Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы «Балапан» балабақшасының әдіскері Ахметова Гульаим Шанжаркановна



Дата29.01.2018
өлшемі131,81 Kb.
#36162
Ақтөбе облысы

Мұғалжар ауданы

«Балапан» балабақшасының әдіскері

Ахметова Гульаим Шанжаркановна
(Үнтаспадан көңілді әуен ойналып тұрады)

Ән: «Жаңа ғасыр» Орындайтындар: Ахметова Гүлайым мен Әлімжан Гүлбану
1-жүргізуші:

Армысыздар,армысың Алтынды, армысың,

Ардақты ана, аяулы әже бармысың,

Мұз құрсаудан босаңсыды қарлы шың

Келіп жетті,елімізге Наурызым

2-жүргізуші:

Шуақ болған жерімізге Наурызың,

Қуат болшы елімізге Наурызым

Даулетті күн,сәулетті күн көбейіп

Құтты болсын баршаңызға Наурызым

1-жүргізуші:

Уа, халайық,құтты болсын мерекең,

Құтты болсын, құтты болсын берекең

Наурыз тойы тойланады төрімде

Қош келдіңдер мерекені көруге

2-жүргізуші:

Жер әлімді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Ұлыстың ұлы күні келді! Той құтты болсын,ағайын!Ұлыс оң болсын!Ақ мол болсын!



1-жүргізуші:

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі

Алаштың баласына нәсіп болған.

Құтты болсын Наурыз мерекесі

Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, берекелі Наурыз!» атты мерекелік кешімізді ашық деп жариялаймыз!



2-жүргізуші:

Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы болған.Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналған. Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн.



«Батаменен ел көгерер, жаңбырменен жер көгерер» дегендей кешіміздің басын ауыл ақсақалы Мәжит атаның ақ батасымен бастаймыз.

1-жүргізуші:

Наурыз күні алдағы күндерге арналып ізгі ой, арман- мақсат айтылып, тілектер тіленеді.



2-жүргізуші:

Ендеше құттықтау сөзін Қайыңды ауылдық округінің әкімі Ниязова Илияш Еркінқызына береміз.



1-жүргізуші:

Уа,халайық,халайық,

Ақ сандықты ашайық,

2-жүргізуші:

Бұл мереке, бұл тойдың

Шашуларын шашайық

(Шашу шашылады)

1-жүргізуші:

Той кезінде, жас құрбым,

Жалтақтама,тайынба

Тартқан күйің тамылжып

Тіл бітірсін қайыңға

Ән кезегі келеді,

Әндеріңді дайында

2-жүргізуші:

Сіздердің алдарыңызда балабақшамыздың «Қарлығаш» және «Айгөлек» топ бүлдіршіндерін Наурыз мерекесіне арналған тақпақтарымен ортаға шақырамыз.



1-жүргізуші:

Наурыз тойың,наурыз тойың

Құтты болсын,халайық!

Күй төгілсін,күй төгілсін

Шырқап әнге салайық

Ән: «Қуыршағым» Орындайтын «Қарлығаш» топ бүлдіршіні Аманкелді Анарды ду қол шапалақпен ортаға шақырамыз.

Шайтан: (Есіктен,ойын бітісімен, ұрлықы жүріспен кіріп, мақтана сөйледі). Мыналардың мәз болуын қараңдар. Жоқ, жоқ. Менің зұлымдығыма ешкімнің айласы жеткен емес.

Бүлдіремін маңдарын,

Сөндіремін шамдарын!

(Жүгіріп барып, тоқты сөндірмек болғанда тоқ ұрған дыбыс шығып шалқақтап ұшып кетеді)

Осы кезде добын алма-кезек қолымен лақтырып қағып ойнап көңілді Сайқымазақ келе жатады, шайтан алдын кес-кестеп:

-Ей, Сайқымазақ, қайда барасың секеңдеп?



Сайқымазақ: Мен балабақшаға Наурыз тойына бара жатырмын.

Шайтан:Сен сөзді қой.Бері кел, мені тыңда.Сол балалар сенің қадіріңді біледі ғой деймісің. Одан да мына мені тыңда, сенің маған көмегің керек боп тұр.Сен бар да балалардың шамын сөндіріп таста.Оған сенің сиқырың жетеді.Ал, қолға түсіп қалсаң өзім құтқарамын.

Сайқымазақ: Жоқ,шайтан, сен мені олай азғырма.Мен балаларды, ал балалар мені өте жақсы көреді.Мен олардың тойын бұзу үшін емес,қыздыру үшін барамын,-деп алға жүріп кетеді.Ал, шайтан кекшіл кейіппен бет – әлпетін тыржитып,жұдырығын түйіп «Тоқта,бәлем!»-деп шығып кетеді.

Сайқымазақ:Көңілді әуенмен жүгіріп билей жүріп балаларға амандасады.

2-жүргізуші: Сенің келгенің қандай жақсы болды, Сайқымазақ.Күлкі витамин демекші, балаларды күлкіге бір тойдыршы.

Сайқымазақ: Бірдеме білетін бала ойнап-күлсе жарасады, ал түк білмейтін баланың күлкі не теңі?Сондықтан мен бірінші балаларды сұрақ-жауап арқылы сынап аламын.

(Сұрақтар қойып шығады)



1-жүргізуші : Ал,сайқымазақ,кезек өзіңе келді

Сайқымазақ: Мен онда сендерге сиқыр көрсетейін.

2-жүргізуші: Үлкен рахмет саған,Сайқымазақ. Енді төрге шық, қонақ болыңыз.

1-жүргізуші:

Уа,жараңдар,жараңдар,

Бәрің бері қараңдар.

Наурыз айға бас иіп,

Күнге сәлем беріңдер.

Ән: «Ақтөбе - ару қалам» Орындайтын: Рахманов Мырзағали Есентайұлы

2-жүргізуші:

Күн менен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді

«Ұлыс күні келді» деп

Қуанады ел енді.

22-наурыз –күн мен түн теңелетін күн.Ендеше күнмен түннің әңгімесін тыңдайық.



Көрініс «Күн мен түннің теңелуі»

Күн: Сәулесі мол күнмін

Түн: Жұлдызы мол түнмін

Екеуі: Бірдей болып біздер,

Теңелеміз бүгін



Түн: Ал ертең күн ұзақ

Күн: Түн қысқарар бірақ

Екеуі: Ұйқы қанбай қалып,

Жүрмеңдер тек жылап.



1-жүргізуші:

Тамылжытып бұлбұл құс ән салғанда

Ұйып тыңдар құстар да ну орманда

Ал енді қошеметтеп қарсы алыңыз

Алдарыңызда Гүлсінайдай қыздарыңыз

Ән «Айгөлек» Орындайтын «Қарлығаш» топ бүлдіршіні Бақыт Гүлсінай

1-жүргізуші:

Бұл не шу?

Бұлар кімдер?

2-жүргізуші:

Ә, көріп тұрмын, танып тұрмын.

Анау тұрған Қар екен,

Мынау тұрған Күн екен!



1-жүргізуші:

Ендеше, достар, біз қазір бүгінде ұмытыңқырап бара жатқан, жиі айтыла бермейтін, Ақ пен Қараның, Зұлымдық пен Залымдықтың, Жамандық пен Жақсылықтың тартысын суреттейтін Қыс пен Жаздың айтысына куә боламыз.

 /Қар мен Күн болып киінген балалар шығады/

 Қар:

Қара жерді ақ көрпеге ораған,

Кең даланы боранымен бораған,

Қыс керемет емес пе?

 Күн:

Мал төлдеп, адам аузы аққа тиген,

Жер бусанып, мал ауызы көкке тиген,

Жаз керемет емес пе?

 Қыс:

Құрт-құмырсқа, бақа-шаян жер бетіне шығатын,

Шыбын-шіркей, маса-қоңыз ызыңдап мазаң алатын,

Жаздың несі керемет?

 Күн:

Дүлей боран бораған,

Бетіңді аяз қарыған,

Қыстың несі керемет?

 Қыс:

Борандатсам, қырсыздарды сынағаным емес пе?

Қар жауғызсам, жерді көкке дайындағаным емес пе?

 Күн /көніп/:

Ұлу кетті,

Жылан жетті,

Бер жолыңды, Қар аға!

 Қыс:

Жолымды мақұл берейін,

Өз жөніме кетейін!

********************Қыс кетеді *****************

 ************* аластау рәсімі *************

/жаулық тағынған қыз бала арша жағып/:

 Алас, алас,

Мың бір пәледен алас,

Жүз бір қатерден алас,

Көзі жаманның көзінен сақта,

Тілі жаманның тілінен сақта,

Ниеті жаманның ниетінен сақта.

Жер-Ана, күш-қуат бере гөр, тәу-тәу!

Атар таң, ақ ниет бере гөр,тәу-тәу,

Самал жел, жаңа леп бере гөр, тәу-тәу!



1-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр сепкен

Маңдайымнан сүйіп жатыр күн көктем

Жарығыңмен шуағыңмен жер ана

Алып келдің жер бетіне гүл көктем

2-жүргізуші:

Мың бұралып билейді қыздарымыз,

Қолдары майысқанда таңғалмаңыз

Қазақтың «Қазақ биін» билейтұғын

«Айгөлек» би тобын қарсы алыңыз

Би «Қара жорға»

1-жүргізуші:

Жүріңдер Наурыз тойға басып аяқ,

Қалыс адам болмасын некен-саяқ

Ән шырқап, би билейік қауым болып,

Тұрмайтын уақыт келді өнерді аяп

Ән: «Әнші балапан» Орындайтын «Қарлығаш»топ тәрбиеленушісі Акимжанқызы Алина

2-жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз күнін қарсы алайық

Билейік, жыр жырлайық, ән салайық

Қаһарлы қыстан өтіп Наурыз келді,

Арқаңды кеңге созшы, уа халайық!

-дей келе, «Қарлығаш» тобының биші қыздарын Микки Маус биімен қарсы алайық.



1-жүргізуші:

Наурыз келді,Наурыз келді,ағайын

Құшарлана құшағымды жазайын

Көктем шыға күлімсіреп көк аспан,

Әнге толы, күйге толы маңайым

-дей келе, Ембі қаласында «Таңғажайып әлем» атты балабақшалар арасында өтілген аудандық театралдық байқауына барып, «Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай» ертегісінен жүлделі 1 орынды иеленіп келген бүлдіршіндеріміздің қойылымын тамашалайық.



Қойылым «Алдар көсе мен шықбермес Шығайбай»

2-жүргізуші:

Жаңғырар дәстүр-салтымның

Көзелсін бұлақ жылғасы

Қастерлі менің халқымның

Мереке Наурыз-жыл басы!

Терме «Сәлемдесу» Орындайтын Кәрібай Әділбекұлы

1-жүргізуші:

Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған

Тәлімді ой сынағы ,тәрбие көзі қалдырған

Салт-дәстүрді ардақтайық,ағайын,

Қазақ атты үлкен-кіші,балдарған

– дегендей келесі кезекте «Тұсау кесу» рәсіміне берейік.



Салт – дәстүр «Тұсау кесу»

2-жүргізуші:

Шапағатын аямай бұл жақта аспан,

Жадырайды әр адам мұң шақпастан

Оу ағайын,келіңдер, бүгін бізде-

Тойлап жатыр халқым біздің елімізде

- дегендей Ахметова Гүлайым мен Мырзағали Есентайұлының орындауында



ән «Наурыз»

1-жүргізуші:

Жыр сыйлаған, нұр сыйлаған тірлікке

Қастерлейік,қадіріңді білдік пе?!

Құтты болсын Ұлыс күн жұмылдырған

Бәрімізді ынтымақ пен бірлікке

Би: «Қазақ биі» Қарлығаш тобы

2-жүргізуші:

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар,ата жолы,салтым бар

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар

Балабақша тәрбиешілерінің «Қыз Жібек» тамашасын тамашалайық.



1-жүргізуші:

Келді Наурыз жар салып

Би билейік ән салып

Жылда келсін Ұлыс күн

Тұрайық есен қарсы алып

- дегендей Еламан Гүлдәуреннің орындауында ән: «Қуанышым қазынам»



2-жүргізуші:

Көргенде қуанасын таза ауаны

Құлаққа естілгендей жаз әуені

Жыл сайын тойланатын мәңгі бақи

Наурызың құтты болсын,қазақ елі

Сіздердің алдарыңызда Мырзағали Есентайұлының орындауында күй: «Ерке сылқым»



1-жүргізуші:

Ал,  халайық, тұрмайық,

Әндетейік, шырқайық,

Думандатып би билеп,

Өнерден күмбез жасайық!

Би «Қазақ биі» Тәрбиешілер Әлімжан Гүлбану мен Еламан Гүлдәурен

2-жүргізуші:

Наурыз мейрам жүректерге нұр төккен

Өз өнерін халқымызға паш еткен

Гүлайымдай әнші қызымыз бар ортамызда

Қошеметпен өз әнін тарту еткен

– дей келе, «Қош келдің, Жаңа жыл!» әнімен Гүлайымды қарсы алайық.



1-жүргізуші:

Қырық қыз әсем басып ырғалады

Тайқазан бас орданы бетке алады.

Тағат күтпей желіккен боз балалар,

Күйшілерді ән – күйімен қарсы алады

– демекші, «Балбырауын» күйімен М.Есентайұлын қошеметпен қарсы алайық.



2-жүргізуші:

Келді көктем құдірет бір ғажайып

Құрметтейік күтіп алып, халайық,

Жаңа жылдың тойын бүгін дүрілдетіп,

Наурыз – думан мерекесін тойлайық

Ән «Жарығым-ай» Орындайтын Алтынбек Тоқанұлы

1-жүргізуші:

Сәулесі бар наурызда ұлы үміттің

Басын қосқан сан адам, сан ғұрыптың

Ұлыстың ұлы күні паш етеміз

Белгісін достық пен татулықтың

Би «Ұйғыр» Биші қызымыз Әлімжан Гүлбану

2-жүргізуші:

Желпіген аққу құстың қанатындай,

Бақ келіп ақ үйлерге қонатындай

Қасиетті Наурыз тойы пәктігіңнің

Тойы деп айтуға деп болатындай

Ән «Анаға хат» Орындайтын: Умбетова Мақпал

1-жүргізуші:

Ән қосылсын әніңе

Сән қосылсын сәніңе

Ырысты боп Жаңа жыл

Бақ дарысын бәріңе

Хор «Балапаным»

2-жүргізуші:

Береке күннен күнге таса берсін

Ырыс-құт басымыздан аса берсін

Ынтымақ боп, бірлік боп елімізде,

Қайрақтымыз ілгері аяқ баса берсін.

1-жүргізуші:

Жылан жылы, ұрпаққа шуағыңды бер,

Үмітті, шаттығы мол шығады үндер

Мерейі үстем болып балабақшамның

Мереке құтты болсын, көрермендер
2-жүргізуші:

Келіңдер, Наурыз тойға бәрің бүгін,

Аямас өнерпаздар ән мен жырын!

Тойлайық халық тойын, Наурызымның

Шуағын жерге төккен бақыт күнін!

Құрметті көрермендер, бүгінгі біздің кешіміздің мақсаты – заман өзгерсе де ұлттық салт – дәстүріміздің көнермейтінгдігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» демекші, салтын сүйген әрбір жас ұрпақ болашақта халқын сүйетін, еліне адал қызмет ететін, тілінің салт-дәстүрінің жанашыры болатынына сенеміз



1-жүргізушісі:

Ендеше Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, берекелі Наурыз!» атты мерекелік кешіміз ұлттық ойындармен жалғасады.



Ұлттық ойындар: Гір тасын көтеру, арқан тартысу, қол күрес, қыз – келіншектер арасында секірме секіру.

Жеңімпаздар мақтау қағаздармен, бағалы сыйлықтармен марапатталады.















Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет