Қазақ күресін ұлттық ойындармен байланыстыра үйрету жүйесі және ойынның адам ағзасына берер пайдасы



Дата17.06.2018
өлшемі26,65 Kb.
#42669
Қазақ күресін ұлттық ойындармен байланыстыра үйрету жүйесі және ойынның адам ағзасына берер пайдасы.

1.Қазақ күресін үйрету жүйесінде ұлттық ойындардың пайдасы.

Дене шынықтырумен спорт, біліммен тәрбие беру саласының бір тармағы болып табылады. Дене шынықтырумен спорттың түпкі мақсаты-шәкірттерді белсенді өмір сүруге, еңбек сүйгіштікке, адамгершілікке, ерік-жігерін еркін билеуге, батылдыққа, тұрақты шешім қабылдауына тәрбиелеу. Осы спорт саласында ұлттық ойындардың алатын орны ерекше маңызды.

Халықтардың ұлттық ойындары алуан түрлі, сан қырлы, мазмұны бай, адам баласының сәбилік шағынан бастап, бүкіл өмірін тұтас қамтуға негізделіп жасалған. Бұл мемлекеттік тәрбие беру мекемелері мен халық жасаған, барлық мәдени іс- әрекеттерді өз бойына жинақтап, халыққа білім және тәрбие беру мәселесін шешудің құралы қызметін атқарады. Өйткені ұлт ойындары балалардың жас ерекшеліктеріне орайластырып жасалған. Баланың сәби шағынан бастап ер жетіп, азамат санатына қосылғанға дейінгі өмірін қамтып қана қоймайды, адамның бүкіл өмір бойғы жан серігіне айналады.

Ұлттық ойындар балалардың күнбе-күнгі өмір ағысында, өздерін қоршаған ортаға еліктеу нәтижесінде, қиялынан туған ойындардан өзгеше. Ұлттық ойындар ғасырлар түпкірінен бастау алып, әбден екшеленіп бізге жеткендері. Ол талай ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, ұлттық тұрғыда жақсысы мен жаманын бірдей терең сезініп, қабылдауға үйретеді. Ұлттық қатынасқа, өзімен бірге ойнаушымен тіл табыса білуге тәрбиелейді.

Атап айтқанда осы күні спорттан өткізілетін әлемдік чемпионаттар, олимпиадалық ойындар, футболдан, Еуропа және Әлем біріншіліктеріне іріктелініп алынып өткізілетін ойын түрлерінің барлығының негізі ұлттық ойын екені белгілі. Сонымен бірге сол әлем біріншіліктері мен олимпиадалық ойындардың жеке түрлерінің бәрінің де шыққан тегі, жеке ұлттардың әлемдік өркениетке қосқан үлесі ретінде қарастырылады.

Ұлттық ойындар ұлтқа тән қасиеттерді ғана тәрбиелеп қоймайды, ол білім алушыларды өз ұлтына, өз халқына деген ілтипатқа, оның ғасырлар бойы жасаған рухани, мәдени, тарихи, әдет-ғұрып, салт-санасын, дәстүрін қадірлеуге, оны мақтан тұтып, тілін, дінін, дәстүрін құрметтеуге үйренеді.

Қазақтың ұлттық ойындарының бірі асық ойындары. Көпшіліп жұрт ол бала ойыны, олардың еріккенде ойнайтын ермегі деп біледі. Алдымен бұл материалдық шындық өмірмен астасып жатыр, екіншіден, мұнда жарыс, тартыс және ұту-ұтылу бар. Ал, бәсеке мен жарыс бар жерде ойлау мен амал-айла қатар жүреді. Үшіншіден, ойын дене мен ақыл ойдың бірдей жатықтырушысы. Төртіншіден, адамның қимыл-қозғалысын, жүріс-тұрысын реттейді. Адамның сымбатты болып өсуіне де әсер етеді. Мысалы, асықты қалай болса солай лақтыруға болмайды. Тігілген асықты ату үшін, белгілі-бір қалыпта аяқты бір-бірінен ілгері-кейінді алшақтау ұстап, еңкейіңкіреп дәлдеп атады. Асық ойнаған баланың балтыры, саны, қолының қарын еттері, тіпті тұла бойының бұлшық еттерінің бәрі бірдей жетіліп ширай түседі. Әсіресе, қолдың бұлшық еттерінің жетілгендігі сонша әбден шынығады.

Бүгінде білім беру мекемелерінде ұлттық ойындарды дене шынықтыру пәнінде пайдалану, ұлттық дәстүрлерді жастардың санасына дене тәрбиесі арқылы сіңірумен бірге, халықтың ғасырлар бойы тірнектеп жинаған рухани байлығын бүгінгі заман талабына сай іске қосудың тиімді бір жолы және ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мен олардың үндестігін сақтаудың тәсілі.

Ұлттық ойындар адамның денесін шынықтырып, ақыл-ойын жаттықтырып, адамгершілік қасеттерін шыңдап жетілдіруге арналған әлеуметтік тәрбие құралы болып табылады.Халықтың тіршілік әрекеті әр қырынан көрініс бере отырып, адамды сол ортаның қоғамдық өміріне ойын арқылы еліттіре отыра, күштеусіз баулиды.

Ойынның ең басты қызметі – денені шынықтырып сауықтыру. Ойын балалардың ағзаларын жетілдіруге, ересектердің күш қуатын ептілігін арттыруға, адам ағзасының тіршілік күшінің неғұрлым ұзақ сақталуына игі ықпалын тигізеді. Ол тұлғаның жеке ерекшелігін тіршілік ортасына сәйкес қозғалыс дағдыларын қалыптастырады. Қозғалыс дегеніміз – тіршілік.Грек ойшылы Аристотельдің «жанды дене қозғалмаса өледі» деген қағидасы әлі күнге өз мәнін жойған жоқ.Яғни ойын осы тіршілікке баулудың өзіндік бір сатысы болып табылады. [2]

Ұлттық ойынды орынды пайдалана білген жағдайда, басқа да дидактикалық құралдармен ұштастыра отырып білім алушыларды ілгері ұмтылуға, алдына мақсат қойып соған жету үшін күресуге, жеңіске жетуге, алған бетінен қайтпауға, табандылыққа, төзімділікке, қайырымдылыққаөзіне-өзінің сенімділігіне, өзін қоршаған ортамен санаса білуге, ұжымды сыйлай білуге үйретеді. Ұлттық ойынның негізінде бәсеке жатыр, ал жарыстың негізгі шарты жеңіске жету. Сондықтан ойын білім алушылардың ерік-қайратын шыңдап, жеңіске жету үшін еңбектене білуге, ол үшін өзін-өзі меңгере білуге, мұқияттылыққа, ізгілікке, құштарлыққа, өзін жақсы сезінуге, денсаулығының мықты болуы үшін күреске үйретеді. Осындай қағидалар арқылы жастарды өзіне баурап, халықтың ғасырлыр бойы өз бойына жинаған күш қуатын ұрпақ бойына сіңіруге, оның салауаттыөмір сүріп, келер ұрпаққа жеткізуі үшін ұлттық ойындарды топпен, командамен және эстафета ретінде жеткізіп отыратынын көреміз.

2.Қазақ күресін ұлттық ойындармен байланыстыра отыра үйрету.

Қандай да бір үйрету жүйесінің түрі болмасын бастыпқы дайындық, негізгі, қортынды болып үш бөлімге бөлінеді. Яғни қазақ күресін үйрету жүйесінде ұлттық ойындармен эстафеталарды өткізу арқылы мынадай ойындар ұштастырып үйретуге болады. Мысалы бастыпқы дайындық бөліміне, денені қыздырып алатындай жеңіл қимыл қозғалысты қажет ететін ойындарды қолданған жөн. Күнделікті дене жаттығуларын алмастыру үшін, қимыл ойындарды пайдаланып денені сергітіп, қан айналымын келесі күрделілеу жұмысқа дайындау үшін мынадай ойынды пайдаланса болады. Мысалы: Жаяу көкпар, ала күшік, т.с.с.



Алакүшік ойыны [4]

Ойынның ағзаға пайдасы:Бұл ойынның берер пайдасы денені тез қыздырады, тыныс алу жолдарын ашады, жылдамдықты, ептілікті,тез шешім қабылдауды арттырады. Ойынды ойнау барысында адамның аяқ, қол, дене бұлшық еттерінің жиырылу жүйесіне пайдалы және тиімді. Сонымен қатар осы ойын білім алушыларға жақсы көңіл күй сыйлайды. Алайда білім алушылар негізгі бөлімдегі күрес үйренумен қатар, күрделі ойындарды атқаруына дене куаты дайын болады.

Алакүшік — бұл ежелгі халық ойындарының бірі. Ойынды көбінесе жазық алаңда немесе спортзалдаойнауға болады. Ойынға жиналғандар топтасып тұрады да, араларынан біреуін «алакүшік» етіп белгілейді. Олар «Алакүшіктің» назарын өзіне аударуға тырысады. Ал «Алакүшік» ойнаушылардың біреуін қуып жетіп қолмен түртуі тиіс. Қолмен түрткен ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.

Бұл ойынды шыныққан жаттығушыларға әр-түрлі тәсілдермен күрделендіруге болады. Мысалы, «алакүшік» қолына спорттық кез келген допты алып екі қолмен ұстап,ойнаушылардың біреуін қуып жетіп қолындағы доппен түртуі тиіс. Доппен түртілген ойыншы «Алакүшік» болады да, бұрынғы «Алакүшік» болған ойыншы, енді ойыншылардың қатарына қосылады. Ойын осылай жалғаса береді.

Егер жаттығушылар саны 20 адамнан көп болса екі топқа бөліп өткізген дұрыс болады. Ойынға 15-20 минуттай уақыт бөлсе жетіп жатыр. Бір топтың ойыны 3-5 минутқа созылуы мүмкін. Ойын арасындағы үзіліс 2-3 минутты құрауы керек. Үзіліс кезіндегі жаттығушылар тыныс алу, керілу, созылу, иілу жаттығуларын орындайды.

Ал енді сабақтың негізгі бөліменде күрес элементтеріне жақын, яғни ағзаның базалық мүшелеріне түсетін жүктемемен байланысты ойындарды қолданса болады. Жаттығушы шыныққанда алдымен базалық бұлшық еттерін дамытуы қажет. Осындай жақсы ойындардың пайдасымен денені жан-жақты дамытып алып, соңынан әр жаттығушы өзінің ыңғайы бар әдістермен жұмыс істеуі жақсы нәтиже береді. Сабақ соңында әр шәкірт, өз салмақ дәрежесіндегі әріптесімен оқу жаттығу күресімен күресуге де болады. Мысалы мынадай ойын түрлерін қолдануға болады:Салт аттылар, кілемдегі регби, жалғыз түрде жаралыларға жәрдем беру. т.с.с.

Салт аттылар[1]

Ойынның ағзаға пайдасы:Бұл ойын тепе-теңдікті сақтау мен ауырлық күшін жеңу дағдысын жетілдіруге, аяқ, бел, қол бұлшық еттерінің дамуына ықпал етеді. Содан соң ұйымшылдыққа және бір мәселені бірігіп топтасып шешуге және бауырмалдыққа тәрбиелейді.

Ереже бойынша әр жұп бірінің бірі мойнына мінеді де «салт аттылар» тобын құрайды. Себебі күш сынасатын аттылардың астыңғысы «аттар»да, мойнында отырғандар «аттылар» болып саналады. Енді ойын басқарушының берген белгісімен ойын басталады. Ортаға екі командадан бір-бір «салт атты» ортаға шығады. Ойын шарты бойынша «аттылар» бір-бірін аттан түсіріп тастау керек. Құлағандар жеңілгендер болып саналады. Сосын палуандар орын алмастырады. Ойын жұптар мен командалар арасында өткізіледі.Ойынды 3-5 мәрте немесе 20-30 минуттай ойнауға болады.



Кілемдегі регби [3]

Ойынның ағзаға пайдасы:Бұл ойын біріншіден жылдамдық пен күшті, ептілікті қалыптастыруға игі ықпал етеді. Екіншіден аяқ, қол, бел, мойын, іш бұлшық еттерін шынықтырады. Үшіншіден қысылтаяңда жылдам шешім қабылдауға көмектеседі.

Палуандар екі командаға бөлінеді. Кілемнің қарама-қарсы бұрыштарында 200 диаметрілік шеңбер белгіленеді. Ойын тізерлеп отырған күйі өтеді. Тығыздалған допты бір-біріне бере отырып, әрбір команда қарсыластары жақтағы шеңберге доп салуға ұмтылады. Жарыс ережесіне сәйкес, допты беру мен тартып алу кезінде барлық іс-әрекет қолданылады. Аяққа тұрып, допты шеңберге лақтыруға және жоғары лақтырып өз тобының адамына беруге болмайды. Ойын шеңберге ең көп доп салғанша жалғасады. Уақытпен 30 минуттай ойнауға болады.



Жалғыз түрде жаралыларға жәрдем беру [5]

Ойынның ағзаға пайдасы: Аяқ, бел, қол бұлшық еттерінің күш қуатының дамуына септігін тигізеді. Сонымен қатар төзімділікті, жылдамдықты, қайраттылықты арттырады.

Ойнаушылар саны 12 мен 40 шамасында болады. Ойнаушылар екі топқа бөлініп, екі жаққа топтасады. Бұлардың арасы 10 мен 15 метр шамасында болса болғаны. Өлшеген жердің екі жағында көлденеңдетіп түзу қылып сызып қою керек. Ойнаушылар әрқайсысы әр сызықтарының шегінен шықпай бірінің артында бірі тұруы қажет. Сонан соң ең алдағы балалар өзінің артында тұрған баланы жаралы адамға ұқсатып арқалап немесе көтеріп, қарсысындағы сызыққа апарады. Көтеріп апарған адам сонда қалады да, әлгі жаралы болып барған адам жүгіріп келіп өзінің тобындағы алда тұрған адамды арқалап, қарсысындағы сызыққа апарып өзі сонда қалады. Сонымен екі жақтағы ойнаушылар бірін-бірі бір жақтан екінші жаққа тасып болады. Қайсы топ бұрын тасып болса, сол топ ойында ұтқан болады. Ойынды 3-5 мәрте немесе 10-15 минуттай ойнауға болады.

Күрес элементтері осы ойындармен ұштасып жатыр, сондықтан да таңдалған ойын түрлерінің күрес үйренуге берер пайдасы көп. Ойын жеңімпазды анықтайтын жарыс. Сондықтан да ойын ережелерінің сақталуына көңіл бөліп, мүмкіндігінше тәртіптің бұзылуына жол бермеу қажет. Жаттықтырушы ойыншылардың өз міндеттерін жақсы атқаруы үшін, ойынның қыр-сырын жақсылап түсіндіргені дұрыс. Ойынның жақсы өтуі ойыншылардың ептілігімен іс-әрекетінің шапшаңдығына тікелей байланысты. Әр топтың өз жетекшісі болғаны дұры. Кейде ынталандыру үшін алдыңғы ойында өзін жақсы көрсете білген ойыншыны немесе тәрбиелік мақсат үшін сынаққа ықылассыз қатысқан ойыншыны жетекші ретінде тағайындауға болады. Ойынның тартымды өтуі оның ұйымдастырылу шеберлігіне тікелей байланысты. Ойын кезінде қабілетті ойыншылармен деңгейі төмен ойыншылар тең іріктеліп алынуы тиіс. Теңдік талабы сақталмаса ойыннның қызығы төмендеп мәні жоғалады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Б.Төтенаев. Қазақтың ұлттық ойындары.Алматы:Қайнар,1994.

2. Б.Төтенай. Дене тәрбиесі. Кәсіптік білім. Астана, 2012.

3.Е.Мұхиддинов. Қазақ күресі.Алматы: Мектеп,2012.

4. Е .Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. «Рауан» баспасы,1991.

5.Н.Мамиев., А.Асарбаев. Дене тәрбиесі жүйесіндегі ұлттық ойындар. Қостанай, 2003.



6. Сөздік. Дене тәрбиесі және спорт. «Рауан» баспасы.Алматы, 2000
Каталог: uploads -> doc -> 07de
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
07de -> «Солдатово орта мектебі» кмм XXI ғасыр көшбасшысы
07de -> Сабақ Тақырыбы: «Электромагниттiк толқындар энергиясы. Электромагниттiк толқындардың қасиеттерi»


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет