Аудан мектептерінде ҚР «Білім туралы» Заңының орындалуын зерделеу туралыаны қ т а м а



Дата26.08.2017
өлшемі66,04 Kb.
#27860
Аудан мектептерінде ҚР «Білім туралы » Заңының орындалуын зерделеу туралы А Н Ы Қ Т А М А

Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2015 жылғы іс – шаралар жоспарына сай Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2015 жылғы 11 қыркүйектегі №700 бұйрығы негізінде 15-16 қырқұйек аралығында білім бөліміне қарасты аудан мектептерінде ҚР «Білім туралы» Занының орындалуы және жалпыға міндетті оқумен қамту шараларының ұйымдастырылуы зерделенді.



Мектеп жасындағы балаларды оқумен толық қамтамасыз ету барысында атқарылған жұмыстарды зерделеу барысында Алғабас шағын орталықты орта мектебінде мектепішілік бұйрық шығарылған, алайда айлық және штаб отырысының хаттамалары, басқа да құжаттар жинақталмаған. Шолаққайыңды бастауыш мектебінде штаб мүшелерін құру туралы бұйрық шықпаған. 2015-2016 оқу жылында мөлтекаудандар араланбаған деген қорытынды жасауға болады, себебі мөлтек аудан дәптерлеріндегі жазба 2014-2015 оқу жылымен аяқталған, тамыз айында ешқандай мәлімет жасалмаған.Көкарық бастауыш мектебінде мөлтек аудандарды бекіту туралы бұйрық шықпаса, Мамайқайыңды бастауыш мектебінде мөлтекаудандар араланып, оқушылар тізімі жазылғанымен, тамыз айындағы мәлімет жазылмаған. Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектепте №3, №8 мөлтек аудан дәптерлерін көрсете алмады. Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде жалпы оқумен қамтамасыз ету бойынша жоспар әзірленбеген, номенклатура жоқ, кұжаттарды реттеу керек болса, Тасшолақ бастауыш мектебінің штаб отырысының хаттамалары жоқ екені анықталды. Тасшолақ бастауыш мектебінде «Мектепке жол» акциясының құжаттары болмай шықты.

Зерделеу барысында мектептердегі сынып журналы тексеріліп, нәтижесінде Алғабас, Қызыл ту, Болтай батыр, А.Шынасилов, А.Байтұрсынов, Қ.Сұлтанбеков орта мектептері сынып журналдары толық толтырылған болса, Ақтоған орта мектебінде 5-11 сынып журналы толтырылмаған, Алғабас және А.Шынасилов орта мектептерінде үйден оқытуға журнал арналмаған. А.Шынасилов және Болтай батыр орта мектептерінде таңдау пәндеріне арналған журнал жоқ. Бірлес орта мектебінде 5,6,7,8-сынып журналдарында мектеп компоненті есебінен берілген бірде-бір курс толтырылмаған. 5 сынып журналында жаратылыстану, Қазақстан тарихынан әңгімелер, музыка, технология (ұлдар) пәні, 6 сынып журналында география, музыка, сынып сағаты толтырылмаса, 7 сыныпта география, физика, технология (ұлдар) пәні және сынып сағаты толмаған. Ал осы мектептің 8 сынып журналында қазақ тілі, орыс тілі, орыс әдебиеті, шет тілі, география, биология пәндерінен бастапқы бақылау жұмысының бағалары қойылмаған. Физика, химия, өзін-өзі тану, технология, дене шынықтыру пәндері мүлдем толтырылмаған. Жамбыл атындағы шағын орталықты орта мектебінде 8 "А" сынып журналында орыс тілі, 8 "Ә"сынып журналында орыс тілі, геометрия, дүние жүзі тарихы пәндерінен бастапқы бақылау жұмыстарының бағалары қойылмаған. 10 сыныпта қазақ тілінен бастапқы бақылау жұмысы бағалары жоқ. АӘД пәні толтырылмаған. 11 сынып журналында қазақ тілі пәні 7.09-нан кейін, орыс әдебиеті пәні 4.09-нан кейін толтырылмаған. Ақыртобе орта мектебінде 8 Б сынып журналында қазақ тілі, алгебра пәндерінен бастапқы бақылау жұмысының бағалары қойылмаған. Орыс тілі, география, биология, физика, химия, тарих пәндері толтырылмаған. 9 А сынып журналын қайта бастау керек, себебі журналдың соңында оқушылар туралы жалпы мәлімет туралы парақтары жоқ. 9 В сыныбы журналында орыс тілі 4.09. күнгі алынған бастапқы бақылау жұмысының бағасы қойылмаған. Ағылшын тілі, алгебра, биология,химия, дүние жүзі тарихы, өзін-өзі тану, технология, дінтану, дене шынықтыру, сынып сағаты мүлдем толмаған. Р.Смаилов орта мектебінде 1 сынып журналында Денсаулық парағы, оқушылар туралы жалпы мәлімет беттері толтырылмаса, 4 сынып журналының мазмұндық беті толтырылмаған. Осы мектепте 6 А сыныбында математика, 9 А,Ә сыныптарында биология, алгебра пәндерінінен бастапқы бақылау жұмыстары бағалары қойылмаған және осы сыныптарда химия пәні толтырылмаған. Мамайқайыңды бастауыш мектебінде 1-3 сыныптарда ағылшын, дене шынықтыру пәндері толтырылмаған. Ал 4 сыныпта қазақ тілі пәнінен 7.09 күннен бері оқушыларға баға қойылмаған. Шолаққайыңды бастауыш мектебінде 2 сыныпта журнал басталмаған, ал уақытша журналда барлық пәндерден бастапқы бақылау жұмыстарының бағалары қойылмаса, 3 сыныпта денешынықтыру сынып сағаты, мектеп компоненттері курстары толтырылмаған. Көкарық бастауыш метебінде: 1-4 сыныптарда мектеп компоненттері есебінен берілген барлық курс және журнал соңында «Оқушылар туралы мәлімет» бетінде оқушылардың жеке іс номерлері жазылмаған.Қазіргі 3 сынып оқушыларының 1 сыныптағы оқушыларының табельдерінде сыныптан сыныпқа көшу туралы бұйрық нөмерлері жоқ. Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Әбенова Әлия 1 «а», «ә» сыныптардың журналдарын мүлдем толтырылмаған, Аталған мектептің 9 «Ә» сыныбының журналында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Т.Қайпылдаев, орыс тілі мен әдебиеті пәнінен Г.Уалиева, ағылшын тілі пәнінен Ә.Әбенова, информатика пәнінен Е.Текеев, химия пәнінен Г.Ділдәбаева, Абай атындағы орта мектебінде 11 «Б» сынып журналын тарих, адам, қоғам, құқық және дүние жүзі тарихы пәндерінен А.Қойайдаров, 10 сынып (жаратылыстану – математикалық бағыт бойынша) орыс тілі пәнінен М.Биғабылова, физика пәнінен К.Тулеева сынып журналдарын оқу жылының басынан, яғни 01 қыркүйектен бері мүлдем толтырмаған. Сонымен қатар Абай атындағы орта мектептің 7 «А» сынып журналының қолданбалы курстарға арналған беттері толтырылмаған. Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп, Октябрь шаруа орта мектептерінде таңдау курстарына арнайы журнал арналмаған. М.Әуезов атындағы орта мектептің барлық сынып журналдарының денсаулық парақшасы толтырылмаған. Тасшолақ бастауыш мектебінде 1 сынып журналы мектеп меңгерушісі тарапынан бекітілмеген.

Мектептің іс жүргізу құжаттарының сапасына келетін болсақ, Алғабас, Қызыл ту орта мектептерінің Алфавиттік кітаптарында түзетулер бар. Сондай-ақ Алғабас орта мектебінің директоры Е.Рысқұловтың медициналық кітапшасы тексеру барысында болмады. Медициналық тексеруден өту жұмыстары толық аяқталмаған мектептер де бар. Атап айтар болсақ, Р.Смаилов атындағы орта мектепте 43 мұғалім, 27 техқызметкер жұмыс істейді. 58 қызметкердің медкітапшаларында рентгеннен өткен белгісімен жұмысқа рұқсат етілген мөр қойылмаса, Мамайқайыңды бастауыш мектебінде мектеп меңгерушісі А.Шадырқұлованың медициналық кітапшасы жоқ.

Тасшолақ бастауыш мектебінде және Қ.Сәтпаев атындағы шағын орталықты орта мектептерде жаңа 2015- 2016 оқу жылы бойынша аудандық мұрағатпен келісілген іс – қағаздар номенклатурасын жүргізу нұсқаулығы болмай шықты. Алғабас шағын орталықты орта мектебі жаңа оқу жылына арналған іс-қағаздар номенклатурасын көрсете алмады. Тасшолақ бастауыш мектебінде мектеп ұжымын Ішкі тәртіп ережесімен таныстыру журналы болмай шықты.

Қ.Сәтбаев атындағы шағын орталықты орта мектебінде оқушылардың құжаттары толық жинақталмаған, яғни оқушылардың білім көрсеткішінің қорытындысына арналған табель жоқ, барлық сыныптарда жанұя құрамы туралы анықтамалар жоқ.

Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінің жылдық оқу-тәрбие жоспары аяқталмаған болса, Алғабас орта мектебінің оқу-тәрбие жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың материалдары жинақталмаған.

Сонымен қатар, Алғабас орта мектебінде оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру журналы арналмаған болса, Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінде 6 А сынып журналында тәрбие сағаты және оқушылар туралы мәлімет парағы әлі күнге дейін толтырылмаған. Қ.Сәтпаев атындағы шағын орталықты орта мектепте және Тасшолақ бастауыш мектебінде әр сынып бойынша сабаққа қатысуын күнделікті тексеру журналы арналмаған.



Оқушылардың күнделіктерінің жүргізілу сапасына келетін болсақ, Алғабас шағын орталықты орта мектебінде 8 Б сыныбында 6 оқушының, 8 А сыныбында 6 оқушының күнделігі тексерілмеген болса, 5 А сынып оқушыларының күнделіктері мүлдем тексерілмеген (сынып жетекші: А.Карбозова). А.Шынасилов орта мектебінің 7 сыныбында 3 оқушыда күнделік жоқ болса, 8 сынып оқушыларының күнделіктері тексерілмеген (сынып жетекші: А.Жұмабекова). Болтай батыр атындағы шағын орталықты орта мектебінде 6 А сыныбында 3 оқушының күнделігі тексерілмеген болса, Ақтоған орта мектебінде 9 А сыныбының күнделіктері мүлдем тексерілмеген (сынып жетекші: Ж.Мақатаева), 11 Ә сыныбында 3 оқушыда күнделік жоқ болса, 10 Ә сынып оқушыларының күнделіктері мүлдем тексерілмеген (сынып жетекші А.Маханова). Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталқыты орта мектебінде 11 А, 8 А сынып оқушыларының күнделіктері мүлдем тексерілмеген.

Ұсыныстар:

  1. Білім мекемелерінде ҚР «Білім туралы» Заң талаптарының орындалуы қатаң басшылыққа алынсын.

  2. Жалпыға міндетті оқумен қамту шараларын жүзеге асыру бойынша нормативті-құқықтық құжаттар басшылыққа алынып, сапалы жұмыстар жүргізілсін.

  3. Мектепішілік құжаттама жүргізу сапасы мектеп директоры мен орынбасарлары тарапынан күнделікті назарға алынсын.


Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ БАСШЫСЫ АЛДЫНДАҒЫ КЕҢЕСТІҢ ШЕШІМІ
Құлан ауылы 27 қараша 2015 жыл

  1. Барлық білім беру мекемелерінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының талаптары мекеме басшыларының тарапынан қатаң қадағалансын.

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2003 жылғы 13 қаңтардағы №19 бұйрығымен бектіліген «Жалпы білім беретін мектептерде мектепішілік құжаттамасын жүргізу жөніндегі нұсқаулық туралы» Ережесінің талаптары, ҚР БжҒМ-нің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы №463 бұйрық талаптары мен мемлекеттік қызмет стандарттары талаптары, мектеп директорлары тарапынан қатаң бақылауға алынсын.

  3. Білім алушылардың мектепке күнделікті толық келуін қамтамасыз ету жұмыстарын бақылау, қадағалау мекеме басшыларына жүктелсін.



Алқа төрайымы: Л.Ш. Утеулиева
Алқа хатшысы: Е.Сейтжапаров
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет