«Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті



бет7/9
Дата31.12.2019
өлшемі379,33 Kb.
#54535
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Сабақтың жоспары.


1.Жазба жұмыстарын ұйымдастыру.

2.Жазба жұмыстарын бағалау нормалары.



Сабақтың мақсаты: Оқушылардың оқу материалдарын меңгергенін тексеру және

бағалау-оқыту нәтижелерін бақылау, оқу үрдісінің әр түрлі кезеңіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекетін баскару.

Ұстаз болу -жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу - мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғ. Қайырбеков

жырлағандай, сөзі маржан, ойы дана ұстаздардың бар болғанын

мақтаныш етеміз. Әрине ұстаз жүгі - ауыр жүк. Ұстаздың әсерлі

үнімен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген

қамқорлықтың, жауапкершіліктің және дана ойдың ыстық лебі есіп

тұрғандай.

Ұстаз да пенде. Ол өз еңбегінің жемісін, өз ғылымының өрісін көргісі келеді. Ол шәкірттің ғылымдағы табысын ғана емес,

өмірдегі «шабысын» да қызықтағысы келеді. Ұстаздың енді бір мұраты-ұстаз үрдісінің жалғастығы, шәкірті қатарының ұластығы,

қартаюы емес, жасаруы. Ұстаздың одан кейінгі қалауы-ұстаз-шәкірт

ықылас-ілтипатының суымауы, ал ең соңғы арманы-шәкіртімен мақтану.

Ұстаз-шәкірттің, шәкірт-ұстаздың алдында аса жауапты адамдар;

олар жан дүниесін жайып салып, рухани байлығын ортаға алып, бірінен-бірі үйренетін де, өзара пікірлес, сырлас, мүдделес жандар.

Жаксы шәкірт бойындағы барлық жақсы қасиетін «ұстазымнан үйрендім» деп жария етеді. Қандай жағдайда болмасын, ұстаз бен шәкірт қарым-қатынасында өзара түсінісу, ұғыныс, сый-құрмет, бедел сақталуы

қажет.

Беделді мұғалім ол-өнегелі, гуманистік бағыттағы жеке тұлға,



рақымды, жаны ашитын, түсінігі жоғары, әділетті, талапты,

еңбексүйгіш, белсенділікке бейім адам. Осындай мұғалімнен оқушы өзінің әр ісінде сенімділік пен қолдау таба алады. Мұғалім беделі

бірден келе қоймайды. Ол үшін көп уақыт оқушы мен қарым-қатынаста

болуы керек..

Мұғалім беделі оқушының білімін бағалауында да көрінеді.

Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді.

Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын

ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен

кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке

оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық

білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды.

Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер

білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және

дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі,

үйдегі жұмыстарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.

Білімді, іскерлікті және дағдыларды тексеру және бағалау

тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы,

сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге

ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына козғау салады. Білімді тексеруге қойылатын талаптар:

• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы,

міндеттілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімінің сапасына кері әсер етеді;

• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланатының

түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалай оқыту үрдісінің қүрылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мүғалімнің сұрақтарына

жауыап беруге дайын болады.

• Оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламасына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білім

бағалаудың негізгі өлшемі.

• Білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер аркылы тексеріледі;

Мысалы: біздің мектеп бойынша Беспалько, Блум бағдарламасы арқылы

тексеру жүргізіледі. Мұнда бір сынып оқушыларына үш нұсқада

тапсырмалар даярланып біліл деңгейлері бақыланады.

Таным-бұл бөлімде өткенді қайталау, ереже терминдерді есте

сақтау қабілеттері тексеріледі. Екінші білім-сұхбаттасу, сөйлем құрау,аудармасын білу. Үшінші түсіну-өз ойын жеткізу, яғни

мазмұндау, ережелерді дұрыс қолдану. Сөйлемді дұрыс талдау қабілеттері бойынша сыналады. Және төртінші анализ-мұнда

оқушылардың шығармашылық қабілеттері қорытындылады. Бұл оқушылардың

әр бөлік бойынша тапсырмаларды орындалауына қарай ұпайлар қойылады

да, білімдері бағаланады.

Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін , білімді қалай қабылдайтынын және

түсінетінін, тәжірбиелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру

кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін,

қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін

анықтап, оларды өз жұмысында колданып, окушылардың білімдерін дұрыс

тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.

Сонымен қатар: ауызша сұрау және жазбаша сұрау әдістерін жиі

қолданамыз.

Ауызша сұрау әдісінде мен оқушыларға оқылған

мәтін бойынша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, мәтінді

каншалықты деңгейде түсінгендерін анықтаймын. Кейде бұл әдісті әңгімелесу деп атаймыз. Бұл әдісті сабақтың кіріспе және қорытынды бөлімінде жиі жолдануға болады.

Жазбаша сұрау немесе өздік жұмыс деп аталады. Мұнда тақтаға,

парақтарға, карточкаларға тапсырмаларды жазып қоямын. Жауаптын корытындыларын сынып журналына белгіленіп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.

Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындаймыз. Қазақ тілі сабағында ол реферат жазу, әңгіме, әссе, шығарма жазу.

Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе

ауызша бақылау жұмыстары жүргізіледі. Бұл жұмыс оқушылардың оқылған материялдарды меңгергенің анықтау мақсатымен алынады.

Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға аркылы бала өзі

туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мүқият болу керек.

«5» деген баға оқу бағдарламасының мазмұның терең және толық білетін, оқу материалындағы теория мен фақтіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тілдік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретінқосымша материалдар қолданалатын, ойы оралымды оқушыға койылады.

«4» бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей

алатын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.

«3» бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстірт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын,

жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.

«2» бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен

фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкіндігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.

Жазба жұмыстарының бағалау жүйесі

Оқушылардың шығармашылық бағалау мәселесін тексеру негізінен 4 салаға бөліп қарауға болады.

1 мазмұны мен идеялығы;

2.ой пікірдің жүйелігі

3.стилі


4.грамматикалық сауаттылығы.

Бұлардың қай қайсысы да окушының білімін бағалауда маңызды. Шамамен алғанда шығарманаң идеясы мен мазмұндығына, окушының

тақырыпты қалай ашқандығы қамтылған мәселенің дұрыстығы мен

бұрыстығы, дәлелдігі негізгі ойды жеткізе алуы жатады пікір жүйелілігіне шығармашылық жоспарға сәйкестілігі әр бір бөлімнің

мөлшері мен ой жүйесі, пікір ұтымдылығы т.б. енеді тақырыпты ашуға байланысты ойын қалай жеткізгендігі сөз қолданысы бір сөзді бірнеше

рет қолданбауы дәйексөзді қолдана білуі сөйлемді дұрыс құруды мәселелер стилге жатады.


24-дәріс.

Шығарма және оның түрлері.

Сабақтың Жоспары:

1.Шығарма туралы түсінік.

2.Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары.

3.Шығармаға қойылатын талаптар.

4.Шығарманың негізгі түрлері.
Сабақтың мақсаты.

Оқушыларға шығарма жаздыру арқылы тілін,ой-өрісін дамыту,сауатты жазуға баулу.



Әдістемелік нұсқау:Р.Құтқожина,Қ.Бітібаева сынды методистердің еңбектерімен танысуды нұсқадым.
«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз», - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп­тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар­дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке-­дара орындалатын жұмыстың түрі.

Мектептегі ең көп тараған, тәжірибеде жиі пайдала­натын жазба жұмыстардың ішінде күрделісі де, ең маңыздысы да шығарма жұмыстары болып табылады. Шығарма жаздырудың ең басты мақсаттары мыналар:



  1. Бала біліміне бақылау, білім деңгейін тексеру.

  2. Жазбаша көркем тілін дамыту, теориялық бiлімдерін практикалық жұмыстарда пайдалана білу.

  3. Ойлау еңбегіне өз беттерімен іздендіру, өз пікірлерін салыстыру, қорытынды жасай бiлуге дағдыландыру.

  4. Оқушылардың көптеген, дарынына әсер ету, шығармашылық жұмыстарға баулу.

«Шығарма» деген сөздің негізінде «шығару» деген ұғым жатады (яғни, ойдан шығару, ойлап шығару). Көркем туындыны «көркем шығарма» дейміз. «М.Әуезовтің шығармаларын оқимыз», - деп жатады. Бұдан шығатын қорытынды: шығармаға қойылатын талап аса күрделі, әрі маңызды болады. Бұл жұмысты мектеп­тегі шығармашылық іздендіруге негізделген жұмыстар­дың күре тамыры десек те, артық емес. Шығарманың күрделігi сол, бұл - оқу процесіндегі бірден-бір жеке-­дара орындалатын жұмыстың түрі. Қарастырылатын мәселе, жазатын тақырып біреу болса да, әр оқушы оны өзінше жеткізеді, яғни тілі, пікірі, қорытындысы сол көркем туынды, не кейіпкерді қабылдау дәрежесіне бай­ланысты. Дегенмен шығармаға қойылатын негізгі талаптарды мұғалім оқу кабинетіне «Жазба жұмыстарына байланысты нұсқаулар» деген атпен (басқа да тақырып алу әр мұғалімнің өз еркі) жазып қоюдың тиімділігі зор.

Үлгі:

Шығарма жазуда басшылыққа ал:

Таңдаған тақырыбыңды әбден ойла.

Жоспардың тақырыбына байланысты нақты жасал­сын.

Эпиграф ал. Ол тақырып пен негізгі идеяны ашуға сәйкес алынсын.

Пікірлердің, ойдың, жазатын негізгі мәселелердің реті мен жүйесін сақта:



  1. Тақырытан ауытқыма;

  2. Кіріспең тұжырымды, бірақ шығарманың қалған бөлімдерінің де дұрыс, нақты жазылуына бағыт, бағдар беретіндей болсын;

  3. Пайымдауың, дәйексөзің, салыстыруың негізгі пікірге байланысты алынсын;

  4. Қосымша материалдарды, ғылыми еңбектерді пай­даланғанда, авторы, кітаптың аты, беті айқын жазылсын;

  5. Негізгі бөлімнің толық, әрі дәлелді келуімен қатар, шығарманың ең басты пікірлері осында болатындығын есте сақта;

  6. Қорытындың негізгі пікіріңнің төңірегінде жазыл­сын. Оған ерекше назар аудар. Себебі түйін, соңғы пікір - жұмысыңның нәтижесі осында көрінеді.

Тақырыбыңа байланысты материалды алдын ала да­йында, ізде, оларды іріктей отырып, ең негізгісін сұрып­тап ал.

Шығарманың тіліне, стиліне аса жауапкершілікпен қара:

а) Сөйлемдерің тиянақты, ойлы болсын. Шұбалаңқылықтан сақтан;

б) Әдемі, айшықты сөздерді пайдалан. Бұл шығарма, сондықтан оның тілі де төгіліп тұруы қажет.

в) Мақал-мәтел, сөз тіркестерін не әдемі сөз оралы­мын пайдаланғың келсе, алдын ала оны жазып алуға болады.­ Сонан соң керегіңді пайдаланасың.

Қате жібермей жазуға талаптан. Емлелік сөздіктер жаныңда болсын, сауаттылық - шығарма үшін ең маңызды мәселе.

Жазу мәдениетіне де ерекше ден қой: таза, ұқыпты жаз әрі әрбір әрпін айқын, еркін оқуға жарайтындай болсын, әрі жазуың көркем түссін.

5 - 6-сыныптарда, әсіресе, шағын шығарма-суреттеме, шығарма-сипаттама, шығармa - кескіндеме, шығарма - ­мүсіндеме, шығарма -бейнелеме т.б. жаздыруға болады. Бұлар – көркемөнер туындылары бойынша жазылатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар. Көлемі шағын бо­лып келеді, бірақ нақты бір өнер туындысының негізінде жазылады. Мысалы: «Амангелді» туралы өлеңді оқыған соң, Ә.Қастеевтің «Амангелді» портреті бойынша шығарма-кескіндеме жазуға болады (екеуінің негізінде). Мүсіндеме, сәулет өнері шығармаларында cypeттеме, та­биғат көрінісі, т.б. бойынша жазылады. Мұғалім бұл тап­сырмаларды орындауда нақты көмек көрсетеді, ең алдымен сынып болып, сол өнер туындылары бойынша ауызша жұмыс жүргізеді (ауызша суреттеу деген сияқты). Шығармаларда қандай сөз тіркестері, көркем, айшықты, бейнелі сөздерді пайдаланады, - соған бағыт-­бағдар беріледі. Бұл шығарма арқылы оқушылардың көркем тілін дамытудың бір ұғымды тәсілі - көп болып талқылау, олардың өздеріне пікір айтқызу. Мұғалім өзі тексеріп, талдау жасап келгеннен кейін, шығармаларды (қалауы бойынша) оқытып, бірігіп талдау жасатқызады. Олар шығарманың тілі, мағынасы, стилистикасына назар аударады, өздеріне ұнағанын айтады, кемшілігіне тоқталады. Шығарма жазу бар да, оны түсіндіру, талдау, онымен жұмыс түрлері де бар. Екеуін де тиімді, дұрыс ұйымдастыра білген мұғалім көп нәрсені ұтпақ. Бұл әдістерді жоғары сыныптарда пайдалану дұрыс, 5-6-сынытарда еркін тақырыпта («Менің сүйікті кітабым», «Ардақтайық та құрметтейік Ананы!» т.б.). 5-7-сынып­тарға өздері оқып жатқан көркем туындылардың жан­рына байланысты жазуларына болады, Мысалы, ертегілерді оқып болған соң, өз қалаулары бойынша ер­тегі, әңгіме, мысал (қересөзбен) жаздыру, шығармала­рына пікір жаздыру сияқты, т.б. іздендіру. Біріншіден, бұндай шығармадар балалардың дүниетанымын, білімін кеңейтеді, екіншіден, қабілетi, дарынына әсер етеді, үшіншіден, көркем тілін дамытады, 5-7 - сыныптарда өздері оқып жатқан әдеби тақырыптарға жазылатын шығармалардың көркемдік ерекшеліктері, оған қойылатын талаптар:



  1. Бұңдай шығармалар өздері оқыған бір көркем туындыны негізге алады. Сыныпты, ондағы балалардың жа­сын ескере отырып, мұғалім жазатын тақырыпты ойластырады, ауыр-жеңілін сұрыптайды. Кейде бір ғана тақырып бермей, бірнеше тақырып береді. Бұл өте тиімді болады. Бір ғана тақырыпқа қамап қою оқушының мүмкіндігін, тіпті ынтасын, дарынын тежейді. Шығарма жаздыруда ең басты мәселенің бірі оқушының өз қалауы, өз тілегін ескеру болып табылады. Зорлап таңу немесе сес көрсету, әсіресе, шығарма сияқты күрделі жұмысқа, шығармашының жұмысқа кел­мейтін нәрсе. Шығармаға баулу үкіні желпіндіріп, қыран бағыттағанмен бірдей. Мысалы, 5-сыныпта «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде мынадай тақырыптар ұсынуға бо­лады: «Кендебей - сүйікті ертегім», «Кендебейдың жеңісі - әділеттің жеңісі», «Кендебейдың мен сүйетін мінездері», т.с.с. Сондай-ақ «Бай баласы мен жарлы баласына»: «Асанның өзіме ұнамайтын іс-әрекеті», «Усеннің тапқырлығы», «Жарлы баласы бай баласын қалай асырады?» т.с.с.

  2. Қай тақырыпқа, қай жанрға шығарма жазылсын, мұғалім бұл жұмысты жүйелі жүргiзу керек. Қарапайым шығармадан күрделіге қарай бірте-бірте баулуы керек. Мысалы, 5-6-сыныптарда образға немесе поэтикалық тілге, не ақын-жазушы стиліне шығарма жаздыру дұрыс емес, себебі олардың әдеби туындаларды талдауы-талап ететін шығармаларға шамасы келмейді. Оларға талдаудан гөрі, әсерін білдіретін тақырыптар беру тиімді болмақ.

Ғылыми-әдіскерлер, ізденімпаз мұғалімдер іс-тәжірибесі бойынша шығармаларды мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Публицистикалық шығармалар. Оған очерк, фелье­тон, мақалалар, пікірлер жаздыру жатады. Мысалы, «Тіл тағдыры - ел тағдыры», «Жариялылық - бақыттың ба­сы».

  2. Шығармашылық бағыттағы шығармаларға әңгіме, инсценировка, өлеңдер жаздыру жатады. (Әдеби жанр­ларды басшылыққа алады.)

  3. Fылыми зерттеу сипатындағы шығармалар. Оған ре­ферат, ғылыми сипаттағы мақала, аннотация, әдеби шо­лулар, пікірлер жатады. Мысалы, «Бейімбет әңгiмелеріндеri деталь, штрихтың маңызы».

  4. Әдеби тақырыптарды қамтыған, білім дәрежесін, тіл байлығын тексеруге арналған шығармалар:

  1. Біржан мен Сара айтысындағы Біржан мен Сара­ның сипаты.

  2. «Абай жолы» эпопеясындағы кедейлер өмірінің жанды суреттері.

  3. Бақтығұл қылмыскер ме, әлде әділдік іздеуші ме? т.б. Мысалы, соңғы шығарма тақырыбы жаттандылықтан сақтандырады. Әдетте мектептерде әдеби кейіпкерлерге мінездеме көптеп жазылады: «Үсенге мінездеме» немесе «Абай бейнесі» дегендей. Ал бұл шығарма тақырыбы Бақтығұл бейнесі, іс-әрекетінің маңызы, басты мәселелерін ғана назарға алып тұр. Олай болса, әдеби туындыларға шығарма жаздаруға оның ең негізгі мәселесі сөзге арқау болуы керек. Нақтырақ, тұжы­рымды, ойын дәлелді деректермен жеткізе білуді талап еткен дұрыс.



25- Дәріс.

Әдебиет сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын жүргізу

Сабақтың жоспары:

1.Ауызша тіл дамыту жұмыстары.

2. Жазбаша тіл дамыту жұмыстары.

Оқшылардың ауызша және жазбаша тілін дамытып, тіл мәдениетіне жетілдіруде, басқа пәндерге қарағанда, әдебиеттің алатын орны мен ролі ерекше. Көркем әдебиет өнерінің бір саласы сөз өнері болғандықтан, оның тамаша шығармаларында әдемі, сұлу, кестелі, өрнекті сөздерді кездестіреміз.

Мектепте оқылатын барлық оқу пәндері сияқты әдебиет сабақтарында да, оқушылардың ауызша сөйлеу тіліне талаптар қойылады. Осы талаптардды әдебиет мұғалімі мүлтіксіз орындап отыруға міндетті. Ол үшін сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да оқушылврдың ауызша тіліне, сөйлеу салтына үнемі бақылау жасауы тиіс. Олардың сөйлеген сөздерін ықылас қойып, зер сала тыңдап, сөйлеуде логикалық жағынан сөз қолдану, сөйлем құрылысы жөнінен жіберген қателіктері мен кемшіліктерін мүмкін болғанша әрдайым түзетіп отырады. Алдағы уақытта бұларды болдырмау, қайталамау жақтары ескертіледі.Осымен байланысты мыныдай заңды сұрақ туады: оқушылардың сөйлеу тілінде жіберген қателіктері мен кемшіліктерін қай уақытта, қалай түзетуге болады?

Оқушылардың тілін дамыту,сөйлеу мәдениетін өрістетіп, жетілдіріп отыруын көздейтін мектеп көлемінде тиісті шаралар белгіленіп жаппай күрес жүргізіліп отыры қажет. Бұл жұмысты осылай ұйымдастырмаған жерде, одан ойдағыдай нәтиже күту, толық мақсатқа жету неғайбіл болмақшы.

Оқушылардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды жинақтап, тұжырымдап айтсақ:

1.Оқушы өзінің айтайын деген ой-пікірін жүйелі, байланысты түрде айтып, баяндап беруге дағдылансын.



2. Сөзі тартымды, дәмді, мазмұнды, дәлелді болсын.

3.Әдеби тілдің нормасынан шығып, ауытқып кетпей, оны сақтап мәнерлеп сөйлеуге жаттықсын.

4. Сөзді дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құрай білуге машықтансын. Міне, шамамен мөлшерлеп айтқанда, кейбір ескертетін жайттар- осылар.

Енді IV-X кластарда оқушылардың ауызша тілін дамыту жұмыстары әдебиет сабақтарында қандай әдіс-амалдар мен тәсілдер арқылы жүргізіліп отырады деген мәселеге келейік.

1 Мәнерлеп оқу. Оқушыларға әдеби білім мен коммунисттік тәрбие беруде, олардың көркемдік талғамын дамытып, эстетикалық сезімін оятуда өрісі кең, серпіні құдіретті күштің бірі- көркем шығарманы мәнерлеп, келістіріп, шебер оқи білу жұмысы болып табылады.

2. Мұғалімнің ауызша немесе жазбаша түрде берген сұрақтарына байыпты, дәл, толық жауап қайтара білуге дағдыландыру.

3. Оқылған шығарманың сюжетін әңгімелеп айтып беру. Бұл жұмыс ауызша мазмұндатудың түрлері арқылы орындалады, мысалы,толық түрдегі және қысқаша түрдегі мазмұндама, кейіпкердің өмірбаяны туралы мазмұндама. Мазмұндаманың бұл түрлерінің қай-қайсысы да шығарманың мазмұнын оқушылардың қаншалықты ұғып түсінгендігін білу үшін де, сондай-ақ олардың ауызша тілін дамытуға да көмектеседі. Мазмұндау барысынды шығарма мазмұнынды кездесетін архаизм, неологизм, диалектизм, жаргонизм, вульгаризм, варваризм сияқты сөз мәніндегі өзгеріс – ерекшеліктерді, сондай-ақ синоним, омоним, антоним сияқты сөз мағынасындағы өзгеру-құбылуларды байқап, олардың көркем шығармадағы рөлін түсініп білуге, орынды жерінде мазмұндау желісіне кірістіріп айтуға машықтанады. Осымен қатар шығармада өз мәнінде және ауыстыру мағынасында қолданылған сөздер – троптың түрлері кездеседі. Оқушы олардың есінде қалғандарын ретті жерінде қолданып айту арқылы, олардың шығармада атқарыптұрған идеялық эстетикалық ролі мен көркемдік қызметін аңғарып білетін болады. Сонымен бірге көркем тексті сөйлемдерінің әр алуан болып құрылу өрнектері кездеседі, мысалы, сұрай арнау, жарлай арнау, зарлай арнау, синтаксистік және психологиялық паралеллизмдер, еспе қайталау, анафора, эфифора, жай қайталау, элипсис, дамыту, шендестіру, инверсия сияқты фигураның түрлері. Тексті мазмұндау кезінде орайына қарай осындай сөйлем үлгілерін оқушы келтіріп айтуға дағдыланады. Әдебиеттік шығармада кездесетін, мақал, мәтел, нақыл сөздерді де өздерінің айтылу орнына қарай қолдана білуге үйренеді. мазмұндалатын шығармада баяндау, суреттеу, диалог, манолог, пікірлеу сияқты текстің түрлері болады. Ауызша мазмұндау барысында оқушы бұлардың әрқайсысын өз тұсында дұрыс айта білуге жаттығады.

сайып келгенде, әдеби шығарманы ауызша мазмұндату, әңгімелетіп айттыру нәтижесінде оқушылар сөз қолданудың, сөйлем құрастырудың әр алуан үлгі, өрнектерін өз сөздерінде қашан, қалай қолдана білуге үйренеді. Көркем шығарманы, көркем сөз тексін қалай болмса солай оқи салмай, ынта-жігер, жейін қойып, қадағалап оқуға, оқығаннан ұғып түсінгенін әр түрлі вариантта ауызша мазмұндап айтып беруге дағдыланады. Осылардың бәрі де оқушылардың тіл қазынасын байытып, сөздік қорын молайтуға, әдеби тілдің нормасын сақтап сөйлеуге жаттықтырып, төселдіретін әдіс-амалдар, тәсілдер болып табыларды.

4. Әдебиеттік шығарма кейіпкерлерінің мінездемесін ауызша баяндап айтып беру жұмысы. Оқушылардың тілін дамытудың бір жолы көркем шығармаладың кейіпкерлеріне ауызша мінездеме жасаттыру арқылы жүргізіледі. Бұл түрде мінездеме жасауға керекті кейіпкерлер эпостық және драмалық шығармалардың үлгілерінде молшылық. Шығарманың кейіпкерлерінен ауызша және жазбаша түрде мінездеме беруден көзделетін мақсат – біріншіден, олардың қандай кейіптегі адам образдары екенін танып білу болса, екіншіден, оқушылардың тілін дамыту жұмысы болмақ. Кейіпкердің бейнесін ашып танытуда, оны қай жағынан болса да сипаттап көрсеткен автордың сөзі де, бұл жөніндегі өзге кейіпкерлердің сөзі де, олардың оған көзқарасы, қарым-қатынасы, іс-әрекеттері мен мінез құлқына берген сыны, бағасы да зор роль атқарады. оқушылар кейіпкерге ауызша мінездеме беруге әзірленгенде, оған керекті материалдар мен фактілерді талдауға байланысты шығарманың мазмұнын ойша теріп, жинақтайды, ойша жоспарын құрады. Сонан соң барып мұғалімнің ұйғаруы, рұқсаты бойынша ауызша мінездеме беруге кіріседі. Бірақ қалай болғанда да әдеби қаһарманға жасалатын ауызша мінездеме, бір жағынан, кейіпкерге шығарманы оқып үйренудің соңғы, қолрытынды кезеңі ретінде жасалатын жазбаша түрдегі мінездемеден бұрын келіп, оған дайындық сатысы болса, екінші жағынан оқушылардың сөйлей білу шеберлігін жетілдіруге жәрдем етеді.

Оқулықтың мазмұнын ауызша әңгімелеп беру. Оқушыларға әдеби-теориялық білім беруде, ол білімді класс жоғарылаған сайын ілгері дамытып, тереңдетіп күрделендіруде әдебиет оқулығы маңызды роль атқарады. Оқлық- шәкірттердің екінші ұстазы, білім бұлағы, тәрбиеші. Ол оқушыларға әдеби білім, коммунистік тәрбие берумен бірге, олардың ауызша және жазбаша тілін дамытудың да құралы.

IV- VII кластарда оқушылардың ауызша тілін дамытуға жататын оқу материалдары- әдеби-көркем шығармалар және IV класты қоспағанда, ақын, жазушылардың өмірбаяндары, әдебиет теориясының мәліметтері.

Міне, оқушылардың ауызша тілін дамыту үшін осы сияқты оқу материялдары да пайдаланылады және жұмыстың бұл түрін ататп кету мүмкін емес. Өйткені, оқушылардың әдебиет жөніндегі білімі, шеберлігі, дағдысы сабақ сайын дерлік есепке алынып, оған баға қойылып отырады. Осындай есепке алудың, бағалаудың бір жолы оқушылардың оқулықтағы оқу материалынан ұққанын, түсінгенін ауызша әңгімелеп айтып беруі арқылы жүргізіледі.Бұл жұмыс мұғалімнің тапсырмасы арқылы орындалып отырады.

Оқытушының сабақ мазмұнын ауызша баяндап айтып беруі. Әдебиет пәнін оқыту шеберлігінің бір көрінісі- тиісті материялды оқушыларғ әдеби жатық тілмен жеткізе білуінде.

Ол тілге жүйрік, сөзге шешен болуы керек, Оқу материялын баяндап түсіндіруде сөйлеген сөзі логикалық жағынан жоспарлы, жүйелі, сатылы, бір- бірімен байланысты болуы шарт.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет