Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың Әдістемелік негіздері



Дата19.05.2018
өлшемі169,31 Kb.
#40481



Қазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi
Д. Серікбаев атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ




Ә.М. Жандарбекова, Ә.Х. Машекенова



АВТОМОБИЛЬ ЖҮРГІЗУШІЛЕРІН ДАЙЫНДАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру

және көлікті пайдалану»

мамандығының сырттай оқу түрінің студенттері үшін арналған пәнді оқытудың және бақылау жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқаулары

Өскемен


2013
ОӘҚ 656.052.8:001.895
Жандарбекова Ә.М. Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері: 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін арналған пәнді оқытудың және бақылау жұмысын орындаудың әдістемелік нұсқаулары/ Ә.М. Жандарбекова, Ә.Х. Машекенова/ШҚМТУ. – Өскемен, 2013 – 10 бет.

Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері: пәні бойынша бақылау жұмыстарын орындауға арналған негізгі қажетті теориялық мәліметтер берілген. 5В090100 – Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану мамандығының сырттай оқу бөлімінің студенттеріне арналған.


Машинажасау және көлік факультетінің Әдістемелік кеңесімен мақұлданды.

«10» қыркүйек 2013 жыл № 1 хаттама




02.06.04 ж.№0000067 басп. Лиц

Шартты баспа табағы 0,58.

Есептік баспа табағы 0,5


Басуға 10.02.11 ж. қол қойылды

Таралымы 70

Тапсырыс №257-12


Пішімі 60х84/16

Бағасы келісімді



Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті

070010, Өскемен қаласы, Д. Серікбаев көшесі, 19








  • Д.Серікбаев атындағы

Шығыс Қазақстан мемлекеттік

техникалық университеті,

2013 ж.

1 ЖАЛПЫ ҚАҒИДАЛАР



«Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері» пәні 5В090100«Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығы бойынша бакалавр дайындауда таңдау компонеті бойынша бейіндік пәндерінің бірі болып, жол қозғалысын ұйымдастыру аумағында кәсіби мамандарды дайындауда маңызды роль атқарады.


Пәнді оқытудың мақсаты жүргізушілерді дайындаудың қазіргі заманғы әдістерімен, оқыту жабдықтары және техниалық құралдарымен таныстыру және жүргізушілерді дайындауда қолданылатын автотренажерлар мен автодромдарды жобалаудың инновациялық технологияларымен таныстыру; көлік құралдарының жүргізушілерін дайындаудың оқыту жоспары және бағдарламасын оқу; жүргізушілерді оқытудың әдістері мен түрлері; жолда жүру ережелерін оқытудың теориялық негіздерімен әдістерін оқу; автомобильді басқару негіздері және қозғалыс қауіпсіздігі; жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендерге алғашқы дәрігерлік көмек көрсету; автомобильдің құрылысы және техникалық күтім жасау; автотренажорларда, автодромда жүргізудің оқыту әдістемесімен таныстыру; әртүрлі жол жағдайларында қөлік құралдарын жүргізуге оқытудың тәсілдерімен таныстыру болып табылады.

Пәнді оқытудың негізгі тапсырмалары:



  • жүргізуге үйретудің әдістері және формаларын оқу;

  • жүргізушілерді дайындаудың теориялық негіздерін оқытудың әдістерін оқу;

  • автотренажерда оқытудың әдістерімен таныстыру;

  • автодромдарда оқытудың әдістемелерін оқу;

  • әртүрлі жол жағдайларында автомобиль жүргізуге оқыту амалдарымен таныстыру;

  • әртүрлі санаттағы көлік құралдарын жүргізуге үйрету ерекшеліктерін оқу;

  • жүргізушілерді дайындаудың оқыту жоспарлары мен бағдарламаларын құрастыру;

  • жүргізушілерді оқытудың техникалық құралдарын қолдана алу;

  • көлік құралдарын жүргізудің бағдар карталарын құрастыра алу;

- жүргізушілердің психофизиологиялық қасиеттерін бағалаудың техникалық құралдарымен, әдістерімен және жұмыс сенімділігін жоғарылату мақсатында олардың жағдайын бақылау бойынша студенттердің білімін және тәжірибелік дағдыларын қалыптастыру.

«Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері» курсы жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізушілердің қателерімен байланысты жол-көлік оқиғаларын төмендету мәселелерін оқытуды қарастырады. Студент курсты тәмәмдаған соң келесілерді білуге міндетті: көлік құралдарының жүргізушілерін дайындау әдістемелерін; жол-көлік оқиғаларының пайда болуындағы адами фактордың ролін; автомобиль жүргізушісінің сенімділігінің негізгі факторларын; жүргізуші қызметінің психофизиологиялық негіздерін; күрделі жол жағдайларында автомобильді басқарудың психофизиологиялық ерекшеліктерін. Студент пәнді оқу нәтижесінде оқу үрдісінде алынған теориялық білімін жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмаларды шешуде қолдана алу керек.

«Автомобиль жүргізушілерін дайындаудың әдістемелік негіздері» пәні 5В090100 – «Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану» мамандығының сырттай оқу түріндегі студенттермен сессия барысында шолу дәрістерінде, жоспар бойынша тәжірибе немесе зертханалық сабақтарда, өз бетінше бақылау жұмыстарын орындауда, оны қорғауда және емтихан тапсыруда меңгеріледі.

Студенттердің білімін бақылау, сабақ үдерісінде бақылау жұмысын тексеру арқылы жүзеге асады.

Осы пәнді өзбетімен оқу, төменде келтірілген мазмұндағы тәртіппен ұсынылады.
2 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
2.1 Дәрісханалық сабақтар


п-п


Сабақтардың атауы мен мазмұны

Сағат, көлемі

1

2

3

2.1.1

Инженерлік психология негіздері. Инженерлік психологияның пайда болу себептері. Инженерлік психологияның мазмұны және негізгі тапсырмалары. Инженерлік психологияның негізгі бағыттары. Инженерлі-психология бойынша жобалау.

1

Автомобиль жүргізушісін «автомобиль, жүргізуші, жол» жүйесінің операторы ретінде қарастыру. Автокөліктік психология пәні және тапсырмалары. АЖЖ басқару жүйесіндегі ақпарат. ЖКО кезіндегі адамдық фактордың ролі. Жүргізушінің жұмыс орнына қойылатын талаптар.

өзбеті-мен

2.1.2

Автомобиль жүргізушісінің сенімділігі. Автомобиль жүргізушісі сенімділігінің негізгі факторлар. Жүргізушілерді кәсіби іріктеу.

1

Жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігі және сенімділігі. Жүргізушілердің шаршауы және сенімділігі. Алкоголь және жүргізуші сенімділігі. Темекі шегу және жүргізуші сенімділігі. Науқас жағдайларындағы жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілігіне әсері. Жүргізушілерде жиі кездесетін ауыр және созылмалы аурулар. Сапар алдындағы медициналық бақылау.

өзбеті-мен

2.1.3

Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жүргушілерді дайындаудың ролі. Оқытудың мәні мен тапсырмалары. Оқытудың негізгі принциптері мен ережелері. Оқытушы - оқыту үрдісінің ұйымдастырушысы ретінде.

1

1

2

3




Автомобильді жүргізуге үйретудің өндірістік шеберіне қойылатын талаптар. Жүргізуге үйретудің техникалық құралдары. Оқыту техникалық құралдары және олардың педагогикалық үрдістегі ролі. Оқыту сыныптары. Бағдарламалық оқытудың және бақылаудың техникалық құралдары.

өзбетімен

2.1.4

Жүргізуші қызметінің психофизиологиялық негіздері. Жүргізуші еңбегінің психофизиологиясы туралы түсінік. Жүргізушінің еңбегінің психофизиологиялық ерекшеліктері.

1

Жүргізуші шеберлігінің психофизиологиялық негіздері. Сенсомоторлық реакциялар. Қарапайым және күрделі сенсомоторлық реакциялар. Жүргізуші реакциясына әсер ететін факторлар. Сенсомоторлық реакцияларды зерттеу әдістері. Автомобиль жүргізуге оқыту әдістемелері. Жүргізушілердің кәсіби шеберлігі және сенімділігі. Жүргізіші дағдылары және оларды қалыптастыру. Жүргізушілерді психологиялық дайындау.

өзбеті-

мен


2.1.5

Жеке тұлға және оның жүргізуші кәсіби қызметіндегі рөлі. Жеке тұлға туралы түсінік. Тұлғаның қасиеттері (қажеттілік, бағыттылық, темперамент, мінез құлық) және олардың жүргізуші кәсібіндегі мәні. Жүргізуші тұлғасының адамгершілік-өнегелік ерекшеліктері және сенімділігі. Жол қозғалыс қауіпсіздігіндегі жүргізуші жеке тұлғасының ролі.

1

Автомобиль тренажерлары. Тренажерлардың топталуы. Автодромдар. Автодромдарда автомобильді жүргізіп үйретудің әдістемесі. Автодромда өткізілетін тәжірибелік емтихан тәртібі.

өзбеті-

мен


2.1.6

Оқыту автомобильдері. Оқыту автомобилінің жабдықталуына қойылатын талаптар. Шынайы жол жағдайында автомобиль жүргізіп үйретудің әдістемесі.

1

Жүргізушілерді ситуациялық оқыту. Оқытудың әдістемелері мен мазмұны. Типті жол көлік жағдайларында жүргізушілер әрекеттерінің дағдыларын жоғарылату. Күрделі жол жағдайларында (жауын, тұман, тәуліктің түнгі уақытындағы жүргізу, су кедергілерінен өту, таулы жолдарда, құмды-шөлейт жерлерде, жолды қар басып қалғанда) автомобильді басқарудың негіздері.

өзбеті-

мен


2.2 Тәжірибелік сабақтардың жоспары




п-п


Сабақтардың атауы мен мазмұны

Сағат, көлемі

1

2

3

2.3.1

Адам психикасының анатомо-физиологиялық ерекшеліктері және олардың жүргізуші қызметіне әсері.

1

2.3.2

Бланк әдістемелерінің көмегімен көзөлшемді зерттеу.

1

2.3.3

Бланк әдістемелерінің көмегімен зейінді зерттеу.

1

2.3.4

Бланк әдістемелерінің көмегімен ойлауды және есті зерттеу.

1

2.3.5

Көлік құралдарын басқарудың құқын алу тәртібі туралы Ережелер.

1

2.3.6

Қорытынды аттестация және біліктілік емтиханды өткізудің әдістемесі.

1




Барлығы

6

3 БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСЫН ОРЫНДАУ БОЙЫНША ТАПСЫРМА


Бақылау жұмысын орындаудың сұрақтары студенттің сынақ кітапшасының шифрына (номері) сәйкес таңдалады. Шифрдің соңғы санына сәйкес сұрақтар жазылады.

Жұмыс оқу дәптерінде шимайсыз, түзетусіз түсінікті жазумен немесе А4 бетті форматта машиналық тәсілмен орындалады.

Бақылау жұмысының тапсырма сұрақтары толығымен өзгертілмей жазылады. Сұрақтарға жауап толық және қажет жағдайда карандашпен орындалған графикалық көркемдеуімен болуы керек (графиктер, сұлбалар, суреттер және т.б.). Берілген сұрақтың жағдайын мазмұндағанда сәйкес кәсіпорындармен ұйымдардың қызметінен тәжірибелік мысалдар келтірген дұрыс. Бірақта, жауапты созып артық мәліметтермен толтыру қажет емес. Жауап нақтылы және айқын (сұрақтың мәні бойынша) болуы керек.

Сұраққа жауапты негізгі оқыту және нормативті әдебиет бойынша, сонымен қатар, қосымша әдебиет материалдары бойынша құрастыру қажет.

Бақылау жұмысының сол жағында рецензент ескертулерін жазуға жол қалдыру, ал жұмыстың соңында қолданылған әдебиет тізімі келтіру керек. Студенттің қолы және жұмысты тапсыру мерзімін көрсету міндетті.

Бақылау жұмысының қанағаттанарлықсыз сапада орындалуында, ол студентке жөндеуге қайтарылуы мүмкін.

Бақылау жұмысы студентпен жүргізілген сұқбат нәтижесінде қабылданады (немесе қабылданбайды).

Бақылау жұмысы қабылданғаннан кейін ғана студентке зертханалық немесе тәжірибелік жұмыстарды орындауға рұқсат беріледі.


Бақылау жұмысын орындауға арналған сұрақтар


Бірінші сұрақ

1 Инженерлік психология негізгі бағыттары. Инженерлік-психология бойынша жобалау.

2 Автокөліктік психология пәні мен тапсырмалары.

3 ЖКО кезінде адамдық фактордың ролі. Жүргізуші жұмыс орнына қойылатын талаптар. Автомобиль жүргізушісі сенімділігін анықтайтын негізгі факторлар.

4 «Адам-машина» жүйесіндегі оператор қызметінің тиімділігін анықтайтын факторлар. Адамның нақты бір еңбек қызметіне жарамдылығын анықтаудың әдістері.

5 Автомобиль жүргізушісі еңбегінің психофизиологиясы туралы түсінік. Автомобиль жүргізушісі сенімділігін анықтайтын негізгі факторлар.

6 Жүргізушілерді кәсіби іріктеу мен таңдаудың әдістері.

7 Жүргізушілердің жұмысқа қабілеттілік төмендеуінің себептері. Алкоголь және жүргізуші сенімділігі. Темекі шегу және жүргізуші сенімділігі.

8 Жүргізушілерде жиі кездесетін ауыр және созылмалы аурулар. Сапар алдындағы медициналық байқау. Автомобиль жүргізушілерінің жұмысқа қабілеттілігін жоғарылатудың және олардың шаршауының алдын алудың әдістері мен құралдары.

9 Оқытудың негізгі принциптері мен ережелері. Оқытушыға және автомобильді жүргізуге үйрететін өндірістік шеберге қойылатын талаптар.

10 Оқыту үрдісін ұйымдастырудағы оқытушының ролі.
Екінші сұрақ

1 Оқыту сыныптары және олардың жабдықтары.

2 Бағдарламалық оқытудың және бақылаудың техникалық құралдары.

3 Жүргізуші еңбегінің психофизиологиялық ерекшеліктері.

4 Жүргізушілерді психологиялық дайындау. Жүргізуші қызметіндегі зейіннің рөлі.

5 Қабылдау жеке түрлерінің автомобиль жүргізушісі үшін маңызы.

6 Кеңістікті, уақытты және автомобиль жылдамдығын қабылдау. Қабылдауда жіберілетін қателер.

7. Сенсомоторлық реакцияларды зерттеу әдістері.

8 Жүргізіші дағдылары және оларды қалыптастыру. Жүргізушілерді психологиялық дайындау.

9 Жүргізуші зейіні және оның ЖКО пайда болуына әсері. Зейінді ұйымдастыру және жүргізушінің байқағыштығы (абай болу).

10 Жүргізушінің реакция уақытына әсер ететін факторлар.
Үшінші сұрақ

1 Бағдарлау (болжамдау) және оның жүргізуші қызметіне әсері.

2 Жүргізушілердің есте сақтау қабілетін жетілдіру мен жаттықтыру бойынша ұсыныстар.

3 Жүргізуші жеке тұлғасы туралы түсінік және оның жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсері.

4 Жүргізуші тұлғасының адамгершілік-өнегелік ерекшеліктері және оның сенімділігі.

5 Жүргізушілерді оқытудың қазіргі заманғы әдістері мен түрлері. Жүргізушілерді дайындаудың типтік жоспарлары мен бағдарламалары.

6 Жүргізушілерді дайындаудың қазіргі заманғы техникалық құралдары мен жабдықтары. Оқыту автомобилінің жабдықталуына қойылатын талаптар.

7 Тренажерлардың топталуы. Автотренажерларды жобалаудың инновациялық технологиялары. Автодромдарды жобалаудың инновациялық технологиялары.

8 Шынайы жол жағдайларда автомобиль жүргізуге үйретуің әдістері.

9 Типті жол-көлік жағдайларында жүргізушілерідің дағдысын жоғарылату.

10 Күрделі жол жағдайларында автомобиль басқарудың психофизиологиялық ерекшеліктері.

Бақылау жұмысының сұрақтарын студенттер осы пән бойынша өз бетімен білімдерін тексеру сұрақтары ретінде қолдануға болады


ҰСЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Негізгі

1 Романов А.Н. Автотранспортная психология Уч. Пособие для студ. Высш. Учеб. Заведений. – М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 224 с.

2 А.М. Жандарбекова, А.Х. Машекенова Инновационные методы подготовки водителей: Методические указания по практическим работам для студентов специальности 050901 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта». Усть-Каменогорск, Издательство ВКГТУ им. Д. Серикбаева, г. часть 1. – 2009 – 50 с.

3 А.Х. Машекенова, А.М. Жандарбекова Инновационные методы подготовки водителей: Методические указания по практическим работам для студентов специальности 050901 «Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта». Усть-Каменогорск, ВКГТУ – Издательство ВКГТУ, им. Д. Серикбаева, часть 2. -2009 г. – 64 с.

4 О. А. Пшеничная, Ә.М. Жандарбекова Автокөліктік психология: 300440 - «Жол қатынасын ұйымдастыру» мамандығы бойынша оқитын студенттерге зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – ШҚМТУ. - Өскемен, 2004. -52 бет.

5 Қазақстан республикасының Жол қозғалысы ережелері. – Алматы, 2004 -60 бет.

6 Большой казахско-русский словарь. Бектаев Қ. Алматы: Алтын қазына. 1999.-704 с.

7 Кульсеитов Ж.О., Айдарбеков Е.К., Окушева Г.К. Русско-казахский терминологический словарь в сфере организаций, управления и безопасности дорожного движения./ ВКГТУ Усть-Каменогорск, 2002.-69 с.


Қосымша

8 Бобнева М.И. Техническая психология.- М.: Наука, 1966.

9 Боровер Ю.С. Психофизиологические основы обеспечения безопасности движения // Проблемы безопасности движения / ВНИИ МВД СССР .- М., 1970 – Вып. 3.- С. 27-30.

10 Ваганов В.И., Пинт А.А. Самоучитель безопасной езды.- М.: Знание, 1991.

11 Глушко О.В., Клюев Н.В Труд и здоровье водителя автомобиля.- М.: Транспорт, 1991.

12 Емельянов А.М., Котик М.А. Ошибки человека-оператора (Психологический и кибернетический аспекты). – М.: Знание, 1988.- 64 с.- (Новое в жизни, науке, технике. Сер. «Транспорт»; № 12).

13 Игнатов Н.А. Психофизиологические основы труда шофера.- М.: Высшая школа, 1969.

14 Игнатов Н.А. Человек за рулем.- М.: Транспорт, 1976.

15 Иларионов В.А., Кошелев М.В., Мишурин В.М. Водитель и автомобиль.- М.: Транспорт, 1985.

16 Клебельсберг Д Транспортная психология.- М.: Транспорт, 1989.

17 Котик М.А. Беседы психолога о безопасности дорожного движения.- М.: Транспорт, 1990.

18 Котик М.А. К вопросу о надежности и профессиональной пригодности водителя // Тез. Докл. V Всесоюзной науч.-технич. конф.- Вильнюс, 1985.- С. 188-189.

19. Котик М.А., Емельянов А.М. Природа ошибок человека-оператора (на примерах управления транспортными средствами).- М.: Транспорт, 1993.

20.Куперман А.И. Безопасное управление автомобилем. – М.:Траснпорт, 1989, -160 с.

21. Лобанов Е.М. Проектирование дорог и организация движения с учетом психофизиологии водителя.- М.: Транспорт, 1980.

22. Лобанов П.Н.Азы водительского мастерства. – М.: Народное образование, 1997, - 40 с.

23. Ломов Б.Ф. Основы инженерной психологии: Учеб. Для вузов.- М.: Высш. Шк., 1986.

24. Лукашевич Н.П., Сингаевская И.В., Бондарчук Е.И. Психология труда.- М.: ЭКО, 1997.

25. Мишурин В.М., Романов А.Н. Надежность водителя и безопасность движения.- М.: Транспорт, 1990.

26. Романов А.Н., Мишурин В.М., Шульц В.А. Внимание водителя в условиях движения // Автомобильный транспорт .- 1986. №6.- С. 21-22.

27. Керімбеков Е. Адам анатомиясы. Алматы: Рауан. 1992.

28. А.Х.Машекенова, А.М. Жандарбекова Методичекие основы подготовки водителей/ВКГТУ.-Усть-Каменогорск, 2005-80 с.

29. «Жол қозғалысның қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 15 шілдедегі заңы



30. «Көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау ережесін бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2006 жылғы 10 шілдедегі № 341 бұйрығы.

31. «Көлік құралдарын басқаруға құқық алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргізуші куәлігін беру ережелері» Қазақстан Республикасының Ішкі істер министірлігінің 1998 жылғы 12 қазандағы бұйрығы.



32 Русско-казахский словарь (Орысша қазақша сөздік). Главная редакция д.ф.н., профессора Г.Г. Мусабаева: Алматы, 1981. 1-2 томы.
Каталог: files -> MethodBook
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандықтар: 5В070900 «Металлургия»
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық : В05072900 «Құрылыс» Өскемен Усть-Каменогорск 2014
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы
MethodBook -> Д. серікбаев атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік
MethodBook -> Студентке арналған пәннің оқу бағдарламасы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет