Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны- ұлы Абай атамыздың жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері күллі әдебиет тарихында бұрын-соңды болмаған соны құбылыс



Дата08.02.2022
өлшемі28,15 Kb.
#98491
Байланысты:
конкурсқа Қалия эссе
1сабақ

Қазақ поэзиясының кемеңгер ақыны- ұлы Абай атамыздың жақұт жырлары мен ғибратқа толы қара сөздері – күллі әдебиет тарихында бұрын-соңды болмаған соны құбылыс. Ақын өлеңдерінің қай-қайсысын алып қарасақ та, олардың барлығы адам баласын ойландырмай қоймайтын өсиет-өнеге толы. Сондықтан да Абай өлеңдерінде тәрбиелік арналар аса мол деп сеніммен айта аламыз. 
Әсіресе, ақын шығармашылығындағы қоғамдық, әлеуметтік, саяси тақырыпқа жазылған бірқатар өлеңдерден барша халықты адамдық асыл қасиеттерге үндейтін ізгілікті ойларды көптеп кездестіреміз. Оған алдымен, ақын ұраны іспеттес «Ғылым таппай мақтанба!» өлеңі дәлел. Ондағы:
«Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге» ,- деген жолдардың өзінде қаншама тәлім-тәрбие жатыр?! Абай атамыз адам болам дегендерді өсек, өтірік, мақтаншақтық, еріншектік, мал шашпақ тәрізді қасиеттерден аулақ болуға шақырса, талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым сынды бес қасиетті бойға сіңіруге үндейді. Сонымен қатар, «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» шығармасында да ақын ер-азаматтарға «кімді сүйсең де, шын көңілмен сүй, талапты болып, әр түрлі өнер, жақсы қылықты бойға сіңір, бір-біріңмен тату бол, біреуді сыртынан ғайбаттама» деп ақыл айтады. Ойшыл ақынның берер өнегесі мүнымен тоқтап қалмайды. «Әуелде бір суық мұз- ақыл зерек» өлеңінде:
«Тоқтаулылық, қалыпты шыдамдылық,
Бұл қайраттан шығады білсең керек.
Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста
Сонда толық боласың елден ерек» ,-деп, өзгелерден жоғары тұру үшін ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстау керектігін ескертеді. Расымен де, осы үш қасиетті бойына тоғыстыра білгендер кез-келген қиындыққа тайсалмай төтеп берері анық. Осылайша, ақын әрбір адам бойынан табылуы тиіс рухани құндылықтарды тізбектей келе, гуманизм идеясын асқақтата түседі.
Сонымен, Абай өлеңдерін талдай келе, онда тәрбиелік арналардың қайнар көзі жатқандығына көз жеткіземіз. Ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі. «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, таңырқа!» демекші, өмірге азық боларлық асыл ойлардың Абай жырларында тұнып тұрғаны баршаға мәлім.

Тәрбие - адамның адамдық бейнесін, жағымды мінез-құлық қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Көркем шығарма, оның ішінде поэзия жанры – тәрбиенің мықты құралы. «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы» деп өлмес мұра қалдырған Абай өлеңдерінің негізгі идеясы - адам тәрбиесі. Осы ретте Абай өлеңдерінің тәрбиелік арналарына тоқталайық.


Абайдың тәлім- тәрбиеге қатысты ойларының бір арнасы – «толық адам» болу философиясы. Ол өзінің ұрпағына өсиет ретінде жазылған «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде:
«Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек бекер мал шашпақ,
Бес дұшпанын білсеңіз,
Талап еңбек терең ой,
Қанағат, рахым ойлап қой,
Бес асыл іс көнсеңіз»- деп адамның адамгершілікке жатпайтын жат қылықтардан бойын аулақ ұстап, адам болу үшін бес нәрсеге асық болу керектігін айтады. Сол секілді «Малға достың мұңы жоқ малдан басқа» өлеңінде: «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» -деп нағыз азамат болудың «формуласын» айқындап береді. Бұл айтылған дүниелер-адамның адамгершілігін танытатын қасиеттер. Демек ақылы толықсыған, мейірімділік пен қарапайымдылықты ту еткен, қажыр-қайраты мықты адам-қай заманының болмасын басты «геройы» болмақ.
Абай өлеңдерінің тәрбиелік бағытының бірі, әрі бірегейі–өзіңді-өзің тәрбиелеу, яғни «әрбір жан өзіне үңілсін, өзін дамытсын!» деген ұран тастайды. «Ойға түстім толғандым» өлеңінде:
«Бойдағы мінді санасам,
Тау тасынан аз емес,
Жүрегімді байқасам,
Инедейін таза емес»- деген жолдарында өзінің мінсіз еместігін, өзіне көңілі толмайтындығыны жеткізе отырып оқырманға «Кеудемсоқ болма, өзіңді бақыла!» деген нұсқама беріп тұр. Абайдың өзіңді-өзің тәрбиелеуге үндей отырып жазған «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» өлеңінде:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап» - дей отырып бос мақтансүйгіштікке бой алдырмай, өзіңнің бойыңдағы еңбек пен ақылды дамытып соған сүйену керектігін дәріптейді. Яғни бойдағы жаман әдетіңнен жерініп, жақсы қасиеттерге ұмтылуға үндейді.
Абай өлеңдерін оқыған жан эстетикалық тәрбиеге қалай бойлағанын байқамай қалады. Яғни сұлулыққа сүйсіну, өнерді түйсіну өлеңдерінде керемет көрініс тапқан. Бір ғана «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңінде:
«Дүние ойдан шығады,
Өзімді өзім ұмытып,» -деген жолдарымен ән құдіреті еріксіз бойыңды билейтінін сипаттаса, «Желсіз түнде жарық ай» өлеңінде:
«Қалың ағаш жапырағы,
Сыбдырласып өзді-өзі,
Көрінбей жердің топырағы,
Құлпырған жасыл жер жүзі»-деген жолдарымен табиғаттың ғажабына сүйсінуге баулиды. «Ғашықтың тілі тілсіз, көзбен көр де, ішпен біл» деген жолдарында шынайы сезімді сөз етеді. Демек адам бойындағы сұлулыққа құштарлық, табиғатқа деген сүйіспеншілік, әдемілікті көре білу сынды қасиеттерді дамытады.
Қорытындылай келе, Абай өлеңдері оқырман үшін үлкен тәрбие мектебі. Оны оқи отырып адамгершілік мінберіне көтерілесің, өзіңді-өзің тәрбиелейсің, әдемілік әлеміне шомасың. Абай өлеңдерінен тәлім алу, оны ұғынып бойына сіңіру – бүгінгі ұрпақ алдындағы міндет.Сол үшін «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе!»-деген сөз әрбіріміздің ұстанымымыз болу керек.(391 сөз)
Елбасымыз Н. Назарбаев халыққа жолдауында: «Біз қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете береміз»,- деді. Бұл аталы сөздің терең мәніне үңілсек, ұлылар үлгісі арқылы жас ұрпақты тәрбиелеп, Егемен еліміздің ілгері дамыту мәселесі де алдыға шығатыны сөзсіз. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл - нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс болғандығына қуаныштымын.
Бүгінгі қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру. Адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, олардың орнын ешқандай терең білім толтыра алмайтынын өмірдің өзі дәлелдеуде. Балалар мен жастар тәрбиесінің болашағы – оларды адамгершілік – рухани жағынан нағыз адам етіп қалыптастыру керек. Сонда ғана нағыз толыққанды тұлғаға айналады.Тәрбиедегі басты мәселе – балалардың тұлға аралық қатынасын дәріптеу, өз құрбы – құрдастарымен, отбасы мүшелерімен қарым – қатынасын жасай білу, ол үшін өзге адамдарды түсінуі, қабылдауы, әр адамның даралық ерекшелігін жасына, ұлтына қарамастан саналы түсіне білуі, өзіне сын көзбен қарап, өзінің көңіл – күйін, атқарған іс - әрекетінің есебін түсініп, істеген ісінің нәтижесіне өзіндік баға бере алғанда оның болашағы биікте болары сөзсіз.Бүгінгі бала тек мұғалім берген білімді игеріп қана қоймай, оны әрі қарай өзінің белсенді, нысаналы, зерделі , дарындылық іс - әрекетімен сабақтастыра білгенде болашағы кемел болары сөзсіз.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасының болашағы қоғамның идеялық бірлігінде» деген еңбегінде «Біз құрып жатқан қоғамның ең жоғарғы құндылығы – адам, бүкіл өзгерістердің бәрі сол үшін, соның игілігі үшін жасалып жатыр» деп атап көрсетілген.
Рухани – адамгершілік тәрбиесіндегі басты нысана – баланы құрметтеу, оның рух иесі, бойында жаратқанның ұлы қуаты бар – тіршілік иесі екенін және дүние, әлемнің біртұтастығын саналы түсініп, оған бой ұсынса оның болашағы биік болары даусыз.Балаға қоғамда ұлттық тәрбие беру керек. Олай дейтініміз ұлттық құндылық адамды тәрбиелеудегі ең негізгі құрал болып саналады.Сондықтанда болар бабаларымыз: Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле, - сонда ғана оның болашағы биік деген.
Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік жалғасуда. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие.Тәрбие дегеніміз – аға буынның кейінгі ұрпаққа мирас етіп табыстар озық тәжірибесі, үлгі - өнегесі, әдет – ғұрып, рухани байлығы болса, халық педагогикасы – қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға қалдырған өлмес мұра.
Қоғамымыздағы кездесетін кейбір келеңсіз жағдайларға: тілден, діннен, арбау мен алдау, кісі өлтіру мен ұрлық, әділетсіздік пен қайырымсыздық, нашақорлық атаулыға тосқауыл болатын жол табу қажеттігі туындайды. Оның тиімді жолы – халық педагогикасына сүйенген ұлттық тәрбиенің болашағы зор.
Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ тәрбиесі – қай кезде де халықтың мәселе болған.Бүгінде, мектеп оқушыларының түрлі тәртіпсіздікке жол бермеуде, үлкен мен кішінің жарасты сыйластығын қалыптастыруда, ағайын – туыстардың ауызбіршілігін орнықтыруда әкелердің ықпалы ыдырап, үлкендердің тыйым салмауы олардың тәрбиесіне балта шабуда.Өзімнің сараптауым бойынша, бұрындары әкелер ұлдарын қастарына ертіп ел аралайды екен.Онда барған үйлерінің ылғи көрегенді шаңырақ, ақылгөйі бар ақылдарды көрсетеді екен. Мұндағы негізгі мәселе: балаға өзге шаңырықтағы ұлағатты істерді көрсету болған екен. Ал, қазір ше?!Әкелер емес...Шешелер сөйлейтін заман болды.Халқымыздың болашағы – ұрпақ тәрбиесінде екендігін кейбір шешелер біле ме екен?!Тәрбие жетілген сайын, халық соғұрлым бақытты болатындығын адамзат тарихи дәлелдеген.«Тәрбие – халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәрбиесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез – құлқын қалыптастыру», - делінген тәлім – тәрбие тұжырымдамасында.Тәрбиенің ең маңызды түрінің бірі – ең алдымен өз халқын, өз Отаннын сүюден басталуы да ерекше.
Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді.Балалар біздің болашағымыз. Ертеңіміз, болашағымыз өсіп келуде. Бізден жаңа қоғам ғана жасалып келе жатқан жоқ, жаңа адамда жасалып келеді. Ұстаз шәкіртін түсіне білу керек.Сену керек. Дос болу керек. Ұстаз болу – қиын, бірақ ардақты іс – шәкірт пен ұстаз арасында достық сезімнің берік болуы қажет. Бала жүрегіне жол таба білмеген мұғалім кейде оны өзіне қарсы қойып алады, бала ерегіскіш келеді.
Бала тәрбиесі – үлкен өнер. Әр балаға, әр түрлі тәсіл керек. Біреуіне ақыл айтсаң да жетеді, біреуне ақыл жүрмейді, мінез – құлқына қарай басқа амал табу керек.Бала жүрегі кішкентай ғана күй сандық, ол кілтін тапсаң ғана ашылады. Мұғалімдердің қолында әр кез сол кілт жүру керек.
Қорыта келіп, өмірін осы қызметке арнаған адамды, өз өнерін, бойындағы барлық қасиеттерін дарытқысы келетін адамды нағыз ұстаз деп атауға болады. Олай дейтінім болашаққа ізгілік нұрын себушілер – олар.«Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз ғана тәрбиелей алады». Өнегелі адамды тек өнегелі ұстаз ған тәрбиелей алады. Сонда ғана, жастар болашағының шоқтығы биік болмақ. Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұзтаздар. Менің түсінігім бойынша – мұғалім мамандығы жасандылықты қаламайды, уақыт талабынан қалыс қалуға төзбейді.
Сол ұлы тәрбиелі жолда шаршамайық, ізгілік нұрын себуші, жол нұсқаушы ұлағатты ұзтаздар!
Ұлы ақын өмiрi, мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ең бастысы, ұлтын сүюдiң, халқының жанашыры болудың өмiрлiк өнегесi. Шынында да, Абай өз ісімен, әлемге көзқарасымен, терең де байыпты ойларымен, психолог-данышпандығымен замандастарынан ерекшеленіп, қазақ халқының қорғаны бола білді. Абайдың ең бір артық ерекшелігі – заманының айдаған ыңғайына жүрмей, өзіне Алла Тағала берген өзгеше қабілеттердің арқасында айналасына ашық, сын көзбен қарап, барлық құбылысты, өзгерістерді дәл суреттеп, қағазға түсіргені. Хакімнің тереңнен нәр алған ойлы шығармалары өз халқын мәдениет және әдебиет мұхитынан сусындатты. «Өлді деуге бола ма, айтыңдаршы, өлмей­тұғын артында сөз қалдырған» деп Абай Құнанбаев жырлағанындай, ұлы ақынның артында ұрпақтан-ұрпаққа жал­ғасқан мол мұра, рухани қазына қалды. Онымен мақтанбайтын қазақ жоқ.
«Балаңыздың өскенде кім болғанын қалайсыз?» деген сарында сауал тараттым.Көбісі баласының биліктің,әйтеуір, шенді-шекпенді қызметтің айналасында жүргенін ұнататын болып шықты. Жарайды келістік. Атқа мінгеннің белін буайық. Ал,бірақ, барлық баламыз төрде төрелік қылып,кеңсе жағаласа,олар кімге жең, кімге жаға болмақшы? Кімді жазалап, кімді ақтап, қандай дауды шешпекші? Өндірісті өсіріп,құрылысты кім құнттамақ? «Жасында ғылым барын ескеріп, пайдасын кім тексермекші?» «Әуесқой болмай әрнеге,өнерпаз болып кім арқаланбақшы!»
«Мал табарлық» қандай жол-жоба ұсына аламыз? Осы салихалы сауалдардың жауабын «қазаққа қара сөзден дес бермеген» Абай өлеңдерінің өнегесінен іздегім келді. Ұлы Абайдың бала тәрбиесіндегі бағалы үлгісі туралы жеке ой-пікірімді ортаға салуды жөн көрдім.

Эссе
Абай шығармаларының тәрбиелік мәні


Ұрпақ тәрбиесі – бұл болашақ тірегі. «Адамзат ұрпағымен мың жасайды», - дегендей ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың жылдар жасап келеді.Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамуының бағбаншысы – тәрбие.Ал ұстаз ретінде оқушыға тәрбие беруде алдымен ұлы Абайға жүгінетініміз хақ.Себебі: ұлы ақынның әрбір айтқан сөзі -есті адам үшін өсиет-өнегенің таптырмас үлгісі.Хакімнің тереңнен нәр алған ойлы шығармалары жас ұрпақты мәдениет және әдебиет мұхитынан сусындатып қана қоймай, адамдық асыл қасиеттерге үндейді.
Жалпы дана Абай өмiрi, мұрасы ақындықтың, ойшылдықтың, данышпандықтың мектебi ғана емес, ең бастысы, ұлтын сүюдiң, халқының жанашыры болудың өмiрлiк өнегесi. Мектептегі тәрбиенің діңгегі үш бұтақтың:ата-ана,оқушы,ұстаз бірлігімен мықты болмағы сөзсіз.Ата-аналармен өткізген жиналыстарда: «Балаңыздың өскенде кім болғанын қалайсыз?» деген сарындағы сұраққа көбісі баласының биліктің,әйтеуір, шенді-шекпенді қызметтің айналасында жүргенін ұнататындығын айтады. Жарайды,мүмкін ол дұрыс та шығар.Қай ата-ана өзінің көрген бейнетін баласына тілер дейсің?!Хош,сонымен атқа мінердің белін бусам. Ал,бірақ, барлық баламыз төрде төрелік қылып,кеңсе жағаласа,олар кімге жең, кімге жаға болмақшы? Кімді жазалап, кімді ақтап, қандай дауды шешпекші? Өндірісті өсіріп,құрылысты кім құнттамақ? «Жасында ғылым барын ескеріп, пайдасын кім тексермекші?» «Әуесқой болмай әрнеге,өнерпаз болып кім арқаланбақшы!» Осы салихалы сауалдардың жауабын ата-анаға түсіндіру үшін «қазаққа қара сөзден дес бермеген» Абай өлеңдерінің өнегесінен іздеймін. Ұлы Абайдың бала тәрбиесіндегі бағалы үлгісі туралы жеке ой-пікірімді әр анаға,әр әкеге жеткізуге тырысып бағамын.
Бала болашағы туралы жоспар тақырыбына келгенде ата-анаға бірінші кеңес,әрине баланың бейімін тану екендігін естеріне саламын.Әке – балаға сыншы десек те,сыншы деген сынау емес,тану екендігі түсінікті.Баланың бейімін танымасақ,оның болашақ өмірге деген құлшынысын мұқалтып аламыз.Осы тұста Абайды мысалға аламын.Абай баласы Мағауияны он төртке келгенде Семейге оқуға жібергенде Ысқақтың ұлы Кәкітайды да оқытпақшы болады.Сонда Ысқақтың әйелі: «Өзіңнің ел басқару жұмысынан қолың босамайды,мал мен шаруаға кім қарайды?»деп,Кәкітайды оқуға жібергізбей қояды.Сонда Кәкітайдан үлкен үміт күткен Абай Ысқаққа ренжіп: «Сен қатыныңның тіліне еріп,мына адам болайын деп тұрған Кәкәтайды оқудан қалдырдың.Енді бұл баланы мен өз тәрбиеме аламын.Сенің мұнда жұмысың болмасын»,- депті.Міне,сөйткен Кәкітай Абайдың қасында 24 жыл жүріп оқыған,көп дүниені үйренген.Кейін Абайдың алғаш өмірбаянын жазып,тұңғыш жинағын жасаған.Біздің осы күнгі оқып жүрген Абай шығармалары сол Кәкітайдың арқасында бізге жетті десек болады.Мұны қолынан іс келерлік баланы тану дейміз.
Екіншіден,Абайдың баланы тәрбиелеудегі ұстанымы – бірінші өзіңді тәрбиеле. «Тірлікте өзіңе өзің қылмаған істі -өлгеннен соң балаң кәсіп қылып бере ала ма?» дейді.Демек алдымен өзіңе үңіл.
Үшіншіден, Абай баланы ғылымға қызықтыр,білімге үйір қыл деген.Отыз екінші қарасөзін бастағанда: «Ей, жүрегімнің қуаты,перзенттерім! Сіздерге адам ұлының мінездері туралы біраз сөз жазып қалдырайын» дейді.Жүрегіндегі ең қымбат нәрсесін адам әдетте баласына арнайды.Өйткені өзінің қолы жетпеген бүкіл нығмет атаулыға баласы жетсе деген ниет – кез келген әкеде болады.Ары қарай: «Әуелі Алланы таны» деп келедіде, одан кейін: «адамның адамдығы ақыл,ғылым деген нәрселермен» деп айтады.Енді соны қалай үйретеміз деген ата-анаға «Ғылым-білімді әуел бастан бала өзі ізденіп таппайды.Басында зорлықпенен,якиалдауменен үйір қылу керек,үйрене келе өзі іздегендей болғанша» деп кеңес береді.Қазііргі таңда ғылымға,білімге қызықтырып,үйірсек қылдыра алатын мұғалім аз да болса барлығы қуантады.
Сонымен Абайдың арманы - қандай ұрпақ?! Ақын «Әбдірахман өлгенде» өлеңінде: «Ел ішіне сау келсең,
Тағылым айтпас ер ме едің?
Жол көрсетіп сонда өлсең,
Арманым бар дер ме едім?»,- дейді. Міне,ұлы ақынның арманы – перзенті туған еліне қызмет етсе деген тілек,ниет. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан - жақты дамыған тұлға қалыптастыру мәселесі тұрғанда оны жүзеге асырудың бір жолы ретінде Абай мұрасына бет бұрыс жасау өте құптарлық іс болғандығына қуаныштымын.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет