Аяулы менің анашым Тақырыбы: Аяулы менің анашым



Дата27.12.2016
өлшемі34,66 Kb.
#5352
Аяулы менің анашым

Тақырыбы: Аяулы менің анашым
Түрі: ауызша журнал
Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы аналар мен әжелерді мерекемен құттықтау. Оқушыларды білімге, адамгершілікке,
ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру. Ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: гүлмен безендірілген сахна, нақыл сөздер, бүктеме, үнтаспа, т. б.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізушілерді таныстыру.
1-жүргізуші: Бисехан Гүлзат
2-жүргізуші: Рзаш Самғат

Жоспары: Журналдың бетшелеріне шолу


1-бет: Кіріспе
2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)
3-бет: «Болашақ шақ-бақытты шақ» (әңгімелесу)
4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)
5-бет: Сөзжұмбақ
6-бет. Суреттер

ІІ. Негізгі бөлім


1-жүргізуші: Қымбатты аналар, ұстаздар, қыздар, мерекелеріңізбен!
2-жүргізуші: Бүгінгі мереке 8наурыз-Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы менің анашым» атты ауызша журналымызды ашық деп жариялаймыз.

1-бет: Кіріспе сөз


Мұғалім: Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік,
мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі.
Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Хормен: Анашым әнін орындау


1-жүргізуші: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
2-жүргізуші: Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

2-бет: Оқушы шығармалары (өлеңдер, тақпақтар)


Нұрбақыт: «Анаға сыйлаймыз»
Көктемде көңілді
Құстар кеп жатқанда,
Құлпыртып өңірді,
Гүл ектік бақтарға.

Гүл ектік аулаға


Көктемде көңілді.
Бақта да, бауда да
Ақ гүлдер өрілді.

Біз доспыз гүлдермен,


Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден
Анаға сыйлаймыз. А. Бақтыгереева

Ибраһим: «Апама»


Әлпештеген, аялаған,
Ақ сүт берген, апатайым.
Сәлем жазып бүгін саған,
Мейрамыңмен құттықтаймын. М. Хакімжанова

Айзанат: «Анамызға мың алғыс»


Аялаған , баптаған,
Асыраған, сақтаған.
Сақтандырып күнде еппен,
Айтып бәрін үйреткен
Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,


Еңбек еткен біз үшін.
Еркелеткен біздерді,
Еркіндеткен біздерді.
Аналарға мың алғыс!

«Адал бол, - деп балдырған»,


Әділдікке баулыған,
Жүрегін де баулыған,
Тілегінде мархабат
Анамызға мың алғыс!

1-жүргізуші: Алдымен мерекесі құтты болсын аналардың,


Әпкелер мен бауырлар, балалардың.
Мерекеңіз ұлассын қуанышқа,
Бұл күндер көксеген даналардың.

Ән: Ақ мамам


3-бет: «Болашақ шақ - бақытты шақ» (әңгімелесу)
Әңгіме: «Анамның қолдары»
Мұғалім аналар мерекесі қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма береді. Ананың еңбекқорлығы жөнінде бірнеше сөздер жазыңдар дейді.
Екі күннен кейін мұғалім үй тапсырмасын сыныпта оқытқан еді. Кезек сыныптағы бір қызға келді. Ол былай бастап еді:
«Анамның қолдары. ...Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»
Мұғалім: (Күліп) Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен. ...Сенің анаң қырықаяқ па?
Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?- дейді.
Барлығымыз күле бастадық. Қыз болса жауап беріп: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін...Және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Анамның тура жиырма қолы бар, құрметті ұстаз, - дейді.
Бәріміз күлгеніміз үшін қатты ұялдық. Ұялғанымыздан төмен қарадық. Ұстазымыздың жүзіндегі таңғалыс жоғалып, қобалжыған дауыспен:
- Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Олар бәрін де істей алады. Міне, ана деген осындай жан, - деді.

Би: «Қаражорға»


2-жүргізуші: Білмесең надан боласың,
Жау қолында қаласың,
Үйреніп бәрін біле алсаң,
Ақылың жетіп толасың!

4-бет: «Асылдың сөзі - ақылдың кені» (мақал-мәтел, нақыл сөздер)


Әсет: Ананың сүті - бал,
Баланың тілі - бал.
Орынша: Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада.
Олжас: Анасын көріп, қызын ал,
Аяғын көріп, асын іш.
Ақбаян: Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
Қуандық: В. Гюго: «Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».

Динара: Б. Г. Белинский: «Ана өз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді».


Заманбек: О. Бальзак. «Ана көрегендігінің теңдесі жоқ».
Ақкенже: В. А. Сухомлинский: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың».

1-жүргізуші: Алақаны ақ самал,


Мәпелеген, жан ана.
Көкте күнім батса да,
Өзің күнсің балаңа.
5-бет: Сөзжұмбақ
- Бүгінгі мереке иелері аналарымызға арнап сөзжұмбақ құрастырылып келген болатын, сол сөзжұмбақты шешу.
2-жүргізуші: Пайдаланса уақытты,
Біздің қыздар бақытты.
Арманға жетер балалар,
Аман болсын аналар!
6-бет. Суреттер
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын тамашалау.
ІІІ. Қорытындылау
1-жүргізуші: Ардақты аналар, апа-қарындастар!Сіздерге осынау мерейлі мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін. Дендеріңізге саулық, бала-шағаларыңызға амандық тілейміз.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, біздің «Аяулы менің анашым» атты сынып сағатымыз аяқталды.


Ана –біздің күніміз!
Ананың біз - гүліміз!
Бізді, ана, қуантып,
Ұзақ өмір сүріңіз.

Каталог: uploads -> doc -> 0d08
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0d08 -> Сабақ Тақырыбы: «Жүйке жүйесінің бөлімдері. Жұлынның құрылысы мен қызметі»
0d08 -> Сабақ Мақсаты Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер тапсырмалар
0d08 -> 3 I.Ғылыми теориялық бөлім


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет