Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы хабарлама



Дата28.01.2018
өлшемі59,17 Kb.
#35459
Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2013 жылдың І тоқсанында атқарған жұмыстары туралы хабарлама

ҚР «Мәдениет туралы» Заңы, ҚР Үкіметінің Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы, ҚР «Тіл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасында тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңы, ҚР Президентінің «Қазақстан 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауына сәйкес аудан көлемінде халық шығармашылығын дамыту мен мәдени қызмет көрсетуде, жас таланттарды қолдау мен шыңдауда, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруда шығармашылық жоспар бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып отыр.
Аудан бойынша мәдениет саласында 25 кітапхана, 20 мәдениет және клуб үйлері халыққа мәдени-ақпараттық қызмет көрсетіп отыр. Аудан бюджетінен мемлекетік тіл саясатын жүзеге асыруға 393,0 мың теңге, мәдени-көпшілік шараларға 8 млн 541 мың теңге бөлініп, мақсатты жұмсалуда.

Мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2013 жылдың І тоқсанында 530 мың теңге бөлініп, оның ішінде: 450 мың теңгеге кітап, орталықтандырылған кітапханаға 28 мың теңгеге факс, 12 мың теңгеге принтер, 40 мың теңгеге бөлімге принтер алынды.
Жыл басынан аудан бойынша мәдениет және клуб үйлерінде 490 мәдени-көпшілік шара өтіп, оған 56930 адам қамтылса, кітапханаларға 7275 оқырман 50730 рет қатысып, оларға 97862 кітап беріліп, ақпараттық-танымдық жұмыстар көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын насихаттау мақсатында жасалған іс-шаралар жоспары аясында дөңгелек үстелдер, кітап көрмелері, кештер, «Көктем» тобының ауылдық округтерге гастрольдік сапары ұйымдастырылды.

Аудандық мәдениет үйінде аудан әкімінің қолдауымен VIII Азия Чемпионаты және Қазақстан Республикасының Абсолюттік Чемпионаты, Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткен қазақ күресінен ІІ Әлем кубогының алтын медаль иегері Қуаныш Мұратовпен «Елдің туын көтерген ерен ұл» атты кездесу кеші өтті.

25 қаңтар күні Ақсуат мәдениет үйінде аудан мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, өнеріміздің мақтанышы, ұлт аспаптар оркестрі, Сұлу-саз ән-би ансамблінің негізін қалаған, белгілі дирижер Әлихан Мағзұмовтың есімін ардақтауға арналған, 22 ақпан күні Тұғыл мәдениет үйінде К.Жұмағалиев, М.Тәшіренов, М.Сейсенбаевтарды еске алуға арналған «Тірілермен тірімін...» атты еске алу кештері өтті.
Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Жас қанат» жас орындаушылар байқауына Ақсуат мәдениет үйінің әншісі Т.Каменов қатысып, республикалық «Жас қанат» байқауына жолдама алды.
16-27 ақпан аралығында әнші Нүрзия Сүлейменқызының «Ақерке арманы» эстрадалық тобының концерттік бағдарламасы ауылдық округтерде арнайы кесте бойынша өткізілсе, аудан орталығында Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік филармониясының әншісі Е.Қайырқанов және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қадырғалы Көбентайдың концерттік бағдарламасы ұсынылды.

13 ақпан күні Ақсуат мәдениет үйінде қазақ халқының біртуар ақыны Мұқағали Мақатаевтың  туған күніне арналған дәстүрлі «Бүгін менің туған күнім...» атты жыр мүшәйрасы, 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шығарылған күніне 24 жыл толуына орай Жаңаауыл мәдениет үйінде ХХ ғасырдағы осынау соғыстың батыр солдаттарының ерлік істерін бүгінгі ұрпаққа дәріптеп, қаза болғандардың рухы алдында тағзым ету, отаншылдық пен патриотизмнің үлгісін көрсету мақсатында «Отан менің жүрегімде» тақырыбында патриоттық концерт өткізілді.      
    
23 ақпан күні Ақсуат мәдениет үйінде бөлімінің 2012 жылы атқарған жұмыстарының қорытындысы мен 2013 жылы алда тұрған міндеттер туралы есеп беру жиналысы өтті.
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік концерт, «Іскер әйел» тақырыбында сұхбаттасу кеші, «Қазақ ханшайымы» аудандық заманауи шоу бағдарлама,«Қыз сұлу көрінеді білімімен» атты қыз сыны байқауы, «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Найман» студиясының «Анаға сәлем» атты ән кеші Ақсуат және Ақжар мәдениет үйлерінде қойылды.
18 наурыз күні Маңырақ ауылындағы мәдениет үйінде ұлттық салт дәстүрімізді паш етуге арналған «Түлкі тымақ, қос етек, зерлі шапан» музыкалық этнографиялық концерт өтті.

22 наурыз - Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне орай орталық алаңда мекеме, ұжымдар арасында театрландырылған көріністер, киіз үйлер байқауы ұйымдастырылып, «Төрлет, Жаңа жылым! Жаңа күнім!» атты наурыз мерекесіне арналған театрландырылған концерт-қойылым халыққа ұсынылса, 27 наурыз - Халықаралық театр күніне арналған «Өнер адамы» атты мәдени кеш өтті.

Аудандық кітапханада «Жасампаздықтың жарқын жолымен» тақырыбында«Көп көңілінен шыққан Жолдау», «Ел дамуының басты бағыты», «Жасампаз елдің желкені», «ЭКСПО-2017 ғылыми жаңалықтар мен жетістіктер көрмесі» атты 5 бөлімнен тұратын кітап көрмесі, ақын, сазгер Ақан сері Қорамсаұлының туғанына 170 жыл толуына орай «Өнер жолындағы саналы ғұмыр» атты әңгіме, «Жасампаз елдің болашағы» дәріс, О.Бөкейдің 70 жасқа толуына орай «Оралхан Бөкей менің де сүйікті жазушым» атты кеш, М.Мақатаевтың туған күніне арналған «Қазақ поэзиясының Хантәңірі» атты кітап көрмесі, А.Байтұрсыновтың туғанына 140 жыл толуына байланысты «Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының рухани көсемі» аттыоқушылар арасындаслайд-әңгіме, «Қазақтан шыққан ұлт ұстазы» атты тарихи дәріс, «Нұрлы нақыштар-сырлы сызықтар» атты клуб мүшелерініңпирография – ағашты күйдіру арқылы сурет салу түрі бойынша сурет көрмесі, «Наурызым мерекем - Наурызым берекем» балаларға арналған танымдық кеш ұйымдастырылды.

«ИРБИС» бағдарламасына 3374 жазба енгізілді. Кітапханалар ұжымдары ауданымыздың игілігі үшін инновациялардың енуіне, кітапханалардың сапалы қызмет етуін қамтамасыз етуге барлық күштерін салып жұмыс атқаруда.
Ауданда 2013 жылдың18 ақпан -18наурыз күндері аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі «Ұлты қазақ азаматтардыңтегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы»Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтарының тегіменәкесінің атынқазақша жазу тәжірибесін қазақ халқыныңқалыптасқан тарихи дәстүрлерінесәйкескелтіру мақсатында «Ұлттықтегіміз - ұлттықнышанымыз» атты айлық өтіп, іс-шаралар жоспары негізінде 5 дөңгелек үстел, 2 кеңес, 3 сурақ-жауап өткізілді.

Дарынды жастарды анықтау және қолдау, мәдениет аралық қарым-қатынастаолардың белсенді азаматтық ұстанымы мен ұлттық дүниетанымынқалыптастыруғабағытталған шығармашылық бастамасын іске асыру, шешендік өнерді дамыту, сөйлеу мәдениетінарттыру мақсатында қазақ тіліндеоқитынжастар арасындаөткен «Тіл – барлықбілімнің кілті»аттыорыс тілібілгірлерінің аудандық байқауының жеңімпазы Ә.Қабылова облыстық байқауда Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының алғыс хатыменмарапатталды.

Үстіміздегіжылдың 25 наурыз мен 25 сәуіраралығында«Сауатты жарнама-сауатты тіл» айлығы өткізілуде. Айлықтың мақсаты: мемлекеттіктілдің бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайтуда маңызды роль атқаратын көрнекті ақпарат пен жарнама мәтіндерін заң талаптарына сай безендіру, үйлестіру және қоғамдық бақылауды одан әрі күшейту, бұл іске аудан жұртшылығын кеңінен жұмылдыру. Айлық барысында «дөңгелек үстел» отырыстары, семинар - кеңестер және жастарменсұрақ - жауаптар (викториналық), кештер, дебаттар ұйымдастырылуда.

26 наурыз күні мемлекеттік тілді үйренушілердің мақсатты аудиторияларынқұру және қазақтілін оқытуда үздіксізбілім берумоделінің алғашқысатысы,мектепке дейінгімекемелертәрбиеленушілері менолардың ата - аналарының қызығушылығын арттыру мақсатында «Біз қазақша сөйлейміз!» атты аудандықбайқау өткізілді.

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет