наурыз мейрамы туралы дүниетанымын кеңейту,мәдениетін қалыптастыру,шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік:Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтауға, құрметтеуге,қазақтың әдет-ғұрпын оқушылардың бойына сіңіру,парызы бар өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Әдісі:қызығушылығын ояту,сұрақ-жауап,топтастыру,ой қозғау топпен жұмыс,Венн диаграммасы,эссе,жинақтау.

Көрнекілігі:Ө.Ақыпбеков суреті,интерактивті тақта,тапсырмалар,қарлығаш суреті,бейне таспа, бейне көрініс «Наурыз тойы».

1.Психологиялық дайындық.

Оқушылардың ойларын жинақтап,назарын сабаққа аудару.

Әдебиеттік оқуды

Қызыға біз оқимыз

Салт-дәстүрлер түрлерін

Санамызға тоқимыз.


Бейне көрініс.«Наурыз той» .
- Балалар,не көрдіңдер?

- Қандай мейрам,қашан тойланады?


Олай болса,балалар,Наурыз мейрамы туралы білетінімізді топтастырып көрелік.

------- Наурыз мейрамы -------

Қызығушылықты ояту.

Көктем туралы не білесіңдер,не білемін деп ойлайсың?

Топтасыңдар (топпен жұмыс).

------- Көктем ------


( шыққан топ жоқ сөздерді ғана жазады ).
Ендеше,балалар,наурыз ұлттық мейрам екен, ұлы мейрам.Бұл күнді біздің халық ертеден тойлап келеді.Ал,ақын,жазушыларымыз өлең,жырларын қосқан.Сол ақындарымыздың бірі-Өтепберген Ақыпбековтің «Наурыз-жыл басы» өлеңімен танысамыз.
Өтепберген Ақыпбеков дегенде көз алдыңа қандай адамды елестетесің?

-Қане,осы ағамыздың портретін құрып көрейікші.


Мұртты көзілдірікті ақ шашты


әдемі Ө.Ақыпбеков сақалды

Білімді жазушы қарт кісі

- Ақын өмірімен таныстыру.
Оқулықпен жұмыс.Өлеңді мәнерлеп оқу,мағынасын ашу,түсіндіру,тізбектеп оқыту.
Топтық тапсырма. 1- топ. Алғашқы екі шумақты

2-топ. 3-4 шумақты

3- топ. 4-5 шумақты мәнерлеп оқу,мағынасын ашу,түсіндіру.
-Балалар,кішкене сергіп алайық.Ол үшін мына жұмбақты шешіп көрейікші.
Жұмбақ.

Қос қанатын иіп ап,

Жарға келіп қонады

Қара киім киіп ап,

Балшықтан үй соғады.(Қарлығаш.)
Қарлығаш кеш келіп,ерте қайтады.Жемтігін ұшып келе жатып жейді,суды солай ішеді.Адамға үйірсек,сүйкімді.Қарлығаш бір жазда 1 млн құрт жейді екен.Адамдар үй салуды қарлығаштан үйренген .

Қарлығаш ұшып келеді, аузына тістеп, хат әкеледі. Хатта жазылған тапсырмалар бар.


1-топ. Көктемде жан-жануарлар қандай күйде болады?

2-топ. Наурыз мейрамын қалай қарсы алады?

3-топ. Көктемгі дала кейпін суретте.
«Біреу білмегенді,біреу білер» дегендей,қарлығаш салт-дәстүрлерге байланысты «Кім көп біледі?» ойынын да ала келіпті.


  1. Ұлыс күні жасалатын тағам. (наурыз көже)

  2. Түйенің сүті (шұбат)

  3. Қазақ қыздарының бас киімі (сәукеле)

  4. Екі адамның өлеңмен ( айтыс)

  5. Ең құрметті,қасиетті адам (ана)

6. Үш биді ата

7. 12 ай


8. Қазақша жылдың басы не?

9. Наурыз көже қалай жасалады?

10. Биыл келген қай жыл?
Қарлығаш кетеді. Балалар шығарып салады.
Жарайсыңдар.Енді барлығыңызға ортақ тапсырма.

Топтық жұмыс.«Наурыз мейрамы» туралы эссе.5 минут.


Айтушы ақылды болса,

Тыңдаушы дана болады,демекші,

Балалар,сендерге сабақ ұнады ма,несімен ұнады?
Жәй қазақ болу жеткіліксіз,

Нағыз қазақ болу біздің парызымыз

Қазақтың бастан өткен тарихтарын

Оқып, білу, үйрену қарызымыз.

Ұлт намысын, тіл қадірін сақтайтын,

Біз боламыз жас ұлан .



Ата үмітін ақтайтын.
Балалар,Наурыз- ұлттық мейрам.Бұл мейрамда халыққа бата беріледі.Енді барлығымыз қолымызды жайып,Наурыз тойдың батасын алайық.
Сабақ соңында Айдарбек Абылайхан бата береді.
Қорытындылау.Бағалау. Топ басшысы өз тобындағы балаларды бағалайды.
Үйге тапсырма. «Наурыз-жыл басы» өлеңін мәнерлеп оқу.Әр топ өз шумақтарын жаттау.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет