«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметі стандарты Жалпы ережелер «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау»



Дата28.01.2018
өлшемі114,75 Kb.
#35154
«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызметі стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің шаруашылыққа жарамдылығын мемлекеттік сынау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 17 В блогы 510 кабинет мекенжайы бойынша Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - Мемкомиссия) көрсетеді.


      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттік қызмет: «Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі Заңының 3-бабының 3) тармағы, «Тұқым шаруашылығы туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының 4-бабының 8) тармақшасы, «Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы  28 тамыздағы № 780 қаулысы және «Сорттың патент қабілеттілігі мен  шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің  деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің  тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 337 қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі Қазақстан Республикасында пайдалануға рұқсат етілген селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізбесіне сортты енгізу туралы тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті орган бұйрығының көшірмесін немесе сортты одан әрі сынақтан алудың негіздемесі бар Мемкомиссияның қорытындысын қағаз тасығышта беру болып табылады.
      6. Мемлекеттік қызмет сорттың шаруашылық пайдалылығын сынауға өтінім берген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушы) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) Мемкомиссия мемлекеттік қызметті мынадай мерзімде көрсетеді:
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын өтініш берушінің деректері бойынша сынақтан өткізу және бағалау кезінде - өтінім берген сәттен бастап бір жылға дейін;
      - ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сорттарын мемлекеттік сорттық сынақтау деректері бойынша сынау және бағалау кезінде - өтінім берген сәттен бастап үш жылдан (екі вегетациялық кезең) кем емес;
      2) тұтынушы жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес;
      3) құжаттарды алу кезінде күтудің рұқсат етілген ең көп уақыты - 30 минуттан көп емес.
      8. Мемкомиссия мемлекеттік қызметті тегін көрсетеді.
      9. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет күтуге және қажетті құжаттарды әзірлеуге қолайлы жағдай жасалған (құжаттар толтырылатын орын, қажетті құжаттардың тізімі және оларды толтыру үлгілері бар стендімен жабдықталған) Мемкомиссияның ғимаратында көрсетіледі.
      Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушылар үшін пандустар мен лифтер қарастырылады.

2.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Мемкомиссияға мына  құжаттардан тұратын өтінімді ұсынады:


      1) осы Стандарттың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша белгіленген үлгідегі өтінішті (бұдан әрі - өтініш);
      2) сорттың сипаттамасы;
      3) ғылыми кеңес хаттамасынан көшірме (ғылыми ұйымдар үшін);
      4) сорттың фотосуреттері;
      5) тұқымдардың үлгілері.
      12. Өтінім бланкін Мемкомиссия кеңсесі береді, оның сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.minagri.kz, интернет-ресурсында «нормативтік құқықтық актілер» бөлімінде орналастырылады.
      13. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар мына мекенжай бойынша Мемкомиссияның кеңсесіне тапсырылады: Астана қаласы, Орынбор көш., 8, 17 блок, 510 кабинет.
      14. Тұтынушыға:
      1) құжаттардың қабылдану нөмірі мен күні;
      2) сұратылып отырған мемлекеттік қызмет түрі;
      3) қоса беріліп отырған құжаттардың аттары мен саны;
      4) мемлекеттік қызметті алатын күні (уақыт) және құжаттар берілетін орын;
      5) өтінішті қабылдаған Мемкомиссияның лауазымды адамының аты, әкесінің аты, тегі көрсетіле отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
      15. Өтініш берілген сортқа қатысты шешім жөніндегі жазбаша хабарлама тұтынушыға пошта арқылы (өтініш берушінің интернет-ресурсы болған жағдайда- электронды пошта арқылы) жіберіледі немесе тұтынушы өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжатты немесе оны алуға арналған сенімхатты көрсеткенде қолма-қол беріледі.
      16. Егер мемлекеттік қызметті көрсетуден осы Стандарттың 11-тармағында көзделген құжаттарды толық тапсырылмаса немесе дұрыс емес құжаттар тапсырылған жағдайда бас тартылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде Комитеттің және сараптау ұйымының уәкілетті лауазымды адамдары мына қағидаларды басшылыққа алуы тиіс:


      1) кішіпейілділік танытуы, өзінің лауазымдық жағдайын алға тартпау және пайдаланбау;
      2) сыпайы және әдепті болу;
      3) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат беру;
      4) тұтынушы құжатының мазмұны туралы ақпараттың сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;
      5) тұтынушы белгіленген мерзімде ала алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету.

4. Жұмыс нәтижесі

      18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.


      19. Мемкомиссияның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Мемкомиссияның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты тұтынушыға мына мекенжай бойынша Мемкомисияның заң қызметінің маманы түсіндіреді: Ауыл шаруашылығы сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, 17 В блог, 510 кабинет, e-mail: goskomkz@mаil.ru, байланыс телефоны: 8 (7172) 50-26-10.


      21. Егер тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижесіне қанағаттанбаса, шағымды жазбаша түрде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің атына жібере алады.
      Шағымдар мына мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кеңсесінде жазбаша түрінде пошта арқылы немесе қолма-қол қабылданады: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36, байланыс телефоны: 8 (7172) 555-763.
      22. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым Мемкомиссия төрағасының атына демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағымдар жазылған хабарламалардың көшірмесімен немесе басқа құжаттармен бірге жазбаша түрде пошта арқылы, электронды пошта немесе қолма-қол Мемкомиссияның кеңсесінде қабылданады.
      25. Қабылданған шағым мекенжайы осы Стандарттың 1-тармағында көрсетілген Мемкомиссия кеңсесінің ақпаратты есепке алу журналына тіркеледі. Шағым берген тұтынушыға тіркелген күні мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беру шағымның қабылданғанын растау болып табылады.
      Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты Мемкомиссия кеңсесінің лауазымды адамдарынан алуға болады.
      Шағымдарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген тәртіппен және мерзімде жүзеге асырылады.
      26. Байланыс деректері:
      Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия: 010000, Астана қаласы, Орынбор көш. 8, 17 В блок, 510 кабинет, e-mail: goskomkz@mail.ru, байланыс телефондары: 8 (7172) 50-26-10.

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің


шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша

ҚР АШМ Ауыл шаруашылығы


дақылдарының сорттарын сынау
жөніндегі мемлекеттік комиссия
(010000, Астана қ., Орынбор көш.,8
Министрліктер үйі, 17 В блог)

Өтініш нөмірі


_____________________
Тіркелу күні
______________________

Селекциялық жетістікті пайдалануға жіберу өтініші

Өтініш беруші (лер)___________________________________________________________
                        (заңды немесе жеке тұлғаның аты және мекенжайы)
Азаматтығы____________________________________________________________________
Өтініш бойынша хат алмасу мекенжайы
______________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
1. Селекциялык жетістік оригинаторының аталуы және %-дық үлесі
_____________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
Телефон______________телефакс________________телекс___________________________
2. Селекциялык жетістік оригинаторының атауы және %-дық қатысу үлесі
______________________________________________________________________________
____________________Мекенжайы_________________________________________________
______________________________________________________________________________
Телефон_____________телефакс_________________телекс___________________________
Туыс, түр (қазақша атауы)_____________________________________________________
Туыс, түр (латынша атауы)_____________________________________________________
______________________________________________________________________________
Ұсынылып отырған
атауы_________________________________________________________________________
Селекциялық нөмірі
______________________________________________________________________________

Авторы (лары) (егер авторы (лары) өтініш беруші(лер)болып табылмаса



Тегі

Аты

Әкесінің аты

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, % 





















Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтініштер

Тіркелген

Өтініш нөмірі

Сатысы

Қандай атаумен

ел

күні

Қорғауды беруге









Пайдалануға жіберу









Мен(біз) бірінші өтініште берілген материал осы сортты білдіретінін және осы өтінішке сәйкес екендігін мәлімдеймін(дейміз)

Оригинатор ұсынып отырған сынақ өткізу (пайдалану) облыстары

Өтінішке қоса беріліп отырған құжаттар:
- Селекциялық жетістіктің сауалнамасы
- Селекциялық жетістіктің сипаттамасы (№ 301 үлгімен)
- өтінім беру құқығын растайтын құжат (құқық иеленушілер мен делдалдар үшін)
- фотосуреттер
- сортты сынаққа беру туралы Ғылыми кеңес хаттамасынан үзінді

Мен(біз) селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығы бойынша мемлекеттік сынақтан өткізуіңізді өтінемін(міз).
Мен(біз) менде(бізде) бар ақпарат мәліметтері бойынша осы өтінішті қарауға қажетті және осы өтінішке қосымшаға енгізілген мәліметтердің түпкі және дұрыс екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен(біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сорттың түпнұсқа екендігін растаймын(мыз)
Мен(біз) тіркеу сынақтарын және Мемкомиссия мен оның инспектураларының нұсқауы бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақ жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сортты сақтауға эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін.
Өтініш берушінің(лердің) қолы(дары)
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
____________________     _________________________
Мөр орны ____________________     _________________________

«Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің
шаруашылыққа пайдалылығын мемлекеттік сынау»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша

Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері  

Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Кейінгі жылы көрсеткіштің нысаналы мәні

Есепті жылдағы көрсеткіштің ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылылығы

1.1. Құжатты өткізген сәттен бастап қызметті белгіленген мерзімде көрсету жағдайларының % (үлесі)







2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету үдерісінің 1 сапасына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)







3. Қол жетімділік

3.1. Қызметтің көрсету тәртібі туралы сапа мен ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)







3.2. Электронды форматта қол жетімді ақпарат қызметінің % (үлесі)







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)







5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)







"Әділет" АҚЖ ресми жарияланым дереккөзі болып табылмайды.


© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет