Қазақ әдебиетін оқытудағы Қ. Бітібаеваның инновациялық технологиясы



Дата07.09.2017
өлшемі53,21 Kb.
#29959
Қазақ әдебиетін оқытудағы Қ.Бітібаеваның инновациялық технологиясы

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК, Семей қаласы

Калиева Сара Сырымовна
Қанипа Омарғалиқызы Бітібаева – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың жаңа жүйесін қалыптастырған ұстаздардың бірі.

Қ.О.Бітібаева өзінің «Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары» атты мұғалімдерге арналған еңбегінде былай дейді: «Әдебиет пәнінің ерекшелігі сол – ол оқушының жүрегіне, сезім қылына әсер етуі керек. Әдебиет мұғалімі сабақта белсенді түсіндіруші, белсенді хабаршы ғана емес, ол ең алдымен өзінің алдында адам, азамат, болашақ қоғам орнатушылар отырғанын, олардың өз сезімі, өз ой-пікірі бар екенін сезінуі керек...» [1]. Ұлы ұстаз әр айтқан сөзін ісімен дәлелдеп, оқу-тәрбие процесін жетілдіруде тың серпін берген, шығармашылық зертханасы қалыптасқан өте іскер жаңашыл тұлға.

2004 жылғы Қ.Бітібаеваның Республикалық атаулы мектебінің «Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуды технологияландыру» тақырыбында Өскемен қаласында өткен республикалық семинарында алғаш рет Хан-апамыздың дәрісін тыңдап, қазақ әдебиеті ұстазының алға қойған мақсаты мен ұстанымы қандай болу керек екенін шын мәнінде түйсініп қайтқан едік. Ой салу, ойланту технологиясының басты ерекшелігін түсініп, сабақ процесін басқа арнаға кілт бұруды жөн көрдім.

Ұстаздың басты алға қойған мақсаты - білім беру үрдісіне технологияны дендеп ендіру. Баланың пікір-пайымын, өзіндік көзқарасын қалыптастыру жолында қандай да болмасын, өндірістен келген технология болсын, ең бастысы бала тақырыпты толыққанды ұғып-талдай алуы үшін бағытталған.

«Технология – 20-25 минут сабақ сұрап езгілеп тұрмау керек. Бұрынғы дәстүрлі технологияда бала бізге жұмыс істеп келді. Қазіргі технологияда біз балаға қызмет етуіміз керек... Мен мектеп деп ояндым, мектеп деп ұйықтадым. Менен идея, ой ғана алу керек. Дәл менің ізіммен жүріп, менен көшіріп алмау керек» деген сөзі әр жанға ой салады. Иә, ұстаздың технологиялары әдебиет пәнінде әсіресе таптырмас зерттеу жұмыстары.

Баланы ізденушілікке жетелейтін ұстаздың әр сабағы тұнып тұрған жаңа технологиялар. Мысалы, өз сабағымда көркем шығарманы өткенде балаға шығарманы оқыту үшін Қ.Бітібаеваның жобалау технологиясын қолайлы деп санаймын. Қазіргі кезде «бала кітап оқымайды» деген мәселе көтеріп жатқан кезде бұл технологияның маңызы өте зор. Яғни, «Қисынды жобалау» технологиясы бойынша білім алушы шығарманы сызбаға түсіру үшін оның мазмұнымен толық танысуы керек болады. Оқымаған жағдайда әрине, талдау өте қиын. Бұл жерде бала пікірін дәлелдеу басты роль ойнайды. Яғни, дәлелдеу арқылы баланың «мені» қалыптасады.

Қ.Бітібаеваның пәнді оқыту технологияларының құрылымын мына жүйеде қарастыруға болады:

1. Проблемалық ситуация қою технологиясы. Ұстаз тақырыптық жоспар құра отырып, жоспарлы тапсырмалар жүйесін жасайды. Бала өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланып, практикалық жұмыстарды жасап үйренеді.

2. Жеделдетіп оқыту технологиясы. Алдын-ала тапсырмалар жүйесінен тезис жасап, жоспарлау. Әртүрлі сабақ түрлерін де ұйымдастыруға болады: семинар, дискуссиялар, пікірталас сабақтары, т.б.

3. Ұжымдық оқыту технологиясы. Графикалық тұжырымды сұрақтар ойластырылады. Сабақ түрлері де топтық жұмыстарға негізделеді.

4. Шығармашылық жұмыстарға баулу технологиясы. Іздендіруші тапсырмалар жүйесін құрып, қарсы пікір жазып, дәлелдеуге баулу. Ғылыми-конференция сабақтарын ұйымдастыруға болады.

Қ.Бітібаеваның «Ұстаз - бастаушы, үнемі бағыт-бағдар беруші болу керек» деген сөзі жадымда сіңіп қалғаны соншалық, Хан-апамыз айтқандай, «баланы қорқытып-үркітіп керек емес, рульді баланың өзіне беру керек» деп санаймын.

Жалпы, білім алушыны үнемі ізденіс үстінде көргісі келген оқытушының алдына қояр мақсат-міндеті нақты болу қажет. Оқытушыға алдымен өзі табу, өзі зерттеу, содан кейін жинақтап, тәжірибесінің нәтижесін көрген соң ғана тарату қажет деп санаймын. Яғни, оқытушы оқу-тәрбие үрдісіндегі мынадай маңызды мәселелерді қарастыруы қажет:


  1. Маңызды немесе өзекті міндетті шешудің амалдары және олардың педагогикалық құндылығына мән беру. Яғни, озат мұғалімдердің іс-тәжірибесіне иек арту.

  2. Ұстаздың тәжірибесінің ғылыми негіздемелілігін білдіретін жаңа теориялық идеялар мен нұсқаулар.

  3. Тәжірибесінің технологиясы. Нақты педагогикалық амалдар жүйесі, әдістері.

  4. Нәтижесі. Қол жеткен табыстардың мақсат пен міндетке сәйкес келуі.

Қ.О.Бітібаева сабаққа ұстаз алдымен міндетті түрде мақсат қоюдан бастауды талап етеді. Педагогика ғылымдарының кандидаты М.М.Жанпейісованың әдісі бойынша кез-келген сабақта оқушыларды қатыстыра отырып сабақ мақсатын айқындап алу қажеттігін баса айтады. Және де үнемі баланың назарын сабақ мақсатына аудартып отыруды, сабақты қорытындылау кезінде де осы мақсатты анықтау кестесімен аяқтау қажеттігін ұсынады. Яғни, бұл жерде ұстаз-ғалым, педагогика ғылымының докторы, профессор 30 дан аса монографиялардың авторы Ю.А.Конаржевскийдің салыстыра талдау әдісін ұсынады. Ю.А.Конаржевский: «Сабақ – оқу-тәрбие үрдісінің тірі жасушасы», - деп санайды. Осы пікірге сай, ресей публицисті, педагогика теоретигі С.Соловейчик «Учительская газетада» жариялаған мақаласында былай дейді: «Сабақ – жұмбақ, мұғалім – жұмбақ қоюшы, ал сабақты талдайтын адам кім болса ол болсын, шешуші адам болуы керек». Осыған орай, Ю.А.Конаржевский «...бір өкініштісі, бәрі көшірме жасаушылар», - деп өкініш білдірген екен [2]. Яғни, ұстаздың еңбегін дұрыс түсініп, дұрыс бағалай білгенде ғана сабақтың шын мәнісінде алға қойған мақсат-міндеті айқындала түседі екен.

Міне, осындай мектепішілік басқару жүйесінің қызметін зерттеп отырған адамның әдіс-тәсілдерін басшылыққа ала отырып, сабақ үрдісінде қолдана білген Қ.О.Бітібаеваның технологиясы ұстаздарға таптырмас тәсіл. Сабақты жан-жақты ойластырып, уысында ұстай білген адамның ұтары көп. Оркестрдің алдында тұрған дирижер іспеттес, ұстаз да әр білім алушының ой-пікірін бағамдап, іс-әрекетін назарда ұстаса, берген білім өз нәтижесін берері даусыз. Жоспарланған, жаңа технологияланған сабақ – қаруланған сарбаздай.

Мен өз тәжірибемде Қ.О.Бітібаеваның графикалық жобасын, модельдеу және ой салу, ойланту технологиясын қолданып келемін. «Жаңа білімді меңгерту технологиясын» сабақ үрдісінде пайдалану арқылы білім алушылардың танымдық түрлендіруші іс-әрекеттерін танып, ізденістерге жетелеймін. Жаңа тақырып бойынша берілетін алдын-ала тапсырмалар жүйесін құрып, сабақты өткізу формасына аса мән беремін. Білім алушылардың бір ғана әдебиетпен шектелмей, қосымша ғылыми еңбектермен зерттеушілік бағытта ізденулерін талап етемін.

Атақты педагог Қ.Бітібаева былай дейді: «Мақсатым – сабақты қызу еңбекке құру: сабаққа оқушыларды тыңдаушы дәрежесінде емес, еңбек етуші, білімді өз еңбегімен алушы (білімді өз еңбегіне қарай алушы) дәрежесінде қатыстыру. Олар – пікір айтушылар, қызу айтысқа қатысушылар, көркем шығармаға деген өз көзқарасы, эстетикалық талғамы қалыптасып келе жатқан азаматтар. Сол себепті де оларды сабақта үнемі іздендіріп отыруды мақсат етемін» [1].



Көбіне зерттеушілердің, сыншылардың пікірлерін қарастырып, ғылыми тұрғыда талдай алуға үйретуді көздеймін. Сондықтан да сабаққа Қ.Бітібаевадай 3 бірлікті мақсат етіп қоямын да, нәтижесіне жету жолында білім алушылардан жоғары деңгейде ізденіс, білім талап етемін.
Әдебиеттер:

  1. Қ.Бітібаева. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. Алматы «Рауан», 1990.

  2. Ю.А.Конаржевский. Менеджмент и внутришкольное управление. – М., 2000.

  3. Қ.Бітібаева. Әдебиетті тереңдетіп оқыту. Алматы. Ы.Алтынсарин атындағы қазақтың Білім академиясының республикалық баспа кабинеті, 2000.

Каталог: uploads -> doc -> 0dd5
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0dd5 -> Сабақ: №8 Мектеп: Ж. Еділбаев атындағы №18 мектеп гимназиясы Пәні: информатика


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет