Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, құрылым ерекшелігі



Дата23.09.2022
өлшемі32,44 Kb.
#150560
Байланысты:
Қазақ фольклорының жанры мен түрлері
кору жане есту анализаторы, Гуманистік тәрбие жүйесі, Адамның өсу және даму заңдылықтары, Әліппеге дейінгі кезең, Пропорция, Матем 1 РГР китап каз нов, Заманауи

Қазақ фольклорының жанры мен түрлері, құрылым ерекшелігі
Бізге жеткен фольклор – жанр жағынан бай, көркемдігі жағынан кемелденген, әр алуан қызмет атқаратын рухани мұрамыз және күнделікті тіршілігімізге қолданыста болып, мәдени қажеттігімізді атқарып жүрген ұлттық өнеріміз. Бүгінгі заманға ол көптүрлі, көпсатылы руханият ретінде жетіп отыр. Оның біраз түрі есте жоқ ескі заманда туса, енді бір тобы кейінгі дәуірлерде пайда болған. Олар ұзақ тарихи даму жолында бір-бірімен араласып, тоғысып, бірі-біріне сіңісіп кеткен, сондықтан олардың әрқайсысын жеке бөліп алып, тек соған ғана тән белгілерді анықтау оңай емес. Сол себепті ғылымда фольклордың тарихы, оның жанрлық құрамы дегенде басты критерий етіп фольклорлық шығармада белгілі бір дәуірдің шындығымен қатар санасы, ұғым-түсінігі, наным-сенімі қандай дәрежеде көрсетілетінін, қаншалықты сақталғанын, шығарманың көркемдігі қай дәрежеде екендігін және оның қандай мақсатпен орындалатынын алады.
Міне, осы тұрғыдан келгенде бізге жеткен фольклордың жанрларын ежелгі, көне және жаңа (ғұрыптық, көркем және бейкөркем) деп шартты түрде бөлуге болады. Жоғарыда қай жанр қай дәуірде пайда болғанын, кейін қандай өзгеріске түскенін шолу түрінде баяндап шыққандықтан біз ұлттық фольклорымыздың жанрларын осы күнгі жағдайы бойынша ең ескі дегеннен бастап бертінгі кездерде туғандарына дейінгісін қысқаша түрде сипаттап беруді жөн көрдік. Сонымен, біздің дәуірге сарқыншақ түрінде өзгеріп жеткен ең ежелгі жанр деп мифті айтамыз. Мифтер. Әлем фольклорында мифтің түрі көп. Олар әр елдің өмір салты мен рухани даму деңгейіне сәйкес әр алуан сипатта болады. Айталық, жаңа дәуірге дейін алғашқы рулық қауым формасында өмір кешкен австралиялықтардың, африкалықтардың мифтерінде архаикалық белгілер көп сақталған.
Ал, феодалдық мемлекет түрінде ғұмыр кешкен жұрттарда мифтер ежелгі қасиеттерін жоғалтқан, немесе басқа бір жанрға айналып кеткен, я болмаса өзге жанрларға сіңіп, сарқыншақ түрінде көрінеді. Қазіргі ғылым осының бәрін зерттей келіп, мифтің мынадай түрлерін анықтаған: жасампаздық мифтер, космогониялық мифтер, этиологиялық мифтер, эсхатологиялық мифтер, тотемистік мифтер, шамандық мифтер, генеалогиялық мифтер, дуалистік мифтер, т.б.
Қазақ фольклорында бұлардың барлығы дерлік ұшырасады, бірақ олар көбінесе таза күйінде емес, басқа жанрлардың құрамында, кейде жеке әңгіме түрінде кездеседі. Мифтің басты міндеті – жер бетіндегі нәрселердің, аспан шырақтарының, адамның, жанжануардың пайда болу себептерін түсіндіру. Бұл үшін алуан түрлі ежелгі наным-сенімдер, ұғым-түсініктер пайдаланылады. Солардан мифтік сананы, оның өзгеруін, сөйтіп бірте-бірте көркем құралға айналғанын көруге болады. Қазақ мифінің ішінде әсіресе кең тарағаны – жер бетіндегі тау-тастың, көлдің пайда болу тарихын баяндайтын, сондай-ақ аспан әлемінің құрылысын түсіндіретін және әртүрлі жануар мен жәндіктердің кейбір қасиеттерін әңгімелейтін шығармалар.
Хикаялар. Алғашқы қауымның мифі үздіксіз пайда болып отыратын тұрмыстық әңгімемен бірігіп, келе-келе, әсіресе рулық қауым шарықтап, феодалдық қоғамға көшкен тұста жаңа бір жанрды, хикаяны қалыптастырады. Хикаяда шындық бір факті болуы мүмкін, бірақ шындықтан гөрі қоспа көп болады, себебі бір оқиға туралы әңгіме, көбінесе жеке адамның өзі туралы әңгімесі ел арасында айтыла-айтыла көптеген өзгеріске ұшырайды. Оған әу-баста болмаған жағдайлар жамалады. Кейіпкер енді әдеттегідей жануармен ғана емес, мифтік ұғымнан қалған түсінік бойынша елдің ойдан шығарған неше түрлі ғажайып сиқырлы мақлұқтармен кездескен болып көрсетіледі. Мысалы, бір аңшының басынан кешкен әңгімелері бірден-бірге айтылып, алғашқы оқиғасы қоюланып, біраз әсіреленіп, енді батырдың жезтырнақпен, немесе жалғыз көзді дәумен, я болмаса албастымен, яғни адам көрмеген өзге хайуанмен жолығып, айқасқаны туралы хикаяға айналады.
Еңбек пен кәсіпке байланысты фольклор. Бұл топқа аңшылық пен бақташылыққа, диқаншылыққа қатысты айтылатын, сондай-ақ алуан түрлі жағдайлар туралы баяндайтын архаикалық әңгімелер жатады. Олар меморат түрінде, яки хикая іспетті болып келеді. Мұндағы басты кейіпкерлер – аңшы, мерген және әртүрлі аң-құстар. Алғашқы қауымның өзінде-ақ тұрмыстық 30 әңгімелер туып отырған. Олардың мазмұны күлкілі әрі ритуалдық мәнде болған (кейін бұл күлкінің ритуалдығы өзгеріп, кәдімгі сықақ болып шығады). Малшылық, аңшылық кәсіпке байланысты да әңгіме, өлең қалыптасып, олар да магиялық мақсатта орындалған. Осы ретке төрт түлікке, аң мен құсқа қатысты өлеңдер мен әңгімелерді жатқызуға болады.
Диқаншылыққа қатысты фольклор да ежелгі нанымдарға арқа сүйейді. Тұрмыстық, кәсіптік фольклордың бір түрін лирикалық өлеңдер құрайды. Ғұрыптық фольклор. Бұл топ ежелгі заманғы діни нанымдар мен ырымға, салт-ғұрыпқа негізделген жанрлардан тұрады. Олар – арбау, алғыс, қарғыс, бәдік, бақсы сарыны, т.б. Бұл жанрлар ерте заманда таза магиялық функция атқарған да, ғұрыптық іс-әрекеттермен тығыз байланыста болған. Сондықтан олар тек утилитарлық, яғни қолданбалы мақсатта орындалған. Келе-келе олар көркемдік қасиеттерге де ие болған. Сөйтіп, кейбіреулері өнерлік те сипат қабылдаған. Айталық бақсы ойыны мен сарынында біршама көркемдік белгілер бар. Көне дәуірлерде туып, адамның алуан түрлі тірлігінде қолданылған бұл жанрлар әр мезгілдерге сай өзгеріп отырған. Мысалы, ислам діні енгеннен кейін байырғы алғыс енді бата, ал ескілікті жалыну, жалбарыну енді мінәжат түріне айналады.
Ертегілер. Бұл топқа енетін жанрлар да ерте замандарда пайда болып, адамзат тарихының әр кезеңінде өзгеріске түсіп отырған, сөйтіп біздің дәуірге классикалық көркем фольклор түрінде жетіп отыр. Ертегілер көне мифтермен, хикаялармен, наным-сенімдермен тығыз байланысты, ежелгі мифологияны жетілдіре пайдаланып, қиялды араластырып, ғажайыптық сипатқа ие болған. Соның нәтижесінде осы жанрдың өзіне тән поэтика мен эстетикасы қалыптасқан, болмысты солардың тезінен өткізіп бейнелеген. Бізге жеткен ертегілер бірнеше жанрдан тұрады: хайуанаттар туралы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілер, батырлық ертегілер, хикаялық (новеллалық) ертегілер, сатиралық ертегілер.
Батырлар жыры. Қазақ фольклорында бұл жанрдың алатын орны ерекше. Өйткені, біріншіден, халықтың рухани өмірінде, әсіресе, сөз өнерінде эпос басты роль аткарды; екіншіден, эпоста фольклорға тән ерекшеліктер толығырақ және айқынырақ көрінеді. Дәл осы жанрда қазақ жүртының эстетикалық та, этикалық та түсінік-пайымы, дүниетанымы да, арман-аңсары да мол табылады. Батырлар жыры – көпсатылы жанр. Мұнда бірнеше дәуірдің болмысы, санасы, ұғымы қатар жүреді, яғни алғашқы қауымда пайда болған түсініктер мен соларға негізделген мотив, сюжеттер және кейінгі дәуірлерде туған пайымдар мен оқиғалар аралас болады.
Батырлар жыры – ежелгі сюжеттер мен мотивтердің фольклорлану процесін толық көрсететін жанр. Сол себепті мұнда тұтастанудың барлық түрі бар: сюжеттік, ғұмырнамалық, шежірелік, тарихи және географиялық. Батырлар жыры – халық идеалының айнасы. Сондықтан мұнда батыр романтикалық дәріптеу мен типтендірудің үздік үлгісі болып көрінеді, яғни батырлар жырында бүкіл фольклордың көркемдік әдісі мен бейнелеу шарттары бар. Батырлар жыры – ел тарихының поэзия түріндегі көркем шежіресі. Мұнда қазақ халқының арғы заманда өмір сүрген ата-бабаларының іс-әрекеттері мен бертінгі кездер оқиғаларының іздері, сұлбасы сақталған. Міне, осының бәрі батырлар жырын жан-жақты, көп қырлы жанр етіп сипаттайды.
Айтыс. Фольклордың өнер екендігін барынша айғақтайтын жанр – айтыс. Ол – синкреттілігімен ерекшеленеді. Мұнда театрлық әрі драмалық өнердің басы қосылған, сондықтан айтысты – фольклорлық театр, немесе фольклордың драмалық жанры десе де болады. Оның үстіне айтыс – әдебиетке өте жақын жанр, сол себепті кейбір ғалымдар оны әдебиетке жатқызады да әдеби жанр деп есептейді. Бір жағынан алғанда бұл пікірдің де 40 қисыны бар, өйткені айтыс – екі адамның шығармашылығы. Осы тұрғыдан алғанда, айтысты үлкен екі түрге бөлуге болады: фольклорлық, яғни анонимдік айтыс және ақындар айтысы. Біріншісі фольклорға жататын себебі – тек авторы жоқтығынан емес, сондай-ақ ол айтыс текстерінің фольклор поэтикасынан шықпайтындығы.
Ал, екіншісі – авторы белгілі, өзіндік "мені", стилі бар, ал тексі біршама тұрақты, әрі варианты аз болады. Демек, ақындар айтысы – авторлық, ауыз әдебиеті, яғни ақындар мен жыраулар поэзиясы қатарында қарастырылуы керек. Олай болса, фольклор құрамына тек анонимдік айтыстарды енгізу қажет те, ақындар айтысын бұл саладан шығару шарт. Фольклорлық айтыс өте ерте заманда пайда болған. Оның шығу тегі рулық қауыммен тікелей байланысты. Ежелгі рулық қоғамда эндогамиялық неке салты болған. Сол бойынша екі ру адамдары тек өзара, бір-бірімен ғана некелесетін болған. Жігіт жағы басқа рудан қыз алуға, ал қыз жағы бөтен ру адамына шығуға хақысы болмаған. Соның өзінде де екі рудың арасында тайталас, күш сынасу міндетті болған. Жігіттің руы қыздың руынан білек күші болсын, әдет-ғұрыпты білу жөнінен болсын, сөз өнерінен болсын басым екендігін дәлелдеуге тиіс болған.
Екі рудың құдалық салты бойынша екі ақыны, екі шешені өнер мен ой сайысына түсіп, жігіт жағы асып түсуге міндетті болған, ал, егер жеңіліп қалса, айып төлеген, немесе басқа шартты орындаған. Кейін, қоғамдық өмір дамып, эндогамия салты экзогамиялық некеге, яғни өз руынан қыз алмау дәстүріне айналған. Бұл кезде де құда болатын екі рудың сынасуы, сайысуы қалмаған, бірақ олардың түрі, сипаты өзгерген. Сөйтіп, сөзбен сынасу – алғашқы ғұрыптық маңызын өзгертіп, өнер деңгейіне жеткен... Бірақ ежелгі ритуалды айтыстың өзгерген түрлері ұлттық фольклорымыздың құрамында сақталып, бізге жеткен. Олар – үйлену салтына қатысты "жар-жар" мен ескі нанымға негізделген "бәдік" жанрлары. Бұларды ғалымдарымыз "әдет-салт айтыстары" деп атайды (М.Әуезов). Әдет-салт айтыстары. Мұндай айтыстар жеке адамдардың сөз сайысы емес. Олар белгілі бір дәстүр бойынша топ-топ болып, екі жақтың алма-кезек сөз қайыруы, ой жалғастыруы түрінде болады.
Олардың тақырыбы – сол әдет-ғұрыпқа қатысты, яғни шектеулі болады. Ондағы ой-пікірлер, сөз орамдары алдын-ала белгілі, қай топ нені айтатыны мәлім болады. Топ болып айтқандықтан сөздері жаттаулы болады және әні де көпшілікке аян, хормен айтуға бейім болады. Демек, мұнда фольклорлық дәстүр айқын көрініс береді. Мәселен, әдет-салт айтысының тамаша үлгісі "Жар-жардың" орындалу мезгілі мен мазмұны дәстүрден шықпайды, олар ел білетін шартқа жауап беруге тиіс. Сол сияқты "бәдік" те екі топтың жатқа білетін сөзінен әрі әуенінен тұрады. Оның да өзіндік орындалу шарттары мен мақсаттары бар.
Өлеңдер. Фольклордағы әрі көне, әрі өміршең, яғни кез келген дәуірде, қоғамда туып, дамып, өзгеріп отыратын айрықша жанр – өлең. Қазақ қауымының өмірінде өлеңнің орны ерекше, сол себепті оның түрлері де көп: лирикалық өлең, тарихи өлең, қара өлең, нақыл өлең, өтірік өлең, т.б. Бұлардың бәріне ортақ белгілерімен бірге әрқайсысының өзіндік қасиеттері бар. Олар орындалу мәнері, шындыққа қатынасы, мазмұны мен түрі жағынан бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. Қара өлең. Қазақ фольклорының ең кең тараған, құрылысы қарапайым, тұрақты шумағы мен ұйқасы бар жанры. Қара өлеңнің тақырыбы әр алуан, оның меншіктеп алған әуені болмайды. Мұнда жеке бастың да, қауымның да мәселелері сөз болады. Ол белгілі бір ситуацияға қатысты айтылады, сол себепті оның мазмұны ситуативті болып келеді. Сонымен бірге қара өлеңде нақтылықтан гөрі жалпылық басым болады, онда баршаға қатысы бар, тіпті "мәңгілік" ой мен сезім айтылуы да мүмкін.
Қара өлең жастардың ойынсауығында, қыз бен жігіттің сөз сайысында жиі орындалған. Лирикалық өлең. Бұл жанр да халық арасына көп тараған. Мұнда сүйіспеншілік, екі жастың бірін-бірі сағынып іздеуі, зарыға күтуі – басты тақырып. Лирикалық өлең міндетті түрде әнмен орындалады, әрқайсысының өзіне тиісті әуені болады. . Ертегі оқытуда бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдары
Адамгершілік тәрбие – екі жақты процесс. Бір жағынан ол
үлкендердің, ата-аналардың, педагогтардың балаларға белсенді ықпалын, екінші жағынан-тәрбиеленушілердің белсенділігін қамтитын қылықтарынан, сезімдері мен қарым-қатынастарынан көрінеді. Адамгершіліктің негізі мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады.
Адамгершілікке,еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде белсенді көзқарасының бағыты үлкендер арқылы тәрбиеленеді. Тәрбиелеу,білім беру жұмысының мазмұны мен формалары балалардың мүмкіндігін ескеру арқылы нақтыланады. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін ұйымдастыру процесіне, ойын және оқу ісінде жоспарды түрде іске асады.
Қарапайым әдеттерді тәрбиелей отырып педагог балдырғанның бар істі шын пейілмен әлі саналы атқаруына қол жеткізеді. Адамгершілік тәрбие - бұл дұрыс дағдылар мен өзін-өзі ұстау
дағдыларының нормалары, ұйымдағы қарым-қатынас мәдениетінің тұрақтылығын қалыптастырады. Жеке адамның адамгершілік санасының дәрежесі оның мінез-құлқы мен іс- әрекетін анықтайды.Жас өспірім тәлім-тәрбиені, адамгершілік қасиеттерді үлкендерден, тәрбиешілерден насихат жолымен емес, тек шынайы көру, сезім қатынасында ғана алады.
Жеке тұлғаның бойындағы жалпы адамзаттық құндылықтардың қалыптасуы осы бағытта жүзеге асады, сөйтіп оның
өзі-өзі тануына, өзіндік бағдарын анықтауына мүмкіндік туғызатындай тәлім-
тәрбие берілуі керек. Жақсы адамгершілік қасиеттердің түп негізі отбасында
қалыптасатыны белгілі. Адамгершілік қасиеттер ізгілікпен ұштастырады.
Әсіресе еңбекке деген тұрақты ықыласы бар және еңбектене білуде өзін
көрсететін балаларды еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу басты міндет болып
табылады. Өз халқының мәдениетін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа
халықтардың да тілі мен мәдениетіне, салт-дәстүріне құрметпен қарайтын
нағыз мәдениетті азамат қалыптасады. Қазақ халқының әлеуметтік өмірінде
үлкенді сыйлау ұлттық дәстүрге айналған. Отбасында, балабақшада , қоғамдық орындарда үлкенді сыйлау дәстүрін бұзбау және оны қастерлеу әрбір адамнан талап етіледі.
Халқымыздың тәлім- тәрбиелік мұрасына үңілсек, ол адамгершілікті,
қайрымдылықты,мейірбандықты дәріптейді. Ата-бабаларымыздың баланы
бесігінен жақсы әдеттерге баулыған. Үлкенді сыйла, Сәлем бер, жолын
кесіп өтпе деген секілді ұлағатты сөздердің мәні өте зор. Адамгершілікті ,
ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі иманжүзді, жарқын, биязы, өзі парасатты
болады. Ондай адамды халық Иман жүзді кісі деп құрметтеп сыйлаған.
Адамгершілік - адамның рухани арқауы. Өйткені адам баласы қоғамда
өзінің жақсы адамгершілік қасиетімен, адамдығымен, қайырымдылығымен
ардақталады.
Қазіргі кезде өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде қойылған
мақсаттардың бірі қоғамға пайдалы, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор
бола білетін, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру. Өзін-өзі тану
пәні — баланы жастайынан отаншылдыққа, әдептілікке, достыққа, тазалыққа, ұқыптылыққа, мейірімділікке,табиғатты сүюге,отбасын сыйлауға, ұйымшылдыққа үйретеді. .
Адам бойына кішіпейілдік, сыпайлық, рақымшылық, жанашарлық, сыйластық, тілектестік сияқты қасиеттерді дарыту және өзгелерді қадірлей, сыйлай, құрметтей білу, тыңдай білу, қолынан келгенше адамдарға көмектесу, кешірімді болуды үйретде Өзін-өзі тану пәнінің үлесіне тимек.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік
жырлары, даналыққа толы мақал-мәтелдер, жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял- ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды. Ата-аналарға ойын жаттығулардың және әр түрлі байланыстырып сөйлеуге, сөздік қорын дамытуға арналған тапсырмалардың жазбаларын үйде баласымен сауат ашу, математика, тіл дамыту сабақтарын қайталау үшін ұсынамыз. Адамгершілік тәрбиесі-тәрбие бағыттарының ішіндегі ең күрделісінің бірі. Адамгершілік тәрбиесінде дінге сүйенбеу мүмкін емес.
Көрнекті педагаг В.Сухомлинский Егер балаға қуаныш пен бақыт бере
білсек,ол бала солай бола алады,-дейді.Демек,балаға жан-жақты терең білім
беріп,оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата
білсек,ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының
қалаптасуына,айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз. Адамгершілік тәрбиенің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз
халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді,әдет-ғұрыпты жан-жақты терең білумен қатар,өркениетті өмірмен байланыстыра отырып,білім берудің барлық кезеңдерінде пайдаланғаны дұрыс. Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі дегендей,ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ болады деп ойлаймын.
Халық педагогикасы-нәрестенің сезімін ананың әуенімен оятатын бесік
жырлары,даналыққа толы мақал-мәтелдер,жұмбақ-жаңылтпаштар, қиял-ғажайып ертегілері, ойындары, тәрбиелеп өсіру негіздері адамгершілік ниеттерге баулиды.
Өзіміз көп үміт күтіп отырған жас ұрпақ ата-бабамыздан қалған мәдени
мұра халық ауыз әдебиетінің өн бойындағы мәнділігі мен маңыздылығынан,
ойшылдығы мен қиялшылдығынан, тапқырлығы мен шешендігінен, әсемдігі мен алғырлығынан тәлім-тәрбиесі мен үлгі - өнегесінен нәр алары анық.
Қазақ ертегілері сан алуан. Ертегі арқылы айнала қоршалған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды.
Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп
тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегі адамның қиялына қанат
бітіреді. Білмегенді білгенге сүйрейді. Кімдерден, қай кейіпкерлерден аулақ
болуды насихаттайды. Бұл өшпес зор туындылар бала болашағының мәнді
мақсатты көзқарасын тудырары сөзсіз. Ертегі әрбір баланың жеке-дара ой дүниесінің ең нәзік белгілерін жанып тегістейтін жанғыш болып табылады, ал сонымен бірге ол балалардың бірінің жүрегін біріне айқара ашады, балалар ұжымында нәзік интеллектуалдың өзара қарым-қатынастарды тудырады. Ертегі шығары бұл менің балалармен
рухани қатынас жасауымның ең бақытты сәттері, ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы.
Мектеп табалдырығынан жаңа ғана аттаған балалар, мектеп тартып
тұрады, өйткені олар ертегіден ескен теңдесі жоқ сезімдерді ұжымымен бірге
сезінгісі келеді. Оларды мұғалім де тартып тұрады, өйткені олар ертегіні
содан естиді, ертегіні ұйып тыңдайды. Мұғалім өмір бойы естерінде қалады,
ол баланың рухани дүниесінен ең алдымен ертегі ретінде орын алады. Ертегі –бұл кішкентай дән, баланың өмірлік құбылыстарға эмоцияның баға беруі осы дәннен өсіп жетіледі.
Ертегі – бұл ой бесігі, бала тәрбиесін жолға қойғанда, ол осы бесік
жөніндегі толғанулық естеліктерді өмір бойы сақтайтындай ету керек. Ертегі – бұл ойлау ләззаты, ал ертегі шығара отырып, баланың ойлауға
өз қабілетін орнықтырады, сол арқылы өзінің ар-намыс сезімін орнықтырады. Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым А.
Байтұрсынов “Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап
беріледі. Қазақ халық ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттікке, еңбек сүйгіштікке, тазалыққа, достыққа, әдептілікке үйретеді. Жамандықтан, қулықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелеу жолын алға қояды. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді. Батырлар ертегілер мен батырлар жыры ел қорғау жолындағы батырлардың
ерлік істерін дәріптей отырып, ел бірлігі мен жұрт тыныштығын сақтап қорғау азаматтық парыз екенін нықтап, жас ұрпақты елжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелейді. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты жетілдіре тәрбиелеуде ауыз әдебиеті үлгілерінің барлық жанр түрлерін қолданудың білімдікте, тәрбиелікте мәнінің зор екені сөзсіз.
Адамгершілік жақсы қасиеттерді қалыптастыруға болады деп есептейді. Жақсы істерге ұмтылдыру жаман қылықтардан аулақ жүру, өнегелі мәдениетті азамат болуға тырысу адамдардың өзіне байланысты. Сондықтан адамгершілікке кір келтіретін мінездер: әдепсіздік, жеңілтектік, екі жүзділік, көрсеқызарлық, опасыздық, өркөкіректіктен қашанда аулақ болуымыз керек. Жүсіп Баласағұнидің “Құтты біліктің” әр сөзі, әр тарау тынысы – адамгершілік, адалдық, қайырымдылық хақындағы өнегелі ойлары әр көкіректе күмбірлеп тұрғандай. Адамгершілік тәрбиесі мен еңбек, ақыл-ой тәрбиесі бір- бірімен өзара тығыз байланысты.
Адамгершілік жағынан дұрыс қалыптасқан адам ғана біреуге қамқорлық жасауға дайын тұрады. Адамгершілік тәрбиесі моральдық жағынан кіршіксіз таза, қоғам мүддесі үшін еңбек ететін, жан- жақты жетілген адам даярлау сияқты тәрбиенің жалпы мақсатына бағытталады. Адамгершілік қасиетінің негізгі имандылық пен ізеттілікте. Ал сыйластық, жасы үлкенді сыйлау, сәлемдесу, үлкеннің сөзіне жөнді – жөнсіз араласпау, кісінің алдынан кесе өтпеу, көп алдына дарақыланып күлмеу, есінемеу сияқты қылықтарды жас ұрпақ санасына ақырындап сіңіру қажет. Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, қайырымдылығымен, адалдығымен, әділеттілігімен ардақталады. Моральдық қасиеттер адамдардың қимыл- әрекеттерінен, қарым-қатынасынан шығады. Жақсылық пен жамандық, зұлымдық пен махаббат, әділеттік пен әділетсіздік, борыш пен намыс, ар мен ождан адамның іс-әрекеті арқылы өлшенеді. Осыны ұстанған қазақ халқы жастарды отбасында кішіпейілділікке тәрбиелеуді бірінші міндет етіп қойған. Жастардың жадына “сіз” деген сыпайылық, “сен” деген анайылық, “Адамдықтың белгісі, иіліп сәлем бергені”, “Кішіпейілділіктен кішіреймейсіз”, “Құдай деген құр қалмайды” деген қағидаларды үнемі уағыздаған. Адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық, достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық достық пен қастың адамгершілік қасиетінің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай қатар салыстыра суреттеген. Жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеу – жоғарыда айтылған мінез- құлықтың дағдыларын ережелеріне үйретеді.
Адамгершілікке үйретудің негізгі жолы - оқу процесі мен оқушылардың күнделікті өмірін, іс-әрекетін тиімді тәрбие шараларын ұйымдастыру. Оқушылардың адамгершілік туралы түсінігі мол болғанымен тәжірибеде іс-әрекеті, тәртібі біліміне сәйкес келмейтін жағдайлар кездеседі. Олар жақсы, жаман әдеттерді білгенімен, оны өз өміріне сәйкестендіре, тәртібінде іске асыра алмайды. Өйткені, ережені есте сақтау оңай да, оны іске асыру қиын. Сондықтан адамгершілік жайында түсінік білім берумен қатар дұрыс тәртібін, іс-әрекетін ұйымдастыруды көздейді. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына үлкенді сыйлау, беделін мойындау, еңбек адамдарын құрметтеу, қамқорлық жасау, адалдыққа, шыншылдыққа, қарапайымдылыққа, мақсаттылыққа, шешімділікке, табандылыққа, белсенділікке, батылдыққа, ұстамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу де жатады. К.Д. Ушинский: “... шығармада келтірілген адамгершілік іс-әрекеті, адамгершілік сезімді, адамгершілік ойды сүюге баланы итермелейтін әдеби шығарма өнегелі шығарма” деп жазған.
Сонымен адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі
кейіпкерлер бейнесі көбіне қарапайым адамдар болып келеді. Ертегі – ауыз
әдебиетінің ықылым заманнан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің “Бұрынғы өткен заманда”, “Баяғы өткен заманда”, “Ерте, ерте, ертеде, ешкі құйрығы келтеде” деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен ғасырлар ізі жатыр. Олардың еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, елдік тарихы, қилы-қилы қиын қыстаулары, халықтың мұң-шері, арман-мұраты бейнеленген. Қазақ ертегілерін академик М. Әуезов үш жанрға бөледі; қиял-ғажайып ертегілері, хайуанаттар жайлы ертегілер, шыншыл ертегілер. Солардың ішіндегі ең көнесі, әрі ертегілердің мол саласы – қиял-ғажайып ертегілері. Бұл ертегілерде табиғаттың немен тұңғиық сырларын әлі танымаған адам
ойының сәбилік шақтары, соны білсем деген халық арманы, әлемді шарласам, жеті қат жер асты құпиясына үңілсем, тіршілік өмірін жеңілдетсем деп армандаған халық қиялы бейнеленген. Сол дүниеде жаңалық пен жамандық, әділдік пен жауыздық, адалдық пен қаскөйлік бітіспес арпалыста болады. Ертегілерде тартыс осы қарама-қарсы күштер арасында әділдік пен жауыздық, арасында өрбиді. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі қаскөйде аса үрейлі, жауыздығында шек жоқ жалмауыз кемпір жойқын күш иесі болып бейнеленеді. “Алтын сақа” ертегісіндегі кейіпкерлер жалмауыз кемпір бойында қандай ерен қуат бар, күнәсіз балаға деген қаскөйлігі қандай. Сақасын іліп ала қашқан балаға жете алмасын білген соң, ол бір тісін жұлып түсіреді тағы бір тісін жұлып лақтырғанда, тайдың тағы бір аяғы жұлынып түседі.
Қиял-ғажайып ертегілердегі мекен жайлар да сиқырлы, жұмбақ әлемі. Адам тек түсінде ғана көрерлік қиял сарайлары. Олар таңғажайып жиһазға толы. Қиял-ғажайып ертегілеріндегі кейіпкерлердің ішіндегі адамға жағымсыз, сұм кейіпкерлер-мыстан кемпір, жезтырнақ, айдаһар, жалғыз көзді дию сияқты талай басқа да сиқырлы күштер бар.
Солармен қатар адамдарға дос, қиын-қыстау кезде жол табар, ажал аузынан алып қалар, адамның қаскөй күштерді жеңуіне көмектесер жанды тіршіліктер, жансыз заттар да көп кездеседі. Көп ертегілерде суреттелген әділдік пен жауыздық арасындағы күрес халықтың әділдікті аңсау арманынан туған. Әділдік пен адалдық жолындағы халық ортасынан шыққан қаһарман жалпы адам бақыты үшін ешбір қауіп қатерден тайынбай, үрейлі алып күштерге қарсы айқасқа түседі. Әділеттіктің жақтаушысы ретінде мерген, батыр, айлалы, ақылды адамдар бейнеленген.
Олар қарапайым адамдар. Бірақ алдына қойған мақсатты биік, сондықтан да ертегілер көбіне жақсылықпен аяқталады, әділдік жақтаушысы адамның мерейі үстем болумен тынады. Кедей, жесір кемпірдің баласы немесе әке-шешесі жоқ, өмірі кедейліктен көз ашпаған тазша өзінің ақыл-айласы, тапқырлығымен ханды, оның уәзірлерін жеңіп, ақыр аяғында хандықты не уәзірлікті өз қолына алады.
Ертегінің аяғы жақсылықпен аяқталады. Ертегінің тағы бір саласы – тұрмыс-салт ертегілері және хайуанаттар туралы ертегілер. Бұл ертегілерде көбінесе елдің тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. “Түлкі мен ешкі” ертегісінде айлакер түлкі ешкіні құрығына оп- оңай түсіре қояды. Апанға абайсызда түсіп, шыға алмай шарасызданған түлкі су іздеп шөліркеп жүрген ешкіні сол апанға алдап түсіреді. Қу түлкі “ешкі мүйізіне шығып ” зытады, аңқау ешкіні алдап ұрады. Осы арқылы халық керемет ойын кемеңгерлік түйін жасаған: “Өтірікке алданба, басың бәлеге душар болар”,- деп аңқау жандарды сақтандырған.
Ертегілерде түлкі қу, айлакер. Оқушылар ертегілердегі әрбір кейіпкерлердің жаман әдетінен аулақ болуға, жақсы кейіпкерлерге қарап қайырымды, мейірімді болуға талпынады. Сонымен қазақ ертегілерінің ең мол тараған түрі – шыншыл ертегілер. Халық өзінің дүниетанудағы, қоғам тіршілігіндегі, үй тұрмысындағы іс- әрекетін, күрес-тартысын, талап-тілегін осы шыншыл ертегіге жиып түйген. Бұл ертегідегі кейіпкерлер күнделікті өмірдегі еңбек адамдары. Шыншыл ертегілерде жауыздық иелері де көбіне нақтылы адамдар: хан, бай, молда. Шыншыл ертегілерде таптық сипат айқын. “Айлалы тазша” әңгімесінде тазша бала айла-амалмен, тапқырлық, ақылдылығымен ханнан да, оның баласынан да кек алады.
Тазша жайындағы ертегілерде жауыздық иелері күлкі-ақуа етіледі,
олардың зұлымдықтары әшкереленіп отырады. Тапқыр да алғыр, ақылды да
айлакер тазша халықтың сүйікті қаһарманы. Халықтың сүйікті қаһарманы
арқылы жауыздыққа қарсы тұрады. Кіші мектеп жасындағы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ертегілеріндегі ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретеді.
Кіші мектеп жасындағы оқушыларды ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Сынып оқушыларын ертегілерді оқыту арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, қайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастырады. Оқу пәндерінде ертегілердің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнесіне тіркестерге бай болып келеді. Бала санасына жастай тәрбиелік ерекше ықпал етуде ертегілер үлкен орын алады. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Шоқан Уәлиханов, Г.Н., В.В. Родлов, А.Е. Алекторов, А. Ивановский, Л. Исаков, О. Әлжанов, Р. Дүйсенбаев, М. Көпеевтер болса, кейін Э. Дидаев, Н. Пантусов, А. Мелков, М. Әуезов, С. Сейфуллин, М. Ғабдуллиндер зерттеп жинақтай бастады. Бұл зерттеушілердің барлығы да ертегілерді адам баласының арман мүддесі, болашақтан күтетін үмітінен, қиялынан туған деп қарастырады. Бірақ, ертегілердің тәрбиелік жақтарын, адамның не бір сапалық жақтарын қалыптастырудағы оның ерекше ықпалы туралы пікір кездесе бермейді. Ертегілерге үлкен мән беріп зерттеген Максим Горький “Ертегі деген нәрсе маған басқа бір өмірдің сәулесін ашқандай, сондай жақсы өмірді ойлаған, сол үшін қорықпай, еркін күресетін бір күш барлығын көрсеткендей болды”,- дейді. Бірақ, М. Горький әрі қарай бір күштің не екенін түсіндірмейді. Біздің түсінігімізше, бала ертегіні тыңдай отырып, өмірді түрлендіре алатын күш адаммен ғана байланысты, адамның өзінде екенін сезе алады. Адам ғана құдіретті күштің иесі. Сонымен қатар қазақ ертегілерінің адамды тәрбиелеуге қатысты ерекшеліктерін, соның ішінде, өмір мұратын, оған жетудің жолдарын көрсететін жақтарын алып қарастырайық. Ертегінің құрылымын, негізгі мазмұнының бағытын қарайтын болсақ, оның басты мақсатының өзі өмір мұратына жетудің жолдарын, ол үшін қажет адамдық сапаларды көрсету екені айқын көруге болады. Ең алдымен өмір мұратына жетуге қазақтың даналықта бірінші кезекте келетін, ең басты сапа ақылдылық. Ақылдылық ертегілерде адамдық қасиетте ең жоғары идеялық дәрежеге дейін көрінеді. “Аяз би” ертегісінде ақылдылық басты көрінісі – тапқырлық болып келеді. Ертегідегі Жаман өзінің тапқырлығының арқасында хан қызына үйленеді, хан болады. Ханның қызы Жаманға жеңгесінен гауһар тас, пышақ, тәрелке және қайрақ тас беріп жібереді. Жаман балға мен төсті алған соң, қайрақты төске қойып, балғамен ортасынан бөліп, тәрелкені уатып, пышақты жетесінен сындырып, гауһар тасты қақ жарып қызға беріп жібереді. Мұндағы хан қызының сыры: “Қайрақтай болып үгітілгенше, тәрелкедей болып уатылғанша, пышақтай болып басы кесілгенше сыр айтпайтын кісі мына гауһар тастай қақа жарып мені алады”,- дегені еді, сол сыры “пышақтай болып басым кесілгенше айтпасын!”- деп пышақты сындырып, “қайрақтай үгілгенше”- деп қайрақты уатып, “тәрелкедей уатылғанша”- деп тәрелкені қиратып, сыр шашпаймын, гауһар тастай қақ жарып сені аламын,-деп гауһар тасты қақ бөліп, уәде беріп едім деп Жаман жауап береді. Ертегілер өз кейіпкерлерін өмір мұратына, адам бақытының ең биік шыңына жетумен аяқталады. Ертегі балалардың ой-өрісін дамытып, тіл байлығын арттырады. Қазақ ертегілеріндегі ақылдылықтың тағы бір көрінісі – көрегендік алдын ала болжай білу. Мысалы, “Ер Төстік” ертегісі көп ертегілермен салыстырғанда, мазмұны, сюжеті, сөйлем құрылысы, тілі жағынан ерте заманда шыққан ертегі екендігін аңғартады. Ертегіден қазақ халқының ескі мал шаруашылық өмірін және олардың дүниетану көзқарасын көреміз. Ертегінің оқиға желісін алсақ, табиғаттың асау күштерімен алысып, малды аман сақтап қалу жолында, елінен, жерінен адасып кеткен ағаларын іздеп тапқан Ер Төстіктің ерлігін суреттесе, екінші жағынан, әр түрлі дию, пірілерімен күресі баян етіледі. “Ер Төстік” ертегісінде жалпы ертегілердің қаһармандарына тән іс- әрекеттер толық сақталады. Ер Төстіктің өзі – асқан күш иесі емес, жүректі жігіт. Ертегінің алға қойған негізгі мақсаты – табиғаттың сыры мәлімсіз күштерін жеңу. Адамға зиян ойлайтын Бектөре, Темірхан, Шойынқұлақ тәрізді жауыздың иелерінен үстем шығып, оларды қалай да өздеріне бағындыру болғандықтан, ер Төстікке көмекші әр түрлі жолдастар, серіктер береді. Әр түрлі жауыздықтардың ұясы болған адам баласына қастық қана ойлайтын кейіпкерлер Бектөре, Шойынқұлақ, Темірхан, пері, жын, дию, мыстан кемпірлер қаншама күшті, айлакер болса да, Ер Төстіктен жеңіледі. Халық жақсылықты алдан күтеді, болашаққа сенеді.
Көркем шығарма өзінің эмоциясының әсері арқылы балаларда адамгершілік сезімдердің қалыптасуына көмектеседі. Адамгершілік сезім адамгершілік іс- әрекеттің басты көзі. Сондықтан адамгершілік тәрбиесіне А.С. Макаренко ерекше мән берген. Жастарды нағыз мінез-құлыққа тәрбиелеу дегеніміз – олардың адамгершілік сезімін тәрбиелеу деп атап көрсеткен болатын. Көркем шығарма оқушыларға өмір сырларын образ арқылы танытып, жас өспірімдердің моральдік түсінігін қалыптасуына, баланың бойына жоғары адамгершілік сапаларының берік ұялауына ықпал етеді. Оқушыларға көркем шығарма оқуға ынталандыру жас өспірімдерді адамгершілікке тәрбиелеу жұмысының маңызды буыны болып саналады. Дүниедегі адамның жеке басынан күрделі де бай ештеңе жоқ. Оны жан- жақты дамыту адамгершілік жағынан жетілдіру – тәрбиенің мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолы да адамның өзі сияқты күрделі. Адамгершілік тәрбиесінің бағдарламасы дегеніміз – бейнелеп айтқанда, біздер педагогтар, адам болып шыға алатын тіршілік иесін қалыптасырып, жасап шығаратын жоба. Бұл адам жүрегінде ізгілік жасау программасы. Тәрбие программасын жасағанда оны жүзеге асыру үстінде де бүкіл адамгершілік қасиет – дүниетаным мен сенім. Тәрбие жұмыстарының программасы жас өспірім жүрегіне қоғамымыздың рухани байлықтарының қазынасы адамгершіліктің, үлгі- өнегені қайнар көзі, жарық жұлдыздары болып табылатын адамгершілік мұратын ашып көрсету керек.
Қазіргі оқу-тәрбие жұмысының өмірдің өзі алға қойып отырған өте
маңызды проблемасы – адамгершілік пен білімнің, рухани мәдениет пен білімділіктің өзара байланысының проблемасы. Теориялық білімді меңгере отырып, оқушы адамгершілік жағынан тәрбиеленеді. Егер оқыту мен тәрбиелеу проблемасы осылайша оп-оңай шешілетін болса, оның шешілуі сабақтарда алынатын білімнің мазмұны мен көмегіне байланысты болса, қазіргі адамның, әсіресе жеткіншек ұрпақтың адамгершілігі және саяси идеяларға толы екені соншалық, бұл идеяларды сенімге, жеке адамның рухани игілігіне айналдыру адамгершілік тәрбие міндеттерін шеше алады деседі. Адамгершілік тәрбие беруге басшылық ету мектеп өмірінде әрбір тәрбиеленушінің әлдекімге қамқорлық жасап, әлдекім үшін күйіп-пісіп, мазасыздануынан, әлдекімге өз жүрегін арнауынан көрінетін бір қарағанда байқала бермейтін моральдық күш жасау деген сөз. Осы арада біз адамгершілік тәрбиенің мынадай бір қағидасына келеміз: адамды тәрбиелейтін орта жасалып, үнемі байытылып отырғандықтан ғана алдын ала ықпал жасау құралдары тиімді болады. Адамгершілік тәрбие берудегі өте нәзік, күрделі және қиыл нәрсе - әрбір шәкірттің жолдасына жақсылық жасауына, қуаныш әкелуіне, осы жол – пәнінің творчествасында адамға деген қажеттілік – оқушының бір-біріне шынайы терең ықыласты жетелеу.
Бастауыш сыныптардың мұғалімі адамның жақсы және жаман мінез-құлқын баланың ажырата білуін күн сайын дерлік үйретіп отырады. Адамгершілік туралы түсініктер анықтама берілмесе де балаларда осылай біртіндеп қалыптасады. Балалардың істерінде адамгершілік ұғым көпшілік пайдасына, олардың қоғамдық мінез-құлқына қарап игеріледі, демек адамгершілік мінез- құлыққа дағдыланумен толықтырылып отырылады. Адамгершілік түсінік пен мінез-құлық бірлігі адамгершілікке тәрбиелеу тиімділігінің негізгі көрсеткіші. Адамгершілікке тәрбиелеудің жетістіктері, оқу-тәрбие жұмысының басқа да түрлері сияқты, көбінесе жүйелілігі мен анықталады. Мұғалім 1-сыныпта бәрінен бұрын қайырымдылық пен әділдік туралы түсінікті қалыптастыруға баса назар аударады. Қайырымдылықты адамдарға ілтипатпен, ниеттестік пен қарау деп әділдікті өзінің және басқалардың мінез-құлқы мен пікірінде объекті түрде адамгершілікпен баға беру деп түсіну керек. 2 сыныпта оқушылар алдында қайырымдылық пен әділдік, жолдастық пен достастық ұғымдарының шеңбері ұлғая түсіп, оның үстіне ұжымдық пен ортақ іске жеке басты жауапкершілігі туралы түсініктер қалыптасады. Төменгі сыныптарда адамгершілікке тәрбиелеу мазмұнындағы көзқарастардың кейбір қайшылықтарына қарамастан, бұл жұмыстың дәрежесі туралы әңгіме болып отырғанда олардың біртұтастығы мүлде айқындала түседі. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін орта мектепте оқып үйренген кезде, олардың адамгершілікке сенімі қалыптаса түсуі керек. Адамгершіліктің күрделі ұғымы мен категориясы бүкіл қоғамдық тарихи тәжірибені қайта өңдеуден және жете түсінуден шығуы ықтимал және ол жеке тәжірибеден алынған сияқты мораль туралы ғылымды игеру нәтижесі болып табылады.
Сондықтан адамгершілікке тәрбиелеу санасы қалыптасуына басшылық ету - демек, оқушыларды этикамен қаруландыру деген сөз. Бірақ, бұл ережелермен келісе отырып, адамгершілікке тәрбиелеу ұғымын қалыптастыру міндеті төменгі сыныптарда толық шешіле алмайды, өйткені балалар өздерінің білім дәрежесі жағынан да, өмір тәжірибесі жағынан да бұдан әзірленіп болмаған. Міне сондықтан да төменгі сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеп білім беру ең алдымен олардың адамгершілік тәрбие жағынан ұғымы болуын, адамгершілік тәрбиесін сезініп, бұл жөнінен тәжірибеде де болуын керек етеді. Адамгершілік тәрбиесі түсінігі туралы айта отырып, оқушылар адамгершілік тәрбиесінің негізгі нормаларымен өмірдің айналасындағы, әдебиетті айқын мысалдар арқылы және өмірден алынған өз тәжірибесіне сүйене отырып танысады, бірақ, бұл арада түсіну сезімінің дәрежесіне тән істі талдап қорытуға байланысты болады. Біз талдап өткен адамгершілікке тәрбиелеудің кемшіліктерін жою мектепбағдарламаларының мазмұнында ізі қаланған тәрбие берудің мүмкіндіктерін толық және тиімді іске асыруға жағдай жасайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет