«Қазақ мұнайының а р дақтылары»



бет31/47
Дата05.11.2016
өлшемі53,32 Mb.
#423
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47
БІЛІКТІ БАСШЫ БОЛДЫ
Қазақтың айтулы ақыны Қадыр Мырза-Әли: «Өткен өмір – өшкен от, мен сол өшкен отты көсеп отырған жан сияқтымын» деген екен. Ендеше, Шахмардан Есенов оттың жанып тұрған кезінде де, өше баста- ған уақытында да оны ары қарай маздатуға тырысқан азамат десек артық болмас. Бұған Шахмарданның он бір жыл бойы ұстазы Қаныш Сәтбаевтың ісін жалғастырып, геолог ретінде, барлау экспедициясының инженері, бастығы, Ғылым Академиясының президенті, Геология және жер қойнауын қорғау министрлігін басқарған кездері дәлел бола алады.

Мемлекет басқару ісінде, айталық, Жоғарғы Кеңес төрағасы кезде- рінде депутаттармен жақсы түсіністікте, қарым-қатынаста болғаны, олардың қойған мәселелерін шешуге көмектескені, мәжілістерді екі тілде жинақты өткізуі, кейде әр салаға байланысты тосыннан қойылған сұрақтарға тосылып қалмай, дәл, нақты жауап беретіндігі, сайланған округіне жиі-жиі барып есеп беріп тұрғаны сол кездегі көптеген депутаттарға үлгі болғаны рас.

210 Шахмардан Есенов
Қазақ айтады ғой: «Адамның қасиеті өзінде емес – сөзінде» деп. Шахаң ісімен де, сөзімен де өзіне абырой жинаған адам.

Ақиқат болған, ел білетін бір оқиға туралы айтайын. 1965 жылы Мәскеуде пленум өтетін болып, бар басшы соған кетіп бара жатты. Соның алдында ғана Ілияс Омаров Мемлекеттік Жоспарлау комитеті басшылығына тағайындалып, орнына Ләйла Ғалымжанова Мәдениет министрі болған-ды. Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы Бей- себаев Мәсімхан пленумға кететін болып, орынбасары Шахмардан- ды шақырып алып: «министрлікте уақытша мәдениетке бағыт-бағдар беріп отыратын адам болмай тұр... сондықтан, өндіріспен қоса осы міндетті де уақытша ала жүруіңе тура келеді... салалық министрлік бас- шыларына тапсырма бер, мәдениет саласын көтеруді ойластырсын... жоспар жасаңдар...» деп тапсырма береді. Дереу Есенов мәдениет бөлімдегілермен ақылдаса отырып, жоспар жасап, барлық салалық министрлерге хат жолдайды. Бәрінен де «мәдениетке бөлінетін қаражат жоқ» деген жауап алады. Содан Есенов министрлердің бәрін шақырып жиын өткізіп: «мәдениет деген Сіздер ойлағандай алтын мен күміс, мұнай мен темір, көмір... емес. Мәдениет халықтың дәстүрі, салты, әдет-ғұрыпы. Көмірің қара, алтының сары екен деп бізді ешкім танып, қадірлемейді, бізді басқаларға танытатын мәдениетіміз бен өнеріміз... Оны дамытып, келер күнге жалғап отыратын мәдениет ошақтары, клубтар, мәдениет сарайла- ры, кітапханалар, театрлар бізде әлі де жетіспейді. Сондықтан мәдениетке сіздер мен біздердің қамқорлығымыз керек. Құрметті жолдастар, турасын айтсам, бүгінгі министрдің орынбасары Есенов те, Мәдениет министрі Ғалымжанова да, сіздер де ертең-ақ бұл өмірден өтеміз де кетеміз. Ал мәдениет, өнер – мәңгілік! Ол халықтың айнасы, беті...» деп, арғы-бергі тарихты қозғай тұрып, қамқорлықтың, нақтылы шаралардың қажеттігін айтады. Не керек, жиын соңында әрбір министрлік бір-бір мәдени орын- дарын салатын болып, келісімін беріп тарасады. Замандастар арасында осы оқиғаны көпке дейін айтып, Шахаңның беттілігіне, білгіштігіне, шешендігіне мақтанып жүрдік. Негізі, Шахаңның сыртқы тұлғасы нағыз баяғының Батырларындай болса, ішкі жан-дүниесі де сондай болатын. Сөзін, берген уәдесін өлтірмейтін, қасиетін көрсетіп жүретін. Талай- талай үлкен жиындарда өндіріс пен ғылымда кетіп жатқан кемшіліктерді батыл сынады, шындықты айтты. Өмірінің соңғы жылдарында қызметтен төмендеп, лайықты құрметін ала алмады. Шындықты, әділдікті айтамын деп күйіп кетті-ау деп ойлаймыз.

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

211


КСРО Жоғарғы Кеңес төрағасының орынбасары болды, яғни Одақ көлемінде де мемлекет басқару ісіне ат салысты.

Өткен ғасырдың алпысыншы жылдардың аяқ кезінде ҚазКСР Ми- нистрлер Кеңесі Төрағасының орынбасарлары болып Ш. Есенов, М. Ықсановтар жұмыс атқарды. Олардың бірі ірі өнеркәсіпті дамытып, кен қазбаларын молайтса, екіншісі мелиорация саласын өркендетті, ал, үшінші тұлға-министр Б. Пәрімбетов құрылыс кешендерін жобалау, салу және олардың сапаларын арттырумен шұғылданды. Бұл аттары аталған үш азамат: палуан денелі, бойлары сұңғақ, ойлары терең, өз істеріне қалтқысыз берілген жандар еді. Шындығында, бұл «үш дос»,

«үш алып» деп замандастары атап кеткен азаматтар ел экономика- сын көтеруде жұмыстағы түсіністік пен достықтары берік, еңбектері қомақты да нәтижелі болды.

Шахаңның отбасы үлгі аларлық жанұя. Жары Кәмиланы институт бітіргенше күтіп, қарт анасын өзі күтіп, уәдесінде тұрып, отау құрған. Кәмила да соны ақтады. Өз басым Кәмиланың әйелдік, аналық пара- сатына таң қаламын, риза боламын. Қуанышта да, реніште де Шахаңа нағыз жанашыр, дос, жолдас бола білді. Балаларын қандай тамаша етіп тәрбиеледі, жаман қылықтарын көрген де, естіген де емеспіз. Кәмиланың өзі мектепті де, институтты да өте жақсыға бітірген. Соған қарамастан, кейбіреулердей «жұмыс істеймін» деп шалқақтамай, Шахаңның басын қадір тұтып, анасы мен балаларына өмірін арнады. Әйелдік, аналық парызын бірінші орынға қойды. Қазір соның жемісін жеп, балалары мен немере, шөберелерінің қызығын көріп, «Есеновтер әулетінің» басы, басшысы болып отыр. Әйел-ана бақыты деген осы емес пе?!

Мінезге бай, асықпай сөйлеп, ойын бүкпесіз жеткізетін, киім киісі, жүріс-тұрысы сүйкімді жас Кәмиланы Димаш ағамыздың (Қонаев) зайыбы Зухра Шәріпқызы жақсы көріп, сыйлап жүрді. Бірде сол кісілердің дастархан басында бірге қонақта болдық, сонда Зухра жеңгеміз: «Кәмила менің қызым болады, сәл ғана күрең түсі болмаса, маған тартқан» деп, арқасынан қағып, қолаң шашын сипап, мейірлене айтқан сөзі құлағымда қалып қойған еді.

Қанша жыл өтсе де Кәмиланың сол сыпайы, сырбаз, сол қалпында. Шахаңмен 42 жыл отандасып, бірін-бірі «Батырым» деп өтті. Қызы Шәйзаға, ұлы Мақсұтбек пен Сұлтанға бас-көз болып, әкелерін жоқтатпай отыр. Өмір бір сарында тұра ма, тек осыдан төрт-бес жыл

212 Шахмардан Есенов
бұрын Ескендір деген баласы өмірден өтіп, қайғылы оқиға болды. Ақылды адам ғой, оны да сабырмен көтере білді.

Үлкен ұлдары Махсұтбек Шахаңның досы, көп жылдар абыройлы мемлекеттік қызметте істеген Ықсанов Мұстахымның қызы Гүлнарға үйленді. Құда-құдағилар бір-бірімен сый-сияпатта болды. Әсіресе, Кәмила құдағиы Сайда Шамсудинқызымен апалы-сіңілідей жарасып жүрді.

Қысқасы, қазақшалап айтқанда, Шахаң өмірге босқа келіп, босқа кеткен жоқ. Артында өлмейтін жақсы ісі мен өшпейтін сөзі қалды, ұрпақтары, жары қалды. Біз де өз парызымызды орындап, есте қалған әңгімемізді осылай айтуды жөн көрдік.
Сайын Назарбек, Қазақстан Жазушылар және Сәулетшілер одағының мүшесі
ШАХАҢДЫ ӘЛІ САҒЫНАМЫН
...Маңғыстау ояна бастады. Форт-Шевченко қаласында трест, Ералиевте әр түрлі басқармалар, Жетібай мен Өзенде геологиялық барлау экспедициялары, Ақтауда неше түрлі мекемелер, не керек, Маңғыстаудың ойы мен қырында, сайы мен саласында неше алуан өндіріс орындары пайда болып, өркендей бастады.

Сол мекемелерде жұмыс істеп, жақсы жалақы тауып, тұрмысты түзеуге болады екен деген, аңыздай әңгімелер ел арасына тез тарап кетті.

Өндірісті көтеріп, халық жағдайын жақсартамыз деген қазақ халқының небір марқасқа азаматтары осы өлкеге келе бастады. Солардың бірі Геология министрі Шахмардан Есенов еді.

...«Министр келеді екен!» деген хабар Қызылсайдағы жертөледе тұратын ауыл адамдарына тура «айдан адам келеді!» дегендей құдіретті естілді.

Мен ол кезде (1962 ж.) бар-жоғы жиырма бір жастамын, Өзен геологиялық барлау экспедициясының бастығы Үсенов Дүйсеннің жүргізушісімін, астымда «ГАЗ-69» деген машинам бар. Бір күні бастығым ертең министрді күтіп аласың деді. Кесе-кесе жолдармен машинаңды тулатпай, қия-қия жолдармен қатты кетпей, ақырын- ақырын, жайлап жүргіз деп, күнұзақ ақыл айтумен болды. Дүйсекеңнің ақыл айтуының жөні бар, Қызылсайдың маңында машинаға арнайы

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

213


салынған жол жоқ. Бұл далада әр шофер өзіне қалған жерінен жол салып жүре береді. Таңдау көп. Сондықтан да даланың беті әжім басқан кемпірдің бетіндей тарам-тарам, мондалақ шұбыртпасы түскен адам бетіндей айғыз-айғыз. Борпылдаған бос топырақ. Шамалы жел тұрса-ақ болды, аспан мен жердің арасында құм боран тұрып, дүниенің бәрі ақ тұманға айналады. Қолқа мен танауың шаңға толып, тұншығып, өлердей боласың.

Дүйсекең қатты уайымда болды. Өзінен де маза кетті, бізге де маза беруден қалды. Қайтсін, министрді күнде күтіп жатыр дейсіз бе?! Мүмкін, өмірінде «министрді» бірінші көрейін деп тұрғаны шығар. Өз үйінде және есімі жадымда қалмапты, министрді танитын бір танысы, не керек, екі үйде қонақты күтіп алуға жандары қалмай дайындалды.

Ауылдың батыс жағындағы тегістеу жерді беларус тракторымен күнұзақ түзетіп, ұзын, темір трубаға ала қалта байлатып, Дүйсекең Өзеннің «аэропортын» дайын етті. Күткен күн де келді, АН-2 самолетімен министр де ұшып келіп, қонды. Бастығым Дүйсекең елпелеңдеп, жүгіріп жүр. Біз де қобалжып тұрмыз, өйткені министрді көруіміз бірінші. Министр ұзын бойлы, батыр тұлғалы, аққұба өңді, көркем де нұрлы жүзді, қысқасы, «Министр» деген атына заты сай екен.

Министр дастарханға шақырған ұсынысты қабылдамай, буровой станоктарын (түркімендер бұны «бұрау құрылымдары» деп атайды екен) аралайық, көрейік деді. Бірінші бұрауға жол тарттық. Күн жел- кемдеу еді, оның үстіне қырсық қылғандай, тура артымыздан соғып тұрмасы бар ма. Машинаның қойнынан да, қонышынан да қуалай соққан майда тозаң ішін толтырып, демді тарылта бастады.

Менің қатарымда, алдында отырған министр алғаш тіл қатты:

Атың кім?

Сайын.

Машина айдау білесің бе?

Білемін.

Онда неге айдамайсың.

Айдап келемін ғой. Сақтанған түрім... Министр маған қарап күлді де:

Сайынжан, аударылып өлеміз деп қорқып отырғанда, тұншығып өлетін болдық қой. Айда машинаңды! деді. Бұл маған еркіндік берді. Мен шамам келгенше шаң мен желді «алдап», кейде бұрыла қашып, машинаны зуылдата бастадым.

214 Шахмардан Есенов
Біраздан кейін тіптен батылданып алдым, сосын министр мен бастығыма ақыл айтуға көштім: «әуелі ық жақтағы, өзеннің ойындағы бұрау құрылымына соғып, одан әрі ылғи желге қарсы жүріп, шығыс жақтағы №22-ші станокқа соғайық» дедім. Екеуі де маған жалт қарап, «дұрыс» деді. Екеуінде де түрден түр жоқ, шаңға бөккен. Тап- таза, мұнтаздай боп келген министрді Маңғыстаудың асау желі мен шаңы бір сәтте-ақ ұйпа-тұпасын шығарды. Қарасам күлкім келеді, жастықтың жыны ғой. Осылай станоктардың біразын араладық... Өлдім, талдым дегенде Қызылсайға да жеттік-ау!

Көп әңгіме қозғалды. Елдің әлі жертөледе отырғанына министрдің көңілі құлазып қалды. Үйлер салу керек, бел ағаштар таппасаңдар трубаларды қойып, үйдің еңсесін биіктеу етіңдер деді.

Қайтарда себебі есімде жоқ, әйтеуір, мен шығарып сала алмадым... Міне, мен сол жолы алғаш рет министр дегенді, министр тағына отырған адамды көріп едім. Сол күннен бастап «министр» деген сөз ести қалсам болды, есіме, көз алдыма алып тұлғалы, жүзінен нұры төгілген Шахмардан Есенов келе қалады. Сосын, қайсібір министрді көрсем де Шахаңмен салыстырам да, көңілім толмай, ойым ортайып, құлазып қаламын. Мұндай сезім талай болды. Бәрі де Шахаңа жете алмайтындай... бәрі де нағыз министр бола алмайтындай сезім билейді. Таным мен талғамы таудай, азаматтығы асқақ сол Шахаңды

сағынатыным рас! Әлі сағынамын!

Бірақ тағдыр мені екі жылдан кейін бір көруге жазды. Ол кезде мен студентпін, Қазақ политехникалық институтының екінші курсында оқимын. Абай атындағы опера және балет театрының алдында бір досымды күтіп, әрлі-берлі ұзақтау жүріп қалдым. Қасымнан өтіп бара жатқан екі кісінің сөзіне еріксіз құлақ түрдім. Бірі:

Анау тұрған Шахмардан Есенов емес пе?

Дәл өзі, кімді күтіп тұр екен?

Шахаңды осынша күттіріп қойған адам да осал болмас?!

Екі адамның бұл әңгімесі менің баяғы Өзенде алғаш министрді көргенім, оны Маңғыстаудың шаңына бөктірген кезім ойыма оралды. Еріксіз жымидым. Бірақ, «Аға, мені танисыз ба?» деп баруға батылым жетпей, қасынан ары-бері жүріп, көз қиығыммен қарап қойдым. Әлі өкінемін, сәлемдесуге болушы еді ғой. Қазақтың салтында бар емес пе, танысын-танымасын жасы үлкен адамға кез-келгеннің сәлем беретіні...

Адамның қасиеті өзінде емес сөзінде!

Каталог: uploads -> files
files -> Гүлсім Оразалықызы оржановтар әулеті қазақ МҰнайының ардақтылары «Қазақ мұнайының ардақтылары»
files -> Гүлсім Оразалықызы Нұртас Оңдасынов туралы естеліктер
files -> Шахмардан есенов
files -> Конкурса научных работ среди школьников «turan-junior-2016» Секция «Физика, техника, науки о земле и космосе»
files -> Ізтілеуова салтанат далбайқызы
files -> Махамбет қай жылы туғАН? Тұрлыбай Бақыт Серікқызы
files -> ҚазақТЫҢ хас батыры -аттила (еділ батыр)
files -> Формы и методы подготовки учащихся к итоговой аттестации по обществознанию


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   47




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет